Процесс ритмі - дайын өнімнің не жартылай фабрикаттың партиясын шығару процессінің соңында жүйелі дайындалатын екі өнім бірлігін шығару арасындағы жоспарлы уақытты айтады.
R = (Тсм –Тп ) / А
Процесс қарқыны - уақыт бірлігіндегі өнім санымен өлшенеді, процесс қарқындылығын сипаттайды. Процесс ритмі мен тактысына кері шама:
m = 1 / R
Жоспарлы ритмді процесс тактысымен салыстыру өндіріс резервтерін көрсетеді.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. Өндіріс процесі деген не?
2. Операция деген не?
3. Негізгі өндіріс процесінің құрылымы
4. Өндірістік цикл деген не?
5. Операция такты деген не?
6. Операция ритмі деген не?
7. Процесс такты деген не?
8. Процесс ритмі деген не?
Әдебиет 1.Макаренко.М,В, Махалина.О.М. Производственный менеджмент,М.-1998
2.Р.А. Фатхутдинов. Организация производство, Москва.- 2000
3.Ю.И. Ребрин. Основы экономики и управление производством, 2005
4.Н.А. Лисицына. Экономика, организация и планирование промышленного производство. М.- 2001
Тақырып 11. Негізгі өндірісті ұйымдастыру принциптері. (1 сағат) Дәріс жоспары: 1. Негізгі өндірісті уақытқа қарай ұйымдастыру принциптері
2. Негізгі өндірісті кеңістікте ұйымдастыру принциптері
Дәріс: 1.Негізгі өндірісті уақытқа қарай ұйымдастыру принциптері Негізгі өндірісті уақытқа қарай және кеңістікте ұйымдастыру белгілі бір принциптер негізінде жүзеге асады. Уақытқа қарай негізгі өндірісті ұйымдастыру принциптеріне мынандай принциптер жатады: ырғақтылық, бірқалыптылық, пропорционалдық, параллелділік, үздіксіздік.
1) ырғақтылық – мұнда кәсіпорындағы жоспарлы ритммен өнім өндіруді сәйкес етіп өндірістік процесті ұйымдастырады. Негізгі өндірісті ұйымдастырудың осы принципі іске асу үшін жоспарлы тапсырмаға сәйкес өнім шығару қажет. Өнім шығарудың жоспарлы тапсырмаға сәйкестілігі жұмыстың ырғақтылық деңгейімен сипатталады. Ырғақтылық коэффициенті:
t
Критм=1 - å sАі / А ; і =1,…, t
і=1
Мұндағы талдауға алынған мезгілдің ұзақтығы, күн
sАі – і тәуліктегі жоспар орындалмай қалуы, т.
А – сол мезгілдегі берілген жоспар тапсырма , т.
2) бірқалыптылық – бірдей уақыт аралығында бірдей партиялармен өнім шығарылатындай негізгі өндіріс процессін ұйымдастырады. Егер жұмыс осы принцип бойынша істелінсе, өнім шығару көлемінің орта шамасынан ауытқып кету болмайды. Бірқалыптылық принцип коэффициенті:
t
Кр = 1 - å çsВі ï / В ; і =1 ,…, t
і=1
Мұндағы çsВіïі тәуліктегі өнім шығару көлемінің орта шамадан ауытқып кетуі, т
В - талданатын мезгілдегі өнім шығару көлемі,т.
3 )пропорционалдылық – өндірістік процес операциялары бойынша өнімділіктері бірдей құрал жабдықтарды қою. Егер өндіріс процесі осы прицип негізінде құрылса, онда барлық операцияларда бірдей такт болады және олар өндірістік процесс тактісіне тең болады.
Кп = Пі / М немесе Кп = Т / tі
Пі - і-ші операциядағы құрал жабдықтың өнімділігі, т сағатына
М - линияның қуаты, т сағатына
Т – процес тактісі, 1-тоннаға сағат
tі - операция тактісі, 1-тоннаға сағат.
Бұл коэффициент барлық операциялар бойынша табылады. Бұл коэффициент әрбір операциядағы жабдықтың өнімділігі, линияның қуатынан қаншаға үлкен екендігін көрсетеді. Осы принцип орындалуы үшін бірдей немесе еселі өнімділігі бар құрал жабдықтарды іріктеп алып, оларды жұмыс орындарына қояды. Әр түрлі өнімділігі бар машиналарды орнатқанда пропорционалдылық принципі бұзылып кетпес үшін, операцияда белгілі бір жұмыс орнының санын ұйымдастыру керек. Осы жұмыс орнының санын табу үшін:
Рмі = tрі / Т ,
Рмі - і-ші операцияны орындау ға ұйымдастырылған, жұмыс орындарының саны,
Т- процесс тактысы, өнім бірлігіне минут,
tрі - 1 жұмыс орнындағы і-ші операцияны орындау такты, өнім бірлігіне минут.
4) параллелділік – еңбек заттарын өңдеудің барлық операциялары бір уақытта немесе параллелді орындалатындай етіп өндіріс процесін ұйымдастыру. Өндіріс процесінде бір еңбек затының партиясын өңдеу бойынша шектес операциялар және бірнеше жұмыс орындарында бірдей операциялар параллелді орындалады. Осы принциптің басты мақсаты өндірістік циклды қысқарту Паралеллділік толық немесе жартылай болуы мүмкін. Толық паралеллділік операциялардың орындалу уақыты толық сәйкес келеді. Осы операциялардың біреуі қалғандарынан ұзағырақ болуы мүмкін. Сонда олардың қосарлану уақыты ең аз операцияның ұзақтығына тең. r = tм.
tм - ең кіші такт.
Жартылай паралеллділік операциялардың орындалу уақыттары бір-бірімен дәл келуі толық емес. Сонда екі операцияның қосарлану уақыты операциялардың ұзақтықтарынан кем болады.
Кп = r / tм.
r- қосарлану уақыт ұзақтығы.
Операция саны көбейген сайын паралеллділік коэфицентін есептеу қиындайды. Ет және сүт өнеркәсіптерінде принципті жаппай өнім шығару бар өндіріс учаскелерінде қолданады.
5) үздіксіздік – өндірістік процесс операциялары бойынша еңбек заттары өңдеу процессінің үздіксіз қозғалысы. Егер жұмысшының немесе жабдықтың жұмысында үзілістер еңбек заттарын бір операциядан екінші операцияға тасу салдарынан пайда болса, онда үздіксіздік принципі бұзылмайды. Ал егер операция арасында еңбек заттары запастары жиналып қалып, өңделмей жатса , онда принцип бұзылады.
Кн =1 – ( Тпер / Тц ),
Тпер - үзілістер уақыты, өнім бірлігіне мин немесе сек.
Тц - өндірістік цикл, өнім бірлігіне мин немесе сек.
Ет және сүт өнеркәсіптерінде бұл принцип тез бұзылатын шикізат немесе жартылай фабрикат өңдегенде қолданады.