7
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазіргі заман талабына сай
дүниежүзілік педагогтары мен ақпараттық жүйедегі
ғалымдары оқытудың
жаңа технологияларын пайдалануға қызығушылықтары артуда. Әлемдегі
дамыған
мемлекеттер саналатын АҚШ, Еуропа, Жапония және Ресей
ғалымдары қашықтан оқыту, ақпараттық-технологияларды енгізу және тиімді
пайдалану жайында XXI ғасырдың басынан кӛңіл бӛле бастады.
Әсірсе, онлайн-жүйесінде білім
беруді қолдана отырып оқыту
әдістемелерін жаңарту арқылы түрлі оқытудың жаңа технологияларын ойлап
табуда. Осы тұрғыдан қарағанда қазіргі заманғы электронды оқыту
жүйесінде білім беруді пайдалануда, география пәніне қатысты зерттеулердің
жүргізілуі, әрі оны оқыту жүйесіне енгізілуі, қазіргі қазақстандық қоғамдағы
жаңа сапада жаңғырта терең зерделеуді қажет ететін тың әрі ӛзекті
мәселе
екендігін кӛрсетеді.
Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер,
электронды
оқыту құралдары, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже
беруде. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет,
электрондық пошта, телеконференция,
Online сабақтар арқылы іске
асырылуда. Сонымен қатар, оқытудың жаңа әдістерін пайдалана отырып, оқу
үрдісін ұйымдастыру мүмкіндігін беретін электронды оқыту құралдары да
үлкен мәнге ие болуда.
Қазақстандағы білім беру жүйесі - әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге
бағытталған дамудың жаңа кезеңін ӛтуде. Ақпараттандыру қазіргі білім беру
жүйесінің басты бағыттарының бірі, сондай – ақ, білім саласында ақпараттық
технологияларды кеңінен қолдану мен түрлі
дидактикалық және
педагогикалық міндеттерді шешу құралы болып отыр.
Білім беруді ақпараттандырудың негізгі мақсаты - ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды қолдану негізінде
бірыңғай ақпараттық
ортаны құру арқылы білім сапасын арттыру.
Достарыңызбен бөлісу: