71
Гистрихоз – гистрихоз; құс гельминтозы.
Гитален – гитален; жүрек гликозидтеріне жататын дәрі.
Гифомицеты
– гифомицеттер; ауру қоздыратын
саңырауқұлақтар.
Гладкая мышечная ткань – бірыңғай салалы ет ұлпасы
(миоциттерден тұрады).
Гладкая мышца (musculus vіsceralіs; лат. musculus
– бұлшықет, vіscera — ішкі) – бірыңғай салалы
бұлшықет; ішкі түтікше мүшелердің, қан және лим-
фа тамырларының етті қабықтары мен қабаттарын
құрайтын бұлшықет.
Глаз (лат. oculus — көз) — көз; көру мүшесі.
Глазница ( лат. orbіta — көз шарасы, аңғалақ, көздік) —
көз шарасы, көздік, аңғалақ; көз алмасы орналасқан
бассүйек шұңқыры.
Глазное яблоко (bulbus oculі; лат. bulbus — алма, oculus
— көз) — көз алмасы; пішіні шар тәрізді, алдыңғы
бетінен артқы жағына қарай сәл қысыңқы келген
көру мүшесінің негізгі бөлігі.
Глазодвигательный нерв (лат. nervus oculomotorіcus)
— көзқимыл жүйкесі; ортаңғы мидың үлкен
ми аяқшасынан шығып, көздің тік және қиғаш
бұлшықеттері мен қабақтың бұлшықеттерін
жүйкелендіретін қозғалтқыш жүйке. Ми
жүйкелерінің ІІІ жұбы.
Глазурь (glasur; нем. glas — шыны) – глазурь; тұяқ
шаңбасары, тұяқтың сыртындағы жұқа жылтыр
мүйіз қабат.
Гландулоцит (glandulocytus; лат. glandula — без,
грек. kytos — жасуша) – гландулоцит; жануар-
лар организміндегі сыртқы және ішкі секреция
бездерінің бөлінді (секрет, инкрет) бөлетін безді жа-
сушасы.
Достарыңызбен бөлісу: