БҰҰ-ның таңбасы. Құрамында 191 мемлекет.
“Қырғи қабақ соғыс” -1945-1991 ж. Аралғында әлемдегі екі саяси жүйедегі аса ірі мемлекеттер КСРО мен АҚШ арасындағы бақталастық саясат. Екінші дүние жүзілік соғыс аяқталғанан кейін Гитлерге қарсы одақ ыдырап, КСРО мен АҚШ басшылары дүние жүзін қайта саяси бөліске салды. КСРО Шығыс және Орталық Еуропа елдеріне социолистік жүйені енгізді. Ал АҚШ бастаған Батыс Еуропа елдері “коммунистік ағымды” әлемге таратпауға, бұрынғы жүйені сақтап қалуға тырысты.
Екі жақ та әскери – саяси одақтар құруға бет бұрып, «қырғи-қабақ» соғыстың басталуына алып барды. 1949 ж АҚШ-тың басшылығымен НАТО ұйымы құрылса, 1955 ж. КСРО басшылығымен Варшава шарты ұйымы құрылды.
Екі алып мемлекет арасындағы бақталастық Еуропаны қамтыды.
1948-1949 жылдары Берлин дағдарысы іс жүзінде "қырғи қабақ соғыстың" көрінісі еді. АҚШ-тың құпия ақша реформасы Германиядағы жағдайды ушықтырды. 1948 жылы маусымда Германияның шығысындағы кеңес әскерлері батыс Берлинді қоршауға алды. Қоршау тек 1949 жылы 12 мамырда аяқталды. Жеңімпаз екі державаның арасындағы қарама-қайшылық 1949 жылы Германия аумағында егеменді екі мемлекеттің Германия Федеративтік Республикасы (ГФР) және Германия Демократиялық Республикасының (ГДР) құрылуына алып келді. Бұл Еуропаның жіктелуіне әкелді.
Халықтық демократия елдерінің пайда болуы және Шығыс Еуропада КСРО-ның ықпалындағы аймақтың кеңейгені олардың алдында бір-бірімен өзара қатынас жасаудың белгілі бір жүйесін жасау қажеттігін туғызды. 1949 жылы қаңтарда экономикалық өзара көмек кеңесінің (ЭӨКК) құрылғаны осы жолдағы алғашқы қадам болды. Оны құрғандар – КСРО, Болгария, Венгрия, Польша, Румыния, Чехословакия. Бұл ұйымның мақсаты – өзіне енген елдер арасында жоспарлы, тең құқылы, өзара тиімді ынтымақтастық пен халықаралық еңбек бөлінісін ұйымдастыру.
"Қырғи қабақ соғысы" кезінде бір-біріне қарсы екі әскери-саяси коалициялар пайда болды. Бұл коалициялар КСРО және АҚШ-пен басқарылды. Қарама-қарсы АҚШ-тың эгидасымен батыс мемлекеттерінің блогы құрылып жатты. 1947 жылы Америка континентінің мемлекеттері Канададан басқасы америкааралық "өзара көмек келісім" шартын жасады. 1948 жылы тұрақты Америка мемлекеттерінің ұйымы құрылды. Мұнда АҚШ жетекші рөлге ие болды. АҚШ-пен тығыз байланысқан Батыс Еуропа мемлекеттерінің әскери-саяси тобы пайда болды. 1949 жылы 4 сәуірде 12 мемлекет Солтүстік-атлантикалық шарт ұйымын құрды. Оның құрамына АҚШ, Канада және Батыс Еуропа мемлекеттері кірді. НАТО елдерінің ортақ әскери күштері құрылды. АҚШ әскерлеріне Еуропадан базалар берілді.
1955 жылы 14 мамырда Варшавада сегіз елдің (КСРО, Польша, Венгрия,Чехословакия, Румыния, Болгария, ГДР, Албания) келісіміне қол қойылды. Оның құрамында (қол қою мезетінде) Албания (кейін 1968 жылы ол келісімді жоққа шығарылды), Болгария, Венгрия, ГДР, Польша, Румыния, КСРО, ЧССР қалды. Бұл келісім достық, ынтымақтастық, өзара көмек туралы болды. Құрылған социалистік елдердің әскери-саяси одағы Варшава Шарты Ұйымы (ВШҰ) деп аталды. Бұл одақ халықаралық аренада саяси теңдік орнатуда маңызды рөл атқарды.
Варшава Шарты Ұйымы
АҚШ пен КСРО арасындағы бақталастың әсерінен болған оқиғаларға себепші болды:
1965-1973 жылдардағы Вьетнам – АҚШ соғысы американдықтарды «Вьетнам синдромына» ұшыратты. Бұл оқиға АҚШ-тың беделін түсірді.
1979-89 жж. Аралығындағы Ауғаныстан -КСРО арасындағы соғыс КСРО-ның беделін әлем алдында түсірді.
1975 ж. 1 тамызда Хельсинкиде Еуропаның 33 мемлекеті және АҚШ пен Канаданың қатысуымен Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық туралы акт қабылданды. (ОБСЕ)
АҚШ пен КСРО арасындағы 1987 жылғы қарашадағы шарт «қырғи қабақ» соғыстың аяқталуына бастама болып, 90 жылдардың басында бұл соғыс тоқтады.
1949-1989 жж аралығында Қазақстанның семей полигонында 456 ядролық сынақ болып, үлкен зардабын тигізді. (КСРО бойынша 715 рет ядролық сынақ жасалған)
1991 ж. 27 тамызда ҚР Президенті Н.Назарбаев Семей полигонын жабу туралы үкім шығарды.
Достарыңызбен бөлісу: |