Байланысты: «Сала экономикасы және өндірісті ұйымдастыру»
3. Операциялардыуақыт бойынша сипаттау Операциялар кеңістікте және уақыт бойынша орындалады. Кеңістікте операцияларды орындау үшін қажет жұмыс орындарының санын ұйымдастырады. Жұмыс орындары машиналармен,құрылғылармен жабдықталады. Бір операцияны орындау үшін керек жұмыс орнының саны әртүрлі және осы операциясының тактысына және өндіріс процесінің тактісіне байланысты болады.
Операцияларды уақыт бойынша сипаттауға такт және ритм қолданылады.
Операция такты - ол операцияны орындау кезіндегі дайын өнімнің не жартылай фабрикаттың екі бірлігін шығару арасындағы ең аз уақытты айтады. Дайын өнім бірлігіне мин/тонна, сек/кг өлшенеді. Операцияларды салыстыру үшін олардың тактыларын бір өлшемге келтіреді. Операцияның тактысын (t) уақыт нормасы бойынша (өнім өндіру нормасы) (Н в), жұмыс орындарының санын (Рм), әрбір жұмыс орнындағы жұмысшы санын (Р) , норманы орындау деңгейін ескеріп анықтайды.
Қолмен істелетін операцияларда to = Нв / Р * Рм * К
Н в-өнімнің не жартылай фабрикаттың бір бірлігін шығаруға кеткен уақыт мин, сек.
Р-осы операцияны орындайтын жұмысшы саны
Ро-жұмыс орындарының саны
К-операциядағы өнім өндіру нормасын орындау деңгейін сипаттайтын коэффициент.
Құрал-жабдықтары бар операциялар үшін
n
to = 60 / å ( Пi * Ро ) ;
i=1
Пi- і құрал жабдықтың өнімділігі кг ¤ сағ
n-құрал – жабдықтар саны
Ро - жұмыс орындарының саны
Операция ритмі - ол операцияны орындау кезіндегі өнімнің не жартылай фабрикаттың екі бірлігін шығару арасындағы жоспарлы уақытты айтады.
r = (Тсм – Тп) / а
мұндағы Тсм - смена ұзақтығы, мин; Тп-смена ішіндегі реттелген үзілістер, мин; а- операцияны орындайтын жұмысшыларға жоспарлы тапсырма , сменасына кг.
Операция ритмі жоспарлы тапсырмаға байланысты және операцияның тактысына қарағанда тұрақты шама. Өндіріс процессін ұйымдастыруды талдағанда операция ритмін оның тактысымен салыстырады. Операция ритмі үнемі операция тактысынан үлкен немесе тең. (r Ê t) Операция тактылары мен ритмдері жұмыс орындарында жоспарлы тапсырманы орындауды ұйымдастыру үшін өте үлкен маңызы бар. Жұмыс орындарында операция ритмі тактыға сай болса, жұмыс уақыты мен жабдық толық пайдаланылады. Егер операция ритмі тактыдан үлкен болса, онда жұмыс уақыты толық пайдаланылмайды, жабдық толық тиелмейді, нәтижесінде өндіріс тиімділігі төмендейді. Жұмысшыларға тапсырманы операция ритмі тактымен сай келетіндей беру керек.
Операция тактылары өндірістік процесс құрғанда маңызы зор. Жетекші операция тактысы бойынша бүкіл өндірістік процесстің тактысы анықталады. (жетекші операция дегеніміз өндірістік қуат анықталатыноперация). Өндірістік процесс тактын процесс тактысы деп атайды.
Процесс такты - дайын өнімнің не жартылай фабрикаттың партиясын шығару кезіндегі жүйелі дайындалатын екі өнім бірлігін шығару арасындағы ең аз уақытты айтады.
Процесс тактысын есептеу үшін (Т) желі қуатын ( М),смена ұзақтығын қолданады: