Сайын Назарбекҧлы


Бӛбек.   Жо...  Жоқ...  Ол  емес.  Менің  алдымда  оның  ешқандай  кінәсі жоқ. Мені торықтырып отырған басқа нәрсе...   Дина



Pdf көрінісі
бет3/28
Дата26.02.2017
өлшемі1,49 Mb.
#5000
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

Бӛбек.
 
Жо...  Жоқ...  Ол  емес.  Менің  алдымда  оның  ешқандай 
кінәсі жоқ. Мені торықтырып отырған басқа нәрсе...
 
Дина. Олай демеші, айналайын!
 
Қайып.
 
Апырмай,  ә...  Сіздің  соншама    торыққаныңыз  қиын 
екен
?.. 
Дина.  (Дина  Бӛбек  артық  сӛз  айтып  қоя  ма  деп 
ыңғайсызданып тұрады!. Олай деме... Саған не болған?..
 
Бӛбек.
 
Маған  не  болғанын  Сен  түсінбесең,  біздің  елде  мені 
түсінер жан қалмаған екен.
 
Дина.
 
Түсінем ғой, жаным, түсінем ғой.
 

 
20 
 
Қайып.
 
Жеңгей!..  (Әңгімені  басқа  тақырыпқа  ауыстырмақ 
ойда, Динаға) Мен
 
Бӛбектің аяғына шақ қалып тапқанша сіз қалаған 
үлгілерді  таңдап  та  үлгерерсіз.  (Бӛбекке)
 
Сіздің  атыңыз  Бӛбек  деп 
естідік қой.
 
Бӛбек. Солай деп атапты ғой, әкеміз.
 
 
Қайыптың  Бӛбек  аяғына  қалып  ӛлшестіргенінен  қыз
 
аяғын 
қызықтағаны ұзағырақ екені байқалады. 
 
 
Қайып

Сізді қалайша Ақбӛбек деп атамаған? 
 
Бӛбек.
 
Ақбӛбек деген жақсы ат па соншама?
 
Қайып.
 
Жоқ, соншалықты жақсы емес, бірақ Сіз әппақсыз ғой. 
Сізді Ақбӛбек деп атамау мүмкін емес секілді... Ат қойған кісі қалай 
ойланбаған? Қалай таппаған?..
 
Бӛбек.
 
(Бӛбек  жүзінде  әуесқойлық,  жылылық  пайда  болады).
 
Ойланған  шығар
-
ау,  бірақ  мені  солай  атасын  деп    әдейі  Сізге 
қалдырған ғой.
 
Қайып.  Әттең  кешігіп  қалғанымды
-
ай!  Кезінде  кездескенде 
барша жұртқа жай Бӛбек емес, Ақбӛбек дегізіп қоятын едім!
 
 
Бӛбек жымиып күледі. Кӛңілдене бастайды. 
 
 
Бӛбек.  Неге  кешіктіңіз!  Кешіккен  жоқсыз.  Құдай  сәтін  салған 
күні  үйленесіз, сосын қыз балалы боласыз да атын Ақбӛбек қоясыз.
 
Қайып
. 
Жоқ, қарындасым! Мен енді қызымның атын емес, кім 
болса да алғанымның атын Ақбӛбек деп ӛзгертетін боламын. 
 
Бӛбек

Маңдайыңызға қап
-
қара қыз тап болса қайтесіз?
 
Қайып

Қара  болмақ  түгіл,  қазанның  күйесіндей  болса  да, 
ұнатып  алғасын  маған  о  кісінің  ӛңі  ақтың  ағы  боп  кӛрінер,  аты  да 
Ақбӛбек болып, барша жұртты қуанышқа бӛлейтін болсын. Тамаша 
ат қой! Тыңдаңызшы... Ақбӛбек!.. Ақбӛбек!.. Ақбӛбек!..
 
 
Қайып  балаша  қуанады.  Қайыптан  жан
-
жағына  бір  жылы  рух 
сәулесі тарап жатқандай... Бӛбекке  сол сәуле әсер еткендей...
 
 
Бӛбек

Ой,  шіркін
-
ай!  Қандай  жанның  жұлдызы  жанып  тұр 
екен? Сол бақытты қыз қай жерде “ханнен қаперсіз” жүр екен... 
 
Қайып. Кім білген... Бақыт дегеннің не екенін?..
 
Дина.
 
(Қолында  бір  етік  үлгісі  бар,  бұлардың  қасына  келеді, 
Бӛбекке  қарап)
 
Иә  сәт!  қабағыңнан  қар  жауып,  діңкемізді  құртып 
болып едің. Осылай шырайланып жүрсеңші.
 
Бӛбек.
 
“Ақымақ  ақыр  заман  болса  да  мәз  боп  жүреді”  –
 
жеңеше.
 

 
21 
 
Бӛбек қайтадан тұйықталып қалады.
 
 
Дина.
 
Бӛпежан,
 
мынадай етікке қалай қарайсың? 
 
Бӛбек.
 
Етігі  несі?  Мені  сол  ауыл  шоқаймен  де  қабылдайды. 
Жүрші, кетейікші.
 
Дина. Келген
 
шаруамызды тындырайық та.
 
Бӛбек. Шаруасы несі? Құрысыншы бәрі де.
 
 
Етігін  аяғына  асығыс  сұға  салып,  орнынан  тұрады.  Екеуі 
шығып кетеді.
   
Шымылдық.
 
 
 
 
6-
кӛрініс.
 
Айтыс.
 
 
Бастаңғы жасап жатырған қыз үйі. Қыздар мен жігіттер айтысады.
 
 
1-
қыз:
 
Айтысты қалай ұйымдастырамыз?
 
1-
жігіт:
 
Әдеттегіше тӛрт жолды бӛліп алып айтыса берелік.
 
Қыздар:
 
Келістік. Солай болсын. Қыздар мен жігіттердің әрқайсысы        
 
кезек
-
кезек екі жол ӛлең айтсын.
 
Жігіттер:
 
Айтыстың ең ұтымдысы осы ғой. Біз қыздарды тағы бір 
рет 
 
отырғызып кететін болдық., жігіттер!..
 
Қыздар:
 
Кӛрерміз кезінде. Ал онда бастаңдар, жігіттер. Ерлер 
отырғанда 
 
әйелдер сӛз бастамас болар.
 
Жігіттер:
 
Мына қыздың шошаңдауын...
 
 
1-
жігіт:
 
Қыз дегенде қыздар бар шошаңдаған,
 
 
 
Еркек кӛрсе болғаны қашам деген, дедімай
-
ау.
 
1-
қыз:
 
Жігіттер де жігіт бар кӛбік ауыз,
 
 
 
Сілекейін сол сорлы басар немен, дедімай
-
ау.
 
 
2-
қыз:
 
Жігіт деуге жігіт бар момын бала,
 
 
 
Жыртық
-
жыртық байғұстың тонын қара, дедімай
-
ау.
 
2-
жігіт:
 
Күлме қыздар жігіттің шапанына,
 
Ұл тапқызу қолында соның ғана, дедімай
-
ау.
 
 
3-
жігіт:
 
Қыз дегенде қыздар бар қымыңдаған,
 
                    
Еркек кӛрсе ес кетіп жымыңдаған, дедімай
-
ау.
 

 
22 
3-
қыз:
 
Ӛз атағын шақырған кӛкек мырза,
 
 
 
Жала жапқан жұқпайды мұның маған, дедімай
-
ау.
 
 
4-
қыз:
 
Жігіт десек жігітті кесер екен,
 
 
 
Қыз жамандап айтары ӛсек екен, дедімай
-
ау.
 
4-
жігіт:
 
Жамандаған бола ма, жасы жетсе,
 
 
 
Есіл
-
дерті қыздардың тӛсек екен, дедімай
-
ау.
 
 
5-
жігіт:
 
Қыз демей ме қыздарды қылығымен,
 
 
 
Мына қыздар ақтайды мұны немен, дедімай
-
ау.
 
5-
қыз:
 
Қыз біткеннің мӛрі бар ақталатын,
 
 
 
Ӛтейсіңдер сол мӛрдің құнын немен, дедімай
-
ау.
 
 
1-
қыз:
 
Жігітерде жігіт бар бейпіл ауыз,
 
 
 
Қыз біткенді қымыздай дейтін ауыз, дедімай
-
ау.
 
1-
жігіт:
 
Қызды қымыз дегеннің айыбы не,
 
 
 
Несібесін қалайда жейтін ауыз, дедімай
-
ау.
 
 
2-
жігіт:
 
Қыз дегенде қыз біткен сараң маған,
 
 
 
Мен сұрасам берер қыз жаралмаған, дедімай
-
ау.
 
2-
қыз:
 
Алар едің сұрасаң аузың лас,
 
 
 
Қия алмаймын ауызға арамдалған, дедімай
-
ау.
 
 
3-
қыз:
  
Жігіт десем қате сӛз ауыздағы,
 
Бұлар қасқыр, қызыл кӛз жауыз бәрі, дедімай
-
ау.
 
3-
жігіт:
 
Қара да тұр бір қасқыр дәл бүгін түн,
 
 
 
Бір тоқтыны тамақтап, бауыздайды, дедімай
-
ау.
 
 
4-
жігіт:
 
Қыз біткеннің қылығы қайда қалған,
 
 
 
Әлде ойнаған жігітпен сайда қалған, дедімай
-
ау.
 
4-
қыз:
 
Періштедей тазамыз, не десең де,
 
 
 
Ӛз ниетің лайдан пайда болған, дедімай
-
ау.
 
 
5-
қыз:
 
Сӛздерің жоқ кісіге ой саларлық,
 
 
 
Қызға зәру не деміз қойса зар ғып, дедімай
-
ау.
 
5-
жігіт:
 
Ой салмайды жігіттер... сасады...
 
тамсанады..
 
 
 
жоқ олай емес... алақтап жан
-
жағына қарайды... дедімай
-
ау...
 
 
Қыздар:
 
Шулап кетеді...
 
жігіттер жеңілді... жігіттер жеңілді... 
жеңілді...
 
 
1-
қыз:
 
Жігіт қайда қыздарға ой саларлық,
 

 
23 
 
 
Анда
-
санда “жаным” деп қойса нандық, дедімай
-
ау.
 
 
 
Осылайша құрбылар ӛнер қуып,
 
Айтысына қыз
-
жігіт жол салалық, дедімай
-
ау.
 
 
 
 
Бәрі қосылып:
 
Алма ағаштың гүліндей
-
ай,
 
 
 
 
Текеметтің түріндей
-
ай

 
 
 
Жастық дәурен барады ӛтіп,
 
 
 
 
Сіз бен бізге білінбей
-
ай.
 
Екі рет қайталайды.
 
 
 
 
7-
кӛрініс.  Шебер  ҥйінің  сырты.  Даладан  тыңдалған 
ән.
  
 
 
Сахнаның  бір  шетінде  Қайып  (үй  ішінде)  етік  тігіп,  ыңылдап 
“Құнан нар”әнінің сазымен жәй дауыспен ән айтып отырады.
 
 
Сахнаның  екінші  шетінде  (үй  сыртында)  Дина  мен  Бӛбек  ән 
тыңдап тұрады.
 
 
 
 
Қайып.
 
Кӛгімде бір жұлдыз тұр жарық жанған,
 
Хал сұрар кім бар біздей ғәріп жаннан.
 
Тығылып зарланамын бұ күркеде,
 
Кең дала қуықтай боп тарылғаннан.
 
 
 
 
Оһо
-
о
-
һоу
-
у
-
у, тарылғаннан
-
ай

Аспанда бір жұлдыз бар Темірқазық,
 
Керторы оза шабар бауыр жазып.
 
Ақбӛбек тамағыңнан бір сүйгізсең,
 
Болар ед мен сорлыға  алты ай азық.
 
 
 
 
Оһо
-
о
-
оһу
-
у
-
у, алты ай азық
-
ай.
 
 
 
Бӛбек пен Дина бір
-
біріне қарап таңдана, мақұлдай бас изесіп, 
әнді беріле тыңдап тұрады. Ән аяқталады.
 
 
 
Қайып.  Беу  жалған!..  Орындалмас  арман!..  Зарлан,  Қайып, 
зарлан...
 
 
  
Әншінің қатты күрсінгені естіледі.
 
 
 
 
Бӛбек.
 
Ақбӛбек  деп  ән  салып  отыр.  Ӛзінің  әуелден  Ақбӛбегі 
бар кісі болды ғой.
 

 
24 
 
Дина.  Олай  емес  қой,  Бӛпежан
-
ау!
 
Мына  сорлы  етікші,  соры 
қайнап қалыпты ғой.
 
 
Бӛбек.
 
(шошып)
 
Сорлап? Қалай сорлайды?
 
 
Дина. Қолы жетпеске қол созғасын сорлайды. 
 
 
Бӛбек.
 
Мынадай жігіттің қолы жетпесі бола ма?
 
 
Дина.
 
Оның Ақбӛбек деп отырғаны сенсің ғой, Бӛпежан
-
ау!
 
 
Бӛбек.
 
Кім  екенін  кім  білген?..  “Талаптыға  нұр  жауар”  демей 
ме? Ал талапты мен таланттыға нұр жауатыны рас болса мына жігіт 
құр қала қоймас.
 
 
Дина.
 
Баласың ғой, әлі! Ақылды адам түгіл, құс екеш қыран құс 
та  ӛз жобасына қарай  ілерін таңдар болар.
 
 
Бӛбек. Сонда армандауға да, ойлауға да болмай ма?
 
 
Дина.
 
Оған кім тыйым салушы еді.
 
 
Бӛбек.
 
Әні қандай!..
 
 
Дина.
 
Шынында да! Кӛкіректен әлгідей жыр, жүректен әлгідей 
саз  шығуы  үшін  бойдағы  сүйіспеншілік  сезімнің  мӛлшері  қанша 
болуы керек екен? 
 
Бӛбек.
 
Ол  нәрсе  ӛлшенеді  дейсің  бе?  Анадай  жан
-
жағына
 
ӛнер  шашып,  жан
-
жағына  нұр  таратып  тұратын  жігіт  түгіл,  жәй 
біздердей жанның сезімін ӛлшей алар не бар дейсің? 
 
Дина.
 
Мына жігіт лап етіп жалындауға айналған от қой!..  “Үп” 
деп үрлеп жіберсе болды,  лау ете қалғалы тұр! Саған кӛңілі қатты 
ауып кеткен секілді сорлы жігіттің. Ӛзі шебер, ӛзі сазгер, ӛзі ақын!.. 
(Әнді қайталайды)
 
 
Ақбӛбек тамағыңнан бір сүйгізсең,
 
Болар ед мен сорлыға  алты ай азық.
 
 
 
 
 
Оһо
-
о
-
оһу
-
у
-
у,  алты  ай  азық
-
ай.  (Дина  да 
сезімдене  күрсінеді).  Ой,  Алла,  осы  мінезің  қалай?  Біреуге  бәрін 
бере саласың, ал біреуге дым да жоқ... 
 
Бӛбек.
 
Екінші  біреуіңіз  біздің  аға  ма?  (Жеңгесін  келекелеп 
күледі).
 
Дина. Жоқ, сіздің ағаңыз ӛз шаруасына мықты жан. Ӛз жолын 
ӛзі білетін кісі. Ал мына бейбақ ақылсыз жігіт екен. Сорлы... Сорлы... 
 
 
Бӛбек.  Біреуге  кӛңілі  құлаған  кісі  сорлай  ма  екен?  Бақытын 
табады  дағы.  Ақындығы  қандай!  Сӛздерін  қалай  қюластырған!  Бұл 
жігіт сорлы жігіт емес. Таудай талабы бар, үйдей ӛнері бар адам.
   
 
Дина.
 
Бірақ есі кемдеу болар.
 
 
Бӛбек.
 
Неге?
 
 
Дина.
 
Есі дұрыс адам ұзатылғалы жатқан қызға ғашық бола ма 
екен?
 
 
Бӛбек.
 
Ғашық болар жан жан
-
жағын есептеп алып ғашық бола 
ма!  Періште  жүрегіне  сезім  тастап  жіберген  сәтте,  бар  дүниені 
ұмытады дағы.
 

 
25 
 
Дина.
 
Шыр жұқпаған қу кедей, бай қызына кӛз салып?..
 
 
Бӛбек.
 
Ӛнері теңестірмей ме?
 
 
Дина.
 
Қанша  ӛнерлі  дегенмен,  салт  басты,  сабау  қамшының 
бірі ғой.
 
Бӛбек.
 
Бардың  ағасы  мен  інісі  болса,  ӛнерлінің  халқы  бар 
емес пе?
 
Дина.
 
Сен сол етікшіні қалай қорғасаң да, ұзатылғалы жатқан 
бай қызына үздігуі, оның есінің кемдігінің дәлелі. Сен, Бӛпежан сақ 
бол. Ыңғай беріп, дәмелендіре кӛрме. Есі кем неме, аспандағы айға 
қол созып, қате түсініп қалар.
 
Бӛбек.
 
Жан
-
тәнімен біреуге құлай беріліп сүйе алғаннан артық 
тірі пендеде бақыт бар дейсің бе? Есі кем етікші емес, жеңеше... Есі 
кем –
 
мен!
 
...Есі кем сенің Бӛпежаның
 
болып жүрмесін?
 
 
Дина.
 
Не деп тұрсың? 
 
 
Бӛбек.
 
Жеңеше!  Менің жүрегімде үлкен сағыныш бар!.. Мына 
кісіні  күндіз  ойымнан,  түнде  түсімнен  шығара  алмайтын  болдым... 
Кӛргім келеді де тұрады... барғым келеді де тұрады...
 
 
Дина.
 
Бӛпежан
-
ай, саған не болған? Ойының ба, шының ба?
 
 
Бӛбек.
 
Бар  ӛмірімде  жан  сырымды  соншама  шынайы 
шындықпен  тап  осылай  ашып  айтпаған  болармын,  ешқашан, 
жеңеше! Мен ғашықпын!.. (Жеңгесін құшақтайды).
 
Дина.
 
О  не  дегенің,  Бӛпежан?..  Тыйыл  жаным.  Байтақ  елге 
аты  жайылған  Бай  атаның  қызы  етікшімен...  Масқара
-
ай!..  Ертең 
халық  не  дейді!  Олардың  құлағына  ызың  тисе  болды,  масқара 
болдық дей бер! 
 
 
Бӛбек.
 
Бізің  қазақтардың  мінезі  қызық  халық  екен!    Қайыптан 
тайып  біреу  біреуге  ғашық  бола  қалса,  тек  қыздың  жеңгесі  емес, 
тіпті  бүкіл  ел  болып  масқара  бола  қалады  екен...  Сол  қалай, 
неліктен жеңеше?
 
Дина. Жүр! Ойбай, жүр Бӛпежан! Үйге қайталық... 
 
Бӛбек.
 
Балаларының  бір
-
біріне  ғашық  болып  отау  тігіп  жатса 
ел болып масқараланғанша, ел болып қуанып жатпай ма?.. Сіз айта 
беретін масқара, ол не масқара?
 
Дина
. 
Мынау үй сыртында тың тыңдап тұрғанымыз ұят болар.  
Біреу
-
міреу байқап қалар. Жүр! Жүр Бӛпежан, үйге қайталық.  Кейін 
келерміз. Ойбай
-
ай, ойбай!.. Енді не бетімді айтамын!.. 
 
Бӛбек.
 
Жеңеше неге жауап бермейсің?
 
Дина.
 
Ата
-
бабаң ғашықтық сезімді есі дұрыс кісінің ісі десе, әлі 
ӛмірге  келмегендерді  атастырып,  қалыңмал  берісіп,  тумаған 
балаларының ӛмірін олар тумастан бұрын  бастамас еді...
 
Бӛбек.
 
Жеңеше!  Мен  ғашық  болып  қалдым!  Ғашық  болудың 
қандай  бақыт  екенін  сен  білсең  ғой,  шіркін!  Етікші  үйіне  қарай  бет 

 
26 
алғанда,  асығатыным  соншалық,  сол  үйге  жеткенше  жүгіріп  баруға 
дайынмын...
 
Дина.
 
(үрейлене) Күнім
-
ай, сен мені қорқыта бастадың
-
ау! 
 
Бӛбек.
 
(шаттана)
 
Сенде қорқыныш! Менде қуаныш!
 
Дина.
 
Мен артын ойлап қорқып келемін!
 
Бӛбек.
 
Мен қәзіргі бақытыма қуанып келемін!
 
 
Дина.
 
Ой
-
бой,  сӛйлеме!..  Үніңді  шығарма!  Ертең
-
ақ  қалың  ел 
“гу
-
у”  ете  қалар.  Жусанның  да  құлағы  бар,  бұл  далада.  Желдің 
ызыңы жеткізер, ӛзіңнің қимылың сездірер... Құдай
-
ай, ӛзің жар бола 
кӛр!..
 
 
 
Екеуі  үнсіз  қайтып  келе  жатады.  Кенет  жұлып  алғандай
 
боп, 
Дина “жоқ, олай етуге болмайды ғой!” деп дауыстап жібереді.
 
 
 
Дина.  Жоқ!  Болмайды.  Олай  етуге  қақың  жоқ  сенің! 
Шаңырағыңды,  әке
-
шешеңді  масқара  етесің!  Ертең  бүкіл  ел  бетіңе 
түкіреді! Болмайды олай етуге!
 
 
Бӛбек.
 
Сен не деп тұрсың? Кімге айтып келесің?
 
 
Дина.
 
Саған!  Мен  сенің  жауың  емеспін.  Қайт  бұл  райыңнан! 
Мен сенің болашағыңды ойлап, зәрем ұшып келеді...
 
 
Бӛбек.
 
(мұңайып)
 
Мен  қайтармын
-
ау!,  бірақ  жүрекке  еніп 
кеткен  ана  сезім  деген  пәлені  қалай  шығарамыз?  Айтқанға  кӛне 
қойса  болар  еді?  Сол  пәле  айтқанын  тыңдатпай  қоймайды  ма  деп 
қорқамын,  жеңеше...  Мен  де,  сен  де  кеш  қалып  қоймасақ  болар 
еді?.. 
 
 
Дина.  Ӛзіңе
-
ӛзің  ие  бола  кӛр,  жаным!  Сәл  шыда.  Тойың 
жақын. Арғы жағы бір қалыпқа түсіп кетеді ғой.
 
 
Бӛбек.
 
Жоқ, жеңеше! Қалыпқа түсер реті жоқ секілді. 
 
 
Дина.  (Бӛбекті  құшақтай  алады,  жалына)
 
Тыйыл,  жаным, 
тыйыл!..
 
Бӛбек.
 
Ендеше,  Жеңеше!  Бірдеңеге  ұрынбай  тұрғанда  Әкеме 
айтып,  мына  етікшіні  еліне  қайтарт.  Етікшінің  басқа  біреуін 
алдырсын.  Мен  жүректегі  жынға  ие  бола  алмай  қалсам  шын  ұят 
сонда болар. Кӛзден таса болса, мүмкін, кӛкіректен ӛшер.
 
Дина.  Не  деп  тұрсың?.  Ӛзің  ұшқалы  отырған  шаңырағыңның 
абыройын  ойла.  Жасы  келіп  қалған  әке
-
шешеңнің  жайғдайымен 
санас.  Бір  рулы  жұртыңды  бар  адайға  масқара  етпе.  Атақты 
шеберді  қолынан  іс  келмеді  деп  қайтармайды.  Жұрт  не  дейді? 
Ертең
-
ақ сан саққа жүгіртіп, ӛзіңді қарабет етіп шығарар.
 
 
Бӛбек. Сондай болып қалмау үшін де о кісіні еліне қайтар деп 
тұрған жоқпын ба. Басқа амал жоқ секілді.
 
 
Дина.  Қайт,  бұл  райыңнан!  Есіңде  болсын,  ел  салтынан  шын 
кетісетін болсаң менен достық пейіл таппайсың!
 

 
27 
 
Бӛбек.  Жан  сырымды  сеніп  тапсырып  тұрған  бұл  әлемдегі 
жалғыз  жан  сен  едің!  Бар  дүние  мені  жалғыз  қалдыруға 
айналдыңдар  ма?  Не  жазығы  бар  еді,  мендей  қазақтың  бір 
қызының, ғашық болуға болмайтындай?..
 
 
Дина. Менікі достық...
 
Бӛбек.  Жоқ,  жеңеше!  Алла  тағала  сорлы  қазақ  қызына  дос 
жаратпаған  секілді!..  Қайтеміз,  кӛрерміз,  маңдайға  жазғанын. 
Жалғыз  сенерім  сен  едің...  Енді  тек  қана  жүректегі  сезімге  ғана 
сенеміз дағы... Менің ендігі жердегі досым –
 
сезімім ғана болады!..
 
 
 
Бӛбек жеңге қолынан босанып, кетіп бара жатады. Дина қуып 
жетіп:
 
 
 
Дина.
 
Менің  ақ  тілеуім  тек  қана  сенің  үстіңде  екенін  ӛзің  де 
білесің  ғой.  Ана  жалғыз  ағаңның  тілегін  де  сендей  тілемейтін 
болармын.  Құдай
-
ай,  сақтай  кӛр,  ӛзің.  Ақылды  едің  ғой,  саған  не 
болған?
 
 
 
Енді екеуі құшақтасып  бара жатады.
 
 
Шымылдық жабылады.
 
 
 
 
 
8-
кӛрініс. Бай ҥйінің іші. Той қамы.
 
  
 
Есжан байдың үйі. Той қамымен әңімелесіп отырғандар.
 
 
 
Есжан.
 
Байқаймын,  соңғы  кезде  Бӛбекжанның  назары    тәуір 
секілді.
 
 
Сәнтӛре.  Қаншама  ерке  дегенмен  заты  әйел  ғой.  Етікшінің 
қолынан шыққан  әсем заттар кӛңілін кӛтеріп жүрген болар.
 
 
Есжан.
 
Ей Алла! Жалғызымды жылата кӛрме.
 
 
Қойлыбай.
 
(қуақылана)
 
Маған  жылайтындай  не  кӛрініпті? 
Одан да ана алдырған етікшілеріңді тежеп ұстаңдар. Жұрт оны әнші 
дей  ме,  күйші  дей  ме,  бақсы  дей  ме,  әйтеуір,  бәрі  табынып 
болыпты.  Әйел  халқы  әуелден  сондайларға  құмар  болатын.  Ӛзінің 
ақ  сайтаны  бар  болар.  Осы  маңайдың  тойы  онсыз  ӛтпейтін 
болыпты. Қыздарыңның басын айналдырып кетпесін? Жылау сонда 
болар.  Жалғызың  емес  бәрің,  жыларсыңдар  сонда.  Шеттеріңнен 
еңіреп қалмаңдар.
 
 
Есжан.
 
Қой балам! Бӛбекті ондай тәртіпсіздікке қалай қидың? 
 
 
Сәнтӛре. Жалғыз қарындасына қамқор болудың орнына айтып 
отырғанын қарашы.  Бұ заманның жігіттері қарындасқа аға болудың 
да ретін білмейді. Ей, Алла! Сақтай кӛр, ӛзің!
 

 
28 
 
Қойлыбай.
 
Сол  ағалық  қамқорлық,  біздің  сӛзімізде,  біздің 
ойымызда жатырған болар.
 
 
Сәнтӛре.
 
Құда  келген  күні,  ӛзі  сұранып  қыз  киімін  киіп  еді. 
Қаншама  ерке  дегенмен,  жас  дегенмен  іштей  дайындығы  бар  ғой 
деймін.
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет