- Балалар, жол деген не? «Жол» деген сөздің өзі көлік құралдары мен жүргіншілер қозғалатын аумақ ұғымын қамтиды. Бұл қалалар мен елді мекендер, олардан тыс
Тротуар деген не? Тротуар сөзі француз тілінен аударғанда «жаяу жүргіншіге арналған
Балалар! Жол бойындағы сызықтар мен белгілерді «Жол белгілері» деп атаймыз.
Қазақстанда 1987 жылы КСРО-да қабылданған жолда жүру ережелері қолданылды. 1998 жылдан республикада жолда жүрудің жаңа Ережелері қабылданған. Осы ережелерге сай жол белгілері мемлекеттік стандарттар негізінде анықталады. Бұл стандарттар бойынша, жол белгілері бірнеше топқа бөлінеді:
Өзі қызыл, үшбұрышты ескертуің мен болам,
Хабарлайтын бар қауіпті, оң сапарды жолдаған
Маған қарап жүрер болса, жүргізуші, жаяу да,
Жолы болып, сәтсіздікке ешқашан да қалмаған.
Ескерту белгілері - жолдың қауіпті бөлігінің
жақындағанын хабарлайды. Ол айналасы қызыл
жолақпен көмкерілген ақ түсті тең қабырғалы
үшбұрыш түрінде жасалып, ортасына қауіп түрін
айқындайтын шартты белгілер салынады.
«Тыйым салу белгісі»
Мен бәріне әрқашан да тыйым салып тұрамын,
Қауіп болса алда тұрған, жібермеймін бір адым.
Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін,
Осы жолы үндемейін, бар ма тағы сұрағың.
Тыйым салатын белгілер.
Дөңгелек шеңбер түрінде қызыл бояумен беріледі. Ол қозғалыс атаулының бәріне тыйым салады
«Нұсқау белгісі»
Белгімін көрсетер жылдамдық, бағытты,
Ой-шұңқыр, бұрылыс, қатерді, қауіпті.
Барлығын анықтап көрсетіп жіберем,
Сондықтан бәрі де мені тез таныпты.
Нұсқау белгілері – бұл топтағы белгілер
жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер
жүретін жерлерді көрсетеді, қандай да
болмасын көлік түрлерінің біреуінің
нақты бағыттағы қозғалысына рұқсат
береді.
«Ақпараттық көрсеткіш белгісі»
Баратын сапардың жақынын, қашығын,
Үн-түнсіз жөн сілтеп, көрсетіп тұрамын.
Күндіз де, түнде де от болып жанады,
Көкпенен боялған төртбұрыш, шырағым.
Бұл топтағы белгілер жол қозғалысына қатынасуларға,
жаяу жүргіншілер өтпесі орналасқан жер, қоғамдық көлік
аялдамасы, көлік тұратын орын туралы хабарлайды.
Негізінен түсі ақ, төртбұрыш кестешелер түрінде
жасалып, ортасына қосымша ақпараттардың шартты
белгілері келтіріледі. Жол белгілері жолдың (жүріс
бағыты бойынша) оң жағына биіктеу бағанаға немесе
жолдың үстіне биіктетіп орналастырылады. Олар 100 м
қашықтықтан анық көрінетіндей болып
жарықтандырылады.