Сайын Назарбекҧлы


Есжан.  Жарайды,  доғарыңдар. Балам,  той  күні  жақындағанда  кӛшіп қонатын, той ӛткізуге ыңғайлы қоныс қарастырып қой.     Қойлыбай



Pdf көрінісі
бет4/28
Дата26.02.2017
өлшемі1,49 Mb.
#5000
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

Есжан.  Жарайды,  доғарыңдар. Балам,  той  күні  жақындағанда 
кӛшіп қонатын, той ӛткізуге ыңғайлы қоныс қарастырып қой.
 
 
Қойлыбай.
 
Қарастырдық та, таптық та. Мал түгілі аң баспасын 
деп қорық та қойып қойдық.
 
 
Есжан.  Бәрекелді,  балам.  Жұрттың  бәрі  шаруаға  сендей 
тиянақты болса ғой!.. Дұрыс болған
.  
Ал, Келін! Бӛбек заттарының дайындығы қалай? 
 
Дина.
 
Бәрі  дұрыс.  Тек  қана  қызыңыз  бітіп  қалған  әр  нәрсенің 
мына  жері  былай  екен,  ана  жері  анадай  екен  деп,  қайта
-
қайта 
бұздыра береді. Үлгереді ғой.
 
Есжан.
 
Шеберге айтыңдар, сұрағанын алады.
 
Қойлыбай. Бір үйір жылқы сұраса қайтесің?
 
Есжан.
 
О  кісіде  де  жоба  бар  болар.  Істеген  заты  Бӛбек 
кӛңілінен шықса, не сұраса да алады. Сұрағанын береміз.
 
Қойлыбай.
 
Сонша  оңай  олжа  табады,  неге  шыр  бітпейді, 
осындайларға...
 
Есжан.
 
Балам!  Келісіп  қоялық.  Егер  жасау  Бӛбек  кӛңілінен 
шығып  жатса,  бір  үйір  жылқыны  шебердің  ӛзі  таңдап  алады.  Ал 
ортаңқол нәрсе боп шықса үйірді ӛзің таңдап берерсің.
 
Дина.
 
Жұмсап  жатқан  асыл  тастары  мен  алтын
-
күмістерінің 
шеті  жоқ.  Бӛпежанның  жасауы  ешкімде  болмаған  жасау  болатын 
болар.
 
Қойлыбай.
 
Сонша асыл заттарды қайдан алады? 
 
Дина. Қара тасты отқа салып балқытып күміс ағызып аламын 
дейді. 
 
Сәнтӛре.
 
Рас па, келін?
 
Дина.
 
Рас, рас... 
 
Есжан.
 
Жә, жетер. Шаруаларыңа барыңдар.
 
 
Кетеді. Шымылдық.
 
9-
кӛрініс. Тҥн. Шебер ҥйінің сырты. Бӛбек сыры. Табысу.
 
  
 
Түн

Бӛбек  жалғыз  ӛзі  жасырынып  Қайып  шеберханасына 
жақындайды. Іштен Қайыптың “Құан нар” сазымен ыңылдаған сазы, 
оған  қосарлана    балға  дыбысы  да  естіліп  тұрады.  Бӛбек  те 
ыңылдап,  әнді  жаттап  тұрады.  Сахнаның  бір  шетінде  етік  тігіп 
отырған  Қайып,  екінші  шетінде  ән  тыңдап  тұрған  Бӛбек.  Аузында 

 
29 
ағаш шегелері бар Қайып ыңылдап отырады. Шеге таусылса ӛлеңді 
сӛзбен айтады.
 
 
 
 
Бӛбек.  (сыбырлап)
 
Әй,  етікші!  Әлгі  әніңнің  сӛзі  қалай  еді?.. 
Ақбӛбек  тамағыңнан  бір  искетсең?..  Әлде  бір  сүйгізсең?..  Содан 
соңғы  жолы  қалай  еді?..  Ұмытып  қалыппын?..  (тығыршып  сәл 
тұрады).
 
Мына  етікші  бұлданып  айтпай  қойды  ғой...  Қой,  кетейін... 
Кӛзге түсіп қалармын...
 
 
Сӛзі айтылмаған әнді тыңдағысы келмеген Бӛбек қайтып бара 
жатады. Сол кезде Қайып әні естіледі. Қыз кері қайтады.
 
 
Қайып

(ӛте мұңды да, сазды  дауыспен)
 
Ән салсам аңқытады тіл мен таңдай,
 
Зер салсам ӛрнектерім күн мен айдай.
 
Сӛзіңе жалғыз ауыз зәру қылар,
 
Ақбӛбек, айтшы менің, мінім қандай?
 
Бӛбек. Тағы жаңа ән шығарған ба, мына етікші!?
 
 
 
Етікшінің  етік  тігіп  отырғаны,  аузының  да  бос  емес  екені 
байқалады. Арасында ӛлеңін жалғастырады.
 
 
Қайып

Мақпалдай құлпырады екі бетің,
 
Мақтадай үлбірейді
-
ау аппақ етің.
 
Деміңнен жұпар  есер, раушандай, 
 
Сен болдың, о дариға, есіл
-
дертім.
 
 
 
Оһо
-
о
-
оу, есіл
-
дертім
-
а
-
ау...
 
 
Бӛбек.  Сен  білсең
 
етті  ғой,  ағатай!..  Кімнің  есіл
-
дерті  кімде 
болып жүргенін?
 
Қайып.  (балғасын  тастай  салып,  қолына  домбыра  алады.
 
Ӛлеңін жалғастырады).
 
Әуеде бір жұлдыз бар Темірқазық,
 
Керторы оза шабар бауыр жазып.
 
Ақбӛбек тамағыңнан бір искетсең,
 
Болар ед мен сорлыға  алты ай азық.
 
 
 
 
Оһо
-
о
-
оһу
-
у
-
у, алты ай азық.
 
 
Бӛбек. (Қосылып айтып тұрады).
 
Ақбӛбек тамағыңнан бір искетсең,
 
Болар ед мен сорлыға  алты ай азық.
 
 
 
 
Оһо
-
о
-
оһу
-
у
-
у, алты ай азық.
 
 

 
30 
 
Бӛбек үй сыртынан есікке жақындайды. Кіргісі келеді. Батылы 
бармайды.  Киіз  үй  босағасына  сүйенген
 
Бӛбектің  жылап  тұрғаны 
байқалады.  Ән  тоқтайды.  Бӛгде  дыбысты  байқап  қалған  Қайып 
далаға шығады.
 
 
 
Қайып.  Жаным
-
ау,  Бӛбекпісің?  Қараңғыда  неғып  тұрсың? 
Жалғызбысың?
 
 
Бӛбек.
 
Жоқ, біз екеуміз. 
 
Қайып. Ешкім кӛрінбейді ғой.
 
Бӛбек. Ол кісі
 
кӛрінгісі келмейтін кісі. Менің жүрегіме ұрланып 
кіріп алып, енді шыққысы келмей жүр.
 
Қайып.  Бӛбекжан
-
ай!  Мына  сӛзің  маған  жұмақтың  тӛрінен 
орын беріп, ұшпақтың шыңына шық деп шақырып тұр ғой! Ол кісінің 
атын білуге болмас па екен?
 
Бӛбек.  Ағатай!  Мені  енді  ешқашан  Бӛбек  деп  айтпаңызшы! 
Ақбӛбек  деп  атаңызшы.  Мен
-
ақ  болайын,  Сіздің  іздеп  жүрген 
Ақбӛбегіңіз!
 
 
Екеуі бір
-
біріне ұмтыла құшақтасып  ұзақ  тұрысып қалады.
 
 
Қайып.  Бауырындағы қызды құшарлана қысып, үздігіп:
 
Желден жүйрік Ақбӛкен! Қиялдағы ақ арман!
 
Періштенің нұрындай  Ақбӛбек!
 
 
Қайып сәл кідіріп, ӛлең құрастыра бастайды.
 
 
Қол жетпес, ұсынғанмен, Ақбӛбегім!
 
Арманым, желден жүйрік, Ақбӛкенім! 
 
Сыңары махаббаттың арман аққу,
 
Болар ма мына күрке бақ мекенім?!
 
 
Ойланып  тұрып  қалады.  Бӛбектің  екі  бетінен
 
ұстап,  ӛзінен 
алыстата, телміре қарап қалады. 
 
 
Қайып.
   
Армандаудың  ӛзі  күпірліктей  боп  кӛрінген  менің  бақ 
құсым!.. Дәметпейтін жерден, қалайша менің басыма қона қалдың? 
Тек  қана  жарлының  жыртық  күркесі  саған  бақ  мекен  бола  алса 
жарар еді?!.
 
Бӛбек.  Ағатай,  біздің  бұл  ісіміз бағымызға  ма, сорымызға  ма, 
ол  әлі  белгісіз...  Бірақ  болары  болды,  мен  жүрек  еркіне  бағынып 
қалдым... Мен ӛзімді тоқтата алмадым!
 
Қайып. Ақбӛбегім менің!..  Бақытым менің!.. Арманым менің...    
 

 
31 
Бӛбек. Ағажан
-
ай! Сіздің айтып тұрғандарыңыздың бәрі менің 
сӛзім ғой... Сізден бұрын мен айтқанмын, сізге арнап, бұ сӛздерді!.. 
Бақыт  құшағын  ашқан  да,  бақ  мекенін  тапқан  да,  Мен!..  Мен 
дегеніме  жеттім,  міне  армандаған  бақыт  құшағым!  Таптым  да,  еніп 
кеттім!
 
Осы бір сәтті бар қалған ғұмырыма айырбас етпеспін! 
 
Қайып.
 
Түсім  емес  пе?..    Бұ  не  ғажап!..  Ей  Алла!  Артын 
сұраусыз ете кӛр!
 
Бӛбек.
 
Ӛңің  ағажан,  ӛңің!  Менің  де  ӛңім!  Міне,  мен  сан  түнгі 
азабымның  есесін  қайтарған,  аялы  құшақта  тұрмын,  сіздің 
құшағыңызда тұрмын!
 
Қайып.  Ақбӛбегім  менің!  Жүрегіме
 
бал  тамызған  тіліңнен 
айналайын, сенің! Тек әттең...
 
Бӛбек.
 
О  не?..  Ол  неткен  әттең?..  Осындай  сәттің  де  әттеңі 
болушы ма еді!..
 
Қайып.
 
Тек  қана...  Мендей  жарлыға,  мендей  жалғызға  қыз 
бермек түгіл, бұл туралы ойлауға да ұрқсат бермес... 
 
Бӛбек.  Сіз  кӛнсеңіз  мен  ешкімнен  де  ұрқсат  сұрамаймын. 
Маған жүрегім ұрқсат еткен!..
 
Қайып.  Асыраған  әке  мен  шешені    қайтеміз?  Бӛбегім  деп 
әлпештеген елді қайтеміз?
 
Бӛбек.
 
Шынында  да,  жұрт  не  дер  екен?  Ей  Алла  тағала, 
кешіре  кӛр,  ӛзіне
-
ӛзі  ұя  салмақ  болған,  мына  ақымақ 
балапаныңды...  Үйірден адасқан құлыншағыңды...
 
 
Қайып  қайтадан  шабыттана,  ӛлең  жолдарын  құрастыра 
бастайды.
 
 
Қайып.
 
Бітімің арғымақтың құлынындай,
 
Кӛз тартып құлпырасың құбылып
-
ай.
 
Шынымен кӛңіліңді берсең маған, 
 
Мен даяр кетуге елден шығынып
-
ай!
 
Бӛбек. Қайып аға! Ендігі жерде тек қана кӛңілімді емес, тұтас 
жан
-
тәніммен ӛзімді де бердім, сізге. Ұстадым етегіңізден!
 
Қайып.  Ақбӛбекжан
-
ай!  Жалғыз  едім!  Жеткізе  алар  ма 
екенмін,  арманыңа!  Жарлы  едім!  Жауап  бере  алар  ма  екенмін, 
талғамыңа!
 
Бӛбек.  Менің  бақытым барлықта  да  емес, байлықта да  емес! 
Анау  жасаған  ғажайып  сәнді  заттарыңыз  мені  сіздің  ӛнеріңізге 
ғашық  етті!  Асып
-
тасып,  тӛгіліп
-
шашылып  жатқан  ӛлеңдегі  сӛздер 
мен  сезімдер  мені  ӛзіңізге  ғашық  етті...  Мен  ғашықпын!..  Мен 
ғашықтықтың  не  екенін  түсіндім!..  Мен  бақытымды  таптым!..  Мен 
махаббат дәмін таттым!.. Сіз мені бақытты еттіңіз!
 

 
32 
Қайып.  Ойпырмай,  қалқам
-
ай!..  Мен  мына  жүкті,  мына  бақты 
кӛтере  алсам  жарар  еді?..    Ойланып  айтып  тұрсың  ба?..  Артының 
ӛкініші болып жүрмесін!..
 
Бӛбек. Мен ойланып та толғанып та болғанмын... Ақылдасып 
та кӛрдім... Жан сырласым, жан досым деп жүрген туған жеңгем де 
мені  түсіне  алмады...  Елдің  әдеті  дейді,  жұрттың  ғұрыбы  дейді. 
Айтып отырса бұлардың елі де, елі шығарған  ережесі де маған, тек 
маған  емес  бар  қазақ  қызына  қарсы  шығарылған  екен...  Қыз 
біткеннің жүрегі бар екенін, оның сүйгісі келетінін бұ қазақта бұрын 
еш жан ойламаған секілді...  Махаббатқа бәрі қарсы... Біз екеуміз бұ 
елде ғашық болғандардың алғашқылары боламыз...
 
Қайып.  Күнім
-
ай!  Мына  сӛзің  мені тап  қәзір  ӛлетін  болсам
 
да 
армансыз ӛтетін етті
-
ау, бұ  Жалғаннан! Менде енді арман жоқ! Тек 
сол армансыз ӛмірді қалай бастасам екен?
 
Бӛбек.  Бір  бабаң  айтыпты  ғой:  “Ер  жігіт  екі  кезде  ойланбас 
болар.  Бірі  –
 
жасанып  алдында  жау  тұрғанда,  тағы  бірі  –
 
жәудіреп 
алдында ғашығы тұрғанда” –
   
деп... Тәуекел ет!.. Тәуекел етелік!..
 
Қайып.  Мен  тәуекелге  сенің  ақ  балтырың  алақаныма  түскен 
сәтте
-
ақ  бекінген  едім!  Бірақ  ол  кезде  орындалмас  арман  ғана 
секілді болатын.
 
Бӛбек.  Мені  ұзататын  күндері  жақын.  Енді  орындалмас 
арманның  орындалуы  тек  ӛзіңе  ғана  қарап  қалды...  Не  дейсің, 
Қайып аға!..
 
Қайып. Мен не дейін, күнім!
 
Бір
-
екі күн мұрсат бер. Мен бізге 
болашақта  пана  боларлық  ел  іздеп  келейін.  Нағашыларымның 
тамырын басып байқайын. Елі бұл арадан қашықтау бір жездем бар 
еді, хабар жіберейін. Біреуіне барып тұрақтармыз. Сен дайын бол... 
 
Бӛбек.  Мен  дайынмын  ғой...  Әйтпесе,  осылайша  ӛзім  саған 
құда түсемін бе?..
 
Қайып.  Ниетіңнен  айналдым,  менің  Ақбӛбегім!  Мен  ертең  бір 
сылтаулар айтып жеңгеңнен ұрқсат сұрайын.
 
Бӛбек.  Жеңешеме  де  сездірме.  Кейін  аға  алдында,  ауыл 
алдында күнәлі болып қалмасын.
 
Қайып.
 
Жарайды, жаным, жарайды...
 
 
Шымылдық.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
10-
кӛрініс. Есжан ҥйі.
 

 
33 
 
 
Есжан байдың ошақ басы.
 
 
 
 
Есжан. Той күні де жақындап қалды. Дайындық шаруалары да 
аяқталуға тақау. Балам ел
-
жұрт түгел хабарланды
 
ма екен?
 
 
Қойлыбай.  Әке,  бәрі  хабарланды.  Аламан  бәйгенің  бас 
жүлдесі алтын тай тұяқ пен жүз жылқы дегесін, ат әкелмейтін ауыл 
қалмайтын  реті  бар.  Кейбіреулер  жеті  орын  емес,  он  орынға  бәйгі 
берілсе деп қолқа салады дейді. 
 
Есжан.
 
Ауылдың  ақсақалдарымен  ақылдас,  сосын  маған 
айтарсың.
 
Қойлыбай.
 
Жарайды, әке.
 
Есжан.
 
Бәйбіше!  Бӛбекжанның  жасауы  қалай,  дайын  болды 
ма?
 
Сәнтӛре.  Келіннен  ұлқсат  сұрап  кеше  шебер  аулына  кетіпті. 
Сәукеленің  маңдайына  салатын  тас  іздейді  екен.  Жасауын  қарап 
келдім.  Біз  кӛрмеген  ерекше  сәнді  бұйымдар!..  Бӛбекжанның 
жасауы біз  осы жасқа келгенге дейін кӛргендердің барлығынан да 
ілгері болатын реті бар.
 
Есжан.
 
Бұлар  жеті  атасынан  ӛнер  қонған  адамдар  ғой. 
Осындай    ӛнерлі  адамдар  арқасында  еліміз  адай  шебер  ел,  адай 
зергер  ел  деген  атаққа  ие  болып  жатады.  Шеберді  ренжітпей 
жіберіңдер.
 
Қойлыбай.
 
Айттың ғой, сұрағанын алады...
 
 
Шымылдық.
 
 
 
11-
кӛрініс. Дина мен Бӛбек шебер ҥйінде.
 
 
 
Бӛбек пен Дина шебер үйінде.
 
 
 
Дина.  Сау саламат оралдыңыз ба, сал жігіт!
 
 
Қайып. Ӛздеріңіз де амансыздар ма?
 
Дина.
 
Гауһар  ма,  лағыл  ма,  аты  қалай  еді,  іздеп  кеткен 
тасыңыздың?  Таудан  тас  іздеймін  деп  едіңіз,  табылды  ма 
іздегеніңіз? Әлде тасты сылтау етіп ел қыдырып жүрсіз бе?..
 
Қайып.
 
Таудан тас та іздедік. Ауылға да бардық. Бірақ сіздерді 
сағынып,  тездетіп  қайтып  келдік.  Бұл  ауылға  бауыр  басып 
қалыппыз.
 
 
Бӛбек Қайыпқа қарап күлімсірейді.
 
 

 
34 
 
Қайып.  Бірақ,
 
Бӛбек  сәукелесінің  маңдайына  лайық  тас 
таптырмады.
 
 
Дина. Қайным, қорқытпа бізді.
 
 
Бӛбек.  Тас  таппасаңыз,  үйде  сәукеле  бар  еді.  Мүмкін  соның 
тасын аларсыз.
 
 
Қайып. Ӛзіңізге ұнаса, ауыстырып салалық.
 
 
Дина

(кӛрпемен жабылған, ӛзі үстінде отырған қапты қолымен 
шұқып)
 
Шебер  қайным,  мына  қабыңызда  не  бар  осы,  ортаймайды 
да, ашылмайды да...
 
 
Қайып.  Күмісім  таусылса  балқытып  алайын  деп  алып  келіп 
едім. Күміс аралас тас, топырақ қой.
 
 
Бӛбек. Алтынды да ӛзің балқытып аласың ба?
 
 
Қайып.  Бәрін  де  ӛзіміз  істейміз.  Тас  бетін  ӛңдеуді  де  үйреніп 
алдық.
 
 
Бӛбек. Жеңеше, сәукелені алып келші.
 
 
 
Дина. Қәзір, алып келейін. Кетеді.
 
Қайып. (Бӛбекке жақындап, қолынан ұстайды).
 
Үш күннің соншама ұзақ уақыт екеніне енді кӛзім жетті.
 
 
Бӛбек. (Қайыптың бауырына тығылып)
 
Үш күннің қаншалықты 
ұзақ уақыт екендігі маған аян, тек қана маған аян.
 
 
Қайып.  Сен  есіме  түскенде  сағыныштан  қолқам  ба,  жүрегім 
бе, ӛкпем бе, әйтеуір іш жағымда бір жерім үзіліп кете жаздайды... 
Не  екенін?  Мен  ендігі  жерде  сенсіз  бір  сәт  ӛмір  сүре  алатын 
емеспін...
 
 
Бӛбек.
 
Менің  ойымды Қайып  деген  кісі  ұрлап  алып,  сосын  ӛз 
сӛзі етіп айтуға қандай шебер еді...
 
 
Қайып.
 
Менің жүріп ӛткен жерімнің бәрі Ақбӛбек деп ән салып 
жатқан болар, бұ күндерде...
 
Бӛбек. Қайда барып қайттың? Жүрген жағың аман ба?
 
Қайып.  Бәрі  ойдағыдай.  Бұ  жерден  айлық  жолдағы  апа
-
жездеме хабар жібердім.
 
Бӛбек. Айлық жерге қалай жетеміз?
 
Қайып.  Біз  бірден  таптырмай  кетпесек  болмайды.  Осы 
маңайда қалсақ ұстап алады. 
 
Бӛбек. Ұстап алса не істейді?
 
Қайып.  Айттырулы  қызды,  тойға  дайындалып  жатқан 
қалыңдықты    алып  қашқанды,  әсіресе  мен  секілді  қорғаны  жоқ 
жалғызды аямайтын болар.
 
Бӛбек.  Не  дейді?  Адам  адамды  сүю  үшін  жаратылмай  ма? 
Шын ғашық болды деп кісіні жазаға кесетін қандай заң?
 
Қайып. Ұстап алса саған да оңай тимейді.
 
Бӛбек.  Маған  сенсіз  ӛмірдің  қажеті  жоқ.  Сенен  айрылған  күні 
бүл  тірлікпен  қош  айтысамын.  Мен  ӛз  заңымды  шығарып  та 

 
35 
қойғанмын...  Ант  етемін,  мен  тек  қана  сенімен  Ақбӛбекпін.  Жай 
Бӛбек  болып  қала  алмаймын,  мен,  ендігі  жерде.  (Бӛбек  Қайып 
құшағына енеді)
 
Қайып.  Ертең  ел жата  осында  кездеселік.  Сол сәттен  бастап 
сен мәңгілік Ақбӛбексің! Менің Ақбӛбегімсің!
 
 
Бӛбек. Мен ат дайындатайын ба?
 
Қайып.    Жоқ.  Екеуміз  Жалғыз  тӛбеге  дейін  Керторыға 
мінгесеміз. Сол жерде мені бір досым қос атпен күтіп тұрады.
 
Бӛбек. Қайда кетеміз?
 
Қайып. Ешкім таппайтын жерге.
 
 
Динаның  келе  жатқаны  байқалады.  Бұлар  құшақтарын 
жазысады. Дина кіреді.
 
 
Дина. 
Состыйып 
неғып 
тұрсыңдар?
 
Мен 
кеткелі 
орындарыңнан қозғалмағаннан  саусыңдар
 
ма?
 
Бӛбек. Қалай? Барып келе қалдың ба?
 
Қайып.  Үй арасы жақын ғой.
 
Бӛбек.  Жүгіргеннен саумысың?
 
 
Дина.
 
Жүгіргені несі. Жай ғана, бардым да, келдім.
 
Қайып. Кәне, мына сәукеленің тасын кӛрелік.
 
Бӛбек. Бұл тас маған ұнайды.
 
Қайып.    (сәукелені  қолына  алып  қарайды)  Шындығында  да 
тамаша дүние екен. Шебердің атын білмейсіңдер ме? 
 
Дина.
 
Бұл  сәукеле  осы  үйде  ертеден  бар  секілді.  Кім 
жасағанын білмедім.
 
Бӛбек.  Сұрамағасын  білмейсің,  әйтпесе  бұл  сәукелені  әрі 
ақын, әрі зергер Елбай деген кісі жасапты.
 
Дина.
 
Қайып қайным да әрі ақын, әрі зергер. Шебер біткеннің 
бәрі ақын бола ма? Жоқ, ақынның бәрі шебер бола ма?
 
Қайып.    Кім  білген?...
 
Ал,  мынау  ғажайып  дүние  екен.  Біз 
бүлдірмелік. Жеңгей орнына апарып қойыңыз. Тас табылар. 
 
Бӛбек. Ӛзіңіз біліңіз.
 
Дина.
 
Шебер қайным,
 
біз қайталық.
 
Қайып.
 
Рахмет жеңгесі. Қош болыңыз.
 
 
Бӛбек пен Дина кетеді.
 
Шымылдық.
 
 
 
12-
кӛрініс. Ғашықтар шешімі.
 
 

 
36 
 
Сахнаның  бір  шетінде  қолында  түйіншегі  бар  Бӛбек,  бір 
шетінде  құрал,  заттарын  жинастырып  кетуге  дайындалып  жүрген 
Қайып. Екеуінің сӛзі кезек
-
кезек естіледі.
 
 
 
Қайып.  Ауыл  тынышталды
-
ау!  Бӛбек  ұйқтап  қалмаса  жарар 
еді... Қой, ұйықтамас... Қалай ұйқтайды?.. Ұйқы қайда?..
 
 
 
 
Қолында түйіншегі бар Бӛбек табалдырықтан аттамақ болып, 
ӛзімен ӛзі сӛйлесіп тұрады.
  
 
Бӛбек.  Талай  кіріп
-
шығып  жүрген  табалдырығым!  Сенен  осы 
жолы  аттай  алмай  тұрғанымды
-
ай!  Кім  ойлаған?..  Бұл  қадам 
бақытқа ма? Қасіретке ме?..
 
 
Қайып.
 
...Ал,  “Қайып  жетім”,  “Етікші  бала”,  “Күміс  кӛмей  әнші 
жігіт”,  “Бармағынан  бал  тамған  зергер”,  “Бес  аспап  шебер”  –
 
бәрі 
Қорабайдың  Қайыбы...  Не  арманың  бар?..  Айт  кәні!..  А,  ...а... 
Армансызбын деймісің!.. Солай болар!.. Алланың берері кӛп... 
 
 
Бӛбек. 
 
Әрине  бақытқа!  Мен  Қайыптың  кӛлеңкесінде 
ӛткізген әр сәтімді бір жылдық ӛмір деп бағалармын... Сонда бақыт 
дегенің телегей теңізге айналып жүре бермей ме?..
 
Қайып.  Алла  тағала,  рахмет  саған,  мың  рахмет,  жарылғадың 
мені!.. 
 
Бӛбек.
 
Қасіретке болса ше?.. Онда жайына жүрген ана жалғыз 
байғұстың обалына қалатын болармын?.. Тағдыр маңдайымызға не 
жазса да, тек Қайып ӛкінбесе екен!..
 
Қайып.
 
Жыртық едім –
 
бүтіндедің!.. 
 
Жалғыз едім –
 
жар құштырдың!.. 
 
Жарлы едім –
 
бәрінен де бар еттің!.. 
 
Бақыт ӛзі келіп қонды басыма!.. Тек баянды ете кӛр... 
 
Бӛбек.
 
Ей,  Алла!..  Мына  аттағалы  тұрған  қадамымды  құтты 
ете  кӛр...  Тәуекел...  Не  де  болса  аттадым...  Бақалардың  маған 
дайындаған  ұясына  қонғым  келмеді...  Қош  бол  алтын  босағам,  ӛз 
ұясын ӛзі салғысы келген қарылғашыңды кешіре кӛр!.. 
 
 
Табалдырықты аттайды.
 
 
Қайып.
 
Ей  Алла!  “Аш  отырып  ас  таңдаған,  жаяу  жүріп  ат 
таңдаған”  –
 
дейтін  нағыз  мен  болдым...  Бұл  тағдырына 
қанағатсыздықтан  туған  қимыл  емес...  Мені  бәрінен  бар  еткен 
болатынсың...  Оған  қоса  махаббат  сыйладың...  Осы  бергеніңді  тек 
кӛпсіне  кӛрме!..  Тек  ұзағынан  бере  кӛр!..    Қолын  жайып,  бетін 
сыйпайды. 
 
 

 
37 
Сахна  ортасына  екі  жақтан  Бӛбек  пен  Қайып  біріне
-
бірі 
құшағын жайып келе жатады.
 
Шымылдық.
 
 
 
 
 
 
 
 
13-
кӛрініс. Есжан ҥйіндегі қапылыс
 
 
 
Сахнада Есжан үйі. Сәнтӛре мен Дина.
 
 
 
Сәнтӛре. Келін
-
ау!.. 
 
 
Дина.
 
Ие, ене!..
 
  
Сәнтӛре.
 
Сен  түскенде,  есіңде  ме,  біздің  Бӛбек  маңдайында 
құрттай кекілі бар бала емес пе еді...
 
 
Бӛбек.
 
Әрине  есімде.  Мен  оны  кӛпке  дейін  ұл  бала  деп 
ойлағанмын.
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет