Сабақтың құзыреттілігі: Ақпараттық



бет2/4
Дата07.01.2022
өлшемі159,25 Kb.
#20206
түріСабақ
1   2   3   4
Сабақтың түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ – жауап, жұптық және топтық  жұмыс

Көрнекіліктер: карта, слайд, оқулық

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, География

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. (2 минут)

А) Сәлемдесу


Б) Тізім бойынша тексеру
В) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
Д) Сабақтың мақсатымен таныстыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.( 30 минут)

ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру:
Екінші дүниежүзілік соғыс бүкіл адамзат қауымына орасан зор соққы болды. Орны толмас шығындарға әкеліп, КСРО-ның шығыны 55 млн. адам болды. Соғыстың саяси зардаптары Еуропа мен Азияда фашистік режимдердің талқандалып, мемлекеттердің қоғамдық-саяси өзгерістері мен демократиялық дамуы үшін жағдайлар туғанында болды. Шығыс Еуропада солшыл күштер басым болып, КСРО-ға қарай бағыт ұстады. Соғыс әскери-техникалық ақыл-ойдың қарыштап дамып, қаруланудың жетілдірілуіне және ядролық қарудың жасалуына алып келді. АҚШ пен КСРО ядролық қару-жарақ саласында тең түсуге ұмтылды. Екінші дүниежүзілік соғыстың қорытындысы –КСРО-ның халықаралық беделінің артып, оның АҚШ-тан кейінгі екінші алпауыт державаға айналуы. 

1945 жылы 25 сәуірде Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылуы соғыстың басты қорытындыларының бірі болды. БҰҰ бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздік жолындағы күрестің мінберіне айналды. БҰҰ шеңберінде атом энергиясын бақылайтын комиссия құрылды. 1946 жылы Бас Ассамблея қарулану мен қарулы күштерді шектеу жөніндегі қарарды бірауыздан мақұлдады. Ал 1947 жылы соғысты насихаттауды айыптайтын қарар қабылданды.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет