Сайын Назарбекҧлы



Pdf көрінісі
бет5/28
Дата26.02.2017
өлшемі1,49 Mb.
#5000
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

Сәнтӛре.
 
Келін
-
ау!  (Сәнтӛре  біреу  естіп  қалар  дегендей 
Динаға  жақындап  сыбырлай  сӛйлейді).  Мен  Бӛбегімді  тірі  пендеге 
қиғым келмейді...
 
 
Дина.
 
Қыз  бой  жеткесін,  ӛз  ошағының  отын  ӛзі  жаққысы  кеп 
тұрады ғой. Қимағанда қайтесіз, кӛндігесіз. Сағынарсыз, жыларсыз...
 
Сәнтӛре.
 
Белгісі  жоқ  күн  деген  осы.  Байқалмай  ӛтіп  жатыр, 
ӛтіп  жатыр.  Енді  міне  о  да  бой  жетіпті.  Тойы  да  жақындап  қалды.
 
Келін, Бӛбекжан қайда?  Әлі оянбаған ба?
 
 
Дина.  Таң  атқалы  кӛзіме  түсе  қойған  жоқ.  Кеше  ерте  жатып 
қалған. Қазір қарап келейін (кетеді).
 
 
Сәнтӛре.
 
“Қыз қонақ” деп, қалай айтқан... Әлпештеп бағасың... 
Мәпелеп  ӛсіресің...  Бой  жеткізесің...  Ал  сосын,  біреу  алады  да 
кетеді...  О,  Жаратқанның  құдіреті
-
ай!..  Менің  қызым  да  ұясынан
 
ұшуға жақын...
 
 
 
Сахнаға Есжан шығады. 
 
 
 
Есжан.  (Кӛңілді)
 
Бәйбіше!  Ӛзіңмен  ӛзің  сӛйлесетін  жасқа 
жеттің  бе?  Жоқ  әлде,  ақ  шайтаныңа  кездесіп  қалып,  амандасып 
отырсың ба? 
 
 
Сәнтӛре. Қорықпа, әзір алжи қойған жоқпын.
  
 
Есжан. Мына ғұмыр соншама тез ӛтеді екен
-
ау! Бәйбіше! Кеше 
ғана еді ғой, аумаған Бӛбекжандай бір қызды, мына сені, менің осы 
ауылға алып келгенім! Осы үйге кіргізгенім!
 

 
38 
 
Сәнтӛре.  Ой,  дүние
-
ай  десеңші!
 
Күні  кеше  секілді  еді.  Ӛзімді 
айттырып кеткеннен соң күйеуім “Қандай екен?” деп қиялға беріліп, 
бір  кӛруді  аңсап  жүретінмін.  Бақытыма  дұрыс  адам  кезігіпті.  
Сұлулығына кӛз тоймас, жібектей есілген ӛзіңді кӛріп бір қарағаннан 
ғашық  болып  едім...  Тойымыз  қашан  болар  екен  деп  талай  түн 
дӛңбекшігенмін. Енді міне, кезек ӛзімнің қызыма да жетіп қалыпты.
 
 
Есжан.
 
Рахмет  саған,  бәйбіше.  Сенің  маған  баяғыда  тоқал 
алдырмағаныңа    әлі  қуанамын.  Біздер  жақсы  ғұмыр  кештік.  Тату
-
тәтті ӛмір сүрдік. Ӛмір бойы сенімен ӛткен ӛмірімді ойласам болды, 
ата
-
аналарымызға рахмет айтумен келемін. 
 
 
Сәнтӛре.
 
Қандай рахмет?
 
 
Есжан.
 
Басқа қыз айттырмай, сені айттырғаны үшін.
 
 
Сәнтӛре.
 
Жаратқанның  бұйрығы  да.  Әйтпесе,  ошақ  татулығы 
барлығына бірдей бұйыра бермейтін нәрсе екен ғой.
 
 
 
Үйге  қапылып  Қойлыбай  кіреді.  Соңында  Дина.  Динанаң  түрі 
кетіп қалған.
 
 
Қойлыбай. Әке! Мен ескерткенмін! Масқара болдық. Ел бетіне 
қараудан  қалдық.  Сүйекке  таңба  басылды!..  Таңба  басып  кетті
-
ау, 
мына  қаңғыған  жалғыз  атты,  сабау  қамшы,  қайыршы  жетім! 
Мынаның  қайда  қарап  жүргенін,  не  қарап  жүргенін?  (Әйелін  нұқып 
жібереді).
 
Есжан.
 
Астафралла, астафралла! Не боп қалды?
 
Қойлыбай.
 
Не  болып  қалды  дейді
-
ау,  бұлар!..  Жау  шапқан 
жоқ! Тек қана сүйікті қызың етікшімен қашып кетіпті. Есік алдындағы, 
қайыршы етікшімен!.. Бӛбек те жоқ. Етікші де жоқ.
 
Сәнтӛре.  Мынау  жау  шапқанмен  бірдей  жаманат  хабар  ғой, 
жаңсақ болмасын!.. Анықтап алып, сосын айтыңдар!
 
Дина.
 
Етікшіге  тігілген  үйде  кереге  басында  ілулі  тұратын  бір 
де бір заты қалмапты. Жинап, алып кеткені кӛрініп тұр...
 
Есжан. Тәңірім
-
ай! Не жазығым бар еді?.. Ел алдында осынша 
масқаралап!..
 
Қойлыбай.
 
Қаңғыған  етікшіні  кісі  санатына  қосып...  Тойдан 
қалдырмай,  талтаңдатып...  Ән  салдырып...  Әй,  жүрегім  сезіп  еді... 
Түбі жақсылыққа соқтырмасын...
 
Сәнтӛре.
 
Біз  шақырдық  па?  Шақырса  жұрт  шақырды...  Енді 
халыққа  тойыңа  ананы  шақыр,  мынаны  шақырма  деп  отыру  қалып 
па,  Есекеңе...  Есекеңнің  не  жазығы  бар?..  Балам,  байқа!..  Жаны 
күйген  Тәңірін  қарғайды  деп...  Біріңді  бірің  сӛгіп...  “жау  жағадан 
алғанда,  ит  етектен  алады”  болмасын...  Не  істеу  керек  екенін 
ақылға салыңдар...
 

 
39 
Есжан.
 
Ел 
бетіне 
қалай 
қараймыз?.. 
Анықтаңдар... 
Сұрастырыңдар...    әлі  де  болса.      Нағыз  расқа  айналса, 
Мамыртайды  бас  етіп,  Итбай  аулына  тез  хабар  жіберу  керек. 
Айтсын  барып,  ұяттымыз.  Қалың  малын  екі  еселеп  қайтаруға  да 
дайынбыз десін.
 
Қойлыбай. Немене, олар қалың малын екі еселесін деп саған 
салық салып та үлгерді ме?
 
Есжан.
 
Оларға  айтқызып  үлгертпеу  керек.  Кінәміздің  үлкен 
екенін  ӛзіміз  мойындалық.  Малға  қызықса  жаулыққа  баспас. 
Жаулыққа басса жалғызыңды мерт етер.
 
Қойлыбай.
 
Ай,  әке
-
ай!  Жалықпадыңыз
-
ау,  сол  қызды 
“Жалғызым” деуден. Соның ақыры осыған соқтырды.
 
Сәнтӛре.
 
(Солқылдап  жылап  отырады).  Құдайым
-
ау,  ӛмір 
бойы  еткен  бар  еңбектің    босына  болғаны  ма?  Отағасы
-
ау, 
Бӛбекжанның  күні  не  болмақ,  ендігі  жерде?..  Мына  жұртқа  ермек 
табылды  ғой,  енді.  Жатса  да,  тұрса  да  айтары  бәленшенің  қашып 
кеткен  айттырулы  қызы...  Сор  маңдай  қызым
-
ай!  Нағыз  сорлы 
екеуміз  болармыз,  ендігі  жерде...  Бұ  заманның  адамдарына  ермек 
керек... 
 
Дина.
 
(Енесін  жұбатқысы  келіп,  айласын  таппайды).  Ене, 
ақылды адамдар да қателесе береді екен
-
ау...
 
Сәнтӛре.
 
(Залға  қарап)
 
Ей,  адамдар!..  Сендер  білсеңдер  ғой, 
ӛздеріңнің  соншалық  қатыгез  екендеріңді!..  Біреудің  қайғысына 
қараған  кезде  су  қараңғы  соқырсыңдар!  Біреудің  арызын 
тыңдағанда  тас  құлақ  кереңсіңдер!  Ал  енді  біреудің  қатесін 
кӛргенде...  Ой,  енді  рахатқа  батасыңдар  ғой...  Енді  барлығың 
жабылып, жалғыз қыздың соңына түсесіңдер
-
ау!.. 
 
 
Қуғыншылар,  абынып
-
күбініп, дайындалып жатады.
 
 
Сәнтӛре.
 
Түтіп жейсіңдер
-
ау, бейбақты... (жылайды).
 
 
Шымылдық. Бірінші бӛлімнің соңы.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
40 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Екінші бӛлім
 
 
1-
кӛрініс. Бегей ауылы. 
 
 
 
Қайып  пен  Ақбӛбек  паналаған  Бегей  ауылы...  Бегейдің  ӛзі 
бастап ауыл қалашылары Бесқалаға (Қарақалпақстан қалаларының 
базарына)  аттанғалы  жатады.  Бегей  үйіндегі  соған  арналған  жиын. 
Кӛңілді кеш.
 
 
 
 
Ауыл адамдары: 
 
-
 
Енді жас келін ән айтсын!
 
-
 
Жас келін әнші ме еді?
 
-
 
Нағыз күміс кӛмей әнші.
 
-
 
Қайыптың әнін айтсын. 
 
-
 
Ӛзіне арнаған әнін айтсын!..
 
 
Бегей.  Алла  тағалаға  мың  рахмет,  мына  шебер  балдыз 
аулымызға    келін  түсіріп,  жай  келін  емес  әнші  келін  түсіріп, 
аулымыздың  сәнін  кіргізіп  тастады.  Күнде  жиын,  күнде  той!.. 
Ақбӛбек келіннің әні құлақтың құрышын қандырды, әбден. 
 
 
Қайыптың қҧрдасы. Бұ келіншек бізді қашаңғы Қайып әнімен 
алдандырады?  Есжан  байдың  қызы,  бізге  әннен  басқа  не  әкелді 
екен?  Барыңды  шығарытын  уақытың  болды  емес  пе?  Жасырып, 
оңаша ӛздерің қызықтағанша.
 
 
Бӛбек
. 
Құрдас,  басқаға  болмағанмен  саған  жетерлік 
сыйлығым  бар.  Заманы  туса  оны  сен  қызықтамай  кім  қызықтар 

 
41 
дейсің!..  Осы  ауылға  мен  бір  қап  дау  әкелдім,  аузын  шеш  те, 
пайдаңа асыра бер. 
 
 
Бегей бәйбішесі.
 
“Аңдамай сӛйлеген ауырмай ӛледі”  –
 
депті, 
қайным.  Ақбӛбек  келін  саған  ӛнерден  де,  сӛзден  де  есесін  жібере 
қоймас.
 
 
Бегей.
 
Әй,  шырақтарым
-
ай,  байқап  сӛйлемейсіңдер  ме?  Жан 
ашыр дос жақын адамның жарасын қасымас болар. Қайта сол жара 
жазылғанша, құрдас адам бір
-
біріне қамқоршы болмас па?
 
 
Қайып. Құрдастың әзілі 
 
дағы.
 
 
Қайып  қҧрдасы.  Бірі  қызын  алдырып,  бірі  келінін  қолды 
қалып,  бұлар  неғып  тып
-
тыныш  жатыр  екен?  Кешір  құрдас,  менікі 
тіпті әзіл де емес, уайым...
 
 
Қайып.
 
Олар  тыныш  қалатын  ауылдар  емес  қой.  Біздің  қай 
бағытқа кеткенімізді таппаған болар.
 
 
Қайып  қҧрдасы.  Олар  сіздерді  Маңғыстаудан  іздеп  жүр
-
ау, 
шамасы.
 
Қайып. Біз де сол есеппен Бегей жездені паналадық емес пе.
 
 
Бегей.
 
Құдайға  шүкір,  дау  ұзарса  шешімін  табар  деген... 
Ақыры  олар  да  шығар  біздің  ауылға.  Біз  де  қабырғалы  ел  емеспіз 
бе,  бір  амалын  табармыз.  Маңайдағы  бас  кӛтерген  ел  адамдарын 
сақтандырып та жатырмын.
 
 
Қайып қҧрдасы.
 
Ақбӛбек! Сен біздерді әңгімеге айналдырып, 
әнді  ұмытты  деп  ойлап  қалма,  сал  әніңе.  Ертеңгі  күні  Бесқала 
сапарында, ауылды сағынғанда, есімізге ала жүрелік.
 
Бӛбек.  Құрдас!  Мен  бұл  әндерді,  Қайып  әндерін  ешкім 
сұрамаса да айта беруге ӛмір бойы жалықпаспын! Қайта осындайда 
менен  қашан  Қайыптың  әнін  айт  деп  сұрар  екен  деп  тілеп 
отырамын. Рахмет сұрағыңа!
 
 
 
Бӛбек  ән  бастайды.  Ауыл  қыздары  қосылып  айтып,  әнді 
үйреніп отырады. 
 
 
Ән салсам аңқытады тіл мен таңдай,
 
Зер салсам ӛрнектерім күн мен айдай.
 
Сӛзіңе жалғыз ауыз зәру қылар,
 
Ақбӛбек, айтшы менің, мінім қандай?
 
 
 
Оһо
-
о
-
оу, мінім қандай
-
а
-
ау...
 
Мақпалдай құлпырады екі бетің,
 
Мақтадай үлбірейді
-
ау аппақ етің.
 
Деміңнен жұпар  есер, раушандай, 
 
Сен болдың, о дариға, есіл
-
дертім.
 
 
 
Оһо
-
о
-
оу, есіл
-
дертім
-
а
-
ау...
 
 

 
42 
Кӛпшілік Бӛбекке алғыстарын жаудырып жатады.
 
 
Дауыстар:
 
-
 
Тағы бір ән салшы!
 
-
 
Ең алғашқы шығарған Қайып  әнін айтшы...
 
 
 
 
Қайып  қҧрдасы.  Ӛнер  Қайыпта  деп  жүрсек,  нағыз  ӛнер 
Ақбӛбекте
 
ғой! Шіркін! Бұ жалғанда Ақбӛбек жалғыз болмағай дағы. 
Тағы  біреуінің  хабары  шықса,  мен  де  басты  тігер  едім  бәйгіге... 
Кетер едім іздеп...
 
 
Бегей.
 
Сұлу  сұлу  емес,  сүйген  сұлу  деген...  Әр  адам  ӛз 
зайыбын  жақсы  кӛрсе  Ақбӛбегі  қасында  отырар.  Міне  біздің 
Ақбӛбек! Қараңдаршы кімнен кем!..
 
 
 
Кӛпшілік күледі. Бегей бәйбішесіне мақтау сӛздер айтады.
 
-
 
Біздің жеңгейге кім жетсін?
 
-
 
Жеңеше,  сенде    ағайдың  ӛзіңе  арнаған  бір  әнін  айтып 
берші.
 
-
   
Бегей  бәйбішесі

Жұрттың  бәріне  бірдей  менің  інімдей  болу 
қайда?
 
Қайып  қҧрдасы

Құдайдың  әділетсіздігіне  таң  қаламын. 
Қайыпқа
 
бәрін бере салғанда, маған біреуін де қимаған.
 
Бегей  бәйбішесі.  Шетте,  елімнен  алыста  жалғызбын  деп 
жүргенде  Қайып  інім  мені  жеткізді  ғой.  Қолыма  келін  түсіріп,  анау
-
мынау  емес  әнші келін  түсіріп...  Ізеті  қандай, ӛнері  қандай...  Қайып 
әнінің тағы бірін айтып берші, Ақбӛбекжан... 
 
 
Бӛбек.
 
Жарайды, апа. Ән салады.
 
Кӛгімде бір жұлдыз тұр жарық жанған,
 
Хал сұрар кім бар біздей ғәріп жаннан.
 
Торығып зарланамын мен күркемде,
 
Кең дала қуықтай боп тарылғаннан.
 
 
 
 
Оһо
-
о
-
һоу
-
у
-
у, тарылғаннан
-
ай.
 
Аспанда бір жұлдыз бар Темірқазық,
 
Керторы оза шабар бауыр жазып.
 
Ақбӛбек тамағыңнан бір сүйгізсең,
 
Болар ед мен сорлыға  алты ай азық.
 
 
 
 
Оһо
-
о
-
оһу
-
у
-
у, алты ай азық
-
ай.
 
 
Қошамет сӛздер.
 
-
 
Пай, шіркін
-
ай!
 

 
43 
-
 
Айтады
-
ау!
 
-
 
Құдай қосқан ғой екеуін.
 
-
 
Екі жақсыны бір қоспайды дейтіні қайда?
 
 
Қайып қҧрдасы. Қайып, құрдас, ертең жолға шығар алдында, 
мына  Ақбӛбек  тамағынан  бір  сүюді  ұмытып  кетпе.  Сосын  жолда 
бізден тамақ дәметпейсің.
 
Қайып.
 
Бұл  ӛмірден  мен  ӛз  сыбағамды  толық  алған  жанмын. 
Қалғанының бәрін саған қидым.
 
Бӛбек.
 
Құрдас!  Менің  әкелген  қапшығым  да  сенікі  екенін 
ұмытпа.
 
Отырғандарду  күледі.
 
Қайып  қҧрдасы.
 
Мен  ол  дау  қапшықты  сатып  алсам  ба  деп 
жүрсем,  сен  маған  тегін  бермексің  бе?  Маған  да  Құдайдың  берері 
бар екен ғой!..
 
Отырғандар күліп, мәз болып қалады.
 
 
Кӛпшілік.
 
-
 
Бұның  ӛзі  бір  даукес  еді,  жақсы  болды,  бір  қап  дау  деген 
қалған ӛміріне азық болатын болды.
 
-
 
Бұл қызғаншақ, ешкімге татырмас...
 
-
 
Бір қап дау қаншаға жетеді екен?
 
-
 
Бір  қап  дау  ма?  Бір  қап  дау  ең  кемі  бір  ғасырға  жететін 
болар.
 
-
 
Біреуге қалдырып кетпесе, ӛзінің ғұмыры жетпейді десеңші.
 
Отырғандар күліп, мәз болып қалады.
 
Шымылдық.
 
 
 
 
2-
кӛрініс. Итбай ауылы.
 
 
 
Итбай ӛз үйінің тӛрінде домбыра тыңқылдатып, ойланып отыр. 
Үйге  бәйбішесі Гүлсара кіреді.
 
 
 
Гҥлсара. Кедей үйіне тӛрт
-
бес кісі келіп түсіп жатыр.
 
 
Итбай.
 
Менің аулыма келіп, менің үйіме түспей Кедейдің үйіне 
түссе  не  оңған  кісілер  дейсің...  Ел  аралап,  тамақ  асырап  жүретін 
қаңғыбастар шығар...
 
 
Гҥлсара.
 
Жоқ, “кӛліктері күліктей, жігіттері сүліктей” дейтіндей, 
дұрыс адамдар секілді.
 
 
Итбай.
 
Не ӛлеңдетіп отырсың? Адамдары сүліктей дейтін сӛз 
айта ма қазақ?
 
 
Гҥлсара.
 
Неге  айтпайды,  айтады.  Ықшам,  ыңғайлы  жігітті 
жүзіктің кӛзінен ӛткендей екен, сүліктей екен деп жатпай ма? 
 

 
44 
 
Итбай.
 
Қой  шырағым,  соңғысын  ӛзің  қосып  отырсың... 
Жарқыным,  Гүлсара  шешен,  Гүлсара  би  дегенге  артық  кетіп 
қалатының бар, сенің... Бұл жолы да солай болып тұр...
 
 
Гҥлсара.
 
Бай
-
еке, бұл сӛздің кемшілігі тек қана біздің ауыздан 
шыққанында болып тұр. Егер де атақты біреу айтса, “пай, пай, біздің 
пәленшекең,  түгеншекең  қалай  айтады”  деп  тамсанар  едіңіз  дағы. 
Би    қасында  жарлы  менен  жетімнің,  бай  қасында  жақын  менен 
қатынның аузынан шыққан сӛз де бақытсыз.
 
 
Итбай.
 
Пай,  пай!  Біздің  бәйбіше  бүгін  бабында  екен. 
Саулатуын
-
ай! 
 
 
Гҥлсара.
 
Бай
-
еке!  Қыдырып  ішкен  тамақтың  кенеуі  жоқ, 
қыдырып айтқан ӛсектің елеуі жоқ дегендей, сұрап алған мақтаудың 
да бағасы тӛмен... (Гүлсара сӛзін аятап үлгермейді)
   
 
 
Үйге Кедей бастаған Мамыртайлар кіреді. Сәлемдеседі.
 
 
 
Итбай.
 
Мамыртай  құда!  “Бауыздау  құдаңның”  үйіне  түспей, 
басқа үйге түсіп, бізді менсінбегеніңді сездіргенің бе? 
 
 
Мамыртай.  Құдай сақтасын.
 
 
Итбай.  Ӛзің  тура  келіп  сӛйлеспей,  Кедейді  тілмаштыққа 
ерітетіндей  не  боп  қалды?          Әлде,  бет  ұяларлық  айыпты  болып 
келдің бе?..                  
 
  
Мамыртай.  Танып отырсыз бәрін де.
 
 
Итбай. Бұ не суыт жүріс? Мал
-
жандарың аман ба? Не хабар?
 
 
Мамыртай.
 
Аманбыз. Суыт жүріп келгеніміз де рас... Сіз танып 
отырсыз...  Біз  онша  келісті  хабар  әкеліп  отырған  жоқпыз.  “Тілде 
сүйек жоқ” деген екен, қазағымыз... Мынау арсыз тілдің ауыз бармас 
нәрсені де айта алатынын ескерген болар...
 
 
Итбай Мамыртайға сақтана қарап қалады.
 
 
Итбай.
 
Әй,  Мамыртай!  Менің  әкем  баяғыда  ӛліп  қалған.  Не 
естірткелі отырсың. Айтшы айтарыңды!.. Естірт жаманатыңды!..
 
 
Мамыртай.
 
Тіл  былқылдақ,  айтқаныңа  кӛне  береді  дейтіндер 
қателеседі  екен.  Менің  тілім  бүгін  маған  кӛнер  түрі  жоқ.  Ағаштан 
істеген нәрседей қатып қалыпты...
 
 
Итбай.
 
Мамыртай,  неменеге  күмілжисің?  Немене  келін 
бірдеңеге ұшырап қалды ма?
 
 
Мамыртай. Ұшырады...
 
 
Гҥлсара. Алда, айналайын
-
ай! Жазым болды ма?
 
Мамыртай.
 
Одан да жаман... Келініңіз біреумен қашып кетіпті.
 
Гҥлсара. Кӛтек! О несі?..
 
 
Итбай.
 
А...  Не  дейді!  (орнынан  ұшып  тұрады,  кереге  басынан 
қолына  қамшысын  алады).  Айт  кәне!  Адайдың  сүйегіне  таңба 

 
45 
баспақ  болған  қай  ел?  Ӛзінің  бетіне  қоса  кӛрдегі  жеті  атасының 
сүйегін таңбалап берейін!  Қаптатайын мен қалың адайды! 
 
 
Мамыртай
. 
Кім  екені  әлі  белгісіз,  бірақ  ұры  сол  ӛз 
адайымыздан
-
ау дейміз...
 
Итбай.
 
Не  дейді,  мына  сорлылар?  Ендігі  жетпегені  осы  еді, 
мына  азған  адамға!..  Адамды  аздырған  заманға!..  Іні  ағаға,  бала 
әкеге, қыз анаға қарсы келеді деген не масқара!.. 
 
 
Итбай ызадан жарылардай боп отырып қалады.
 
 
Итбай.
 
Кімге алдырдыңдар? Кім сіздерді қорлап отырған? Айт 
кәне, менің жесіріме қол салуға батылы барған
 
қай ауыл?
 
Мамыртай
. 
Құда! Біздің...
 
Итбай.
   
Жап  аузыңды.  Тоқтат  енді  құда  деген  сӛзіңді...  Қай 
бетіңмен маған құда деп отырсың?..
 
Мамыртай
. 
Ақсақал...
 
Алып қашқан белгілі ауыл емес, жалғыз 
басты  жігіт  секілді.  Қыз  жасауын  жасақтауға  алдырған  етікші  ме 
деген қаупіміз бар.
 
Итбай.
 
Ой, 
шіркін
-
ай! 
Мына 
қорларды
-
ай!..
 
Есіктегі 
жалшысына  қыз  алдырып!..  Елі  жоқтың  қай  биімен  дауласарсың?.. 
Ері  жоқтың  қай  батырымен  жауласарсың?..  Кімнен  кегіңді 
аларсың?..  Құдай  шұнақ
-
ай!  Жаманаттасқасын  тістескен  жерде  тіс 
кететін,  ұстасқан  жерде  қар  үзілетін,  жау  да  тап  болмай?..  Салт 
басты, сабау қамшы біреу дейді?.. (Ызадан қалшылдап):
 
Қорлық
-
ай... мына қорлықты
-
ай!.. Шауып алар байы жоқ, айдап 
алар  малы  жоқ...  Шулатып  айдар  елі  жоқ...  Рулы  ел  маңыңнан 
сескеніп  ӛтетін,  біздің  айбынымызға  не  болған?..  Енді,  сонда 
жетімдер ауыз салатын шамаға жеткеніміз бе?.. 
 
Кедей.
 
Соқа  бас,  сабау  қамшы  қаңғыған  жалғызға  қыз 
алдырып отырсыздар, ә...? Қуғыншы кетті ме, із кесуге?
 
Мамыртай
. 
Баланың  жоқ  екенін  сәске  түсте  байқап,  бірден 
қуғыншылар  кетті.  Маңғыстаудың  ойына  құлайтын  екі  бағытқа  да 
қуғыншы жібердік.
 
Кедей.
 
Маңғыстауға қашпай басқа жаққа кетсе не істейсіңдер?
 
Итбай.
 
Осылар не істеуші еді!.. Кедей, тыңда мені! Ұстасатын 
рулы  елі  болмаса,  жауласуға  тұрарлық  анық  жауың  болмаса  мен 
тындыратын іс емес екен мынауың... Анау Есберген ініңмен ақалдас 
та
 
қалған шаруаға сен ие бол... Енді мені араластырма, бұл іске...
 
Мамыртай.
 
“Айыпкерде  айбат  жоқ”  –
 
дегендей,  үйіңе  тіке  де 
келе  алмай...  Алдымызға  мына  Кедей  батырды  салып...  Сол 
айбатсыз  айыпкер  біз  болып  қалдық.  Біз  ұятты  болдық.  Не 
десеңдерде  иілген  бас
 
мінеки.  Кесем  десең  кесесің,  жазалаймын 
десең жазаға кӛнеміз. Есжан құдаларың...
 

 
46 
Итбай.
 
Жап  деп  едім  ғой  аузыңды!  Айтпадым  ба,  мен  саған? 
“Иттің  бажасы”  кӛп  деген,  ана  бұзылған  қыздарың  тірі  болса 
талайлармен құда қылар сіздерді, әлі... Тек қана менімен емес...
 
Мамыртай

(Ашу  шақыра,  сыздана  сӛйлеп,  даусы  пыси 
бастайды).
 
“Бұға берсе сұға  береді”  –
 
деген  екен,  бұрынғылар!  Ит
-
еке!  Біздің  намысымыз  сіздікінен  аз  тапталып  отырған  жоқ. 
Шамадан шығып кетпеңіз!..
 
Итбай.
 
Есігіңдегі жалшысын тыя алмай отырып, маған
 
қайрат 
кӛрсетпекші, мына сорлы!.. 
 
Мамыртай.
 
Ит
-
еке,  жетер  бізді  осы  балағаттағаныңыз!..  Енді 
бізде де әңгіме басқа!.. Біз қызымыздың басын босат деп сұрағалы 
келдік!..  Тап  осы  жерде,  кәзір  босат!..  Айыбымызға  сұрағаныңды 
аласың.  Алған  қалыңмалындай  тағы  бір  қалыңмал    алыңыз... 
Тапталып жатқан намыс  та біздікі, қашып кеткен  қыз  да біздікі... Би 
алдына  да  барамыз,  хан  алдынан да  қаймықпаймыз!..  Сол  қыздың 
тапталғаннан қалған арын да қорғаймыз!.. Қыз да біздікі!.. Сүйек те 
біздікі...
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет