Сабақтыңтүрі: Өздіктеріненжұмысістеу Сабақтыңәдіс-тісілдері: түсіндіру, білім беру, оқыту, оқу, практикалық



бет6/16
Дата04.04.2022
өлшемі0,71 Mb.
#29724
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
8 бағыт сабақтары

Тақырыбы: Рухани жаңғырудың негізгі кілті – Абай ілімі"Қара сөздің даналығы"

Мақсаты:Ұлы ақынның 175 жылдығына орай ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. 


-Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарларын арттыру.
-Жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып өсуге тәрбиелеу, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге тәрбиелеу
«...Абай – адамзаттың өркениет тарихын-дағы ұлы тұлға. Абай – қазақтың ғана емес, адамзаттың ақыны» Федерико Майор.

Ұлы Абай қазақ халқының руханияты мен мәдениетінің символы болып табылады. Оның ілімі халықтың рухани жаңғыруымен тығыз бай­ла­нысты.
Абай – адамзаттың ақыны. Оның шығармалары – бүкіл адамзат игілігі. Оның поэзиясы – даналықтың, махаббат пен адалдықтың поэзиясы. Абай — қазақ халқының ұлы ұстазы. Ол халқымыздың қамын ойлаған қамқоршысы. Барлық адамзат баласына әділетті жол көрсеткен, өмірден шындық іздеген дана. Адам баласын «өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашу» сияқты бес нәрседен қашық болуға, «талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым» сынды бес асыл қасиетті адам болу үшін ұстануды аса қажет деп таныған.


Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында: «Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет» дегенді айтты. Және «Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні» сияқты «ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жорал¬ғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс», деп айқын көрсетіп берді.

  Елбасы мақаласының негізгі рухани темірқазығы ұлы Абай ақынның ілімінің идеясымен үндестігі байқалады. Олай дейтініміз «жоғарыда аталған бағдарламалық мақаласында Елбасы негізгі басымдықтарды айта келіп, «Бәсекеге қабілеттілік», «Прагматизм», «Ұлттық бірегейлікті сақтау», «Білімнің салтанат құруы», «Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы», «Сананың ашықтығы» секілді ерекше бағдарламаларды алға тартқан болатын.

  «Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз. Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі – орынсыз сән-салтанат емес. Керісінше, ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану көрегенділікті көрсетеді», - деп айтқан болатын.

Қазақ халқының XIX ғасырдың соңынан күні бүгінге дейінгі тарихында ұлы ақын, ағартушы, данышпан Абай Құнанбайұлының алар орны ерекше. Абайдың ақындық жолға бет бұрғандығы алғашқы сөзі мәдениет пен білімнің маңызын насихаттауға арналады. Оның 1885 жылы жазған «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңі бұл тақырыптағы тұңғыш шығармасы болумен қатар, ақынның сөз өнері жолындағы жаңа ізденісін де танытады. Абай мұнда,ең алдымен, жаңа үлгідегі ақынға керек ғылым жайын сөз етеді. Ғылым-білімді кезінде зерттей алмағанына өкініш білдіреді. Өз қателігін балаларын оқытумен түзеуге бет алғанын айтады. Сонымен қатар ол «Қызмет қылсын, шен алсын» деген халық мүддесіне жат тәрбие жайын мінеп, сынайды.

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ер жеткен соң, түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

Баламды медресеге біл деп бердім,

  Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім. Бұл-өткенге құр өкіну емес, келешекте жастардың өзі тәрізді опық жеп қалмай, білім мен өнер қуатын бос өткізбей еңбектенуіне жөн сілтеу. Шығарма Абай ақындығының халықтық, ағартушылық мақсатқа қарай бет алғандығының белгісі тәрізді. Кейінгі туындыларында ақын бұл идеяны тереңдете түседі.



  1886 жылы Абай «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр» деген өлеңдер жазды. Мұның алғашқысы ұстаз ақынның кейінгі ұрпаққа айтар өсиеті түрінде жазылған. Бүкіл өлең бойына Абай «ғылым» деген сөзді қайталап айта отырып, адам бойындағы қазынаның үлкені және әрбір жігерлі жастың талпынатын арманы - ғылым болуы керектігін түсіндіреді.

Абай – бүкіл адамзат игілігі. Оның поэзиясы – мәңгілік поэ­зиясы, даналықтың, махаббат пен адалдықтың поэзиясы. Соң­ғы жылдардағы зерттеулерде Абайдың рухани ізденістері терең ашылып, оның ұлттық рухани қалыптасуындағы рөлі айқындалды. Бүкіләлемдік қауымдастық Абайдың туған күнін 1845 жылдың 10 тамызы деп есептейді. Алайда соңғы кезде кейбір отандық ғалымдар ескі жыл санауға сүйеніп, оның туған күнін 23 тамыз деп ұсынуда. Бұл пікірталас тақы­рыбы емес. Әлемдік қа­уым­дастық, Еуропа, Азия мем­лекеттері мен АҚШ-тағы ірі әдебиеттану орталықтары, сыншылар мен баспагерлер, Абай шығармаларын аударушылар оның туған күнін жыл сайын 10 тамызда атап өтеді. Осымен бұл тақырыпқа байланысты кейбір пікірталастар мен пікірлерге нүкте қою керек деп ойлаймын. Қазақстан халқы Абайдың туған күнін 10 тамызда тойлайды, бұл дата мектеп және ЖОО оқулықтарында, ел таныған абайтанушылардың ғылыми еңбектерінде нақты көрсетілген. ХХІ ғасырда мәңгі жас классиканы жаңаша оқу үрдісі өтуде. Ғұлама ақын, ойшыл Абайдың мұрасын жаңаша ұғыну жалғаса береді, оның жалынды өлеңдері ешқашан да өзінің күшін жоғалтпайды. Өйткені Абай халықпен мәңгі бірге.
Қорыта келе, Абайды тану арқылы біз өз болмысымызды танып, болашағымызды бағдарлаймыз. Бүгінде Абай есімі жеткілікті деңгейде ұлықталып жатыр. Бірақ оның шығармаларымен жаңғыру деңгейіне әлі жете қоймадық. ХХІ ғасырда кез келген қоғамның парқын, түптеп келгенде, адам сапасымен өлшеу үрдісі бірінші орынға шығып отыр. Бұл ретте Абай армандаған «бүтін адам», Абай көксеген «толық адам» тұжырымдамасы ең озық идея ретінде бүгінгі зерделі оқырманды да бей-жай қалдырмайды. Данагөй ақынның терең ойлары мен асыл сөздері, өлеңдері мен қара сөзері қай заманда болмасын жақұттай жарқырап, көкіректерге нұр болып құйыла берері хақ. Оның мұрасы жаңа ұрпақпен бірге жасай береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет