Бірінші сӛзге саяхат
Бірінші сӛзден...
Бұл жасқа келгенше жақсы ӛткіздік пе, жаман ӛткіздік пе, әйтеуір
бірталай ӛмірімізді ӛткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық –
әурешілікті
кӛре
-
кӛре келдік.
Абай: ӛлшемі –
шексіздік; мезгілі –
мәңгілік; болмысы –
ұлылық
атты жаратылыс құдіреттеріне толық бағына, құрметтей сезіне
бағалаған болса керек. Ол адам пендесіне тиісті "қамшы сабындай"
қысқа
ғұмырдан
ӛзіне
тиісті еншісін мол алмаққа тырысқан секілді...
Ӛзі
тырыспаса сүрген ортасы мен ӛмір тартысы мәжбүрлеген.
Абай тек қана ӛмір сүрмеген, ӛмір туралы ойланған да.
Жауы да болған... Дауы да болған...
Жауы болғасын алысқан, жұлысқан. Күш кӛрсетіп жеңбекке
тырысқан...
Дауы болғасын айтысқан, тартысқан. Айтысқасын ақыл
салыстырады... Сӛзбен тартысып сӛзден сӛз, ойдан ой асырмаққа
тырысады..
.
Сүйе де білген, күйе де білген...
Ойлана да білген, толғана да білген...
Жоғарыда, ӛз шамамызша, Ұлы Табиғатты оқушылар қиялына,
ойына, кӛзіне елестетпек болып: ӛлшемі шексіздік, мезгілі мәңгілік,
болмысы ұлылық деп атаған едік.
Абайдың шексіздік пен мәңгілікке
қарсы
қояры, немесе ӛз үлесіне
тигені –
бар болғаны алпысқа жетпей үзілген қысқа ғұмыры.
Дегенмен Абай ойы, Абай мұралары әлгі шексіздік, мәңгілік,
ұлылық
атты ӛлшемдерді ӛз бойына ӛлшеп қарап, адамдардың «ӛледі,
ӛшеді» деген ӛлшемдеріне талас тудырып тұр.
Алпыс жылдық ғұмырымен Абайдың ойы мен сӛзі, ӛнері мен
ақылы мәңгілік пен шексіздік атты жұтпаның ӛңешіне сиғысы келмей,
амалсыз жұртшылық назарын ӛзіне аударуда.
Абай –
әлем
туралы білікке де, адам туралы танымға да ӛз
кӛзқарасы болғанын, ӛз пайымын қалыптастырғанын дәлелдеген
адам.
Абайдың бірінші сӛзінен алынған келесі үзіндіні оқып қаралық...
...Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып
жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын кӛрдік, бәрі қоршылық екенін
білдік. Ал енді қалған ӛмірімізді қайтіп, не қылып ӛткіземіз? Соны таба
алмай ӛзім де қайранмын...
Абай осы сӛздерімен әлем жаратылысына қайрат кӛрсетпек
болғандардың таласы мен тартысының нәтижесін анықтап береді.
Уақыт кім кімді де мансабына, байлығына, кӛкірегіне қарамай, ақыры,
қажытады, жалықтырады. Ақылы жеткендердің әлгі талас пен тартыс
13
істерінің
түбінде қоршылық екендігін, адам пендесінің жаратылыстағы
орны бір
-
бірінің жағасын жырту емес екендігін түсіндіреді.
Абай ӛмір сатыларын осылайша ӛткізіп алып, Жаратылыс
Ақиқатын іздейді.
...Ақыры, ойладым: Осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза
берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде
-
кім ішінен
керекті сӛз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, ӛз сӛзім
ӛзімдікі
дедім де, ақыры, осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір
жұмысым жоқ...
Абай бірінші сӛзін: "... дедім де, ақыры, осыған
байладым, енді
мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ" –
деп, осылайша аяқтайды.
Әрине, әлем тыңдарлық асыл сӛздер иесі Абайдың ӛмірден
мүлдем алшақтап кетуі мүмкін емес. Абайдың еш нәрсеге енжар қарай
алмайтыны, заманға да, адамға да немқұрайлы бола алмайтыны
түсінікті. Бірақ Абай ӛзінің осы қара сӛздерін ерекше таққа отырғызып
кету үшін солай деп те отырған болар.
"...енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ" дегенде, болашақ
айтылмақ ойларынан күтері кӛп екендігін, барлық шаруасы мен
шығармашылық еңбегінен болашақ
жазылмақ ойларын ілгері орынға
шығаратынын байқатқаны секілді...
Ой ойлау...
Ойды қағазға түсіру...
Ойым біреудің пайдасына асса деп дәмету...
Әрине, бұл қылықтар Абайдың ұстаз екендігіне дәлел. Ұстаз
болғанда да әлемдік дәрежедегі ұстаз.
Бірінші сӛз: жеке жаратылыстың (ұлыларды ойлап отырмыз) ой
ісінің нәтижесі жай адам пенделерінің қолмен тындырар істерінен
қажеттірек
екенін, ондай адамдардың табиғат сыйлаған ерекше
дарынын жалпы адамзат үшін пайдаға асыру жолындағы еңбегінің
құндырақ
екенін дәлелдеп шыққан.
Абай ӛзінің ұлылығын байқаған болса керек. Содан барып ол кез
-
келген пенде тындырып жатқан болымсыз нәрселермен, тіршілік
тауқыметімен айналысудан бас тартқан болар, содан барып жалпы
адамзат мүддесін қанағаттандырарлық ойларға берілген болар деген
сенімге жетелейді...
14
Екінші сӛзге саяхат
Бұ сӛзінде Абай "қайран жұрты қазағына" қайран қалады.
Жанындай жақсы кӛретін халқын басқалармен салыстырып қарап,
ӛзгелердің
ӛз
жұртынан озық жерлерін мысал етеді. Қайран жұрты
қазағының
кей қылықтарын ызалана бетке баса отырып, ӛз жүрегін
жарақаттай отырып жалпы жұртшылық санасына жеткізеді...
...Сонда мен ойлаушы едім: ей, Құдай
-
ай, бізден басқа халықтың
бәрі антұрған, жаман келеді екен, ең тәуір халық біз екенбіз деп...
...Енді қарап тұрсам, сарттың екпеген егіні жоқ, шығармаған
жемісі жоқ, саудагерінің жүрмеген жері жоқ, қылмаған шеберлігі жоқ...
...Ноғайға қарасам, солдаттыққа да шыдайды, кедейлікке де
шыдайды, қазаға да шыдайды, молда, медресе сақтап, дін күтуге де
шыдайды...
...Орысқа айтар сӛз жоқ...
...Бағанағы мақтан, бағанағы қуанған, күлген сӛздеріміз қайда?..
Абай –
ӛз
елінің тӛл тумасы. Ол ӛз елін де, ӛз жерін де мақтаныш
тұтқан адам. Бұл ойға сенбейтіндерімізге айтарымыз олар Абайдың
"Жазғұтұрым" атты ӛлеңінің әр сӛзін, әр
тынысын кӛкірек кӛзімен оқып
қарасыншы. Бұл ӛлең Абайдың ӛзіне де ұнаған ӛлең екен. Қыз
-
келіншектердің
сыңқылдағаны,
құлын
-
тайдың
бұлтылдағаны...
даласы... ӛзен үні... даласын сүймеген, далалықтар қылығына
сүйсінбеген жан сондай ӛлеңді жаза алар ма еді
...
Абай –
ӛз
елін ерекше сүйіспеншілікпен жақсы кӛре алған кісі.
Сондықтан да ӛз жұртының кемшіліктерін ұқыптылықпен іздестіріп,
тізіп, жазып, айтып жүруді, жұрт аузына салып жарыққа шығаруды ӛз
міндетім деп есептеген.
Абай ӛзіне соншалықты міндетті қалай жүктей алған?
Біздің пайымдауымызша, Абай ӛзінің данышпандық болмысын
түсіне алған тұлға. Сондықтан да "қайран жұрты қазағының" жағымсыз
қылықтарын
аяусыз әшкере еткен кезде замандастарына жағымсыз
кейіпте кӛрінуге қорықпаған, қазақ атына жағымсыз сӛз айтуға
арланбаған кемеңгер, сүйікті жұртының кейбір адамдарына жағымсыз
кӛрінуге шыдап, мыңмен жалғыз күреске шыққан қазақтың таусоғар
алыбы. Абайдың бұл қылығына ӛз замандастары түгілі, екі жүз жылға
жуық уақыт ӛткенде, бүгінгі ұрпақтарының ішінде де риза еместері
толып жатыр.
Енді бұл сӛз туралы екінші ой...
Екінші сӛздегі "біздің қазақ" деген сӛз орнына Абайды оқып отырған
кез
-
келген елдің ойшыл адамы ӛз жұртын ойлай отырып оқитыны
сӛзсіз.
15
Мысалы бір ағылшын жазушысы Абайды оқып отыр екен делік.
Ол міндетті түрде жаман мінезді, жаман қылықты қазақты емес, жаман
қылықты
ӛз
жұртын кӛз алдына елестетеді деп ойлаймыз... Адамдар
бойындағы, ӛзі танитын ағылшын бойындағы әбес қылықтарды
Абайдан оқыған ағылшын ойшылы Абайға риза болар еді. Қалай
тауып айтқан,
бұ кісілер бізде де толып жатыр емес пе дер еді.
Егер орыс ойшылы оқып отырған болса ойына бірден
Гончаровтың Обломовы секілді ӛз қандастарын есіне түсірер еді деп
ойлаймыз.
Екінші сӛзде Абай ӛз қандастарының даңғой мінездерін, оғаш
қылықтарын
мысалға ала отырып, бұл сӛзді адам пенделеріне жаны
ашитындардың бәріне арнаған секілді.
Жанындай жақсы кӛрген "қайран жұртын, қазағын" Абай қандай
қасиеттерімен
кӛргісі келді?
Басында ми жоқ,
Ӛзінде
ой жоқ,
Күлкішіл кердең наданның.
Кӛп айтса кӛнді,
Жұрт айтса болды –
Әдеті
надан адамның.
Бойда қайрат, ойда кӛз,
Болмаған соң, айтпа сӛз.
Міне кӛрдіңіз бе, Абай сӛзін кімге арнап отыр. Абай сӛзін "бойда
қайрат, ойда кӛзі" бар, асыл қасиетті адамдарға арнайды. Олары
болмаса оларға сӛз айтпа деп отыр емес пе?
Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық,
Аздырар адам баласын.
Сол ой үстінде, халқына не жетпей жатқанын аңғартып,
ойлыларының намысын қамшылау үшін жазылған ойлар деп
есептейміз. Кейбір арзан ойлы айтқыштарымыз Абай қазақ халқын
әлемге
жаман етіп кӛрсетті деп, шамданғысы келеді. Біздің айтарымыз
Абай қара сӛзінде жазған асыл ойларын әлгіндей адамдарға
арнамаған.
Абай сӛздері тек қана ой түсінетін, ой толғай алатын жандарға
арналады.
Бұл сӛзді жазғанда Абай:
"Есер
-
есірік болмасаң,
Тіршіліктен пайда жоқ" –
деген сӛзін арнаған адамдарды, рухани
тірлікте шаруасы жоқ, мақсаты "ас ішіп, аяқ босату" қызметімен
шектелетіндерді есепке алмаған…
Содан да болар, Абай менің сӛздерім біреуге ұнамай қалады
-
ау,
түсініксіз болады
-
ау деген ойлардан аулақ болған…
Атадан алтау,
Анадан тӛртеу,
16
Жалғыздық кӛрер жерім жоқ.
Ағайын бек кӛп,
Айтамын ептеп,
Сӛзімді ұғар елім жоқ.
Моласындай бақсының
Жалғыз қалдым –
тап шыным!
Абайдың атадан алпыс туса да, анадан қырық туса да жалғыз
қалуы
заңды құбылыс. Абай ойлы. Ол ағайын іздеп отырған жоқ. Ол
ойын түсінер адам іздеп отыр. Сондықтан да оны жалғыздық
шошытады.
"Адасқанның алды –
жӛн, арты –
соқпақ..." деп, адам
пенделерінің күнделікті күйкі тіршілігін суреттей алады.
Абай ӛз жұртын қандай қасиеттерімен кӛргісі келеді? Бұл сұраққа
жауап беру оңай деп ойлаймыз.
Абай ӛз жұртының бойынан ӛзі санап шыққан қасиетсіз
қылықтардан
арылтқысы келді. Ол барлық сӛзінде адал еңбек пен мал
табуды, әлемдегі озық жұрттар жетістігінен үлгі алуды үгіттеуден
жалықпады.
17
Ҥшінші
сӛзге саяхат
...Қазақтың бірінің біріне қаскүнем болмағының, бірінің тілеуін бірі
тілеспейтұғының, рас сӛзі аз болатұғының, қызметке таласқыш
болатұғының, ӛздерінің жалқау болатұғының себебі не?..
Абай осылай депті. Бұл сӛздерді оқыған қазақ қандай күйде
болмақ?
Қарындасқа
қаны
тартар кісінің намысы оянар, кӛңілін босатар,
арлана кӛзге жас алдырар сӛздер емес пе?
Абай солай дейді екен, қазақ не дейді? Қазақ не десін! Абай
дұрыс айтады дейді. Абайдың солай дерін олар одан бұрын сезіп
қойыпты
.
Қазақ: "Дос жылатып айтады..." депті. Абай жылатып айтыпты.
Халқының досы екенін дәлелдей түсіпті...
...―Қасым ханның қасқа жолын, Есім ханның ескі жолын‖, ―Әз
Тәуке ханның Күлтӛбенің басындағы күнде кеңес болғанда, ―Жеті
Жарғысын‖ білмек керек‖ –
деп, қазақ мемлекеттерінің жақсы
заңдарының болғанын, үлгі аларлық азаматтарының ӛткенін ескертеді.
Бірақ сол жақсылар сӛзінен, сол тәуір замандар заңынан бұ
заман құлқына сәйкес келмей жатары болса, одан да сақтандырады.
"...ескі сӛздердің қайсысы заман ӛзгергендікпенен ескіріп, бұл жаңа
заманға келіспейтұғын болса, оның орнына татымды толық билік
шығарып..." –
түзету енгізу қажеттігін айтады.
Қазақпын
дейтіндерді сонша тұқырта, жерге кіргізе даттарлық
әлгі
сӛздер шыққан ауыздан, сол пәлелерден құтылу жолын,
бағдарламасын да Абай ӛзі жасап беріп кетіпті.
Ұлы
Абайдың қазақ жұртына ел болу, қазақтарға адам болу
бағдарламасы (программасы) бір кітап та емес, бір тарау да емес, тіпті
бір парақ бет те емес.
Бұл бағдарлама бар болғаны бір ауыз сӛзге сыйдырылған.
Абайдың данышпандық куәлігі де, академиктік дипломы да –
осы
бір ауыз сӛз.
Біріңді, қазақ, бірің дос,
Кӛрмесең, істің бәрі бос...
Абайдың бүкіл адамзат ұрпақтарына да айтары –
сол. Абай тек
қана
қазақты
дос кӛр демейді. Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп
ақыл айтады.
Жаңа заманда жаңа қазақтар болу қажеттігін алдын ала
болжайды.
Абай үшінші сӛзіндегі әлгі қатал сӛздерді жазғанда, Шыңғыс
бӛктеріндегі қолдан қолға ауып жататын жақсы жайлау мен қысқы
қоныстармен қоса Троекуров пен Дубровский арасындағы дауды да
ойға алып отырмады дейсің бе?..
18
Елін, халқын бар жанымен сүйе алған кісінің сӛзі ғана осындай
болатын болар... Абай да, Пушкин де ӛз елінің даңғойларын ӛлтіре
сынаған. Тек қана бір айырмашылығы Пушкин жағымсыз кейіпкерлерін
жеке кісілердің атағымен атаса Абай кісі орнына жағымсыз
қылықтарды
тұтас ұлт еншісіне берген. Үлкен философтарға Абайдың
бұл әрекетін зерттей түсуге боларлық әдіс деп ойлаймыз. Әрине Абай
бұл әдістің жанға ерекше батарын, қанды қыздыра түсерін сезінген.
Абай жалпы адам пенделерінің, әр түрлі ұлттардың барлығына
да сәйкес кемшіліктерді тізіп отыр!.. Абайдың қазаққа теліген кеміс
қасиеттерін
әлем
жазушылары ӛз ұлттарының бойынан тауып,
әлдеқашан
жазып тастаған. Мысалы орыс деген
сӛз айтылмағанмен
бір мұжықтың екі генералды асырағандығы туралы әңгімеде
генералдар болмысы қай ұлтқа да абырой әперер тұлға емес...
Абай сӛздері тек қана қазақ баласына арналмаған, ол жалпы адам
баласы ұрпақтары үшін жазылған деген ойды бұрын да айтқанбыз.
Сол ойды осы саяхатымызда тағы да әлденеше рет қайталайтын
болармыз.
Ұлы
Абай ұлылығы жалпы адам үшін ӛте ауыр сӛздермен адам
пенделерінің бәрін ренжіткенше, тек қана ӛз жұртын ӛкпелетпек болған
да болуы мүкін ғой...
Абай осы сӛзден кейінгі келесі сӛзінде (тӛртінші) "адам" деп
бастап жалпы адам баласы туралы толғанысқа кетеді.
19
Тӛртінші сӛзге саяхат
Тӛртінші сӛздің арқалап тұрған жүгі ӛте ауыр. Бұл сӛзде адам
психологиясы мен ішкі дүниесі туралы, қайғы мен күлкі туралы ой
қорытылады
.
Әрбір
байқаған адам білсе керек: Күлкі ӛзі бір мастық екенін...
...күлкіге салынған кісі не шаруадан, не ақылдан, не бір ұят
келерлік істен құр, ғафил (бейқам, салақ, алаңғасар) кӛп ӛткізіп отырса
керек.
Абай, әрине шаттық күлкінің болатынын жоққа шығармайды,
күлкінің қажеттігін түсінеді. Сондықтан да "үнемі күлмей жүруге жан
шыдай ма екен?" дейді.
Абай "күлкіге салынған
кісі" дегенде, нені айтып отыр? Абайдың
осы зерделеу еңбегіндегі басты сӛз осы болса керек.
Абайды алаңдатып отырған жалпы жай күлкі емес.
Абайға арнайы сӛз арнатып, ой ойлатып отырғандар: арзан
күлкіні ӛмір мағынасы етіп алушылар; жалған қызықты ӛмір
мұраты
етіп тірлік етушілер; күлкісіне арамза ойды нәр етушілер...
Абайды алаңдататын –
сондай "антұрған күлкі". Сондай күлкінің
адамды, адамшылықты аздырар күлкі екені Абайға анық.
Орынсыз күлкінің бір сыңары –
шарасыздық. Істің ыңғайын таба алмай
уайым
мен қайғыны жолдас ететіндерді де Абай "антұрғандар" деп
қатты
сӛгеді.
Біреудің кемшілігіне күлетіндер де сол топта...
...Адам баласы жылап туады, кейіп ӛледі. Екі ортада, бұ дүниенің
рахатының қайда екенін білмей, бірін
-
бірін аңдып, біріне бірі мақтанып,
есіл ӛмірді ескерусіз, босқа, жарамсыз қылықпен, қор етіп ӛткізеді де,
таусылған күнде бір күндік ӛмірді бар малына сатып алуға таба
алмайды.
Кӛпшілік осыны аңғармай ӛмірден ӛтеді де кетеді.
Тӛртінші сӛз –
ырқылдап ӛтірік күлетіндерді, сол ӛтірік күлкі
арқасында басқалар кӛзіне кӛңілді, кӛпшіл, қылықты кісі боп кӛрінуге
тырысатындарды да сақтандыруға тиіс. Ӛйткені кез
-
келген саналы жан
күлкі болмысын түсініп тұрады. Ӛтірік күліп тұрсың ғой деп айтуға
тәрбиесі жібермейді.
Абай біреудің жетістігіне қуана күлуді, рахат табуды уағыздайды.
Тӛртінші сӛз ӛтірік күліп ӛзгеден дәметпе, еңбек ет, еңбек ӛз
иесін жерге қаратпайды деп уағыз етеді.
20
Бесінші сӛзге саяхат
Абай
бесінші
сӛзінде
әрекетсіздік
пен
талапсыздықты
мойындатар, қулық пен айлаға алдандырар біраз қазақ мақалдарын
іріктеп алып, сол сӛздердің ел тәрбиесіне қаншалықты теріс әсерін
тигізіп тұрғаны туралы ойлану қажеттігін дәлелдейді. Сол
мақалдардағы
айтылғандарды
пайдасына
асырмақ
болып
пайдаланатын кісілер туралы ашына толғайды.
Осы
мақалдарды
сынау арқылы еңбек етуді (мал табуды) уағыздайды.
Абай қазақтың біраз мақалдарын тізіп келтіреді де, сол
мақалдардағы сұрампаздық, қайыршылық сарындарын табады. Сол
мақалдарды келтіре отырып, Абай ӛз ӛкінішін білдіреді. Абай ӛкініші
осы мақалдарда қазақ «...тыныштық үшін, ғылым үшін, білім үшін,
әділет
үшін...» неге қам жемейді, қазақ мақалдары соларды іздеу
жолында неге туындамайдыға соғады.
"Бұлардың жас баладан ақылының несі артық? Бірақ, жас бала
қызыл
ошақтан қорқушы еді, бұлар тозақтан да қорықпайды екен. Жас
бала ұялса, жерге ене жаздаушы еді, бұлар неден болса да ұялмайды
екен. Сол ма артылғаны? Қолымыздағыны үлестіріп талатпасақ, біз де
ӛзіндей
болмасақ, безеді екен. Іздеген еліміз сол ма?" –
дейді.
Абай бұл сӛзінде адамдар қылығын зерделеу арқылы жаратылыс
пен Жаратушы туралы пікірін аңғартқан. Абайдың Жаратушы Алла
туралы, о дүние барлығы туралы ойлану қажеттігін, адамның әр іс
-
әрекеті, ойы мен сӛзі бүгінгі күнгі ұят пен ертеңгі күнгі тозақ деген
түсінікті есте ұстау керектігін түсіндіре алған.
21
Алтыншы сӛзге саяхат
Абай қандастарының, бауырларының, жалпы айтқанда елінің
адамгершілік қасиеттері мен ұяты мол болғанын арман еткен адам..
Абай бұл сӛзінде "Ӛнер алды –
бірлік, ырыс алды
-
тірлік" атты
қазақ
мақалының кӛлеңкелі жағына қатты шүйіледі. Абай түсінігінде
бәрін ортаға салу бірлік емес.
...Ас ортақ, киім ортақ, дәулет ортақ... Олай болғанда байлықтан
не пайда, кедейліктен не залал?
"Ырыс алды
-
тірлік" дейді, ол қай тірлік?..
Сӛз түсінетін адамға "Жан итте де бар" деген қандай ауыр сӛз!
Тек қана тірлікті қымбат санаудың адамның адамдық
қасиеттерінен
бездірер нәрсе екенін, адамдық принциптерден
алшақтатар нәрсе екенін ескертеді.
...Ондай тірлікті қымбат кӛріп, бұлдаған адам ӛлімді жау кӛріп,
ахиретке дұшпан болады.
Бұ заманда адамның әр іс
-
әрекетіне
"ұят" деген кісілік кӛрсеткіші
араласып, ӛз дауысын толық пайдаға асырушы, о заманда "тозақ"
деген азап барын мойындап одан қорқа
ӛмір
сүруші Абай іздеген
"толық адам" қасиеттерін бойына сіңірген адам болса керек.
Абайдың бұл сӛзде марксизм мен коммунизм негіздерін жоққа
шығара отырып, сана жоғары болу қажеттігін ескертеді.
Бұл сӛзде адамдардың рухани бірлікке шақырар ортақ азығы
болу қажеттілігі анықталады. Кӛкірегі тірі, кӛңілі ояу боп ӛмір сүруді
уағыздайды.
Жаны аяулы жақсыға қосамын деп,
Әркім
бір ит сақтап жүр ырылдатып... деген сӛзді Абай тектен
-
тек
ойдан шығарған жоқ. Ондай адамдар бұ заманда да жетерлік.
...Кеселді, жалқау, қылжақбас,
Әзір
тамақ, әзір ас,
Сыртың –
пысық, ішің –
нас,
Артын ойлап ұялмас, –
болып жүріп, тірімін деме, онан да Алла жіберген ақ бұйрықты ӛлімнің
ӛзі
артық...
Абайдың жағымсыз кейіпкерлері осындай тұрпатты адамдар.
Қандай
қорқынышты
кісілер. Олар тек қана ӛзінің емес, басқалар
ӛмірін
ластауға да ұялмайтын адамдар.
Ең қорқыныштысы –
солар қолына тиген билік. Әлгі
қасиеттерімен
ел басына жіберілетін "құрметті қайраткерлер", ішінің
настығын байқатпай, пысықсынып ел сӛзін сӛйлегенсіп, алып қал,
жұлып қал принципімен ӛз ісінің артын ойлап жатпай, адам мен
табиғат сұранысы деген негізгі тірлік қағидаларынан аулақ ӛмір сүреді.
22
Әйтпесе
тірімін деме, одан да ӛлімнің ӛзі артық деп, әлгіндей тірілерге
ӛте
ауыр салмақ артады
Абай: "Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар.
Надандық... Еріншектік... Залымдық," дейді.
Абай білім
-
ғылымның
жоқтығы адамдарды надан етеді, қор етеді
дей келіп, оны хайуандыққа теңейді.
Еріншектік –
күллі дүниедегі ӛнердің дұшпаны. Талапсыздық,
жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік –
бәрі осыдан шығады.
Залымдық –
адам баласының дұшпаны.
|