Салбырова макпал токтарбеккызы



Pdf көрінісі
бет14/54
Дата25.01.2023
өлшемі3,18 Mb.
#62803
түріДиссертация
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   54
Ақпаратты ұсынудың бірнеше әдістері бар: ауызша, жазбаша және сурет, 
графика, бейнемәлімет, дыбыстық мәлімет арқылы кӛрнекілік негізде ұсыну 
т.б. Ақпаратты ұсыну үшін алдымен жинақталған, ӛңделген, сақталған 
ақпарат болуы керек. Білім алушы ақпаратты іздеу, жинау, сұрыптау, ӛңдеу, 
сақтау арқылы ғана ой-елегінен ӛткізіп ұсына алады. Сонымен қатар, баспа 
құралдары, техникалық құралдар арқылы да ақпаратты тарата аламыз.
Ақпараттың ең негізгі ерекшелігі-ол адамға интуитивті түсінікті, екінші 
жағынан оның ғылыми дәл анықтамасын беру мүмкін емес, сондықтан 
ақпарат туралы ұғым қолданылады (сұлба 1).
Сұлба 1 - Ақпараттарды түрлеріне берілу және қабылдау тәсілдеріне 
қарай жіктеу 


16 
Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік-
ақпараттық бейнесін білім алушылардың белсенділігі мен құндылық 
бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды кӛздейтін, адамның 
дүниетанымының құрамдас бӛлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды 
қалыптастырудың бір жолы. 
Қазақстандағы білім беру саласын жетілдіру бойынша 2012 жылғы 14 
желтоқсандағы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы 
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына 
жолдауында түбегейлі жаңа мақсаттар қойылып, білім саласы жеке жетілдіру 
бағыты ретінде кӛрсетілген [70]. 
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – білім алушыларға ақпараттық 
білім негіздерін беру, логикалық құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, 
ақпараттық технологияны ӛзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде 
пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.
Қазіргі таңдағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар білім 
алушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастырып және дамытуда 
қосымаша мүмкіндік береді. Білім жүйесінде ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды қолдану тиімділігі мұғалімнің кәсіби құзыреттілігіне 
байланысты, ол білім алушылардың сӛйлеу біліктілігі мен дағдысының 
дамуына тиімді мотивті қалыптастырып, әрекет құралдары мен түрлерін 
таңдауға еркіндік береді.
Мұғалім – білім беру іс-әрекетін басқарса, білім алушы – ӛзіндік оқу іс-
әрекетін басқарады. Білім беруді жүйе деп қарастырсақ, оған субъектілер мен 
білім алушының шығармашылық іс-әрекетін дамытуға пайдаланатын 
ақпараттық технология құралдарын нысан ретінде қолдануға болады. 
Мұндай үдерісте білім алушылардың ақпараттық технология құралдарының 
үйлесімді қатысы ескеріледі. Білім алушылардың белсенділік іс-әрекетін 
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы ұйымдастырудың 
жүйесі бірнеше қарым-қатынастың жүруі арқылы жүзеге асады. Осы қарым-
қатынас білім алушының ӛзіндік жұмыстарын ақпараттық-коммуникациялық 
технологиялар арқылы жұптық жұмыстарда тапсырманы жеке орындау, 
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы тапсырманы жеке 
орындау, жұптық тапсырмаларды бірлесіп орындау және т.б. қарастырылады.
Білім беруді ақпараттандыру – оқыту мен тәрбиелеудің психолого-
педагогикалық мақсаттарына жету үшін білім беру саласында жаңа білімді 
қалыптастыру мен жүйелендіруді қамтамасыз ететін, ақпаратты таратуға, 
ӛңдеуге, жасауға, жинауға, технологиялар мен құралдарды пайдалануға 
бағытталған адамның ғылыми-практикалық іс-әрекеті [30,с. 200]. Қазіргі 
заман талабына сай мектепте білім алушылардың білім алу үрдісінде 
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарымен жабдықталуы 
және оқу бағдарламаларымен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіледі. Әр 
мектеп компьютерлік класс, интернет-кластар, электронды кітапхана, 
электрондық кітаптармен т.б. жабдықталуы білім сапасына игі әсерін береді. 


17 
Білім беруді ақпараттандыру және білім алушыларға оқыту жүйесін 
ақпараттандыру ақпараттандыру кӛздері, электрондық ресурстар және басқа 
да компьютерлік бағдарламалар құралдарын қолданбай жүргізу мүмкін емес. 
Қазіргі уақытта электрондық оқыту ресурстарын (ESM) дамытудың 
кӛптеген әдіснамалары бар, олар әдетте, электронды ресурстық құрылымды 
құру бойынша жалпы ұсыныстарды қамтиды. Электронды оқытуда білім 
беру мазмұны электрондық білім беру ресурстарының негізі болып 
табылады. 
Электронды оқыту ресурстарын құрудағы кейбір тәжірибе Л.Х. 
Зайнутдинова, А.В. Соловова, А.В.Аспен, И.П. Норенкова, В.В. Гури және 
басқалар [71] еңбектерінде кездеседі. Осыған орай, электрондық ресурстарды 
жасау, каталогтау, зерттеу, қолдану барлығы да республиканың жоғары білім 
беру жүйесінің қажеттіліктер мен талаптар жүйесіне қатаң сәйкестендіріліп 
орындалуы керек [72, 73]. 
Ақпараттық-комуникациялық технологияларды бәсекеге қабілетті 
ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білім 
ортасына енгізу үлкен мәнге ие болып отыр. Білім беруді ақпараттандыру, 
білім 
салаларының 
барлық 
саласына 
ақпараттық, 
ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды енгізу және ұлттық үлгіді қалыптастыру 
еліміздің білім беруді одан әрі ақпараттандырудың кезеңі мазмұндық 
тұрғыда болады және компьютерлік сауаттылықтан жеке тұлғаның 
ақпараттық мәдениетіне ауысуды білдіреді, мұнда әрбір білім алушы 
ақпаратқа, ақпараттық-коммуникациялық технологияларға назар салып қана 
қоймай, оны тиімді қолдана білумен қатар, интернет ғаламдық ақпарат 
желісін пайдалана алуы керек. Қазіргі оқыту технологияларын білім жүйесіне 
енгізгенде, оқыту материалдарының педагогикалық мазмұндылығы мен 
әркімнің ӛзінің үйренуіне жағдай жасаудың маңызы зор. Оқыту ісінің 
тиімділігі мен сапасы кӛбінесе ӛздігінен оқып үйрену үрдісін тиімді 
ұйымдастыру мен пайдаланатын материалдардың сапасына тәуелді болады 
[74]. 
Оқу үрдісіне қоятын қазіргі талап білім алушының іс-әрекеті арқылы 
білімін, біліктілігін, икемділігін тексеруге мұғалімдерді бағыттайды.
Географияны пәнін оқытуда қарастырылған тәжірибелік сабақтар – 
оқытудың ерекше түрі-білімі мен біліктіліктін бекітіп, дамытып, 
қалыптастырып қоймайды, сонымен бірге жаңа білім алады. Географиялық 
біліктілік ұзақ уақыт бойы тәжірибе жұмыстарын орындау мен сабақ 
барысында қалыптасады. Оқу пәні ретінде географияның спецификасы 
сабақта міндетті түрде тәжірибелік жұмыстарға кӛңіл бӛлінген, бұл дегеніміз 
сабақтың әр кезеңіндегі (жаңа материалды түсіндіру, қайталау, бектіу, білімді 
тексеру мен жалпылау) оқу-танымдық үрдісінің қайталанбас бір бӛлігі 
ретінде.
Географияны оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды 
қолданудың мүмкіндіктері мен тиімділігі Е.А. Таможняя ӛз жұмыстарында 
қарастырған [75]. 


18 
Осы еңбектерге талдау жасай келе, білім беруді ақпараттандырудың 
маңызды ерекшеліктері анықталды: 
- білім беруді іргелендіру, білім сапасын жоғары деңгейде кӛтеруі тиіс; 
- білім берудің барлық жүйесінің сипаты, оның болашақ пост-
индустириалдық ӛркениет мәселелерін шешуге бағытталуы, адамзаттың 
шығармашылық қабілеттерін дамытуы тиіс; 
- қашықтан оқыту әдістерін кеңінен қолдану есебінен планета 
тұрғындары үшін білім беру жүйесінің кең кӛлемде және перспективті 
ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар негізінде ӛз бетінше 
білім алудың мүмкін болуы керек. 
Қазіргі кездегі білім беру барысында кездесетін мәселелерді шешу үшін 
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып білім
берудің ӛзекті мәселелері мен шешу жолдары 1- кестеде кӛрсетілген. 
Кесте 1 - Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданып білім 
берудің ӛзекті мәселелері мен шешу жолдарының құрылымы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет