Салбырова макпал токтарбеккызы



Pdf көрінісі
бет48/54
Дата25.01.2023
өлшемі3,18 Mb.
#62803
түріДиссертация
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   54
Байланысты:
DISSER

1 тапсырма: Физикалық және тектоникалық карталарын талдау 
негізінде Шығыс Еуропа мен Батыс Сібір жазықтарына тӛмендегі жоспар 
бойынша сипаттама беріңіз: бойынша салыстырмалы сипаттама беріңіздер: 1. 
географиялық орыны; 2.батыстан шығысқа, солтүстіктен оңтүстікке 
ұзындығы; 3. Тектоникалық құрылысы; 4.басым биіктіктері; 5. жер бетінің 
жалпы сипаты; 6. айырмашылықтары мен ұқсастықтары; 7. негізгі 
қорытындылар (сұлба 18). 
Сұлба 18 - Жазықтарды шығу тегіне қарай жіктеу 


93 
2 тапсырма: 1) 21 және 20 суреттерді талдау негізінде қатпарлы және 
қатпарлы-жақпарлы таулардың түзілу жолдарын, бір-бірінен айырмашылық- 
тарын анықтаңыздар (сұлба 19). 
Сұлба 19 - Қатпарлы таулардың түзілу жолдары 
2) тектоникалық және физикалық карталарды талдау негізінде Орал 
және Гималай тауларына тӛмендегі жоспар бойынша салыстырмалы 
сипаттама беріңіз: 1.түзілу кезеңдері; 2. абсолют биіктігі; 3. пайда болу 
жағынан қандай тауларға жатады; 4. ұқсатықтары мен айырмашылықтары;
5. негізгі қорытындылар. 
Дыбыстық нәтиже берілген электрондық оқыту құралдарын сенсорлық 
жүйелердің кӛмегімен жүзеге асырылатындықтан теориялық білімді терең 
меңгерту үшін кӛрген нысандар мен құбылыстарын салыстыру, талдау, 
негізгі белгілерін анықтап ой қорытындыларын шығару сияқты ой әрекетінің 
тәсілдерін тиімді пайдалану мәселелеріне мән беру қажет (20-сұлба). 
Сұлба 20-Қатпарлы таулардың түзілу заңдылықтарын ашатын оқу бейне 
кӛрнісі 
3-тапсырма. 1. 21-суреттегі биіктік және тереңдік шкаласын пайдаланып, 
құрлықтың және мұхит асты бедері биіктіктеріне қарай жіктеп, кестені 
дәптерлеріңізге толтырыңыздар:


94 
Мұхит асты бедері Тереңдігі, м 
Құрлық үсті бедері 
Жазықтар Биіктігі,м Таула
р 
Биікті
гі,м 
2. Ӛткен тақырыпқа, қосымша мәліметтерге талдау жасап, таулар мен 
жазықтардың биіктіктерінің әр түрлі болу себептерін түсіндіріңіздер 
Сұлба 21– Құрлық пен мұхит асты бедерін биіктігіне қарай жіктеу 
 
Білім алушылардың ӛз бетімен жұмыс жасауға арналған интербелсенді 
тапсырмаларға тоқталсақ: 
1-тапсырма. Таулардың пайда болуы. Қатпарлы және жақпарлы таулар. 
Таулардың ӛзгеруі бойынша алған біліміңе негізделіп, Қазақстанның 
физикалық картасына талдау жасай отырып, тӛменде шыңы жазылған 
таулардың абсолюттік биіктігін, атын және биіктігіне қарай қандай тауға 
жататынын тауып анықта. 
 
Таудың құрамдас бӛліктері 
Жауаптары 
 
2-тапсырма. Жер қыртысының баяу қозғалысы бойынша алған біліміңе 
сүйене отырып, тапсырмада берілген сұрақтардың дұрыс жауабын таңда. 
Ескерту. Жауабың дұрыс болмаған жағдайда гипермәтінді мұқият оқып 
шығып, тапсырманы қайта оырындап, пән мұғалімінен кӛмек сұра. 


95 
Жанартаудың таудың құрамдас бӛліктері 
Жауаптары 
Бӛлімді талдап болғаннан кейін білім алушылардың алған білімін, 
қалыптасқан іскерлік-дағдыларын тексеруді кӛздейтін электронды оқыту 
құралын пайдаланып компьютерде интербелсенді ӛзекті сұрақтар мен 
тапсырмалар орындайды. Орындалған жұмыс нәтижесінде барлық білім 
алушының алған білімдерін компьютер бағалайды.
Танымның ғылыми әдістерін пайдаланып географиялық білімді терең 
меңгертіп жалпы және арнайы іскерлік-дағдыларды қалыптастыру үшін 
Macromedia flash компьютерлік бағдарламасымен құрылған бейнеүзіктерді 
пайдаланып оларға талдау жасау білім алушылардың интелектуалдық 
қабілетімен когнитивтік тәжірибесін қалыптастыруға мүмкіндік береді [162, 
с.82]. Ол үшін мұғалім білім алушыларға сабақ барысында танымдық іс 
әрекеттерді жүзеге асырудың тӛменде кӛрсетілген іскерлік-дағдыларын 
қалыптастыруы тиіс: 
- ӛзінің ақыл ой әрекетін бақылай білу тәжірибесінің болуы; 
- салыстыру, топтастыру, жүйелеу, кӛз алдына елестете отырып 
айырмашылығы мен ұқсастығын ажырата білу, жинақтау сияқты ақыл ой 
әрекеттерінің қалыптасуы; 
- ақпараттарды ой елегінен ӛткізіп үйлестіре білуі; 
- есте сақтаудың ерекшеліктері мен түрлері (кӛру, есту, моторлы, 
эмоциялық, семантикалық, есте сақтау жылдамдығы, ақпараттардың қысқа 
мерзімге сақталу кӛлемі); 
- зейінінің ерекшеліктері (зейінінің кӛлемі, кедергіге беріктігі, ерікті
зейіннің сақталу ұзақтығы); 
- негізгі түсініктерді қалыптастырып, оған тән белгілерді ажырата білу 
дағдыларының қалыптасуы; 
- индуктивтік және дедуктивтік ой қорытындыларын шығара білуге 
дағдыландыру. 
«Macromedia 
Flаsh» 
компьютерлік 
бағдарламасымен 
құрылған 
бейнеүзіктерді пайдалану жаңа ақпараттарды меңгеріп, оны жаңғыртып ой 
қорытындыларын шығаруға қажетті логикалық және ақыл ой әрекеттеріне 
негізделген теориялық білімді терең меңгертуге мүмкіндік береді. Ол үшін
қажетті оқу материалдарын меңгертуді жүзеге асырудың бірінші кезеңі 
нәтижесінде тақырыпты түсіндірудің логикасы мен ғылыми танымдық 
үрдістің қайталанып отыратын бірізді себеп салдарлы байланыстары 
анықталады [165], сондай – ақ, бейнеүзіктерді сабақта пайдалану оқытуды
жоспарлаудың бірінші кезеңінде білім алушылардың меңгерген білімі мен 
қалыптасқан іскерлік дағдыларының бастапқы жағдайын болжаудың 


96 
деректеріне сүйене отырып алдын-ала іріктеліп алынған бейнеүзіктер жеке 
сабақтарда кӛрсетіліп талданады [166]. 
Бірінші кезеңінде кӛру барысында алынған деректерді басшылыққа ала 
отырып, білімді толық меңгертіп іскерлік-дағдыларын қалыптастыруға 
бӛлінеті уақыт анықталады. Екінші кезеңінде сабақтың балама түрлерін, 
білім алушылардың танымдық іс-әрекетімен білім беру ортасында жеке 
тұлғаның ой-ӛрісінің жан-жақты дамытуына мүмкіндік беретін оқытудың 
шығармашылық әдістері іріктеліп алынып бейнеүзіктерге талдау жасалып, 
білімді іс жүзінде қолдануға мүмкіндік беретін тәжірибелік жұмыстар 
жүргізіледі. Үшінші кезеңінде оқу үрдісін басқарудың формалары мен
құралдары іріктеліп, негізгі тетіктері анықталып білім алушыларға маңызды 
географиялық ақпараттарды бергенде ғылыми танымның жеке және жалпы 
әдістерін меңгертуге баса назар аудару қажет.
Қазіргі кездегі «Macromedia Flаsh», «Delphi», «3 dmax» сияқты 
компьютерлік бағларламаларды пайдаланып құрылған динамикалық кӛрнекі 
құралдар үрдістер мен құбылыстардың түзілу заңдылықтарын, табиғаттағы 
маңызын жан-жақты ашып кӛрсетуге мүмкіндік береді. Жоғарыда аталған 
бағдарламалар табиғаттағы кез-келген құбылыстар мен үрдістердің туу 
себептері мен қозғалысын шынайы жағдайға келтіретіндіктен жер бедерінің 
жіктелуі тақырыбын оқыту барысында білім алушыларға меңгерту қиын 
болатын күрделі түсініктерді терең меңгертіп, тақырыптарды білім 
алушылардың қызығушылықтарын арттыруға және су қабатының 
табиғаттағы маңызы жӛніндегі дүниетанымдарын қалыптастыруға мүмкіндік
береді.
Аталған бағдарламаларды география сабақтарында пайдалану тиімді 
болу үшін толық аяқталған жүйе ретінде жер бедерінің жіктелуі 
тақырыбының кластерін құру қажет. Жер бедерінің жіктелуі тақырыбындағы 
негізгі үрдістер мен құбылыстардың түзілу заңдылықтарын ашып кӛрсету 
үшін білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оңай меңгеріп, 
қызығушылықтарын арттыратын динамикалық және статикалық күйдегі 
кӛрнекі құралдардан тұратын дыбыстық нәтижелермен кӛркемделген 3-5 
минуттық шағын мультимедиялық бейнеүзіктер, білім алушылар қосымша 
білім алатын гипермәтін, білімін бекітуге арналған интербелсенді 
тапсырмалар мен сабақ барысында алған білімдерін бағалауға арналған тест 
тапсырмаларын, негізгі түсініктер сӛздігін құруды қамтитын сӛздіктер құру 
қажет. «Жер бедерінің жіктелуі» тақырыбын ӛткенде жоғарыда аталған 
бағдарламалардың кӛмегімен құрылған динамикалық күйдегі бейнеүзіктерді 
кӛрсету жер бедерінің пішіндерінің түзілу заңдылықтарын ашып кӛрсету 
арқылы 
білім 
алушыларға 
дүниетанымдарын 
қалыптастырып, 
қызығушылықтарын арттырады. 
2015-2018 
жылдар аралығында жүргізген зерттеу жұмыстары 
нәтижесінде 8 сыныпта оқытылатын география пәнін оқу үрдісінде жеке 
(локальды) торда жұмыс істейтін оқыту, білім алушылардың алған білімі мен 


97 
қалыптасқан іскерлік-дағдыларын тексеру, тапсырмалар мен мультимедия 
блоктарын қамтитын электронды оқыту құралы әзірленді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет