Сайын Назарбекҧлы



Pdf көрінісі
бет6/26
Дата15.03.2017
өлшемі1,66 Mb.
#9877
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

Отыз бесінші сӛзге
 
саяхат
 
 
 
Отыз  бесінші  сӛзін  жазып  отырып,  Абайдың  қандай  ойда 
болғанын, қандай күй кешкенін кім білсін? 
 
 
Абай да  ӛз ӛмірін бірден білікті болып бастаған жоқ болар. Әуелі 
бала  болды.  Балалық  қылықтарын  бастан  ӛткізді.  Соңынан  ағалары 
мен  әке  сӛзіне  иланды,  солардың  істеткенін  істеді.  Сӛйлеткенін 
сӛйледі.  Ол  кезде  істеген  шаруаларының  бәрі  Абай  басына  сауап 
болып  құйылып  жатты  десек,  онда  біз  ӛмірді  танымайтындар, 
зерделей алмайтындар қатарына қосылар едік. 
 
 
Билік  басында  жүрген  адамға  ары  мен  адамшылығын
 
ӛне
 
бойы 
таза  сақтап  жүру  қиынға  соғатын  секілді.  Абай  да  Құнанбайдың, 
Ырғызбай  ұрпақтарының  шындығымен,  кӛзқарасымен  тіршілік 
талқысына талай рет түсті. Ӛмірдің сауабын да жинаған болар, күнәсін 
де арқалаған болар. 
 
 
Ержеткенде, Абай аты шығып, танымал болған шақта, "қолымды 
мезгілінен  кеш  сермедім"  деп  ӛкінген  шақта  ӛз  білімімен,  ӛмірге  ӛз 
танымымен араласты. Әрине, бұл сӛздер сол шақта жазылған болар.
 
 
Абай  осы  сӛзді  жазғалы  отырғанда,  және  бұл  сӛзі  бұ  дүниелік 
емес о дүниелік, адам пендесіне жұмбақ нәрсе болса, "Алланың ӛзі де 
рас,  сӛзі  де  рас"  деп,  Алланың  ақиқаттығына  сенген  кісі  ӛткен  ӛмірін 
еске ала, ӛзінен де есеп ала отырған болар.
 
 
Кӛз  алдынан  қандай  жағдайда  қандай  шешім  қабылдады,  бәрі 
сайрап ӛтпеді дейсің бе...  
 
 
Сол  кезде,  даналық,  кемеңгерлік  жасқа  жеткенде,  ӛзіне  қай  ісі 
қалай
 
кӛрінді екен? 
 
 
Ӛкініші
 
кӛп болды ма, шүкіршілігі кӛп болды ма?
 
 
Бұ күн бір күндерде бәріміздің де басымызға түседі.
 
 
Сол күні, ӛзіңе ӛзің есеп берген сәтте, о дүниеге онша қорықпай 
аттана алсақ, шіркін...
 
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
57 
 
 
 
 
Отыз алтыншы сӛзге саяхат
 
 
 
Абайдың: "кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы да жоқ" деген сӛзін 
оқыған кезде қатты шошынып қалдым.
 
 
Әрине, алдымен ӛзіңді ойлайсың. Ұятсыздар қатарына ӛзіңді қоса 
алмайсың.  Сосын  ӛз  замандастарыңның  біразын  еске  алады  екенсің. 
Солардың кейбіреуі туралы ойланып, тап сол адамда  ұят бар ма еді, 
жоқ па еді деп, жауап таба алмай сасады екенсің.
 
 
Абай ұят деген сезімді екі түрлі болады дейді. 
 
 
Дұрыс  адам,  ұятты  адам,  мысалы,  Абайдың  толық  адамы 
біреудің  не  шариғатқа,  не  адамшылыққа,  не  ақылға  теріс  ісін  кӛріп 
далада тұрып әлгінің қылығына басқалардан ұялып тұрады екен.
 
 
Екінші ұят түрі де сондай қылықтарды ӛзің істеп алып, ӛзіңді ӛзің 
жерлеп, ӛзіңе ӛзің жаза тартқызатын болсаң керек..
 
 
Абай:  "Ұят  деген  –
 
адамның  ӛз  бойындағы  адамшылдығы, 
иттігіңді ӛз мойныңа салып, сӛгіс қылған қысымның аты" –
 
депті. 
 
 
Ұят
 
деген  сезім  оянып  кетіп,  сені  ӛз  қатең  түгіл  ӛзгенің  кемшілігі 
үшін
 
ұялатын
 
болса сен кімсің?
 
 
Жетім  мен  жесірдің  қақын  жеп,  ауру  мен  әлсіздің  үлесін  ұрлап, 
байлығын  арттырып  жатса,  ол  кім?  Олар  жүрегінде  туа  біткен  ұят 
сезімі болды ма екен? Болса, қайда кетті? 
 
 
Бұл сұрақтарға ӛмір бойы жауап іздеп ӛту қажет болар.
 
 
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
58 
 
 
 
 
 
Отыз жетінші сӛзге саяхат
 
 
   
Адамның  адамшылығы  істі  бастағанынан  білінеді,      қалайша 
бітіргендігінен емес.
 
 
Кӛңілдегі кӛрікті ой ауыздан шыққанда ӛңі қашады. 
 
 
Хикмет  сӛздер  ӛзімшіл  наданға  айтқанда,  кӛңіл  уанғаны  да  болады, 
ӛшкені
 
де болады.
 
 
Кісіге адамына қарай болыстық қыл; татымсызға қылған болыстық ӛзі 
адамды бұзады.
 
 
Әкесінің
 
баласы –
 
адамның дұшпаны
 
            
Адамның баласы –
 
бауырың.
 
 
Ер артық сұраса да азға разы болады.
 
Ез аз сұрар, артылтып берсең де разы болмас.
 
 
Ӛзің
 
үшін
 
еңбек  қылсаң,  ӛзі  үшін  оттаған  хаюанның  бірі  боласың; 
адамдықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлының бірі 
боласың
 
 
Сократқа  у  ішкізген,  Иоанна  Аркті  отқа  ӛртеген,  Ғайсаны  дарға  асқан, 
пайғамбарымызды  түйенің  жемтігіне  кӛмген  кім?  Ол  –
 
кӛп,  ендеше 
кӛпте ақыл жоқ. Ебін тап та, жӛнге сал.
 
 
Адам  баласын  заман  ӛсіреді,  кімде
-
кім  жаман  болса,  оның 
замандасының бәрі виноват.
 
 
Мен  егер  закон  қуаты  қолымда  бар  кісі  болсам,  адам  мінезін  түзеп 
болмайды деген кісінің тілін кесер едім.
 
 
Дүниеде  жалғыз  қалған  адам  –
 
адамның  ӛлгені.  Қапашылықтың  бәрі 
соның басында. Дүниеде бар жаман да кӛпте, бірақ қызық та, ермек те 
кӛпте. Бастапқыға кім шықпайды? Соңғыға кім азбайды?
 
 
Жамандықты  кім  кӛрмейді?  Үмітін  үзбек  –
 
қайратсыздық.  Дүниеде 
ешнәрседе  баян  жоқ  екені  рас,  жамандық  та  қайдан  баяндап  қалады 

 
59 
 
дейсің? Қары қалың қатты қыстың артынан кӛгі қалың, кӛлі мол жақсы 
жаз келмеуші ме еді?
 
 
Ашулы  адамның  сӛзі  аз  болса,  ыза,  қуаты  артында  болғаны.  Егер  де 
аузынан қан ағызса, домбыт мақтаншақ, я қорқақ.
 
 
Қуанбақтық
 
пен  бақ  –
 
мастықтың  үлкені,  мыңнан  бір
-
ақ  кісі  к...н
 
ашпайтұғын ақылы бойында қалады.
 
 
Егер ісім ӛнсін десең, ретін тап.
 
 
 
16.    Биік мансап –
 
биік жартас,
 
 
 
Ерінбей еңбектеп жылан да шығады,
 
 
 
Екпіндеп ұшып қыран да шығады.
 
 
 
17.    Дүние –
 
үлкен
 
кӛл,
 
 
 
Заман –
 
соққан жел,
 
 
 
Алдыңғы  толқын –
 
ағалар,
 
   
 
Артқы толқын –
 
інілер,
 
Кезекпенен ӛлінер,
 
Баяғыдай кӛрінер.
 
 
18.  
Бақпен асқан патшадан
 
 
Мимен асқан қара артық.
 
 
Сақалын сатқан кәріден
 
 
Еңбегін сатқан бала артық.
 
 
19. 
Тоқ тіленші –
 
адам сайтаны,
 
 
Харекетсіз –
 
сопы монтаны.
 
 
 
20.    Жаман дос –
 
кӛлеңке:
 
 
 
Басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың;
 
Басыңды бұлт алса, іздеп таба алмайсың.
 
 
 
21.  
Досы жоқпен сырлас, досы кӛппен сыйлас;
 
 
 
Қайғысыздан
 
сақ бол, қайғылыға жақ бол.
 
 
 
22.  
Қайратсыз
 
ашу –
 
тұл,
 
 
 
Тұрлаусыз ғашық –
 
тұл,
 
 
 
Шәкіртсіз ғалым –
 
тұл.
 
 
 
23. 
Бағың ӛскенше тілеуіңді ел де тілейді, ӛзің де тілейсің, бағың 
ӛскен
 
соң –
  
ӛзің
 
ғана
 
тілейсің.
 
 

 
60 
 
 
Отыз сегізінші сӛзге саяхат
 
 
 
Абай,  жаратылыс  пен  тіршілік  танымдық,  Алла  мен  адам 
танымдық  ой  толғамдарын  отыз  сегізінші  қара  сӛзінде  ежіктей 
түсіндіреді  және  жалпы  "қара  сӛздер"  атты  еңбектерін  не  үшін  жазып 
жүргенін жария етеді.
 
 
"Ей,  жүрегімнің  қуаты,  перзенттерім!  Сіздерге  адам  ұлының 
мінездері  туралы  біраз  сӛз  жазып  ескерткіш  қалдырайын.  Ықыласпен 
оқып, ұғып алыңыздар, оның үшін махаббаттың тӛлеуі –
 
махаббат.
 
 
Әуелі
 
адамның  адамдығы:  ақыл,  ғылым  деген  нәрселермен. 
Мұның табылмақтығына себептер:  әуелі ӛзіңе тән мінез
-
құлық
 
пен ден 
саулық. Бұлар туысыңнан болады" –
 
деп басталатын сӛз –
  
Абай қара 
сӛздерінің  ішіндегі  ең  кӛлемдісі.  Абай  бұл  сӛзінде  ӛз  еңбектерінде 
(қара  сӛздерінде)  жиі  кездесе  беретін,  мысал  үшін  алынып  отырған 
"қазақ" сӛзі онша кездесе қоймайды. 
 
 
Абай  кӛкіректе  жатқан  елі  мен  жеріне,  ұлы  мен  ұрпағына  деген 
ұлы
 
сүйіспеншілік сезімді  қағазға түсіргенде,  жанындай жақсы кӛретін 
ӛз
 
ұлты
 
мен  "жүрегінің  қуаты"  сол  ұлттың  болашақ  ұрпақтары  кӛз 
алдында  тұрғаны  сезіліп
-
ақ  тұр.  Абайды  солардың  болашағы  қатты 
толғандырады.
 
 
Отыз  сегізінші  сӛзбен  танысқаннан  кейін,  жалпы  Абай  қара 
сӛздері туралы ерекше сезімге бӛленесің. 
 
 
Бұл сӛздердің тек қана қазақ
 
халқын емес, тұтас адамзат әулетін 
кісілік  пен  имандылыққа  талпындыру  жолында  атқарып  тұрған 
қызметін
 
түсінгендей  болған  шақта,  Алла  тағаланың  Абайдай  құлын 
қазақ
 
топырағынан жаратқанына мың рақметіңді айтасың.  
 
 
Абайдың гуманистігі мен адамсүйгіштігін,
 
діні мен ділін, жаны мен 
сырын толық ұғынғандай боласың. 
 
 
Біз  тӛменде  келтірілген  Абайдың  үш  ауыз  ой  түйінін  бұрын  да 
атап ӛткенбіз, бұл жолы тағы да естеріңе сала кеткіміз келіп отыр.
 
 
Біріңді қазақ бірің дос –
 
кӛрмесең істің бәрі  бос...
 
 
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп...
 
 
Алланың ӛзі де рас, сӛзі де рас...
 
 
 
Осы сӛздер –
 
саналы адамдардың ӛмір сүру ақиқаты!
 
 
Бізден  дәл  бір  ғасыр  бұрын  Абай  бүкіл  әлемдік  ең  күрделі 
мәселелердің  түйінді жерін дӛп басып, жауабын тауып айта алған! 
 
 
Ӛйткені
 
ол –
 
ұлы! Ұлылар барлық уақытта басқалардан ғасырлап 
алда жүреді! 
 
 
Ұлы
 
Абай –
 
ұлы
 
елдің ұлы!
 
 
Қазақ
 
екеніңе қалай мақтанбассың!
 
 
Абай қара сӛздері –
 
адамгершілік әліппесі!
 

 
61 
 
 
Абай  қара  сӛздері  –
 
кісілік  қасиеттер  мен  ұлт  болмысы  туралы 
анықтауыш! 
 
 
Абай  қара  сӛздері  –
 
адамның  жағымсыз  қылықтары  мен  жаман 
қасиеттері
 
туралы энциклопедиялық сӛздік!
 
 
Абай біраз сӛздерінде мысал үшін қазақ халқын алады да, біраз 
сӛздерінде  жалпы  адам  баласы  атағына  тағылар  қасиеттерді 
түгендейді.  Тек  соларды  түгендеп  қоймайды,  олардан  аулақ  болу 
жӛніндегі ой қортындыларын келтіреді.  
 
 
Абайдың осы сӛзі –
  
жаратылыс туралы трактат. 
 
 
Трактат  жастарға  жаратылыс  туралы  толық  түсінік  береді.  Адам 
бойындағы  қасиеттердің  қасиеттісі  –
 
"Құдай  жолы"  екенін  түсіндіреді. 
Ӛзін
 
сүю  –
 
айнаға  қарап,  суретке  табыну  деп  суреттейді.  Ең  оңбаған 
қасиет
 
ретінде  Абай  ӛзімшілік  деген  оңбаған  қасиетті  осылайша  жек 
кӛрінішті етеді. Ӛзімшілдердің ақылының ӛспейтінін ескертеді, ӛкінеді.
 
 
"Ақыл  ӛссе,  ол  түпсіз  терең  жақсылыққа  құмарлықпен,  
жаратылысқа деген махаббатпен ӛсер," –
 
дейді, Абай. 
 
 
Жаратылыс  бәрін  адам  үшін  жаратқан,  бәрі  –
 
адам  баласына 
таусылмас азық дейді.
 
 
"Хауандарды  асырау  үшін,  еті  ауырмайтын"  жансыздар 
жаратылды  деп, ӛсімдіктерге бұрын ешкім айтпаған жаңа баға береді.
 
 
"Түпсіз терең
 
жақсылық" деген ӛз сӛзіне Абайдың қандай мағына 
бергенін кім білсін? 
 
 
Бірақ  ол  сӛздің  астарында  адамдардың  ақылды  болғысы  келсе, 
ақылын  арттыра  түскісі  келсе,  істеген  ісін,  ойлаған  ойын,  сӛйлеген 
сӛзін  ұлы  махаббатқа  бағындыра  істеу  керектігін  ескертіп  тұрған 
секілді. Абай махаббаты ерекше зерттеуді қажет ететін түсінік. 
 
 
Абай  махаббаты  –
 
Аллаға  деген  бағынышты  құлшылық  болса, 
адамдардың бір
-
біріне деген бауырмалдық сезімі.
 
 
Бұл  сӛзде  ӛзімшілдік,  қаскүнемдік,  надандық,  еріншектік, 
залымдық секілді зиянды қасиеттер туралы анықтамалар беріліп және 
соларды болдырмаудың, болса құтылудың жолдарын кӛрсеткен.
 
 
Мұсылмандар намазының, дұрыс ниеттеніп оқылар намаздағы әр 
намазханның рухани тазалығы туралы ежіктей айтылады.
 
 
Абай  осы  сӛзіне  салған  ойларын  болашақ  "перзенттеріне" 
ерекше махаббат сезімін бастан кешіре отырып жазған секілді. 
 
 
Бұл сӛз –
  
түгелімен жас ұрпаққа арналған сӛз.  
 
 
Қазақ
 
халқының 
болашақ 
перзенттеріне, 
мұсылман 
бауырларына, адам пенделерінің болашағына
 
арналған сӛз. 
 
 
Абай  ӛз  елінің  болашағын,  жастарын  –
 
"жүрегімнің  қуаты"  деп 
атайды.  Сол  теңеу  арқылы  ол  ӛзінің  қазақ  халқына  деген  зор 
махаббатын бейнелей алған.
 
 
Егер  жас  адам  талпыныс  жасаса,  туысы  жақсылық,  содан  соң 
,жақсы  орта  мен  жақсы  ұстаз  оларды  ғылым
-
білімге,  Алланы  тануға, 
ізгілік пен рақымшыл болуға махаббаттандырмақ екен. Бірақ жас бала 

 
62 
 
ӛзінен
-
ӛзі
 
оқу  мен  оқығанын  тоқуға  бейімделіп  кетпейтін  секілді.  Есін 
толық  ӛзі  игергенше  оларды  не  алдап  үйретіп,  не  зорлап  үйретіп 
жақсылыққа үйір ету қажет дейді. 
 
 
Дін  оқулары  жас  ӛскінді  Алла  жолына  салып,  Алланы 
мадақтатады  екен.  Алла  сол  мадаққа  мұқтаж  емес  дейді  Абай. 
Ұстаздар
 
сол  арқылы  жас  жүрекке  махаббат  сезімін  егеді.  Содан 
барып  жас  жүрегі  жақсы  кӛргенін  шексіз  сүйіспеншілікпен  сүюді 
үйренеді
 
екен.
 
 
Байлық  пен  мансап  –
 
істеген  еңбегіне,  ізгі  істері  мен  рахым 
қылықтарына
 
бола адамды ӛзі іздеп табатын секілді. "Егер адам мал
-
мүлкін абырой мен атақ алу үшін жұмсап, ӛзі сондай мақсатқа табына 
жүріп еңбек етсе, іздесе адамның адамдығы жоғалады," –
  
дейді
 
Абай.  
 
 
 
...Әрбір ғалым –
 
хаким емес, әрбір хаким –
  
ғалым

 
 
Ол жүректің жалынын басар бірақ,
 
 
Ӛлсе, кӛрде бастырған су топырақ.
 
 
Ӛзі
 
сүйіп, ӛзгеден сүю іздеп,
 
 
Таппаған сорлы адамнан сӛнер шырақ.
 
 
 
 
М. Ю. Лермонтовтан Абай аудармасы
 
 
 
 
Біз  Абайдың  тӛменде  келтірілген  бір
-
екі  ауыз  сӛзін  тағы  да 
қайталай
 
отырып,  ӛзіміздің  Абайға  деген  сүйіспеншілік  сезімімізді 
сіздерге  сездірмек  болып  отырмыз.  Мүмкін,  құнарлы  топыраққа  ӛсіп
-
ӛнер
 
дән түсер!  
 
 
 
Ықыласпен  оқып,  ұғып  алыңыздар!  Махаббаттың  тӛлеуі  –
 
махаббат.
 
 
 
Абай Құнанбайұлы.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
63 
 
Отыз тоғызыншы сӛзге саяхат
 
 
 
Абай бағзы бір заманда, қазақ халқының бақыты басында, бірлік
-
берекесі елінде тұрған заманда, үлгілі істері мен қылықтары аңыз боп 
арттағы ұрпақтарына жеткен бабалар үрдісін еске түсіреді. 
 
 
Сол  заман  туралы  Абай  ел  кӛшінің  ноқтасы  білімді  мен 
жақсысында болғанын, береке мен бірлігі халықтың ниетінде болғанын 
ерекше ықыласпен еске алады.
 
 
Абай сӛзінен оның сол бір ерекше замандар туралы  ойланғаны, 
сондай  заманды  сағынғаны  байқалады.  Сондай  замандарда  елде 
ерекше екі қасиет болыпты дейді Абай. 
 
 
Біріншісі, ол заманда ел билейтін ел басы болушы еді. Ел соның 
айтқанын  орындаушы  еді.  Ел  қамын  да,  жұрт  дауын  да  сол  шешуші 
еді.  Олар  шешімін  ел  талқыға  салмай  қабылдаушы  еді.  Сондықтан 
халық  дау
-
жанжалға  араласпай  аман  жүретін,  әркім  ӛзіне  тиісті 
шаруасын  атқартын.  Содан  барып  елдің  бірлігі,  берекесі  арта  түсіпті 
дейді. 
 
 
"Бас
-
басыңа би болсаң, манар тауға сыймассың, басалқыңыз бар 
болса,  жанған отқа  күймессің"  деп мақал  айтып, тілеу  тілеп,  екі  тізгін, 
бір  шылбырды  бердік  саған,  берген  соң  қайтіп  бұзылмақ  түгіл, 
жетпегеніңді  жетілтемін  деп,  жамандығын  жасырып,  жақсылығын 
асырамын деп тырысады екен дейді.
 
 
Ӛзін
 
зор  тұтып,  басына  хан  кӛтергесін  жақсылары  да  азбайды 
екен дейді, Абай. 
 
 
Осындай  ғажап  заман  халқымыздың  басында  болды  ма, 
болмады  ма,  оны  бір  Құдай  біледі.  Бірақ  Абайдың  сондай  заманды 
арман етіп отырғаны ақиқат.
 
 
Екіншісі –
 
ел намысты болыпты. Ел қамымен аталар аты аталып 
аруақ  шақырылған  кезде  күнделікті  тіршіліктегі  ӛкпе  мен  реніш 
ұмытылады
 
екен. Ел, ел намысын, ер ұранын ӛз басының қамынан, ӛз 
намысынан жоғары қояды екен.
 
 
Абай  соларды  сағынышпен  еске  ала  отырып,  солар  мінезін, 
қылығын
 
ӛз
 
замандастарымен  салыстырады.  Салыстырады  да  қайда 
елдің сол қасиеттері деп ӛзіне ӛзі, сол арқылы қалың жұрты қазағына 
наз  артады.  Салыстырады  да  ӛз  ӛкінішін  білдіреді.  Ӛкінішінің  себебін 
де ашып айтады. Ӛз жұртының қазіргі замандастары ӛз жұртының сол 
ерекше екі қасиетін жоғалтуға айналғанына ӛкінеді.
 
 
Жат  жұрттан  жұқты  ма,  әлде  басқа  түскесін,  сол  кезде  елді 
бастар серкелерден  айырылғасын ба,  әйтеуір  тұтас бір  мінезді  халық 
"тұрымтай тұсына, балапан басына" дейтіндей халге жетеді. Мінезі де 
қылығы
 
да ӛзгерді дейді Абай.
 
 
"Ендігілердің  достығы  –
 
пейіл  емес,  алдау,  дұшпандығы  –
 
кейіс 
емес,  не  күндестік,  не  тыныш  отыра  алмағандық"  деп,  халық 
болмысының ӛзгеріп бара жатқанын болжайды. 
 

 
64 
 
 
 
Біздің  мына  "жаһандану"  атты  дәуірімізде,  алты  миллиардтық 
бүкіл  әлемдік  тұтастыққа
 
бет  алған  нӛпірге  он
-
ақ  миллион  боп 
араласқан  еліміз  ӛзінің,    қазақ  халқының  мәрттік,  бір  сӛзділік,  ізгілік, 
кешірімшілдік  атты  әлем  мойындаған  қасиеттерінің  қайсысын 
жоғалтып тынарын, қайсысын аман алып шығарын?
 
 
Бәрін де аман алып шыға алса ғой, шіркін...
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
65 
 
 
Қырықыншы__сӛзге_саяхат'>Қырықыншы
 
сӛзге саяхат
 
 
 
Абай  бұл  сӛзінде  адам  мен  адам  арасындағы  кісілік  қарым
-
қатынаста
 
кездесер барлық келеңсіз қылықтарды тізіп шығады.
 
 
...Сендерден бір сұрайын деп жүрген ісім бар –
 
деп оқушы ниетін 
ӛзіне
 
аударып алады да, –
 
осы, біздің қазақтың ӛлген кісісінде жаманы 
жоқ, тірі  кісісінің  жамандаудан  аманы  жоқ болатұғыны  қалай?  –
 
деген 
сұрау қойып алып, барлығы 21 сұрақты тізіп шығады. 
 
 
Бұл
 
сұрақтарға  кісі  ӛз  қасиетін  бағалай  отырып,  жауап  беріп 
байқаса...
 
 
Оқушы  қауымда  бұл  сұрақтарды  қайта
-
қайта
 
оқып,  мағынасына 
ой жүгіртіп, ақыл елегінен ӛткізіп пайымдауға жететін тӛзім болса...
 
 
Әр
 
сұрақтың арқалап тұрған жүгіне жетер зерде болса...
 
 
Абай  атамыздың  осы  сұрақтарды  тізіп  шығу  үшін,  ӛз  таныстары 
мен  тумаластарының  іс
-
әрекеттерінен,  мінездерінен,  әр  танысының 
бойынан  осы  қылықтарды  байқап,  қағазға  түсірген  болар.  Сол 
жағымсыз қасиеттер ӛз бауырларының қылығында, ӛз қандастарының 
бойында барлығына жан қиналысын сезіне алсақ... 
 
Біздің  заманымызда  бұл  сұрақтар  әркімнің  ӛз  кісілігінің  деңгейін 
анықтайтын анықтауыш, осы заманның тілімен айтқанда  –
 
«тест». 
 
Бірінші сұрақ  –
 
жалпы сұрақ. 
 
Қалған
 
жиырма  сұраққа  мектептегі  бағалау  үлгісімен  ӛзіңе  баға 
қойып
 
(алдына  қосу  немесе  алу  таңбаларымен)  ӛзіңді  сынап  қара... 
Ӛзін
 
тестіден ӛткізген кісі ӛз жобасын шамалап қалар... 
 
Тест  қортындысымен  100  деген  бағаны  қосу  таңбасымен  алып 
шықсаң, онда сен періштесің.
 
Егер оны алу таңбасымен алып шықсаң, онда сен сайтанның да 
сайтанысың... 
 
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
66 
 
 
Қырық
 
бірінші сӛзге саяхат
 
 
 
Қырықыншы
 
сӛзді  оқыған  қазақ  баласы  Абай  ызасын  сезініп 
ширыға түспесе, жігерін жасытып алуы да кәдік секілді. 
 
 
Бұл сӛзді оймен оқымай, кӛзбен шолып шыққан шала қазақ, Абай 
тізіп 
шыққан 
кемшіліктер 
арқалы 
ӛз 
қылықтарын 
ақтап,  
қазақтықтығынан
 
безіп кетуге де сылтау табар.
 
 
Бұл  сұрақтар  кез
-
келген  адам  пендесі  басында  кездер  барлық 
жағымсыз қасиеттерді түгендеп берген.
 
 
Қырықыншы
 
сӛздегі  (Абайдың  жарым  жасын  құртқан  да  осы 
сұрақтарға  жауап  іздеу  болған  болар)  жиырма  сұрақтан  кейін  қырық 
бірінші сӛздегі: "Қазақты түзеймін деген адамға не істеу керек?" –
  
деп 
қойылған
 
жалғыз сұрақ бұл мәселені асқынта түскендей. 
 
 
Бұрын,    тәрбиеге  түзелмейтін  пенде  жоқ  дегеннің  тілін  кеспек 
болған Абай, енді сол тұжырымынан айнығаны ма?
 
 
Әлде,  қазақ  намысын  қайрай  түсудің  жаңа  бір  амалы  ма?  Біз 
солай деп ойлаймыз.
 
 
Қазақты
 
түзеймін  деп  қам  жеген  адамға  Абай  тұжырымы 
бойынша зор билік пен мол байлық керек екен.
 
 
Абай заманында қазақ басында ондай кісі болуы мүмкін емес еді. 
Билік те, байлық та жат қолында болатын. Сол мәселені анық түсінген 
Абай:  "Іш  қазандай  қайнайды,    күресерге  дәрмен  жоқ"  –
 
кейпін  киеді. 
Содан барып:
 
 

 
Енді не қылдық, не болдық! –
 
деп торыққындай болады.
 
 
Бұл –
 
Абай сұрағы, Абай –
 
қорқынышы

 
Дегенмен,  Абай  біздерге  не  істеу  керек  екенін  бұрынғы 
сӛздерінде  жауап  қайтарып  үлгерген  болатын.  Біз  түсінген 
болатынбыз.
 
 
Біз  не  істеуші  едік  Абай  ата,  ӛзіңіз  айтып  кеткен  надандықтан 
құтылу
 
қамын
 
жасау қажет болар. Қазақтар бойында бар деп сіз санап 
шыққан  жағымсыз  қылықтарға  жеткізген  надандық  екен,  демек,  әуелі, 
надандықпен күресу қажет деген сӛз. 
 
 
Надандықтың  екі  түрі  бар  секілді.  Біріншісі  –
 
оқу  мен  білім 
жетіспегеннен туындар надандық.  Бұл надандық  қазір  жоққа  жуық. Бұ 
заман  қазақтары  шетінен  оқыған,  білімді.  Екіншісі  –
 
адамның  руқани 
надандығы.  Бұндай  надандық  жай  қойшы  басында  да,  атақты 
академик басында да кездесе береді екен. 
 
Бұл істі ӛзіңіз айтқандай, қолында шексіз билігі мен байлығы бар 
адам іске асыра алмақ. Ол үшін ұзақ жылдарға созылар ұлттық тәрбие 
жұмысы қажет. Сіздің заманыңызда, Абай ата, тұтас ұлт түгіл ру басын 
біріктіру мүмкін емес еді. Қолда билік жоқ еді.
 
Бір
-
бірімізді дос кӛре алмадық. Басымызда бостандық та жоқ еді.
 
Қазір
 
мүмкіндік бар. Байлық та, билік те қазақ қолында.
 

 
67 
 
Бізге жетіспейтіні тек қана сіздің даналығыңыз сол кезде анықтап 
кеткен  ақиқатты  біздің  санамызға  сіңістіру  –
 
қазақтарға
 
бірін
-
бірі
 
дос 
кӛру ғана қалды. 
 
Бұл ең оңай орындалар іс болғанмен, біраз уақытты қажет ете ме 
деген қаупім болып отыр.
 
   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
68 
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет