92
кодқа түрленіп, ол HTML-ге импорттайды. Клиенттік браузер Flash нысанын
тану үшін қолданушы компьютерінде браузерге арналған арнайы баптауды
(plug-in) жүргізу керек, оның атауы - Macromedia Flash Player [164] деп
аталады.
Жоғарыда аталған бағдарламаны «Жер бедерінің жіктелуі» тақырыбын
ӛткенде динамикалық күйдегі бейнекӛріністерді кӛрсету қатпарлы таулардың
пайда болуы заңдылықтарын ашып кӛрсету арқылы білім алушыларға
дүниетанымдарын қалыптастырып, қызығушылықтарын арттыру болып
табылады.«Macromedia flash» компьютерлік бағдарламасын пайдаланып
тақырыптық шағын бейнеүзіктерді құру бір-бірімен тығыз байланысқан
бірнеше кезеңнен тұрады.
Бірінші кезеңде мультимедиялық бейнекӛріністерді құруға қажетті
ақпараттарды жинап іріктеу және оларды қимылға келтіру әдістерін
анықталады.
Екінші кезеңде қатпарлы таулардың пайда болуы заңдылықтары мен
олардың салдарын ашып кӛрсетіп білім алушылардың қызығушылығын
оятатын бейнеүзіктерге қажетті мультипликациялық кескіндер салынады.
Үшінші кезеңде құрылған бейнекӛріністер кадрларға енгізіліп, кӛрсету
ұзақтығы анықталып дыбыстық нәтиже беріледі.
Тӛртінші кезеңде бейнекӛріністер мұқият сараланып іс жүзінде сабақта
білім алушыларға кӛрсетіледі.
Білім алушылардың география пәніне деген қызығушылығын арттырып
дүниетанымын қалыптастыруды «Жер бедерінің жіктелуі» тақырыбынан
бастаған тиімді. Дыбыстық нәтижеге берілген бейнеүзікті кӛріп болған соң
оларға талдау жасалып, алған білімдерін бекіту мақсатында білім
алушылардың танымдық қызығушылықтары мен белсенділігін арттыратын
тӛменде кӛрсетілген тапсырмаларды беру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: