72
Гликоген
– гликоген;
глюкоза қалдықтарынан
құралған, жануарлар организмі мүшелері мен
ұлпаларында қорланатын күрделі көмірсу (полиса-
харид), жануарлар организміне тән крахмал.
Гликогенолиз – гликогенолиз; гликогеннің ыдырауы.
Гликозидазы – гликозидазалар; гликозидтер мен
олигоқанттарды ыдыратушы ферменттер.
Гликозиды – гликозидтер;
құрамында азот болмайтын
күрделі органикалық заттар. Кейбір түрлері дәрі
ретінде қолданылады.
Гликозурия – гликозурия; несеппен қанттың шығуы.
Гликолиз (грек. glykys – тәтті) – гликолиз; көмірсулардың
(негізінен глюкоза) ферменттер
әсерінен оттегсіз орта-
да сүт қышқылына дейін ыдырауы.
Гликолипиды – гликолипидтер; құрамында қанттар
қалдығы болатын күрделі липидтер (майлар).
Жасушаның биологиялық жарғақтарының
құрылымдық құрамын құрайды. Гликолипидтер –
жүйке ұлпасының құрамында көптеп кездеседі.
Гликокаликс (glycocalyx; грек. glykys — тәтті,
calyx
— тостағанша) – гликокаликс; барлық жануарлар
жасушалары плазмолеммаларымен тығыз байла-
нысып, олардың сыртқы жарғақүсті қабатын (ор-
таша қалыңдығы 3 – 4 нм) құрайды. Гликокаликс
— тарамдалған тым жіңішке күрделі көмірсулар –
гликопротеидтер мен гликолипидтер жіпшелерінен
тұрады.
Гликопротеиды (мукопротеиды) — гликопротеид-
тер (мукопротеидтер);
құрамында көмірсулар бо-
латын күрделі нәруыздар. Гликопротеидтерге қан
плазмасының кейбір нәруыздары (иммундыглобу-
линдер, трансфериндер), кейбір ферменттер мен гор-
мондар (тиреотропин т.б.) жатады.
Глинолечение – балшықпен емдеу.
Глиома – глиома; жүйкелік глия (нейроглия) жасуша-
ларынан асқынған ісік.
73
Глиоциты (glіocytus, грек. glіs — желім, kytos — жа-
суша) – глтоциттер; жүйке
ұлпасының құрамына
енетін, нейроциттер үшін тіректік, қоректендіру,
қорғаныс, оқшауландыру қызметтерін атқаратын
жасушалар.
Достарыңызбен бөлісу: