Қырық
екінші сӛзге саяхат
Қырық
екінші сӛз: "Қазақтың жаманшылыққа үйір бола беретінінің
бір себебі –
жұмысының жоқтығы" –
деп басталып, адамзат
баласының (қазақ деп алынған) жұмыссыздық, кедейшілік қырсығынан
туындар қулықтары мен сұмдықтары туралы айта келіп, "Ендігі
жұрттың ақылы да, тілеуі де, харекеті де –
осы" деп аяқталады.
Абай заманы басқаға тәуелділік заманы еді. Бұрынғы кӛшпелі
елдің ӛз тағдыры, ӛз заңы, ӛз адамгершілік құндылықтары
бұрмаланып, басқа ел ыңғайына кӛндіріле бастаған, халқымыз соған
әлі
бейімделіп болмаған заман еді. Сондай ӛздеріне түсініксіз заманға
бейімделіп кете алмай жатқан
адамдар сан түрлі жолмен "қарын
қамын" қамдаған болар. Абай секілді ойшылдар со заманда, зар
заманда қазақ халқының бұрынға құндылықтарын жоқтап, "жатып
қалған
тайлағының жардай атан болғанына" мақтанып, "жоғалған
тоқтысының бір отар қой болатынына" сеніп, сол кездегі қазақтың
адамгершілік құндылықтарын еске алған сандаған сӛздері қалған.
Абай әлем данышпандарын білмеді деуге кімнің ары барады.
Фирдауси мен Низами сӛздерін мысалға келтіріп, Сократ пен
Аристотель ойларын дастанға айналдырған Абай кездесіп отырған
заманына назырқап әлгі сӛзді айтыпты. Абай ӛз заманындағы
билеушілер құлқы мен заман озбырлығы туралы, қазақ басына
туындаған ӛгей заң мен қысым туралы сӛз қозғамайды.
Абай бұл туралы ойланбады деймісіз, әрине, ойланды. Ойланбақ
түгілі, ертең не боларын сезіп те кетті.
Біз
Жидебайда
"Абай
-
Шәкәрім" кесенесін салып жүрген кезімізде Жидебайдағы Абай
мұражайының меңгерушісі ақсақалдан естіген, Абай ӛмірінен бір
мысал келтіре кетелік.
...Абай бір топ серіктерімен келе жатып, шӛбі аздау жерден шӛп
шауып, ӛнімсіз еңбек етіп жүрген бір танысына кездесіп, ӛз жерінен
қыстық
шӛп жинап алуға рұқсат береді. Абайдың бұл шешімінен
хабарсыз Еркежан әлгілерді қудырып тастайды. Сонда Адай
Еркежанға: "Әй Еркежан! Ертең
-
ақ орыстар келіп тегіңді тергер, жеріңді
мерлер, тартып алар, сонда жаның шығып кетер ме?" –
деген екен.
Бұл бір естелік әңгімеден біз қазақтың сол кездегі орыспен қарым
-
қатынасы
емес, болашағын да анық болжаған Абайды танимыз.
Абай "ендігі жұрт" дегенде, бұрынғы жұртын ойламай отырды
деуге болмас. Оған қазақ халқының бұрынғы бостандық заманын,
елінің еңселі кезін жұрт есіне салғаннан пайда жоғын, қайта қазіргі
қателерді
кӛзге шұқып, қалай жӛндеу қажеттілігі керектеу болған
болуы керек.
69
Абай заманының суреттері, алдау мен арбау, барымта мен
зорлық
толқыны кеше ғана, Кеңес ӛкіметі құлап, Қазақстан
Республикасы аяққа тұрып кеткенше басымызға қара бұлттай
түнермеді ме? Оны ешкім де ӛтірікке шығара алмайды.
Демек "ендігі жұрт" аталып отырғандар басына заман тауқыметі
түскен адамдар. Зорлықпен ӛз ғасырлар бойы ӛз тіршілігімен, ӛз
тәжірибесімен елін ел етіп келгендер біреуге бодан болған кезде,
жаңаға бейімделіп кетуге де ғасырлар керек болған болар. Сол кездің
ел үшін соншалықты қасырет әкелерін сезген Абай дана елін
бейімдеуге тырысқан болар...
70
Қырық
ҥшінші
сӛзге саяхат
"Адам ұғылы екі нәрседен: бірі –
тән, бірі –
жан" –
деп басталады
Абайдың қырық үшінші сӛзі.
Абай бұл сӛзінде адам баласының қалай ақыл жинақтайтыны,
қалай
ӛнерлі
болатыны туралы сӛз етеді. Бұ сӛзді оқыған адам
баланың, адамның қай қасиеті туған бойда болады, қай қасиеті
үйренгеннен, кӛргеннен бойға сіңеді, осы сұрақтар туралы жауап
табады.
Кімде
-
кім естігеннен ғибрат, кӛргеннен ӛнеге ала білсе, сол адам
ақыл жинақтайды дейді. "Құдай тағала ӛзі
ақыл бермеген соң
қайтейік?" дейтіндерді қатты сынап, олардың орынсыз Құдай тағалаға
жала жабатынын, сол арқылы ӛзінің жалқаулығын жасырмақ
болатынын мінейді.
Абай жанның да, тәннің де қуатының әу баста әлсіздеу
болатынын ескертеді. Екеуі де жан мен тән
иесінің жетілдіруі арқылы
жетісетінін түсіндіреді. Тән қуатын жетілдіре, күшті боласың. Жан
қуатын
жетілдіре жүріп, ӛнерлі боласың. Бірақ бар нәрсенің ӛлшемі
бар. Ӛлшемсіз кетсең ӛзің жобадан асып кетесің де, қара басың қалың
топтан орын таппайтын дәрежеге жетесің. Тән мен жанды жетілдіру
қажет
екені әңгіме етіледі де, бірақ оларды жетілдіру, пайдалану
кӛпшілік қабылдаған жобамен жүргені дұрыс дейді.
Кейбір жандардың құмарпаз болып кететіні, бір нәрсеге салынып,
содан бой тарта алмайтыны, "ӛз мүмкіндігін"
бағалай алмай, қолы
кӛтерместі беліне қыстырмаққа құмар болатыны, осының бәрі
адамдардың шама деген ұғымды мойындамауынан болатынын
түсіндірмекке ұмтылады.
Абайдың біраз сӛзін ӛз күйінде келтіре кетелік.
"Және әрбір жақсы нәрсенің ӛлшеуі бар, ӛлшеуінен асса –
жарамайды. Ӛлшеуін білмек
-
бір үлкен керек іс. Ойланбақ жақсы, іске
тіпті салынып кеткен кісі ойын байлай алмай, қияли болып та кететіні
болады. Ішпек, жемек, кимек, күлмек, кӛңіл кӛтермек, құшпақ, сүймек,
мал жимақ, мансап іздемек, айлалы болмақ, алданбастық –
бұл
нәрселердің бәрінің де ӛлшеуі бар. Ӛлшеуінен асырса, боғы
шығады"...
71
Қырық
тӛртінші сӛзге саяхат
Егер "Адамгершілік" атты дәрежеге кӛтерілер баспалдақ бар екен
деп келіссек, Абай сол бапалдақтың ең жоғарғы тұғырына кӛтеріле
алған тұлға. Абай: "Адам баласының ең жаманы –
талапсыздық," –
деп
баға береді. Абай талаптының бәрін бірдей кісілік тұлпарына мінгізе
қоймайды. Ер атанбаққа, қажеке атанбаққа, молдеке атанбаққа, тіпті қу
еді, сұм еді атанбаққа талаптанып жүретіндерді, солардың
әлгідей
жолға қалай түсетінін, тіпті мақсатына жету үшін, "кӛкіректі тым
тазалаймын деме, оны кім кӛріп жатыр" дейтіндердің де болатынын
дәлелдеп береді.
Абайдың осы ойларымен таныса отырып кӛзіміз қара сӛз
әріптерінде
ажыратып отырған шақта біздің кӛз алдымыздан кейбір
кісілікті келеке етушілер мен діндар жандарды кемтар жандар
қатарына
қосушылар
елестеп отыр.
Абайдың "кӛкірек тазалығы" деп атаған кісілік қасиетке қатты
кӛңіл бӛлген адам екені әр сӛзінен кӛрініп тұр. Жалған діндарлық пен
жасанды қылықтыларды имансыздар дейді. Ӛз байлығы мен билігін
кӛбейту,
абыройы
мен
атағын
ұлықтату
жолында
дінді
пайдаланушыларды Абай нағыз залымдар қатарына қосқан.
Ол
дін
жолындағы
фанатизммен
бұрмалаушылықтан
сақтандырудан жалықпайды..
Абай қырық тӛртінші сӛзінде "Адам баласының ең жаманы –
талапсыздық" дей отырып, талаптылар ішінен кӛкірегі таза емес
талаптыларға қатты шүйлігеді.
Олар ісіне: "...Бірақ адамдыққа, ақылға қарағанда, қазақ түгіл,
кӛңіл жиіркенетұғын іс," –
деп, қортындылайды.
Абай қалай болғанда да, адал еңбек, кӛкірек тазалығы, соларды
уағыздайтын сӛздерді, демек адамды адам етер қылықтарды әр
сӛзінде ұлықтаумен болады.
Біз осы сӛзге саяхатымызды "Абай "Адамгершілік" атты
дәрежеге кӛтерілер баспалдақ бар екен деп келіссек, сол
баспалдақтың
ең жоғарғы тұғырына кӛтеріле алған тұлға" деп бастаған
едік, сол сӛзімізбен аяқтағалы отырмыз.
72
Қырық
бесінші сӛзге саяхат
Құдай
табарака уаттағаланың барлығының үлкен дәлелі –
неше
мың жылдан бері әркім әр түрлі қылып сӛйлесе де, бәрі де бір үлкен
Құдай
бар деп келгендігі, уа һәм неше мың түрлі діннің бәрі де
ғаделет, махаббат Құдайға лайықты дегендігі.
... Біз жанымыздан ғылым шығара алмаймыз, жаралып, жасалып
қойған
нәрселерді сезбекпіз, кӛзбен кӛріп, ақылмен біліп.
Сонымен Абай бәрімізден бір
-
ақ нәрсе сұрайды:
Мұны жазған кісінің
Атын білме, сӛзін біл.
Осы жалған дүниеден
Шешен де ӛткен не бұлбұл,
Кӛсем де ӛткен не дүлдүл –
дейді.
Осы сӛз арқылы біз Абай ӛзінің ерекше жаратылысын сезген,
мойындағанын байқаймыз. Жаратылыстың сол сыйын адам (қазақ)
пенделерінің пайдасына дұрыс атқарып кетуді парыз санаған.
Содан барып:
Ғылым
таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.
Ӛсек, ӛтірік, мақтаншақ,
Еріншек бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рахым ойлап қой –
Бес асыл іс, кӛнсеңіз –
дейді.
Бұл сӛзер адамға қалай ӛмір сүрудің, іс
-
әрекетінде
жақсы адам, толық
адам атану үшін қандай асыл қасиеттерді бойына жұқтыруға тырысу,
қандайынан
қашық
жүру, ӛзіңе
-
ӛзіңнің
кӛңілің толып жүру
бағдарламасы.
...Осы, біздің қазақтың ӛлген кісісінде жаманы жоқ, тірі кісісінің
жамандаудан аманы жоқ болатұғыны қалай?
Әрине
Абай бұ сӛздерді негізінен жеке адамдарға емес, тұтас
қоғамға
арнаған болар.
Абай тек қана осы бір сӛйлем арқылы барлық адам пенделеріне
соншалықты моральді
-
этикалық жүк арқалатып отыр. Аса салмақты
осы философиялық ойды оқып алып: «Мен де сондаймын ба!» –
деп,
ӛзінен
-
ӛзі
сынақ ала алатын кісі, Абай үмітін ақтап шыға алмақ...
Абайдық қара сӛздері:
Адам баласының саналы жаратылыс ретінде қолынан келер
барлық іс
-
әрекеттерінің
сипаттамасы;
73
Адамды адам етіп қалыптастыру бағдарламасы;
Адам баласының ӛмір сүру ережесі.
Абай қара сӛздерінде:
Айтылмай қалған ой
жоқ;
Қамтылмай
қалған
қылық
жоқ;
Сыналмай қалған мінез жоқ.
Абай әлеміне жасаған алғашқы сапарымыз аяқталған секілді.
Алда ғұмыр, бойда қуат болып жатса, денде саулық, жанда ой болып
жатса мүмкін тағы да бұндай сапарға ниеттенерміз.
Не таптық? Бұрын біз қажылық сапарға жеті рет, он рет барып
қайтатындарға
түсіне бермеуші едік. Біз Абай әлеміне сапар жасап
қайтқалы, қасиетті жерге, ой ордасына қаншама рет барып қайтсаң да
артық емес екеніне кӛз жеткізіп қайттық.
Не
алып
қайттық?
Ӛзіміздің
бағытымыздың,
ӛмірге
кӛзқарасымыздың Абай маңдай түзеген бағытта екеніне сеніп қайттық.
Не байқадық?
Не байқадық деген сұраққа бірден жауап бере алатын секілдіміз.
Абай барлық сӛзінде де кісі жаны адамгершілік сезімге бағынуын, тәні
еңбек пен мал табу жолына бейімделуін, рухы Алла деп тұруын
насихаттайды.
Абай о заман сұраныстарын еске сала отырып, адамдарға мал
табу қажеттігін (тіршілік қамын қамдауды), малды адал еңбекпен
тапқандардың жаны мен сезімі ӛмір бойы бостандықта болатынына
кӛз жеткізіп береді.
Адал еңбек етіп, кӛкірек тазалығына қол жеткізе алғандар
адамдық рухын асқақтата алады екен. Соны түсіндік.
Біз Абай әлеміне саяхат жасау –
кісілік пен адамгершілік, рухани
тазарыс пен сана бостандығы жолындағы ерекше бұлқыныс сапар
бола алатынына кӛз жеткіздік.
Екі жылға созылған осы сапарымыз таза діндар мұсылманның
қажылық
сапармен Меккеге барып кӛкірегі мен рухын тазартып, сенімін
нығайтып келуіненен кем дәрежелі сапар емес екен
-
ау деп
бағаларлықтай дәрежеге жеттік.
қаңтар
2007
–
қазан
2008 жыл.
74
Кҥл Кӛмеш дастаны
Син
-
Лек
-
Уннинни кӛріпкел жырларынан...
Орысшадан аударған Сайын Назарбекұлы
Из книги:
Истоки тюрков. Сборник.
Алматы: ИД «Кочевники», 2005
...Песни и легенды о Гильгамеше дошли до нас записанными клинописью на
глиняных плитках –
«таблицах» на четырех языках Ближного Востока –
шумерском, аккадском, хеттском и хурритском...
...Сам Гильгамеш –
реальная историческая личность, правитель живший ок.2700 г.
До н.э. ...
...Эта поэма о древнм царе Урука основана на мифах
шумеров...
Кҥл Кӛмеш дастаны
Кіріспе сӛз
(аудармашыдан)
Ерте
-
ерте
-
ерте еді,
Ешкі жүні бӛрте еді...
...Жерден топырақ алдырып илеп,
Тәңір отының күліне кӛміп пісірген,
Адамдық кейіпке түсірген,
Күл Кӛмеш атты ғажайып батыр болыпты...
Күл Кӛмеш быйыл 5555 (?.) жасқа толыпты...
Бірінші бет
Құдіретті
еді –
әлемді
шексіз сезе алған,
Жиһангез еді –
теңізді, тауды кезе алған,
Досымен бірге дұшпанын, жауын талқандап,
Кемеңгер еді, сезетін бәрін, ӛзі, алдан.
Кӛрместі кӛрді, сырларды сезді жасырын,
Әйгілі
етті, топан су, зұлмат ғасырын.
Оқыды, жазды, саз илеп таңба басты да,
Әлемді
кезді, шаршады, кӛнді ақыры.
Қаласын
Ұрық
қоршады
қаптап
тас пенен
Ел Ана елді қамқорлап жүрді ас пенен,
Кӛшесі кӛркем, тартқандай сыммен түп
-
түзу
Теңі жоқ әсем, сүйсінді досы, қас пенен.
75
Ежелден жеткен табалдырыққа тигіз табанды,
Ел ана және қабылдар Тәңір адамды.
Ешкім де, тіпті болашақ патша сала алмас,
Ұрықты
кӛрің, алдырмас жауға қамалды.
Қаласын
салды. Ел қамын ерлер жемес пе!
Күйдірген кірпіш! Қаланың сәні емес пе!
Іргетас қандай! Кірпішін сыйпап қарашы,
Тұрғызған бұны –
«даналар ойы» демес пе!?
Зор еді жігіт, жаралған жанның алыбы,
Адамнан кӛрі Тәңірге жуық, анығы.
Сұлу да еді, кӛрмесе адам нанғысыз,
Қаласын
Ұрық
сол кезде әлем таныды.
Домбайдай «тағы», шыдатпай қайрат құтырып,
Қарсылас
жатты алысқан бұдан ұтылып.
Ұран
от жақса –
қарты
да, жасы ұйқысыз,
Арызы жұрттың кӛмейде жатты жұтылып.
Алмайды айта: «Бұзықтық саған қол емес!
Жас жетті сенде мұрагер жоқ қой, Күл Кӛмеш?».
Арызын халық Тәңірлер естіп жатыпты,
Ойлапты олар Анаға айтсақ қой демес:
«Аруақ Ана Кӛмешті ӛзің жараттың!
Егізін жарат мерейі ӛссін тараптың!
Ерлігі оның түспесін кемшін Кӛмештен,
Жарыссын олар, Ұрықтың тыныш таңы атсын!».
Аруақ Ана халықтың мұңын түсінді...
Жүрекпен қалап жаратты ғажап мүсінді...
Тазалап қолын... Қасиет саздан үзіпті...
...«Елкелді» атап, адам ғып жерге түсірді...
«Елкелді» солай жердегі жұртқа жолықты,
Жалаңаш тәні қылшыққа, жүнге толыпты.
«Бӛлтебер» адам, қылығы аңдай, тағы жан,
Әйелге
ұқсап, шаштары ұзын болыпты...
Аспан да, жер де бұндайды бұрын кӛрмеген,
Аң болып ӛскен, ойнаған торпақ, тӛл менен.
76
Құланға
еріп жайылса Ұлы Далада,
Үйіндей
болды, балық па дерсің, кӛл деген.
Бір аңшы оған далада бір күн кездесті,
Келесі жолы суатта тағы жүздесті.
Жайлауға шықса –
жайлауды жайлап алыпты,
Елкелді, ӛзі, екенін адам сезбесті.
Қорқады
аңшы, сасады, түсі ӛзгеріп,
«Бӛлтебер» адам далада, тауда кез келіп.
Айрылды тілден, айрылды ұйқы, күлкіден,
Қабынды
жүрек құбыжық адам, кӛз кӛріп.
Аттанды аңшы, қайда деп қамқор Күл Кӛмеш...
Артында қалды белестен кейін бір белес...
Ұрыққа
жетіп арызын айтты, аңыздай,
Бӛлтебер сұсы кӛзінен кетпей, тұрды елес.
Адамның сондай емес
-
ау, тіпті болмағы,
Қашаған
тастан секілді оның қолдары.
Мал жаяр жерім, тауым да менің қалмады,
Ұйқыдан
қалдық, уайым болды «сол –
тағы».
Аранды қазсам –
бір күнде кӛміп тастайды,
Тұзақты құрсам –
айналып ӛтіп, баспайды.
Аңдардың бәрі алыптың ығын паналап,
Болып тұр елге ас қайғы, тіпті бас қайғы
Ӛмірдің
сырын Күл Кӛмеш оған аңдатты:
«Алып кет –
депті, –
«етегі желді» Шамхатты.
Жарқ етсін сұлу, жалаңаш сұлу, алдынан,
Елкелдің сонда бағдарлай алмас жан
-
жақты.
Сұлуды сүйіп басылар қайрат тасыған,
Ӛмірді
танып желі де кетер басынан.
Иісі адам қашырар одан аңдарды,
Шамхатты бірақ шығарма оның қасынан».
Жеті күн ойнап сезімге шомып батқасын,
Балқыпты тәні құшаққа жылы жатқасын,
Ақыры батыр аңдарға бетін бұрыпты,
Махаббат сезім, ләззәт дәмін татқасын.
Кӛрді де оны жағдайды аңдар аңдады...
77
Бӛтен бе екен олардың әдет, заңдары?..
Елкелді сезді, ӛзгеріс біткен болмысын...
Аңдар да сезді, кетіпті тарап аңдары...
Аңдарға ере алмасы енді байқалды,
Ойы да терең, ақылды сӛзді айта алды.
Оралды қызға, отырды сыйпап балтырын,
Ұнатып
қалды, Шамхаттай сұлу, сайқалды.
Сӛйлесе сайқал елеңдеп батыр құлағы,
Бұ қыздың сӛзі, ӛзі де қатты ұнады.
«Кӛрікті жансың, Тәңір ме дерсің ӛзіңді,
Жүргенің қалай аңдармен аң боп?», –
сұрады.
«Менімен бірге жүрсеші Ұрық қалаға,
Қасиет
үйге, құрмет қылшы Анаға.
Күл Кӛмеш саған домбайдай күшін кӛрсетер,
Жетеді сонда бағасы достық санаңа».
Сайқалдың сӛзін тыңдайды батыр сезіне,
Жүрек те соқты дос іздеп теңдес ӛзіне...
1. Урук –
город на юге Мессопотамии, на берегу Евфрата (ныне
Варка). Гильгамеш –
историческая фигура, царь Урука, правивший
городом около 2600 г. до н.э.
2. Эана –
храм бога неба Ану и его дочери Иштар, главный харам
Урука. В Шумере храмы былыи обычны хозяйственными постройками,
где держали урожай с храмовых имений; эти постройки сами
считались священными.
3. Иштар –
богиня любви,
плодородия, а также охоты, войны,
покровительница культуры.
4. «Все его товарищи встают по барабану!» Речь идет о вызове всех
работо способных граждан Урука по постройку стен.
5. Аруру –
древнейшая, дошумерская богиня
-
мать, создательница
людей.
6. «Подобье Ану создала в своем сердце...» Подобье –
дословно
«названье», «слово», «имя». Имя считалось частью матеральной
сущности человека и божества.
7. Нинурта –
бог
-
воин, сын Эллиля, бога воздуха и ветров, царя богов.
8. Сумукан –
бог
-
покровитель зверей. Его «одежда», по
-
видимому,
нагота, (может быть шкуры).
|