Сайын Назарбекҧлы



Pdf көрінісі
бет8/28
Дата26.02.2017
өлшемі1,49 Mb.
#5000
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28

Кедей.
 
Мен  Қайыпты  бере  алмаймын.  Қайып  ісіне  бола 
бармағын  шайнап  отырған  елге  не  бетімді  айтамын.  Сауғаның  да 
реті бар шығар, жобасы бар шығар. Мен тілегіңізді бере алмаймын, 
ақсақал.
 
 
Қҧлшар.
 
“Ер асылы ісінен білінеді, әйел асылы тісінен білінеді”... Ия, солай 
шырағым... Ісің шалалау ма деп қалдым...
 
 
Кедей.
 
Ісім  қате  ме,  шала  ма...  Мен  оны  ойлап  кӛрген  жан 
емен.  Мен  ер  намысы  мен  ел  намысын  біреудің  табанына 
бастырғым келмейтін жанмын...
 
 
Қҧлшар.
 
Шырағым Кедей! Қайып дәстүрді бұзды деп елге жар 
салдыңдар.  Айыптадыңдар.  Ал  жетпістегі  қартының  тілегін 
бермеген  Кедей  қылығына  ертең  ел  не  дер  екен?  Сенің  бұл 
қылығың  ата  дәстүрін  сақтаған  болады  ма  екен?  Сенің  Қайыптан 
артық жеріңді кӛре алмай тұрмын.
 
 
Кедей. Ол қалыптасқан ата дәстүрін бұзды, ақ некені бұзды.
 
 
Қҧлшар
. 
Ол ӛлілер ережесін бұзған екен, Сен тірілер ережесін 
бұзып  тұрсың.  Мен  сені  билер  сотына  шақырттырамын.  Сол  сотта 
шешім  шығаратындар  сенің  ӛлі  аруақтарың  емес,  тірі  аруақтар 
болмақ.  Кӛрерміз  содан  кейін  сенің  жел  үрлеген  торсықтай  Кедей 
атыңнан, батыр атыңнан не қалатынын. Семдіртіп берермін.
 
 
Кедей.
 
Ақсақал,  мен  батыр  атымды  жауға  кӛрсеткен  ерлігім 
үшін алғанмын.
 
 
Қҧлшар. Ей, Кедей! Қол бастағаның рас. Бірақ
 
ерлік кӛрсеткен 
сен  емес,  ел  болатын.  Ел  қайратын  ӛз  ерлігім  деп  халыққа  міндет 
арту жігіттікке мін... Мен кездейсоқ кездесіп қалдым, сіздермен. Мен 
ешкімнің  жақыны  емеспін.  Бірақ  қамқоры  жоқ  жалғыз  деп  ойлап 
қалма,  мына  Қайыпты.  Ол  ел  сүйіктісі.  Есіңде  болсын,  егер  сенің 
мына  қырсық  мінезіңнен  екі  ру  арасында  қақтығыс  бола  қалатын 
болса, ара ағайын есебінде ӛздерің айтатын “тары кӛп пе, жары кӛп 
пе  деп”,  сол  тарыдай  Жары  да,  мыңғырған  Мұңал  да  ана  жаңғыз 
Қайыптың сӛзін сӛйлейтін болады. Мен солай істетемін!..
 
 
Кедей.  Не  дерсің,  бұларға!  Тілде  сүйек  жоқ.  Бар  адайды 
жұдырығын сыйғызып ала қойғанын қарашы.
 
 
Қҧлшар. 
 
“Ынтымақсыз елді ұрысы билейді,
 
Ынтымақты елді дұрысы билейді”
 
 
Есберген.
 
Құлшар  ата!  Мынау  іске  қатысым  болғалы  не 
істерімді  білмей,  қате  қадамды  кӛп  басыппын.  Анамның  сӛзін  де 
тыңдамап ем. Бірақ бір қателік барын сезуші едім, сіз менің кӛзімді 
ашып бердіңіз. Рахмет! 
  
Кедей  аға!  Бұл  дау  әзірге  екі  рулы  елді  кӛрші  қонбастай 
жауластырып  отыр  еді.  Енді  қару  ұстатар  қақтығысқа  жеткізуге 

 
66 
айналдырар  реті  бар  ғой.  Құлшар  атаны  Алла  тағала  ӛзі  жұмсаған 
болар,  періште  ӛзі  бастап  кездестірген  болар.  Шешілмес  түйіннің 
шешілгені шығар. Жәбір кӛрген де мен, жоқшы да мен. Босатыңдар 
Қайыпты. Бердім Құлшар ата, тілегіңді.
 
 
 
Есберген  жігіттеріне  бұйрық  береді.  Жігіттер  Қайып  қолын 
шешеді. Құлшардың екі жігіті Қайыпты сүйемелдеп ӛз тобына қосып, 
сусын береді.
 
Кедей  қанжарын қынынан суырып Бӛбек қасынажетіп барады.
  
 
Кедей. Бір елдің адамын жазым қылдың деп, ол қу бас жалғыз 
болса 
 
да  құн  сұрайтындар  табылар!  Алсаңдар  алыңдар.  Ал  мына 
қаншықты  мен  ӛз  қолыммен  бауыздаймын.  Әй,  Қайып  жігіт  болсаң 
бері кел. Бір ауыз сӛзім бар саған айтатын!
 
 
 
Қайып жақындайды.
 
 
 
Қайып.
 
Ақбӛбегім!  Кешіре  кӛр,  қор  еттім
-
ау,  сенің  алтын 
басыңды!..
 
 
Бӛбек.
 
Қиналма, жаным. Міне антым! Дәм жазып тағы келсең, 
тағы қашамын. Мен сендікпін!
 
Кедей.
 
Тоқтат,  қаншық!  Әйтпесе  осы  аузыңнан  шыққан  соңғы 
сӛз!
 
 
Қайып ұмтылады. Қайыпты сүйеп тұрған жігіттер ұстап тұрады.
 
 
Кедей.
 
Ей,  Қайып!  Мынаның  аты  қанжар.  Ол  мына  қолдың 
қаруы.  Қол  менің  қаруым!  Ал  қару  менің  жүрегімдегі  тілекке 
бағынады.  Бір  тарт,  басын  бӛліп  түсір  десе,  қанжар  басты  бӛлек 
түсіреді
 
де  қояды.  Мен  дәл  қазір  солай  істеймін  де.  Құлшардың 
билерін  сосын  кӛріп  алармыз.  Бірақ  маған  олай  істетпейтін  бір
-
ақ 
ауыз сӛз бар. Ол сӛз сенің антың. Жігіт болсаң ант ет!  Ант еттім де. 
Енді қайтіп Бӛбектің маңына жоламаймын де!...
 
 
Бӛбек
. 
Қайып...  Ант  бере  кӛрме...  Мен  сенің  ант  аттай 
алмасыңды білемін ғой... 
 
 
Кедей. Айт!.. Қайтала!..
 
 
Қайып.
 
Кешір,  Бӛбекжан!..  Кӛндім  тағдыр  талқысына.  Мендік 
болмасаңда тек қана сен тірі бол.
 
 
Бӛбек.
 
Маған сенсіз тірлік жоқ...
 
 
Кедей.  Қайып!  Бол  енді,  созбаламай.  Айт,  Алла  атымен  ант 
етемін де!
 
 
Қайып.
 
Алла атымен ант етемін. 
 

 
67 
 
Кедей. Енді қайтып Бӛбек маңынан жүрмеймін де!
 
 
Қайып.
 
Енді қайтып Бӛбек маңынан жүрмеймін.
 
 
Кедей. Ӛзім енді қайтіп Маңғыстау топырағын баспаймын де!
 
 
Қайып.
 
Ол не үшін?
 
 
Кедей. Қайтала, әйтпесе
... 
 
Қайып. Енді қайтып Маңғыстау топырағын баспаймын.
 
 
Кедей.
 
(Жігіттеріне Бӛбекті кӛрсетіп)
 
Алып кет, мынаны.
 
 
Есберген.  Құлшар  ата!  Біз  бір  тығырыққа  тірелдік.  Ненің 
дұрыс, ненің бұрыс екенін айыра алмайтын түйінге тап болдық. 
 
Кедей.
 
Жігіт  дейді
-
ау,  осындайларды  да.  Ай,  ата
-
баба 
аруағы...  Кешіріңдер...  Тұқымың  азып
-
тозып,  бақа
-
шаян,  құрт
-
құмырсқа болып кетуге айналды. 
 
Қҧлшар.
 
Кедей шырағым! Ер жігітке қаталдық дұшпанына етсе 
жарасар.  Аталарың  қатал  бол  демеген.  “Алдыңа  келсе  атаңның 
құнын кеш” 
-   
деген. Сен жалған түсінікте жүрген жан екенсің. Сенің 
халқыңа салар пайдаңнан, тигізер зияның да аз болмас...
 
 
Құлшарлар кетеді.
 
 
Кедей.
 
Келін  алып  қызықтаймын  деп  отырған  ауылымның 
қызығын тәрк етсе, азаматымды бар адайға масқара етсе, ол менің 
жауым болмай кімім екен? Жаудан да қауіпті, кӛрінбейтін іштегі жегі 
құрт емес пе екен?
 
Әттең...  Қайдан  кездесе  кетті...  Жеңіс  жарты  жеңіліс  боп 
қалғанын қарашы...
 
 
 
10-
кӛрініс. Итбай ауылының адамдары.
 
 
Сахнада Итбай аулының адамдары.
 
 
Дауыстар:
 
-
 
Алып келе жатыр!
 
-
 
Ұстапты

-
 
Сорлап қалатын болды
-
ау, бебақ сорлы!
 
-
 
Күйлеген қаншық... Тӛбеті қайда, кӛрінбейді ғой...
 
-
 
Атқа жүк қылғанша деп, бауыздай салған болар...
 
 
Сахнаға Кедей, Есберген, Бӛбек және нӛкерлер шығады.
 
 
Кедей. Бай
-
еке! Ұрыңыз ұсталды.
 
Итбай. Кӛзге түспей тұр ғой.
 
Кедей.
 
Жолда атақты Құлшар күйші кездесіп, сауғаға сұрап 
 

 
68 
алып қалды.
 
 
Итбай.
 
Сауғаға берерлік ол сенің олжаң ба еді?
 
 
Кедей.
 
Мен  бермейін  деп  едім,  балаңыз  Есберген 
босаттырды.
 
 
Итбай.
 
(Итбай баласына қарайды).
 
Не ойлағаның бар балам?
 
 
Есберген.
 
Біз бұл дауға еріксіз шатылып қалдық қой, әке. Сол 
шатақтан абырой жоғалтпай шықсақ па деп едім. 
 
 
Гҥлсара.
 
Балам дұрыс айттың. Бағытың дұрыс.
 
 
Итбай.
 
Сенің не ойлағаның бар еді, бәйбіше?
 
 
Гҥлсара.  Не  деген  бақытсыз  жандар  еді,  бұлар.  Мен  әуелі 
олардың ұсталмағанын тілеп едім. Сосын ұсталғанын тіледім. Егер 
ұсталып екеуі осы жерде тұрса...
 
 
Итбай. Ал... осы жерде тұрса...
 
 
Гҥлсара.
 
Онда...  Екеуі  ұсталып  осы  жерде  тұрса...  Ана 
Бӛбектің қасында Қайып тұрса...
 
 
Итбай.
 
Ал, Қайып тұр делік... Сонда не болар еді?..
 
  
Гҥлсара.
 
Онда ма, онда... Отағасы! Мен, тап қазір бұрымымды 
былайша тарқатар едім... 
 
Гүлсара бұрымын тарқата бастайды... 
 
Сосын сенің аяғыңа былайша жығылар едім... 
 
Итбайдың алдына келіп тізерлеп отырады.
 
Сосын,  сенен,  Құдай  қосқан  қасағым...  Мына  екі  бейбақ 
күнәсіне кешірім ет те екеуінің некесін қидырып, ӛз қолыңмен қос... 
дер едім... Тілекті Құдай беріп тұр ма? Жылайды. Сонда ғана елдің 
де  намысы  жоқталар  еді.  Есбергенімнің  жарасына  әкесінің  ісі  ем 
болар еді. Әлгі сорлылар да бақытқа жетер еді...
 
 
Итбай демеп әйелін орнынан тұрғызады.
  
 
Итбай.
 
Құдай  қолдамайын  дегені  ғой!..  Сәтін  салмағаны. 
(Баласына 
 
бұрылады).
 
Шырағым,  заман  сенікі.  Осы  шырғалдаң  басыңа  тап 
болған екен, шешім де сенікі. Әу басында мен билікті Кедей екеуіңе 
бергенмін. 
Мен 
араласпаймын. 
Қалағаныңша, 
ақылыңның 
жеткенінше, ӛз намысыңды таптатпай, ел
-
жұртыңның да бар екенін 
ойлай шеш. Анау шешең де тегін адам емес...
 
 
 
Итбай шығып кетеді.
 
 
 
Есберген.  (ӛзіне  ӛзі  сӛйлегендей  болып)
 
Мен  анамның 
бойында бір ұлылылық қасиет барын сезетінмін. Бірақ осынша Ұлы 
деп ойламаппын. Рахмет, ана!. Менің жүрегіме түскен жарақаттарға 

 
69 
сіздің бір ауыз сӛзіңіз ем болды. Мен жазылдым. Жара бітті. Менде 
кек жоқ.
 
 
Кедей.
 
(келеке  еткендей  боп)  Есберген  мырза!  Мен  енді 
Қайыптың артынан қуып, істеген ісіне рахмет айтып, ӛзінен кешірім 
ӛтініп келсем қайтеді?..
 
 
Есберген.
 
Ӛкініп  тұрсыз  ба?..  Бұл  шешілсе,  сізге  азық  болар 
тағы  біреуі  туындар...  Енді  сіздер  араласпаңыздар  бұл  іске...  (Бір 
әйелге  Бӛбекті  кӛрсетіп    тапсырма  береді).    Мына  кісі  енді  сіздің 
үйде болсын. Бағып
-
қағыңдар.
 
 
 
Әйел Бӛбекті алып кетеді. 
 
 
Нӛкер жігіт. Ау, халқым
-
ау! Біз енді ел тентегіне не деп жауап
 
береміз? Ӛмір бойы арылмас таңба болатын болды ғой. Жесірімізді 
алып қашқанға рахмет айту деген не масқара!
 
Кедей.
 
Масқараның  кӛкесін  басқалардың  ортасына  түскенде, 
ас пен тойға барғанда сезерсің, ендігі жерде...
 
Нӛкер  жігіт.
 
Кедей  батыр!  Алжыған  Құлшардың  айтқанын 
тыңдаймыз  деп  бір  сүрініп  едік,  енді  от  басында  кӛсеу  бағып 
отырған әйел сӛзіне ұйып қалғанымыз ба?..
 
Кедей.
 
Шырағым,  бай  ағаның  ыңғайынан  шығып  қайда 
барасың...
 
Нӛкер  жігіт.
 
Адам  біткеннің  бәрі  намыстан  айрылған  ба, 
немене...
 
 
Ашуланып шығып кетеді.
 
 
 
Қарт  кісі.  Есберген  шырағым,  мына  жас  жігіттің  шырылына 
қарағанда  ауылыңнан  бір  шатақ  жетісіп,  пісіп  келе  жатыр  екен. 
Ертең  қолыңа  билік  тиген  күнде  басыңды  даудан  бос  қылмас. 
Дегенмен,
 
балам,  нағашыларың  тәуір  ел  еді.  Бойыңда  бір  жақсы 
бастаудан  нәр  алып  жатқан  тамырлар  бар  секілді.  Үзіп  алма.  Елге 
Кедей  секілді  батыр  да  керек.  Бірақ  бебіт  кезде  ақыл  мен  мейірім 
одан да керегірек. Алла тағала сенің ниетіңе бергей... 
 
 
Бетін сыйпайды.
 
 
Шымылдық.
 
 
 
 
 
11-
кӛрініс. Бӛбек пен Есберген.
 
 
 
Оңаша үйде Бӛбек пен бір әйел отырады. Есберген кіреді. 
 
 

 
70 
 
Есберген. Біз оңаша сӛйлессек пе деп едік.
 
 
 
Әйел кетеді. 
 
 
 
Есберген.  Мені  шақырттың  ба? 
 
Біздің  арамызда  әлі  күнге 
айтылар ортақ сӛз қалғаны ма?   
 
 
Бӛбек.
 
(Есбергенге ықыластана сӛйлейді).
 
Есберген мен сенің 
азамат  екеніңді  танып,  мына  ӛмірден  де,  адамдардан  да  кӛрген 
қорлықтарым едәуір жеңілденіп қалды.
 
 
Есберген.
 
Бӛбек!  Сенің  қара  басыңның    қорлық  кӛргеніне, 
жаным
 
қиналады.  Бірақ,  бір  рулы  елдің  намысын  кім  жоқтар, 
жыртысын кім жыртар? Ендігі жерде екі адам егесе сӛйлессе бірінші 
боп  біздің  елдің  адамдарының  бетіне  соғар  шапалақ  сенің  атың 
болады...  Соған  ӛзімнің  де  қатысым  бар  екенін  ойлағанда,  мен 
ұяттан жерге кіріп кеткім келеді...
 
 
Бӛбек.
 
Саған артар ӛкпем жоқ. Айтар алғысым бар. Білмеппін, 
азамат  екенсің.  Кешір  мені.  Сені,  кешірім  ӛтіну  үшін  ғана,  кӛргім 
келді.
 
Есберген.  (Салы  суға  кеткен  Есберген).  Бӛбек!  Қайыппен 
алғашқы 
 
кеткеніңде бойымды намыс, кӛкіректі ыза кернеп, кек алуға ант етіп 
едім.  Екінші  рет  кеткеніңде  сол  екпінмен  тағы  қуғаным  рас.  Бірақ 
қателесіппін.  Екеуіңнің  махаббаттарың  қызық  қуған  бозбала  ойыны 
емес  екеніне  кӛзім  жетті.  Осы  жолы  арттарыңнан  қуып,  алып 
келгеніме ӛкініп отырмын. 
 
Бӛбек.
 
Есберген!  “Тат  темірді  кеміреді,  қайғы  адамды 
кеміреді” –
 
деген. Мен енді адам болмаймын. Сүйіп қосылғанымнан 
айрылып,  Сені  екі  рет  жерлеп,  бүгінгідей  адамшылығыңды  кӛріп... 
Бұ қайғылар мені тез мүжіп бітірер... 
 
Есберген.  Мені  де  кешір.  Сені  еркіңнен  тыс  әйел  етпек 
болдым.  Баяғы  ел  айтатын  “басына  түскесін  үйреніп  кетеді  ғой” 
дегенге сендім. Қателесіппін.
 
Бӛбек.
 
Шынымды  айтсам,  егер  сіз  кезінде  келіп,  оңашасын 
тауып  менімен  сырласқанда,  тойды  кейін  шегіндіргенде,  бұлардың 
бірі болмас па еді... Кім біледі?..
 
Есберген.
 
Кім білген, бұл жерде кімнен қанша қате кеткенін?.. 
Бұл ӛмір сүру деген, кілең қате басу ма деп қалдым?.
 
Бӛбек.  Рахмет  Есберген.  Мен  тек  қана  сенің  алдыңда 
ұяттымын

Сенен басқа ешкім алдында кінәм бар деп ойламаймын. 
Ӛкінбеймін. Мені сен кешіре гӛр
.  
Маған енді ештеңе де
 
қажет емес. 
Менде  аз  ғана  күн  тірлік  қалды.  Қалған  күндерді  алдамшы 
сағынышқа арнармын.
 

 
71 
Есберген. Осы жолы сіздерді қумағанда, тек қана жалғыз ӛзім 
бақытсыз болар едім. Енді бақытсыз жан үшеу болатын болдық.
 
Бӛбек.  Кешір  мені,  мені  қарғамашы!  Осы  әлемде  бір  кісінің 
жан 
 
ашырлығын  кӛрем  деп  дәметсем,  оны  тап  сенен  күтпеген  едім. 
Бүгінгі  істеген  кісілігің  мені  қайран  қалдырды.  Пендеміз  ғой!  Кісі 
танымайды екенбіз. Кешіре кӛр мені. 
 
Есберген.  Енді  екеуміз  ошаққа  қазан  асып,  астына  от  түтетіп 
отыра 
 
алмаспыз. Менен не сұрағың бар?
 
Бӛбек.  Қасыма  ана  қойшы  баланы  ерітіп  мені  тӛркініме 
жеткізіп 
 
таста. Мені қара жерге солар тапсырсын. Қанша дегенмен солардан 
ӛнген адаммын ғой, далаға тастамас...
 
Есберген. Бердім тілегіңді. 
 
Бӛбек.
 
Менің  қалған  ғұмырымда  Алла  тағаладан  ӛлім 
сұрағаннан басқа тілегім болмас деп жүр едім. Соған қоса енді тағы 
бір тілек қосылатын болды. Саған бармақтай бақ бере гӛр деп тілеп, 
ӛтермін. Кім білген, басқа тілегімді бермесе де, осыны берер... Жігіт 
екенсің ғой!.. Азамат екенсің... Мен бейбақты кешіре кӛр!.. 
 
 
Солқылдап жылап, шаршап қалады.
 
 
Есберген.  Тағдыр  осылай  шешіпті  ғой.    Айдай  сұлу  Бӛбектей 
жарым  
 
болады деп мақтанушы едім. Тағдыр біздің қалауымызды істемеді... 
Ӛзім  де  қателесіппін.  Анам  осы  жолы  екінші  қашқан
 
қызды  қума. 
Олар шын ғашықтар. Кейін есін жинағасын ел қарғайды, іздеме деп 
кӛп  жалынып  еді.  Тыңдамап  ем.  Сен  кӛндігіп  кетсең,  ӛткенді  ойға 
алмаспын деп едім... Қателесіппін... Сен де кеш мені.
 
 
 
Шымылдық.
 
 
 
12-
кӛрініс. Қайып әнінің оралуы. 
 
“Ақбӛбек
-
Қайып” уақиғасының ақыры.
 
 
Есжан  ауылы.  Ауыл  шетінде  баяғы  Қайыпқа  тігілген  қара 
күрке. Сол үйде арып
-
ашыған, күтімсіз Ақбӛбек. Дина келеді.
 
 
Дина. Бӛпежан, халің қалай?
 
Бӛбек.  Менің  халімді  қайтесің,  ӛзің  жақсымысың?  Менің 
қырсығымнан қорлық кӛріп жүрсің
-
ау, жеңеше...
 

 
72 
Дина. Ӛтті, кетті. Енді оны еске алып  не қажет... Мені қойшы. 
Несіне  уайымдайсың...  Үйім  басымда,  байым  қасымда...  Ӛзің 
қалайсың?
 
Бӛбек.
 
Жақсымын, жақсылығы жақын секілді.
 
Дина.
 
Түсінбедім, қандай жақсылық?
 
Бӛбек.
 
Алла менің тілегімді беретін секілді.
 
Дина.
 
Қорқытпашы  мені,  Бӛпежан...  Басың  жас...  Осы 
ауырпалықты  бір  кӛтеріп  кетші...  Әлі
-
ақ,  бұ  тіршіліктің  қызығына 
тоймайтын боласың...
 
Бӛбек.
 
Тіршілік қызығы деймісің? Әрине тоймаймын. Мен неге 
қызықтамайын... Қызықтаймын... Қайып айтқан... Жақсы  нәрселерді 
қызықта деп...
 
 
Бӛбектің ӛңі бұзыла бастайды. Дина сескеніп қорқа бастайды. 
 
 
Дина.  Бӛпежан  есіңді  жишы.  Маған  қарашы.  Ойпырмай,  тағы 
басталды
-
ау! 
 
 
Дина Бӛбекті жұлқылып есін кіргізгісі келеді. Бӛбек оған назар 
аудармай кереге басын сыйпалай бастайды.
 
 
Бӛбек.
 
Керегенің дәл осы басында менің алқам ілулі тұратын. 
Оны  кім  алып  кеткен?..  А...  а
-
а...  Осы  жерде  менің  сәукелем  ілулі 
тұратын. Міне... Міне... Сәукеле табылды... Менің сәукелем ілулі тұр 
екен ғой... Қалай кӛрмей жүргенмін. Күнде іздеймін..

 
Сәукелені алып басына киген болады. 
 
 
Бӛбек.
 
Қайып,  қарашы  маған,  жараса  ма  мына  сәукеле?  Ал 
мынау сен тіккен кӛксауыр етік қой. Аяғыма қандай жайлы... 
 
Есін жиғандай болып, қолын жайып алақанына қарайды.
 
Бӛбек

Қайда әлгі нәрселер?..
 
 
Есін жияды. Бӛбектің ӛзі шошып кетеді.
 
 
Дина.  Бӛбекті  құшақтайды.  Неге  қинайсың  ӛзіңді.  Біздермен 
бірге тұрсаңшы. Ұмыт болар ма еді?..
 
Бӛбек.
 
Жеңеше,  тез  апамды  шақыршы...  Тез  баршы.  Мен 
шаршап барамын... Сәл дем алайын... Шақыршы... Жүгірші...
 
 
Дина асығыс шығып кетеді.
 
 

 
73 
Бӛбек.  (Бӛбек  қайтадан  жаңылыс  сӛйлей  бастайды).
 
Қайып 
кӛзіме енді кӛрініп келе жатыр еді. Әлгінің бәрін бүлдіргенін қарашы. 
Ол осы арада жүр. Жасырынады ғой. Ұстап алса баяғыда Кедейдің 
“жеті  мүшеңе  жеті  жара”  деп  найзалағанындай,  бұлар  да 
найзалайды  ғой,
 
оны.  Жеті  жерінен  жара  түскенде  бір 
ауырсынбады. Нағыз батыр менің Қайыбым екен ғой...
 
 
Үйге қойшы бала кіреді.
 
 
Бӛбек. Айттым ғой. Ол осында деп, Қайып!..
 
Қойшы бала.
 
Апа, бұл мен ғой. Қайып аға алыста. Саған әнін 
жіберіпті. Сізді сағынып жүрсе керек. Жақында келіп қалар.
 
Бӛбек.
 
Ол келем десе келеді. Ол айтқанын орындайды. Кәне 
қандай ән? Айтып берші... Тыңдайын... Тағы да маған арнап па?..
 
Жатып тыңдайыншы. Шаршап тұрмын. 
 
 
 
Тӛсегіне жатады.
 
 
Қойшы  бала.  Саған  арнапты,  апатай,  саған  арнапты.  Апатай 
сен  білсең  ғой,  естісең  ғой!  Маңғыстаудың  Ойы  мен  Қыры,  Ойыл 
мен  Қиыл,  Еділ  мен  Жайық,  қазақтың  шексіз  байтағы  тек  қана 
Ақбӛбек  әнімен  тыныстайды  бұ  күндері...  Аспан  асты,  Жер  үсті 
Ақбӛбегі мен Қайыбының ақ махаббатына бӛленіп жатыр...
 
Бӛбек. Рахмет, айналайын.
 
Шаршап бара жатырмын. Бір естіп 
кетейін. Қайыптың әнін айтшы.
 
Қойшы бала.
 
Ақбӛбек пәк сезімнің гүлі едің,
 
Сұңқардай қомдап қанат іліп едім.
 
Амалсыз ант ұстадым Иран астым,
 
Бӛбегім әнім тірі, ӛлі ӛзім.
 
 
Текемет ою салса, түр жарасар,
 
Кӛктемде қу ағашқа бүр
 
жарасар.
 
Армансыз ӛтер еді Қайып сорлы,
 
Соңғы рет Бӛбегіне бір қараса.
 
Бӛбек.
 
Қайып...  Қайдасың  ғашығым?..  Ынтазарым...  Шалқар 
сезімің жұдырықтай жүрегіңе  сыймай, қарақан басың байтақ жеріңе 
сыймай... 
 
Қойшы бала. 
 
Мен жүрмін жүрегіме сезім сыймай,
 
Антымды бұза алмадым, тӛзім сыйлай.
 
Ӛзіңді ақырғы рет бір кӛрсем деп,
 
Тірлікті әлі жүрмін кӛзім қимай.
 

 
74 
Бӛбек.
 
Қайда жүр екенсің?.. Сен енді маған бір қарауға үлгере 
алмай  қалатын  болдың...  Кешір  жаным...  Қош...  Сенің  әніңмен 
бастап  едім  мына  ӛмірді...  Сенің  әніңмен  кетіп  барамын...  Аз  ӛмір 
сүрсем  де  ақ  махаббатты  серік  етіп,  адал  ӛмір  сүрдім...  Ешкімді 
алдамадым... Армансыз кетіп барамын... Қош...
   
Мынау  жарқыраған 
күні бар қара түнек ішіндегі кӛрген жалғыз жарығым... Қош...
 
 
Бӛбек үзіліп бара жатады. Қойшы бала
 
басын сүйейді.
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет