Сайын Назарбекҧлы



Pdf көрінісі
бет10/26
Дата15.03.2017
өлшемі1,66 Mb.
#9877
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
125 
 
 
Әңгімелер
 
 
 
Менің Әбішім
 
 
Әбіш
 
Кекілбайұлының  60  жылдық  мерейтойына  орай  арнайы  жазылған 
алпыс қысқа естелік әңгімелер

 
 
Әбіш
 
Кекілбаев 1999 жылы алпысқа толады екен...
 
 
...Әбекең ӛзіне арналмақ мерекелік тойға қарсы болыпты дейді...
 
 
Міне,  осы  алып
-
қашпа
 
бір  ауыз  сӛз  Әбіш  кісілігіне  баға  бере 
салғандай ма?.. Неге қарсы?..
 
 
Әрине, бұл сұраққа әркім әртүрлі жауап
 
іздер. Ал менің кӛкірегім 
бір
-
ақ нәрсеге сенімді. Ол Әбекеңнің, мен білетін Әбіштің баяғы кісілігі, 
ежелгі  кішілігі,  ешқашан  ортайып  кӛрмеген  ой  мұхитының  жағасына 
толқыны шығарып тастар асыл түйірлері...
 
 
―Мал
-
жан  аман  ба?‖  деп  сәлемдесетін,  жаннан  бұрын
 
ауызға 
алар 
малы 
үшін 
бӛрі
-
қаріден
 
қауіптенгенмен
 
ұры
-
қаріден
 
қауіптенбеген,  ит
-
құстан
 
күдіктенгенмен  кӛрші
-
кӛлемнен  күдіктенбеген 
қазақ
 
бұ күнде мынау түсініксіз заманның қатігездігіне үн қосып қолын 
қандап
 
жатса,  ―қонақ  келіп  қалар‖  деп  бар  жылы  жұмсағын 
жалғызының  аузынан  жырып,  ӛмірі  кӛрмеген  құдайы  қонағына  сақтап 
отыратын  ӛз  даласындай  дархан  ниетті  қазақ  бұ  күнде  кӛршісінің 
қорасынан
 
мал  ұрлап  жатса,  ұлтының  бостандық  алғанмен  босана 
алмай,  теңдік  алғанмен  теңесе  алмай  жатқан  шағында  ―мен  толып 
едім, мен болып едім‖ деп той жасай алмауы –
 
оның баяғы Әбіштігі... 
Менің бала кезінен білетін Әбішім сондай болатын.
 
 
Оның  ӛзі  үшін  де,  ӛзге  үшін  де  ӛмір  сүрмейтінін  мен  тым  ерте 
түсінгенмін
-
ді.
 
 
Әбіш
 
бітірген орта мектепті одан бір жыл кейін аяқтап, ауылдағы
 
алты жылдық шоферлік жұмыстан соң үшінші ұмтылысым сәтті болып, 
1964  жылы  Алматы  политехникалық  институтының  инженер
-
құрылыс
 
факультетіне оқуға түсіп кеткен едім.
 
 
Сол  жылы  Әбіштің  біраз  жүйке  жүйелерін  жұқарта,    кісілігіне 
кірбің түсіре, алтын уақытына ортақтаса жүріп, ауылдан келген екі қыз 
да  оқуға  орналасқан
-
ды.  Сол  елге  де,  ерге  де  абырой  бермейтін, 
шаруаның  шетіне  жеткен  күні  25  жастағы  жап
-
жас  жігіт  кӛпті  кӛрген 
кӛсемдерше:  ―мынадай  шаруаны  тоқтатпаса  болмас.  Біз  бүйтіп  жүріп 
қазақ
 
халқын бақытқа жеткізе алмайды екенбіз‖, 

деген
-
ді. Міне, содан 
бері  ол  кісі  сол  тұрғылас  іске  араласудан  бас  тартқан.  Сол  үшін  де 
кейбір  ағайындар  оған  салқындай  түскен,  сырт  тарта
 
бастаған.  Бірақ 
біз  білетін  Әбіш  –
 
жеке  кісіге  жайлы  жағдай  туғызу  үшін  емес,  ел 
қамымен
 
ғұмыр
 
сүрген  Әбіш...  Оған  сен  ―бүйтпедің‖  дейтіндер  бар 
шығар.    Ал  мен  Әбекеңнің  ―бүйтпей‖  ―сӛйтіп‖  жүрген  себебі  –
 

 
126 
 
бүйткенінен  сӛйткенінің  ӛз  еліне,  қазақ  халқына  пайдалырақ  екеніне 
кӛзі жеткендігінен туған әрекет екенін жақсы білемін. 
 
 
Әбішті
 
кӛптеген азаматтар танитын, білетін шығар. Ал менің оған 
ешкімнің ортағы жоқ ӛз Әбішім бар... Ол –
 
Менің Әбішім!..
 
Ӛмір
 
жолымыз  бір  сүрлеуге  түспесе  де  тіршілік  арнасы  арба 
доңғалағының
 
жарыса  жатқан  жолындай  қатар,  бір
-
біріне  із  салып 
араласып  кетпесе  де  алыстай  алмас  тағдырлас  болғаны  менің  оны 
біржола  түсінуіме,  қандай  жағдайда  болмасын  оның  кісілігі  мен 
парасатына шек келтірмейтіндей ниет қалыптастыруыма жеткізді.
 
Әбішті
 
әркімдер  де  ӛз  жобасында  жақсы  білетін  болар,  ол  туралы 
талайлар  ой  толғар.  Мүмкін  Кекілбаевты  тануға  менің  бұл  естелік
-
толғанымымның  да  пайдасы  тиер.  Айта  кетер,  мойындай  кетер  бір 
нәрсе  –
 
менің  оны  толық  білем  деп  таласпайтындығым.  Ӛмір  бойы 
мансапты  қызметтер  атқарған  кісінің  сыры  да,  қыры  да  мол  болар  –
 
менің  білетінім  оның  сегіз  қырының  біреуі,  сексен  сырының  сегізі
-
ақ 
болар.  Бірақ  менің  жазбақ  болып  отырған  қысқа  әңгімелерімде 
ешкімнің ортағы жоқ –
 
ой да менікі, оқиға да менікі, Әбіш те менікі. Сол 
себепті  әзірге  маған  жанры  белгісіз  бұл  еңбегімді  ―Менің  Әбішім‖  деп 
атамақ болдым.
 
Бір кезде ол екеуміз дос болатынбыз. Бірақ, жас арамыз бар болғаны 
бір  жыл  жиырма  жеті  күн  болса  да  ол  бірте
-
бірте  маған  ағалық  қыла 
бастады.  Оны  мен  әрі  досым,  әрі  ағам  дейтінді  шығардым.  Кейінірек 
оның ойына, ӛмір туралы пікірлеріне ортақтаса жүріп, оның ағалықтан 
да  ӛтіңкіреп  кеткенін  байқай  бастадым.  Оның  білімі  мен  ойы,  кісілігі 
мен  кішілігі  енді  ӛзіне  табынта  бастады.  Жасым  елуге  толған  жобада 
мен ол кісіні Пір тұта бастадым. Енді мен ―Менің Пірім 

Әбіш‖ дейтінді 
жиі айтатын болдым.
 
Міне,  енді  әлімнің  келгенінше,  шеберлігім  жеткенінше  сіздермен  бірге 
алғашқы кездесуден бастап бұ күндері кейбір сыншылардың ―кемеңгер 
Әбіш‖ деп мойындаған жасына дейін жүріп ӛтпекшімін.
 
 
 
Кездесуге дейінгі таныстық
 
 
 
Менің  балалық  бал  дәуренім  Тиген
-
Құлбырақ,  Ақмыш
-
Шерқала 
маңдарында  ӛтіп  еді.  Ӛз  туған  жерімнен  кейінірек  біраз  ерекшеліктер 
байқадым...
 
 
...Біздің  ақындардың  ―Маңғыстау  тауы  биік‖  деп  әнге  қосып 
жүрген  таулары  басқа  таулы  жерлердің
 
тӛбесінен  де  аласа  болып 
шықты...
 
 
...Ұрттасақ мейіріміз қанбай, қарасақ кӛзіміз талмай, бар тірліктің 
бастауындай  кӛріп  жүрген  Қаратау  бұлақтары  ені  қадамыңа,  тереңдігі 
тобығыңа жетпейтін жылғалар екен... 
 

 
127 
 
 
...Басына шығып ойнаған бір
-
екі кәрі ағаштар болмаса кӛктей ӛтіп 
ені  мен  ұзынына  жету  үшін  мыңдаған  шақырым  жол  жүретін  ен 
даламызда орман түгіл тоғай да кездеспейтін болып шықты...
 
 
...Бірақ  менің  Әбішім  бар!  Әбіш  деген  сӛз  аузымнан  дыбысқа 
айналып  шыққаннан  бастап
-
ақ  мен  үшін  Маңғыстаудың  әр  тӛбесі 
Алатаудай, әр бұлағы Жайықтай болып сала береді...
 
 
Менің аласамды биіктетер, азымды кӛбейтер –
 
Әбіш
!  
Кемімді теңестірер, жоғымды кездестірер –
 
Әбіш

...Жаратылысқа таңданбасқа бола ма? Ол да мен сияқты болып туып, 
бәріміздей  ержетті.  Ӛскен  ортамыз  да  бір,
 
жаралған  топырағымыз  да 
бір.
 
Ӛзім
 
танитын  аз  ғана  ауыл адамдарынан  басқа  да  ел  бар  екенін  мен 
біраз ес жинағанда барып қана түсіндім.
 
Кісілердің бір
-
бірінен ӛңі түгіл тілі басқа болатынына жасым ―отау иесі 

 
он  үште‖  ғана  кӛзім  жетті.  Солай  ӛскен  біздер  кӛп
 
нәрседен  кем 
қалыппыз

Әлі
 
күнге  дейін  кӛпке  қосылып  секеңдеп  билей  алмайтыныма 
арланамын.
 
Кейбір  жерлестерімнің  ―сәләматсың  ба?‖  деп  сызылып  тұрмай 
―ассалаумағалайкүм‖ 
деп 
даурығатынына 
намыстанатынмын. 
Аулымның  балаларының  үлкенмен  сӛйлесіп  тұрғанда  ―сіз‖  сӛзін 
пайдаланбайтыныны мені жерге кіргізіп жібере жаздайтын.
 
―Мәдениетсіз‖  деген  сӛзді  мойындап  болған  болатынбыз.  Енді  мынау 
алпысқа 
келген 
жасымызда 
мәдениет 
дегеннің 
не 
екенін 
түсінгендеймін.  Сӛйтсек,  мәдениет  сырт  кӛзге  мәдениетті  кӛрсетер 
қылықтардан  және  ӛзіңді  шын  мәдениетті  етер  ішкі  жан 
құбылыстарынан
 
тұрады  екен.  Енді  түсіндік,  орынды
-
орынсыз  ―сіз‖, 
―біз‖  деп  сызылу,  ӛтірік  күле  сӛйлеп  шынымен  алдай  салу,  кешірім 
сұрай  тұрып  сырттан  сата  салу,  дастархан  басында  шанышқы  мен 
қасықты
 
дұрыс ұстау... тағысын тағылар –
 
бұлар керек болған кісіге бір 
кӛріп  үйреніп  алатын,  бір  естіп  ұға  салатын,  сізді  сырт  кӛзге  кӛрікті 
кӛрсетер мәдениет екен.
 
Бірақ біздер, біз тұрғылас ауыл балалары, кӛптеген басқа қасиеттерді 
бойға  сіңіріппіз.  Қазіргі  ұрпаққа  жетпей
 
жатқан  негізгі  ұлттық 
мәдениеттің  үлгілері:  кездескен  үлкенге  сәлем  беру,  алдын  кесіп 
ӛтпеу, әлсізге жәрдем, жаяуды жолда қалдырмау, ӛтірік уәде бермеу, 
орынсыз  ант  ішпеу,  ала  жіптен  аттамау,  аруақтарды  ардақтау,  ата
-
анаға  ізет,  той
-
садақа  кезінде  сұратпай  атқарар  міндетің...  тағысын 
тағылар...  Бақсақ  бұлар  да  мәдениет  екен.  Біз  оны  алақандай 
Тигеннің, жұдырықтай Шерқаланың маңында жүріп үйреніппіз...
 
Аусар мен Ақмыш, Тиген мен Құлбырақ ойларында жүрген маған Онды 
тауларының  басынан  алыстан  кӛз  тастап  жүрген  біреу  болыпты.  Мен 
Маңғыстаудың  ең  терең  шұқыр  ойларында  ойнап  жүргенде  ол 
Маңғыстаудың  ең  биік  тауларының  басында  ой  ойлап,  туған  жер 

 
128 
 
табиғатына таңданады екен. Сӛйтсек, ол мені кездеспей тұрып кӛріпті. 
Менің ―Шерқала‖ атты ӛлеңдер жинағыма жазған алғысӛзінде Әбекең:
 

 
...Сол  Ақмыш  бұлағының  басындағы  шағын  ауылда  менің  жүрегіме 
етжақын болып кететін жандар барын мен бала кезімде білген емеспін.
 
Бескемпір  тауының  басына  шыққан  сайын  мен  оларды  емес,  кӛзіме 
оттай басылатын кӛрікті кӛріністерді іздейтінмін
-
ді.
 
Ал  тағдыр  кейін  мені  әлгі  оқшау  тау  мен  оқшау  бұлаққа  ӛзгеше 
ықыласты  етті.  Оған  себепші  болған,  қашан  кӛрсең  де,  омырауын 
ашып,  жағасын  жайлау,  жанын  жаз  ұстайтын  жайдары  бала  жігіт 
Сайын  еді...  Менің  албырт  күндерімнен  бастап,  қазіргі  егдерген 
шағыма  дейінгі  бастан  кешкендерімді  ӛзіммен  бірдей  білетін 
қалтқысыз
 
досым еді...
 
...Қалтқысыз достық! Қандай жақсы сӛз! Мен де сол қалтқысыз досым 
туралы, құрметті оқушылар, сіздерменен сырласқым келеді.
 
 
 
Алғашқы кездесу 
 
 
 
Әр
 
жазғы  демалыс  аяқталуға  таянып,
 
әр
 
жаңа  оқу  жылы 
басталуға  жақындағаннан
-
ақ  мен  ӛз  ӛмiрiмнiң  ерекше  кезеңi  ендi 
басталатындай 
сезiмге 
бӛленетiнмiн
-
дi, 
айрықша 
қуанышқа 
кенелетiнмiн
-
дi.  Ал,  сол,  1955
-
56  оқу  жылы,  бiз  үшiн  тым  ерекше 
басталмақ
-
ты. Бiздiң ауыл балалары алыстағы он жылдық мектебi бар 
Ұштаған
 
деген  жерге  барып  оқиды  дейдi…  Балаларды  сол  жақтағы 
интернат  дейтiн  үйге  орналастырады  екен…  Сол  мектепке  бiздерден 
де  басқа  жер
-
жерден  оқушылар  келетiн  кӛрiнедi…  Кино  кӛрсетедi
-
мiс…
 
 
…Қалыптасып қалған ӛмiр ағынын бiр сәтте шарасынан шығара, 
арнасынан  асыра  шайқап
-
шайқап  жiберген  осы  тӛрт
-
бес  ауыз  сӛз 
бұрын  аядай  аулынан  алыс  шықпаған  баланың  жан
-
дүниесiн  қалай 
ұйқы
-
тұйқы  етiп,  алып
-
ұшқан
 
жүрегiне  қаншама  сезiм  сыйлады 
десеңiзшi.
 
 
…Сонымен  жаңа  оқу  жылына  бiр  күн  қалғанда  колхозымыз 
жоғарғы кластарға оқымақ он шақты баласын отыратын орындығы жоқ 
астаулы  машинасына  жүрелей  отырғызып,  жүз  шақырымдық  жолға 
шығарып  салды.  Осы  уақытқа  дейiн  бiр
-
бiрiмiзден  екi  елi  айырылып 
кӛрмеген  Сақтап екеумiз  машина  астауының  ернеуiне  жабысып  қатар 
отырмыз

 
Шетпе  деген  ауылдың  тау
-
тасты,  жыра
-
жықпылды,  ойлы
-
қырлы
 
жерiнен ендi
-
ендi кең жазықтыққа шыға берген кезiмiз едi…
 
Ана кӛрiнетiн не?
 
Мынау қала ғой

Москва емес пе?
 
Москва ғой, шошайғандары Кремль күмбездерi болар?
 

 
129 
 
Балалар қиялын сонша шарықтата, Маңғыстаудан Москваға
 
бiр
-
ақ  шығарған,  біздің  қала  деп  қабылдағанымыз  кәдiмгi  ӛз 
бабаларымыздың  шебер  қолынан  шыққан  зираттық  сәулет  ӛнерiнiң 
туындылары екен, атақты Қамысбай зират қорығы екен.
 
 
Сол  дӛңде,  елегзи  тұрып  кеткен  жолаушыларын  орындарына 
жүрелетiп отырғызып алып шопыр ағай Ондыдан Ұштағанға бет алып 
бара жатырған ӛзiмiздiкiндей газик машинаны қуып жетiп тоқтатқан
-
ды. 
Олар  да  бiз  сияқтылар  екен.  Жұт  қыстан  аман  шыққан,  арықтықтан 
жабағы  жүнi  кӛтерiлмей,  қырқылмай  жүрген  алба
-
жұлба  арық  тоқты 
ұсқындас  балалар  екен.  Есте  қалғандары,  оныншыдан:  Қобылан 
Зоранов,  Қанат  Аманиязов;  тоғызыншыдан:  Лебен,  Әбiш,  Ермұхан, 
Қосқали;  сегiзiншiден:  Болат,  Үбайдулла,  Тұржан,  Нұртiлеу,  Қайпы… 
бiразы еске түспей жатыр, ӛмiр заңы қатыгез, бәрiн де ұмыттырады.
 
 
Шопыр ағалар тез келiстi. Бiздi әкеле жатқан машина сол жерден 
кейiн  қайтатын  болды  да,  бiздер  Ондының  балаларына  мiнгесетiн 
болдық.
 
 
Шопырының жуастығынан ба, әлде балаларының пысықтығынан 
ба,  бұлар  бiздерге  ұқсап  жүрелеп  отырған  жоқ.  Ересектерi  машина 
астауының
 
алдыңғы  жақтауынан  ұстап  тұрып  тұр  да,  қалғандары 
соларға  жабысып  қалған.  Қақ  ортасында,  ең  алдыңғы  қатарда  жiп
-
жiңiшке,  ап
-
арық,  қап
-
қара
 
тас  бұйра  бiр  бала  жағы  сембей  сӛйлеп 
келедi,  сӛйлеп  келедi…  Ал,  қалғандарының  соған  жақын  болуға 
тырысатыны байқалады…
 
 
Әбiш ана күмбез тамның аты қалай?
 
 
Әбiш ананың аты неге Қарауылгүмбет?
 
 
Әбiш анау не? Кiл сұрақ …
 
 
Ӛмiрiмде  алғаш  рет  сонша  жанның  барлық  пейiлi  мен  зейiнiн, 
ықыласы мен ниетiн, түгел ӛзiне қаратқан кiсiнi кӛргенiм осы екен. Тiптi 
шеттеу  отырған  бiздердiң  де  назарымызды  ендi  ӛзiне  толық  аударып 
алған едi.
 
 
Не айтып келедi екен?
 
 
Аналар не сұрайды

 
Ол сонша бiлгiр болғаны ма

 
Мен  таңырқау  атты  сезiмнiң  иiрiмiне  айнала  Ұштағанға  да 
жетiппiн.  Таңданудың  кӛкесi  Ұштаған  интернат  үйiне  келгенде 
басталды.
 
 
Қазiр  арада  кӛп  жылдар  тозаңы  қалыңдатқан  уақыт  атты  перде 
орнап қалған кез ғой. Мүмкiн кейбiр сезiмдер сол уақыт тезiнен аздап 
ӛзгерген
 
де  болар,  бiрақ  сол  күнi  сонда  жиналған  Жыңғылды, 
Тұщыбек,  Шетпе,  Ақмыш,  Онды,  Жармыш,  Ұштаған  ауылдарының 
балалары,  тiптi  бiздердi  орналастырып  жүрген  мұғалiмдердiң  де 
аузынан  Әбiш  аты  түспеген.  Мұғалiмдердiң  Әбiш  атты  баланың  ӛз 
мектептерiнде  оқитындығына  қуанғаны  байқалған  едi.  Мен  сол  күнi 

 
130 
 
алғаш  рет  тiршiлiк  кiндiгiндей  кiсiлердiң  де  болатынына  кӛзiм  жеткен
-
дi. Әбiш аты үлкен әсер қалдырған
-
ды.
 
 
Кейiн  қаншалықты  сырлас,  дос,  жолдас  болғанмен  де  сол  күнгi 
әсер
 
менен ӛмiр бойы тарқамай, о кiсiге кұрметпен ғана қарап қоймай 
сескене  де  қарауға  итермелеп  келедi.  Ол  шығар  биiктiң  заңғар 
болатынына,  ол  алар  асудың  асқар  болатынына  сендiрумен  келедi, 
немiс  Бельгер  айтқандай  –
 
бiрден  биiктен  кӛрiнiп  бiр  тӛмендеместен 
басқаға мойын создырып келе жатқан жан.
 
 
 
«Сапалы оқу» қабырға газеті 
 
 
 
Ұштағандағы
 
Ленин  орта  мектебiнiң  «Сапалы  оқу»  атты  қабырға 
газетiнiң    кезектi  саны  бүкiл  мектеп  үшiн  елеулi  оқиға  болатын.  Әбiш 
Кекiлбаев,  Сәбит  Абдуллин,  Лебен  Сәдуақасов  сияқты  бiрi  ақын,  бiрi 
сыншы,  бiрi  суретшi  талапты  жастардың  берiле  жұмыс  жасауының 
арқасында  қабырға  газетi  кезiнде  ӛз  мiндетiн  ойдағыдай  атқарды  деп 
ойлаймын.  Оның  бетiне  сынға  iлiнген  балалардың  пионерлiк, 
комсомолдық  мәселелерi  қаралып  жататын.  Мен  де  бiр  рет  сондай 
талқыға түсiп, сазайымды мықтап тартқан едiм.
 
 
«Сапалы  оқу»  газетiнiң  ең  кӛрнектi  жерiнде  шашы  тiкiрейген, 
жұдырығы  тоқпақтай  бiреу,  сол    жұдырық  астында  одан
 
сескенiп, 
бұғыңқырап  тұрған  үш  баланың  сұлбасы,  тӛменгi  жағында  екi  шумақ 
ӛлең. Соның бiр шумағы есте қалыпты:
 
 
 
 
 
"Жынды" дейiн десем есi бар,
 
 
 
 
"Жынды емес" десе несi бар.
 
 
 
 
Тӛбелестiң үш рет,
 
 
 
 
Бұны да Сайын есiңе ал

 
 
 
Әбiш қай кезде де қоғам мүшесi. Қоғам ӛмiрiнен қағыс кезi есiмде 
жоқ.  Сонысымен  де  Әбiш  талай  баланың  мiнезiнде,  талай  адам 
жүрегiнде  тәрбиешiсiндей  боп  орын  алған  болар.  Ал  мен  үшiн  –
 
қысылсам
 
«Әбiшiм  бар  ғой»  дейтiндей  сенiм    кұдiретiне  ие  еткен 
қамалыма,  сезiктенсем  «Әбiш  не  дер  едi»    дейтiндей  ақиқат    пен 
шындық межесiндей Темiрқазығыма айналды.
 
 
 
Әбіштің
 
анасы 
 
 
 
Бұл  ауылға  да  үйренiсiп  қалдық.  Орта  мектебiнiң  болғаны 
болмаса,  бiздiң  ауылдан  айырмасы  кӛп  емес.  Тұрмыс  жұтаңдау.  Аш 
құрсақтыққа
 
бала кезден үйренiп қалған бiздер интернатына да, оның 
кӛжесiне  де  кӛндiгiп  алғанбыз.  Үйден  ұзасақ  ұжмақтың  тӛрiне  тап 

 
131 
 
болардай болып жүрген қияли бала  интернат жағдайын жанымен де, 
қарнымен
 
де  түсiнiп  қалған  кез  болатын.  Iшiндегi  ыссы  кӛжесi  ӛңеш 
ӛртердей
 
қалайы
 
табақша  мен  ерiн  терiсiн  үлбiрете  күйдiрер  қалайы 
кружка естен кете қоймас. Анда  –
 
санда монша болып тұратын. Бала 
басына бiр шылапшын жылы су. Сол суға киiмiңдi де, тәнiңдi де шайып 
алуға тырысасың. Тамақ әрi нәрсiз, әрi жетiмсiз. Ӛмiр бойы жақсы оқып 
келген  менiң  де,  Сақтаптың  да  сабақтарымыз  нашарлап  кеттi. 
Аталарымыздың  –
 
жуанның  жiңiшкерiп,  жiңiшкенiң  үзiлер  шағы 
дегендей күз ӛтiп, қыс таянған кезi болатын.
 
 

Әбiштiң мамасы келдi! … деген хабар кұм тӛбенiң арғы бетiнде 
ойнап  жүрген  бiздердi,  құйын    кӛтергендей  ұшырып,  лезде 
бӛлмелерiмiзге жеткiздi.
 
 
… Тоғыздың балалары мен сегiздiң балалары кӛршi тұрамыз. Екi 
бӛлме
 
ортақ  пешпен  бӛлiнген.  Жоғарғы  жағында  кереуетке  шығып 
қарасаң
 
арғы жағы кӛрiнетiндей кеңiстiк қалдырылған. Әр бӛлмеде 6
-7 
бала тұрады.
 
 
Топырлай  кiрiп  келдiк.  Айекең  (қазiр  ел  Әбiштiң  анасын  Айеке 
дейдi)  ұлының  тӛсегiнде    Әбiш  екеуi  қатар  отыр  екен.  Стол
 
үстiнде 
семiз қой етi, iрiмшiк, құрт жатыр. Бӛлме сәлемшiлерге толған. Айекең 
ет  үлестiрiп  отыр.  Әбiш  маған  мол  еттi  бiр  жiлiктi  ұстата  салды.  Әлi 
есiмде асық жiлiк екен.
 
 
Мен  сол  күнi  қолыма  тиген  жiлiк  етiн  түгел  жедiм  бе,  жоқ  әлде 
бiреу ортақтасты ма, iрiмшiктен ауыз тидiм бе, жоқ тимедiм бе? –
 
бiрi 
де есiмде жоқ. Бiрақ бiр нәрсе жадыма мықтап орнапты.
 
 
Апыл
-
ғұпыл
 
жеп  жатырған  балаларға  қарап  инедей  шаншылып 
отырып  қалған,  әншейiнде  ауыз  жаппас  Әбiштiң  үнсiз
-
түнсiз  бейнесi. 
Сол сәт, сол бейне менiң кӛз алдыма әлi де жиi елестейдi. Маған бiреу 
сол күнi Әбiш анасы әкелген қой етiнен ауыз тимей қалыпты десе мен 
нанып та қалармын.
 
 
Бұ  күндерде  мен  ӛзiмдi  қанағаты  мол  кiсiлер  қатарына 
жатқызамын.  Мүмкiн,  бұ  тiрлiкте  қанағат  деген  қасиеттi  сезiмнiң  бар 
екенiн,
 
ол  сезiмдi  басқара  билей  алған  адамның  ӛзгелерден 
дараланып, ерекшеленiп тұратынын сол күнi ұқтым ба?
 
 
Бiр
-
екi  рет  жесейшi  деп  ескерткенiне  онша  ұмтыла  қоймаған 
Әбiшке шешесi де аса зорлап аузына тыққыламаған едi.
 
 
Сол  кезде  соншалықты  ақыл  жүгiртiп  ойладым  деп  айта 
алмайтын,  бiрақ  естен  кетпес  Әбiштiң  сол  бейнесi  кӛз  алдымнан 
кетпей
-
ақ қойды.
 
 
… Балаларға ет үлестiрiп отырған Ана …
 
 
… Жемге жиналған арық тоқтылардай жадау балалар …
 
 
… Үн
-
түнсiз соларға қарап отырған Әбiш …
 
 
 
 

 
132 
 
Қайырғали
 
Смағҧлов атындағы пионер отряды
 
 
 
Бiздiң  мектебiмiзде  оқушылардың  күнделiктi  рухани  тiрлiгi 
пионер, комсомол жұмыстары арқылы iске асып жататын. 1955
-
56 оқу 
жылында  Әбiш  мектептегi  дружина  советi,  ал  мен  бесiншi  класс 
оқушылары кiретiн Қ.Смағұлов атындағы отряд советiнiң председателi 
едiм.
 
 
Бiр  күнi  Әбiш  бiзге  келiп  отряд  жиынын  ӛткiзiп,  сол  жиында  ӛз 
қолымен
 
Қайырғали
 
ағамызға  шақыру  хат  жазған  болатын.  Қысқа 
жақын  ойда  жоқта  батыр  ағамыздың  жетiп  келгенi.  Қолында  Әбiш 
жазған  хат.  Кеште  тӛбе  басында  дружина  жиыны  ӛткiзiлетiн  болып 
шешiлiптi.  Маған  костерге  жағатын  отын  әкелу  тапсырылды. 
Интернатымыздың  қара  бурасын  жетектеп,  екi
-
үш
 
бала  алып 
"Құсқонбас"  (бұта)  шабуға  кеттiм.  Жақын  жердегi  бұталарды  азайтып 
тастасақ  керек,  бiраз  жерден  бiр  түйе  отын  әкелiп,  тӛбе  басына 
шӛмеле
 
етiп үйiп, астына тамызық дайындап, оңай тұтанатындай етіп 
дайындап қойдық.
 
 
Кешке  жақын  дружина  жиынын  кӛрмек  болып  бүкiл  колхоз 
адамдары  тӛбе  басына  жиналды.  Соншама  кӛп  халық  алдында  Әбiш 
Қайрош
 
аға батырлығы жӛнiнде сӛйлеп кеттi.
 
 
Қолында
 
түк  жоқ,  ара
-
арасында  қолын  оңды
-
солды  сермеп 
қойып, ағылды дейсiз!..
 
 
Жүрегi  қалай  дауалады  екен  !?    Бұқар  жырау  бабамыздың  ӛзi 
«қалың елдiң алдында сӛз бастаудан қиынды кӛрмедiм» дептi ғой …
 
 
Әбiштiң батыр болғаны ғой, сонда, Әбiш жасынан батыр екен
-
ау !
 
 
Сол  жиында
 
батыр  аға  мойнына  Таужанова  Қантӛре  (5кл 
оқушысы, болашақ менiң зайыбым) галстук тағып Асқарова Тiлек деген  
пионермiз  костерге  от  бердi.  Үйiлген  бұта  лау  ете  қалғанда  қызуы 
шыдатпай  сапта  тұрған  балалар  кейiн  шегiнiп  басқалармен  араласып 
кеткен
-
дi. Костер оты тез лаулап, тез сӛнiп қалды да оның жарығында 
iстемек  болған шаруаларымыз орындалмай қалған болатын.
 
 
Мен мүмкiн сол жолы елiмiздiң «Болар бала жас болмас», 
-
деген 
даналығының  мағынасын ұққан болармын.
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет