Классикалық мектеп (1920-1950). Оның авторларының басқаруда белгілі тәжірибелері болған. Олардың басты мақсаты басқарудың әдістерін құру – ол басқарудың тиімді жүйесі мен мекеме құрылымын әзірлеу.
Үшінші басқарудың мектебі –міңез – құлықтық (1950 жылдан қазіргі кезге дейін). Негізгі мақсаты - мінездік басқару.
2. Басқаруға әкелетін процесті көзқарас. Басқару процессі бір – бірімен байланысқан 4 функциядан құралады:
Жоспарлау
Ұйымдастыру
Себеп
Бақылау
Жоспарлау функциясы мекеме мақсатын және мекеме қызметтерінің сол мақсатқа жететін шараларды ұйымдастыруға бағытталған. Жоспарлау - алдағы істің тұрақты белгісіздігі. Ол үздіксіз іске асырылуы тиіс.
Мекемедегі қызметкерлер көптеген мәселелерді шешеді, соның ішінде мекеме мәселелеріне айырықша көп көңіл бөледі. Бұған басқару да кіреді.
Жоспарлау функциясы үш сұраққа жауап береді: “Қазіргі таңда біз қайдамыз?” Жетекшілер өз мекемелерінің күшті және әлсіз жақтарын бағалап білу қажет, ол қаржы, өңдіріс, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерде, маркетингте және еңбек ресурстарында болуы мүмкін, яғни мекеме мүмкіншілігін нақты білу.
“Біз қайда жеткіміз келеді?” Бұл жерде сыртқы орта қауіптері бағаланады (бәсеке, заңдар, технологиялар, қамтулар, т.б.). Басшылар қандай мақсатқа қойылуы және оның жүзеге асуына не кедергі болатынын анықтайды.
“Біз оны қалай жүзеге асыра аламыз?”. Басшы «жалпы және нақты түрде» мекеме қызметкерлері мекемені алға қойған мақсатына жету үшін не істеу керектігін шешу қажет.
Басқару процесінің маңызды функцияларының бірі ұйымдастыру болып табылады. Оның негізгі сипаттамасын келесідей көрсетуге болады:
Мекеме мәселелерін, өз жоспарларын іске асырып, сол арқылы алға ойған масатқа жету, яғни табыса жету шн қрастырылады.