Сайын Назарбекҧлы



Pdf көрінісі
бет3/26
Дата15.03.2017
өлшемі1,66 Mb.
#9877
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

Жетінші сӛзге саяхат
 
 
 
Жетінші  сӛз  –
 
Абайдың  жан  туралы  толғанысы.  Адам  жаны  мен 
хайуан жаны туралы түсінік.
 
 
Бала жаны білімге құмар келеді.
 
 
Ересек  болғанда  неге  сол  баланың  "білсем  деген"  құмарлық 
қасиетін
 
сӛндіріп аламыз?
 
Ол жанның тамағы еді.
 
Біз тән сұранысын қамдап жүріп, жан тамағы туралы неге ұмытамыз? 
Біз сұранып, ізденіп ғылым тапқандардан үлгі алып жан тамағын неге 
қамдамаймыз

Бұл  сӛз  кез
-
келген  адамның,  кез
-
келген  мемлекеттің  даму,  жетілу 
бағдарламасы десе боларлық сӛз.
 
 
...Кӛкіректе  сәуле  жоқ,  кӛңілде  сенім  жоқ.  Құр  кӛзбенен  кӛрген 
біздің хайуан малдан неміз артық?
 
 
Жанды  тәнге  билеткен  жерде  кӛкіректе  сәуле  сӛнеді,  кӛңілде 
сенім қалмайды дейді Абай данышпан.
 
Үш
-
ақ нәрсе –
 
адамның қасиеті:
 
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек... 
 
Жанды  тәнге  билеткен  жерде  жүректегі  "жылы  жүрек"  атты  нәрсе 
оянбай  қалатынын  қазіргі  заман  адамдары  дәлелдеп  берді.  Бұл 
қасиет, әсіресе, билік пен байлыққа қолы жеткендер жүрегінен тезірек 
жоғалатын секілді.
 
...Біз  түк  білмейміз,  біз  де  білеміз  деп  надандығымызды 
білімділікке бермей таласқанда...
 
Жанды 
тәнге 
билетіп, 
надандығымызды 
желсӛзділікпен 
бүркемелегенде,  жылы  жүрек  мұздайды,  кӛкірек  сәуле  шашпайды, 
кӛңілде сенім қалмайды дейді данышпан Абай.
 
...Кӛкіректе  сәуле  жоқ,  кӛңілде  сенім  жоқ.  Құр  кӛзбенен  кӛрген 
біздің  хайуан  малдан  неміз  артық?  Қайта,  бала  күнімізде  жақсы 
екенбіз.  ...білсек  екенбіз  деген  адамның  баласы  екенбіз.  Енді  осы 
күнде  хайуаннан  да  жаманбыз.  Хайуан  білмейді,  білемін  деп 
тпласпайды.  Біз  түк  білмейміз,  біз  де  білеміз  деп  надандығымызды 
білімділікке  бермей  таласқанда,  ӛлер
-
тірілерімізді  білмей,  күре 
тамырымызды адырайтып кетеміз.
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
24 
 
 
Сегізінші сӛзге саяхат
 
 
 
Сегізінші сӛз –
 
ерекше қасиетті сӛз!
   
 
Ӛйткені
 
бұл  сӛздегі  Абай  сынаған  кейіпкерлерді  барлық  заман 
адамдары  "бұлар  –
 
дәл  біздің  замандастарымыз"  дейтініне  сенімім 
мол. 
 
 
...Осы ақылды кім үйренеді, насихатты кім тыңдайды?
 
 
Біреу  –
 
болыс,  біреу  –
 
би.  Олардың  ақыл  үйренейін,  насихат 
тыңдайын деген ойы болса, ол орынға сайланып та жүрмес еді...
 
 
Абай  бұ  кісілер  туралы  тек  қана  қара  сӛздерінде  емес,  ӛлең 
сӛздерімен де толғанған екен.
 
Ойға түстім толғандым,
 
Ӛз
 
мінімді қолға алдым.
 
Мінезіме кӛз салдым,
 
Ӛзіме
 
ӛзім
 
жақпадым...
 
...Кӛрінгенге қызықтым,
 
Ғаділетті
 
жүректің
 
Әділетін
 
бұзыппын;
 
Ақыл менен білімнен
 
Әбден
 
үміт
 
үзіппін

Айла менен амалды
 
Меруерттей тізіппін... 
 
Ӛлеңдегі
 
ой да, қара сӛздегі ой да бір мақсатты. 
 
Адам  ӛміріне,  қоғамға  адамдық,  ақыл,  ғылым,  білім  секілді 
қасиеттердің
 
берерін  байлар  бойына  сіңіру  үшін  оқып,  тоқып 
жатпайды. Ӛйткені байлар әлгілерді байлығымен сатып алады дейді. 
 
Абай сӛзін шындыққа шығарар бұ заманда мысалдары да жеткілікті.
 
Баста  білімі  болмаса  да,  сатып  алған  дипломы  бар.  О  да  ӛзін 
инженермін  дей  алады.  Жүргізушінің  куәлігі  бар,  бірақ  машина  жайын 
ұқпайды.  Ел  құрметі  жоқ  болса  мейлі,  сатып  алған  "құрметті  азамат" 
атағы бар. Ел басқара алмаса несі бар, жауап берер орынбасары бар.
 
 
Абай  кейіпкерлерінде  ақылды  кім  үйренбейді,  насихатты  кім 
тыңдамайды?  Алғашқылары  болып  болыс  пен  би  аттары  аталыпты. 
Солардың соңына ұры
-
залым мен сұм
-
сұрқия тіркеліпті. 
 
 
"Қой  жүнді  қоңыршалар  күнін  кӛре  алмай  жүр.  Білім,  ғылым 
кедейге керегі жоқтай
-
ақ" деп
 
назырқайды.
 
 
 
 
 
 
 
 

 
25 
 
 
Тоғызыншы сӛзге саяхат
 
 
 
Абайдың  тоғызыншы  сӛзін  оқығанда,  адам  пенделерінің 
қылығына
 
бола ӛкініштен Абайға жаның ашып кетеді. Бұл жерде Абай 
кісілігі  бұл  сӛздегі  торығу  сӛздері  жалпы  жерді  екі  аяқпен  басып 
жүрген,  саналы  адам,  Алланың
 
ӛз
 
қолымен
 
жаратқан  пенделеріне 
деген ӛкпеден туған.
 
 
Тек  қана  Абай  адамдарды  данышпандықпен,  ӛз  межесімен 
ӛлшеп,  сонымен  кӛргісі  келеді.  Абай  дәрежесіне  жете  алмайтындар 
қалайша
 
Абайша ойламақ?
 
Қалайша
 
саналы тірліктен Абай ӛлшемімен ӛмір сүрмек?
 
Ол мүмкін емес...
 
Бірақ  Абай  адамдардан  (тек  қана  қазақтардан  емес)  бұ  жобасынан 
жоғарырақ тұғырда кӛргісі келеді. 
 
 
Мен  ӛзім  тірі  болсам  да,  анық  тірі  емеспін.  Әншейін  осылардың 
ызасынан ба, ӛзіме
-
ӛзім
 
ыза болғанымнан ба, яки бӛтен бір себептен 
бе? –
 
еш білмеймін.
 
 
Абай  тек  қана  қазақ  басындағы  кемшіліктерді  емес,  жалпы 
адамзат басындағы келеңсіздіктерді түгел білген, таныған. Абайдың И. 
Крылов  еңбектерін  түгелге  жуық  аударуы,  Ескендір  патшаның  кӛзіне 
құм
 
құюы,  Онегинді  жүрегі  сӛнген  адамды  ӛз  халқына  танытуы  соны 
аңғартады.  Абайдың  ащы  сӛздері  тек  қана  қазақ  халқының  емес, 
жалпы  адамзаттың  еншісі.  Адам  пендесінің  діни  кітаптардағы,  мектеп 
оқулықтарындағы, жазушылардың жағымды кейіпкеріндегі қылықтарды 
таба алмай торығуы.
 
Осы  жол  авторы  да  сондай  бір  толғану  кезінде  "Адамды  Құдай 
жаратты  дегенге  сенейін  десем,  Құдайды  аяймын,  адам  маймылдан 
жаралды дегенге сенейін десем, адамды аяймын," деген екен... 
 
Адамдардың  адамға  тек  бет  пішінімен  емес,  жан
-
дүниесімен  де 
ұқсап
 
тұрғанына не жетсін...
 
Абай ізденеді. Ол жақсы адамдардың қандай болатынын кӛрмек 
болып, шет елдер мен жат жұрттарға сапар да етпек болады. 
 
Бірақ  ол  ӛзінің  ерекше  жаратылған  ақылымен  жалпы  адамзат 
проблемалары барлық жерде бірдей екенін байқаған да болар. 
 
Содан  барып  сол  ойды  түсінікті  ету  үшін  ӛлер  кезде:  "...әттеген
-
ай, сондай
-
сондай қызықтарым қалды
-
ау!" деп қайғылы болмай аттана 
алады.
 
Абайдың  барлық  жазғаны,  қайғысы,  азап  шектірері  ӛзінің  не 
Тобықтының  қайғысы  емес.  Ол  әлемдік  дәрежеде  ойлана  отырып, 
толғанады.  Қайғы
-
қасірет
 
туралы  сӛз  жазып  отырып,  ӛз  басындағы 
батпандаған ауыр қайғыны есіне алмауы, сатқындық туралы ой толғап 
отырып, ӛзіне опасыздық еткен жандар туралы сӛз кірістірмеуі... соның 
дәлелі...
 

 
26 
 
 
 
Оныншы сӛзге саяхат
 
 
 
Оныншы  сӛз  –
 
нағыз  ұстаздар  сӛзі.  Адамдар  ұрпақ  ӛсіруге 
міндетті,
 
мүдделі. Құдай солай жаратқан.
 
 
Енді Абайдың оныншы сӛзінен үзінділер алсақ:
 
 
...Біреулер Құдайдан бала тілейді...
 
 
...Тірлікте  ӛзің  жақсылық  қылған  кісің  кӛп  болса,  кім  құран 
оқымайды? 
 
  
...Қартайғанда  асырасын  десең,  о  да  –
 
бір  бос  сӛз.  Әуелі 

ӛзің
 
қаруың
 
қайтарлық
 
қартаюға
 
жетемісің,  жоқ  па?  Екінші  –
 
балаң 
мейірімді болып, асырарлық болып туа ма? Үшінші –
 
малың болса, кім 
асырамайды?
 
 
...баланың мал табарлық болары, мал шашарлық болары –
 
о да 
екі талай.
 
 
...Хош,  Құдай  тағала  бала  берді,  оны  ӛзің  жақсы  асырай  білесің 
бе?
 
 
...Әуелі, балаңды ӛзің алдайсың. 
 
 
Абай  бұл  еңбегінде  ата
-
ананың  балаға  үйретер  жаман 
қылықтарының
 
бәрін теріп шығады. 
 
Ата
-
анасы  баласына  біреу  сені  сатып  кетеді  деп,  сенімсіздікке 
үйретеді
 
дейді.  Баланы  не  бір  күнәһарлыққа  үйрететінін,  қу  бол,  сұм 
бол  деп,  тіпті  біреулерді  боқтатып,  тентектікке  үйретіп  жүретіндер 
әдетін
 
сынға алады.
 
Сондай ойлыларға бала не үшін қажеттігін түсінбейді.
 
Бала  атаның  жаны  десек,  мал  –
 
адамның  тәні.  Бұл  сӛзінде  де  екеуі 
қабаттала
 
айтылады. 
 
Құдайдан
 
мал  тілейді,  бергенін  алмайды  деп  сӛгеді.  Мал  табу 
үшін
 
деннің саулығын берді, сананың ақылын берді. Осыларды орнына 
жұмсап, адал еңбек ету қажеттігін кім мал таппайды, кім бай болмайды 
дейді. 
 
Ал  мал  тапқандарға,  бай  болғандаға  ӛкпесі  бӛлек.  Малдың 
арқасында неге ғылым іздемейсің? Ӛзің болмасаң, сол малды жұмсап 
неге балаңа ғылым білдірмейсің?  
 
 
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
27 
 
 
Он бірінші сӛзге саяхат
 
 
 
 
Бұл  сӛз  –
 
ұрлық
 
пен  бұзақылық  туралы.  Он  бірінші  сӛзді  оқып 
отырып,  біздің  заман  мен  Абай  заманының  айырмасы  жоқ  па  деп 
қаласың
.  
 
Абай  замандастарының  аңқаулығы  мен  біздің  заманның 
сайлаушыларында  ешқандай  айырма  жоқ.  Біз  жай  ғана  сыпайы 
сынайтын болсақ Абай батырыңқырап айтқан. 
 
 
...Сонша  ауыл
-
аймағыммен  сойылыңды  соғайын,  дайыңды 
айтайын  деп,  қай  кӛп  бергенге  партиялас  боламын  деп,  Құдайға 
жазып,  жатпай
-
тұрмай  салып  жүріп  басын,  ауылын,  қатын
-
баласын 
сатып жүр...
 
 
Абайды осындайлар қатты қиналтады. Егер олар жоқ болса, бай 
малын  бағып,  кедей  жоғын  іздеп  талап  пен  тілеу  үстінде  бейбіт  ӛмір 
сүрер ме еді дейді...
 
 
Ел  осы  екі  бүліктер  қылығымен  әлкеке  түспек.  Солардың 
дауымен ӛмір сүрмек. 
 
 
Азамат  анты  мен    сертінің,  адам  санасындағы  адалдық  атты 
қасиеттердің
 
құнын
 
сондай адамдар жоққа шығарып кете бермек пе?
 
 
Ұрыны
 
да, бұзақыны да тыюға болар еді.
 
 
Соларға  еретін  байлар  мен  жоқ  жерден  байлық  іздейтіндерді 
қалай
 
тяюға болады? Бұл сұрақ шешімі табылмай келеді...
 
 
Абай, данышпан Абай сол сұраққа жауап таба алмайды...
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
28 
 
 
Он екінші сӛзге саяхат
 
 
  
 
Әлемдік
 
тіршілік  пен  күнделікті  тұрмыс  мәселелері  –
 
Абай 
ойларының  негізгі  арқауы.  Дегенмен  Абай  адам  жанының  рухани 
сұраныстарын  да  қағыс  қалдырмаған.  Жаратылыс  барын,  Жаратушы 
барын  және  оған  құлшылық
 
ету,  ғибадатты  болу  қажеттілігін 
мақұлдаған.
 
 
Абай:  "Кімде
-
кім  жақсы
-
жаман  ғибадат  қылып  жүрсе,  оны  ол 
ғибадаттан
 
тыюға  аузымыз  бармайды,  әйтеуір  жақсылыққа  қылған 
ниеттің  жамандығы  жоқ  қой  дейміз"  –
 
деп,  шүкіршілік  қылғандай 
болады.  Бірақ  Абай  жүрекке  жетпеген  ғибадат  пен  біреуге  еліктеген 
ғибадатшылыққа
 
қарсы. Бұл сӛзінде Абай ғибадат қылу мен ғибадатты 
болудың  арасын  анықтауға,  халыққа  түсінік  беруге  тырысқандай. 
Ғибадатты
 
болу,  ғибадатты  болғанда  да  жүрекпен  сезіне  орындау 
қажеттілігін
 
баса  айтады.  Әйтпесе  оның  хаққа  жол  еместігін 
түсіндірмекке  ниеттенеді.    Абай  бұл  тақырыпқа  ӛз  ӛлеңдерінде  де 
кӛңіл бӛлген екен.
 
 
Алла деген –
 
сӛз жеңіл,    
 
 
Аллаға ауыз қол емес.
 
 
Ынталы жүрек, шын кӛңіл,
 
 
Ӛзгесі
 
хаққа жол емес. 
 
 
Хаққа  сену,  жаратушыға  табыну  тек  қана  таза  ынта  арқылы, 
шынайы кӛңіл арқылы іске асыруды уағыздайды.
 
 
Абай: "Күзетшісіз, ескерусіз иман тұрмайды, ықыласымен ӛзін
-
ӛзі
 
аңдып, шын діни шыншылдап жаны ашып тұрмаса, салғырттың иманы 
бар деп болмайды" –
 
дейді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
29 
 
 
Он ҥшінші сӛзге саяхат
 
 
 
Он үшінші сӛз мағынасына ой жүгірте отырып, біз Абайдың діни, 
адами болмысын байқағандай боламыз. 
 
 
Абай  имандылық  жолындағы  мұсылмандардың,  адамгершілік 
жолындағы  адамдардың  ӛздері  мойын  ұсынған  ақиқатына  адалдығын 
талап  етеді.  Бұл  қасиеттердің  оңайлықпен
 
жүрекке  орнамасы  белгілі. 
Бұл  қасиеттер  жүрекке  махаббат  болып  егіліп,  кӛңілге  сенім  болып 
орныққанша,  қаншама  уақыт  шығындау  керек,  қаншама  ӛмір  сүру 
керек.  Кӛргендерден  қаншама  тәлім,  оқыған  білім,  естігеннен  ғибрат 
алмақ  керек.  Абай  сондай  қасиетті  жоғалтпау  қажеттігін,  әр  адам  ӛз 
ақиқатын қорғай білуін арман етеді. Ӛлім қатері де сол жолдан айныта 
алмайтындай  сенім  мен  наным  керек  екендігін  ескертеді.  Бұл  барлық 
адал адамдардың, мұсылмандар ішіндегі сунилерінің ұстанымы. 
 
 
Сенім  –
 
адам  қасиетінің  негізі.  Абай  "қылыш  үстінде  серт  жоқ" 
деген  қағидаға  қарсы.  Ол  мақалдың  мұсылмандар  үшін,  ақиқат 
жолындағы  адамдар  үшін  жат  қылық  екенін  ескертеді.  Осындай 
мақалдардың  жасанды  мінезді,  жалған  қылықты  жандарды  ӛмірге 
әкелерін
 
пайымдап, олардың "жүзі құрсын" деп, жазғырады.
 
 
Бұл сӛзде тек қана сенімнің иман бола алмайтыны, иманды ұстап 
тұру үшін, білім мен ғылым қажеттілігі түсіндіріледі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
30 
 
Он тӛртінші сӛзге саяхат
 
 
 
Абай  бұл  сӛзіндегі  ой  толғауын  жүрек  деген  адам  денесінің  ең 
қадір
 
тұтатын  мүшесімен,  жүректі  кісі,  батыр  кісі  деген  адамзат 
ардақтысының іс әрекетін шендестіреді.
 
Адамдар  бір
-
бірімен  амал
-
айла  арқылы  қарым
-
қатынас
 
жасаса, 
онда жүрек далада қалады. Ондай кісі жүрек қасиеттерін пайдаланбақ 
емес. Оларға жүрек сезім шаттығын
 
сезінуге емес, тек қана қан айдап 
тұратын, дәрет шығарып тұратын бір дене мүшесіне айналып кетеді.
 
 
Жүрек  сезіміне  бой  алдыра  алмайтын  жандар:  ғашықтық, 
мейірбандық, кешірімшілдік, бауырмалдық секілді адамды адам түріне 
келтірер, ағайынды ағайын түріне енгізер қасиеттерден ада болмақ.
 
 
"Жүрекке  бағынбай  амал
-
айлаға  бағынып  кеткендер    сол 
қасиеттерден
 
айрылады, 
олар 
басқалардың 
азғыруы 
мен 
марапаттауына кӛнгіш болмақ," –
 
дейді Абай.
 
 
Бұндай  адамдардың  жалпы  адам  пенделерінде  кездесіп 
тұратынын  Абай  білмеген
 
жоқ.  Білді.  Сондықтан  да  Ескендір 
дастанындағы  Ескендір  патша  образын  әлгі  қасиеттерден  ада  етіп 
сомдаған.  Ескендір  басқалар  сезімімен  санаспайды.  Ол  тұқымдастар 
тек қана ӛз басына абырой, ӛз атына атақ іздейді.
 
 
Абай сондайлар үшін тӛмендегі жолдарды жазған
 
болар.
 
 
Дәмі қайтпас, бұзылмас тәтті бар ма?
 
 
Бір бес күннің орны жоқ аптығарға.
 
 
Қай
 
қызығы
 
татиды қу ӛмірдің
 
 
Татуды араз, жақынды жат қыларға? 
 
 
Абай  осылайша  толғана  барып:  "...Әйтпесе  Құдайға  терістіктен, 
не ар мен ұятқа терістіктен сілкініп, бойын жиып ала алмаған кісі, үнемі 
жаманшылыққа, мақтанға салынып, ӛз бойын ӛзі бір тексермей кеткен 
кісі, тәуір жігіт түгіл, әуелі, адам ба ӛзі?" –
 
дейді.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
31 
 
 
Он бесінші сӛзге саяхат
 
 
 
Абайдың осы сӛзін, дәлірек айтсақ осы даналық ақылын әр ошақ 
басы  шаңырақ  астындағы  бар  балаға  жаттатып,  әр  күні  кешке  қарай 
баланың  ата
-
анасы "Абайдың он  бесінші  қара сӛзі не  деуші  еді?"  деп 
сұрап  отырса  ғой,  шіркін.  Сонда  жеті  жасар  жеткіншек:  "Егерде  есті 
кісінің  қатарында  болғың  келсе,  күнінде  бір  мәртебе,  болмаса 
жұмасына  бір,  ең  болмаса  айына  бір,  ӛзіңнен  есеп  ал!  Сол  алдыңғы 
есеп алғаннан бергі ӛмірді қалай  ӛткіздің екен, не білімге, не ахиретке, 
не  дүниеге  жарамды,  күнінде  ӛзің  ӛкінбестей  қылықпен  ӛткізіппісің? 
Жоқ,  болмаса,  не  қылып  ӛткізгеніңді  ӛзің  де  білмей  қалыппысың?"  –
 
деп тақылдап тұрса!..
 
 
Әрине,  ӛмірдің  қызығы  кӛп.  Талай  адам  басқаларға  ӛз  қызығын 
ұсынып
 
жатады.  Ӛмірді  қызықтау  барлық  адамға  тән  қасиет.  Бірақ  бұ 
тірлікте  ылғи  басқа  біреудің  қызығын  қызықтасқаннан  гӛрі  ӛз 
тындырған  шаруаңды  қызықтаған
 
қызықтырақ
 
екенін  ескерткіміз 
келеді.  Егер  Сіз  бір  шаруаны  ӛте  жақсы  тындыра  алатын  болсаңыз, 
онда  сіз  тек  қана  сол  шаруамен  айналысқаныңыз  жӛн.  Сіздің 
шеберлікпен,  махаббатпен  тындырған  сол  шаруаңыз  ӛзіңізге  де, 
басқаларға да қуаныш сыйлайтын болады. 
 
 
"Ӛмірден ӛз орнын табу" деп осыны айтады.
 
Ӛмірге
 
қызығу, ӛз қызығыңды басқаларға ұсыну, осыларды істей жүріп 
ӛзіңнен
-
ӛзің
 
есеп  алып  отыру,  міне  Абай  дананың  бізге  қалдырып 
отырған мұрасы, "ӛзі ӛлсе де, ӛлді деп есептетпейтін" сӛзі. Абай:
 
 
Ӛмірдің
 
алды
 

 
ыстық, арты –
 
суық,
 
 
Алды –
 
ойын, арт жағы –
 
мұңға жуық.
 
 
 
Бұл ӛмірдің қызығы махаббатпен,
 
 
Кӛрге кірсең, үлгілі жақсы атақпен.
 
 
Арттағыға сӛзің мен ісің қалса,
 
 
Ӛлсең
 
де, ӛлмегенмен боласың тең. 
 
 
Абайдың осы сӛздері, ӛлең сӛздері осы қарасӛз жалғасы іспетті. 
Жас шағыңда ӛмір дегеніміз қызық пен ойын, сауық пен саран секілді. 
Сені  ылықтырады.  Егер  ақыл  жетіп  ӛзіңді
-
ӛзің
 
тежемесең,  есеп 
алмасаң онда ӛмірдің арты –
 
суыққа, мұңға айналады екен. 
 
 
"Бұл ӛмірдің қызығы махаббатпен," –
 
дейді Абай. Абайдың айтып 
отырған  махаббаты  қай  махаббат?  Біздіңше  ӛзіңнің  ӛмір  мақсатыңды 
анықтап алып, сол жолда елге істемек қызметіңе деген махаббат. Сол 
ісіңе  жақсы  махаббатпен  сүйсіне  кірісенде  ғана  сен  "кӛрге  жақсы 
атақпен  кіре  аласың".  Сонда  ғана  артыңда  ісің  менен  сӛзің  қалмақ

сондай кісі ӛлсе де ӛлмегендей...
 
 
Абай  махаббаты  жӛнінде  ой  саларлық  тағы  бір  шумағын 
келтірейік:
 

 
32 
 
 
Кеше бала ең, келдің ғой талай жасқа,
 
 
Кӛз жетті бір қалыпта тұра алмасқа.
 
 
Адамды сүй, Алланың хикметін сез,
 
 
Не қызық бар ӛмірде онан басқа?!
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
33 
 
 
Он алтыншы сӛзге саяхат
 
 
 
Он алтыншы сӛз, Абай қара сӛздерінің ішіндегі ең қысқасы екен. 
Бұл  сӛз  әр  пенденің  Алла  тағала  алдындағы  міндеті  жӛнінде. 
Адамдардың  ӛз  діні  алдында  (басқа  тілді  болған  жағдайда)  тілін 
жаттықтыруы  қажеттігін,  кӛп  дінді  ортада  жүрсе  дінін  таза  ұстауы, 
ойлануы, үйренуі қажеттігін естеріне түсіреді.
 
 
Абайдың  ӛз  оқушыларына  меңзеп  отырған  тіл  жаттықтыру, 
үйрену
 
атты  тапсырмалары  бірден
-
ақ  түсінікті  секілді.  Құран  сӛздерін 
дұрыс  айту  үшін,  тіл  жаттықтыру,  түсініксіз  сӛздер  мағынасын  дұрыс 
түсіну үшін, арнайы жаттығуларды қажет етері сӛзсіз.
 
 
Ал  дінін  таза  ұстау,  ол  туралы  ойлану  тапсырмасының 
астарында  не  жатыр?  Біз  кӛп  жағдайда  бұл  сӛздерге  мән  бермей, 
Абай сӛздерін кӛңілмен емес, кӛзбен оқып
 
ӛте
 
беретін секілдіміз. Абай 
солай  боларын  ерте  байқаған.  Дінді  таза  ұстау  –
 
бұл  күнде  барлық 
діндар  адамдардың  бас  ауруына  айналатын  мәселе  болғалы  тұр. 
Арабстанда  қанша  мемлекет  бар,  біздер  үшін  дін  тану  жолында 
соншама жол бар болып шықты. 
 
 
Әлем
 
бойынша,  мұсылман  дінінің  бір  ортақ  институты  ашылып, 
сол  орталық  барлық  мұсылман  елдерінің  ерекшеліктерін  ескере 
отырып,  барлық сұрақтар  бойынша бір  ортақ  шешімдер мен тезистер 
шығарып,  дінімізді,  сол  арқылы  бәрімізді  бір  тұтас  күшке  айналдырар 
кез де туар. Үміт те ақталар. 
 
 
Біздер,  қазақстандық  мұсылмандар,  сол  күнге  дейін,  барлық 
талас  тудырып  жататын  дін  тазалығы  туралы  сұрақтар  бойынша 
шешімді  еліміздің  діни  басқармасының  ыңғайында  шешкеніміз  дұрыс 
болар еді деп ойлаймыз.
 
 
Нағыз діндарлар, қай дінде болғанына қарамай, кісі қызыққандай 
таза  жандар  деп  ойлаймыз.  Адамға  солар  санасындай  санамен, 
сондайлар  сеніммен    Жаратқанға  құлшылық  етуден  асқан  ләззатты 
нәрсе жоқ та болар.  
 
  
Санасы мұсылман жанның Құдайға құлшылық ету сәті, бес уақыт 
намазы –
 
ӛмірден
 
ерекше ӛз үлесін алатын кезі. 
 
 
Абайдың  Құдайға  құлшылық  деген  сӛзін  оқи  отырып,  менің  ӛз 
санама  ерекше  әсер  еткен  бір  оқиға  түсіп  отыр.  Жасы  тоқсан  бестегі 
бір  науқас  қарт  кісінің    кӛңілін  сұрауға  бардым.  Әлгі  қарт:  "Бүгін 
тәуірмін.  Сайын,  мені  сүйемелдеп  тұрғызып
 
жіберші.  Үш  күн  оқи 
алмадым, намазымды оқиын, сағынып қалдым ғой!" –
 
деген еді. 
 
 
Абайдың  жалпы  адам  балаларынан  Жаратқанға  сенімі, 
қандастары
 
мен  қарындастары  қазағынан  талап  етіп  отырғаны 
осындай құлшылық.
 
 
 

 
34 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет