Жетекші үнемі адал. Бағынушылар жөнінде адал болу- олардың істегені дұрыс екендігін айту. Адал болу- ол өз қателіктеріңді мойындау. Шындықты айту әр уақытта оңай емес, дегенменен фирманың және қызметкерлердің жалпы игілігі үшін – адал болу бәрінен де артық.
Жетекші шыншыл. Ол жалғыз өзі үшін емес, басқа қызметкерлерінің жетістіктері үшін қуанады, оны олармен бөліседі. Ол оларды өзінің жігерімен және қуатымен шабыттандырады.
Жетекші мақсатты және қарапайым. Ол маңындағылардың мақтағанын керек етпейді және оған өзінің кемшіліктерін жасырып қажеті жоқ.
Жетекші тәрбиеші болуы керек. Ол өзінің бағынушыларына өздеріне сенімді, адал адамдарды жақсы көруге, бір қалыпты және батыл болуына көмектеседі.
Жетекші өзіне сенімді болуы керек. Өзіне асқақсыз сенімді болу, менмендіксіз өз күшіне сену – бұл мықты жетекшінің айрықша қасиеттері.
5. Басшылардың тұрпаттары. Басшы қандай жақсы қасиеттерге ие болғанымен, ол- ең алдымен өзінің ерекшеліктерімен, мінезімен, басқа адамдармен қарым-қатынас жасай алуымен сипатталатын адам. Оған барлық адамдарға сияқты мінез бен жігер тән. Көпшілік жағдайлар оның басқару мәнеріне, әдісіне және тұрпатына байланысты.
Менеджердің тұрпатын анықтау үшін американдық психологтар Р.Блэйк пен Д.Моутон басшылардың келесі тұрпаттарын құрастырған:
Диктатор (9.1)(үстемшіл). Басқару мәнері толығымен өндіріске бағытталған және адамдарға аз көңіл бөлетін, қатал мінезді басшы. Мұндай жағдайда жұмыс қанағаттандырмайды. Әркім бұл басшының қол астынан кетіп қалуға тырысады.
Демократ (1.9)(бұқарашыл). Мұндай менеджерде еңбек өнімділігі ақырғы орында тұрады. Оның қағидасы: «Үнемі өзіңмен өзің болу». Жұмысшыға ондай жағдай ұнайды, бірақ пайдасы аз, барлық іс-әрекет жарыс сөзде өтеді.