1. Жаяулар
тратуардың немесе жаяу
жолдың оң жағымен, ал олар болмаса, жол
жиегімен немесе велосипед жолымен жүруі
тиіс.
2. Жолдан
өтіп бара жатқанда жаяулап
себепсіз кедергі немесе тоқтап қалмауы
тиіс. Көшеден өтпес бұрын алдымен сол
жаққа, ал
көшенің ортасына жеткенде оң
жаққ қарау керек.
3. Жарқылдақ маягі және арнаулы дыбыс
белгісі қосылған көлік жақындағанда
жаяулар жолдан өтпей тоса тұруы керек.
4. Қараңғыда жүргізушілер
көлік айдап
бара жатқанда, жаяу адамдар үстіне жарық
қайтарғыш тағып алу керек.
Енді жол ережесіне
байланысты
білімдеріңді
сынға аламыз. Біз
сендерге жолда жүру
тәртібіне байланысты
бірнеше сұрақтар
береміз. Кім жылдам?
Өздерінің
ептілігі мен
жылдамдықтарыңды
көрсетіңдер.
1. Жол бойындағы сызықтар мен белгілерді
қалай атаймыз? Балалар!
Біз үнемі тротуармен жүре бермейміз.
Көшеден өтетін кезде қалай өтеміз?
2. Балалар, жолдағы жол белгілері не үшін
керек деп ойлайсыңдар?
3. Тротуар деген не?
4. Жол белгілері қандай топтарға бөлінеді?
Өмірде күтпеген оқиғалардан сақтану үшін
жол ережелеріне бағыну керек. «Сақтансаң
сақтармын» дегендей ережелерді тек білу ғана шарт
емес, оны бұлжытпай
орындаса ғана аман - есен
жүруге болады. Көше тәртібін сақтау- сенің
міндетің! Егер жол ережесін бұзсаң,
тек өзіңе қауіп
төндіріп қоймай, басқа адамдарға да зияныңды
тигізесің. Сондықтан, жолда сақ бол!
Көше тәртібін
есіңнен шығарма!
Қай көше , қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,
Жол жүру ережесі –заңды тәртіп,
Ол ортақ үлкен-кіші, баршамызға.
Жол тәртібін білейікАман есен жүрейік!