2.3 Macromedia Flash бағдарламасымен интербелсенді электронды
білім беру құралдарын құру және пайдалану әдістері
Macromedia Flash - анимациялық нысандарды құруға арналған
интерактивті тірек кӛмегімен векторлық графикаға негізделген құрал. Flash
анимация құру үшін де, оны дамыту үшін де қолданылатын интерактивті
сызбалар. Macromedia (Adobe) Flash - бұл графикалық және дыбыстық
редакторды, анимация құралы және бірегей интерактивті мультимедиялық
ӛнімдерді жасауға мүмкіндік беретін әмбебап интеграцияланған қосымша.
Macromedia Flash векторлық кескін форматын қолданады және
растрлық және дыбыстық файлдарды қысады. Flash-құралдардың кӛмегімен
69
жасалған электронды оқыту құралын қолдану зерттелетін объектінің
маңызды байланысын мен заңдылықтарын тереңірек ашуға мүмкіндік береді.
Macromedia Flash жасау мүмкіндігіне:
- білім беру мультимедиялық объектілері:
- векторлық және растрлық графика кескіндері;
- анимациялық суреттер;
- мультфильмдер жасау;
- бағдарламалық қамтамасыз етумен басқарылатын флэш-фильмдер;
- жаттығу тренажерлері;
- электрондық тесттер жатады.
Ізденіс жұмыс «8 сынып: География» оқулығына электронды оқыту
құралын жасау болатын. Зерттеу «8 сынып: География» оқулығына
электронды оқыту құралын қолдану арқылы күрделі ғылыми құбылыстар мен
заңдылықтарды күнделікті ӛмірлік мысалдар негізінде графикалық жолмен
кӛрнекі түрде қарапайым түсіндіру (13-сурет).
Сурет 13 - «8 сынып: География» ЭОҚ тақырып бойынша интербелсенді
тапсырмалар
Web технологиялар мен HTML тілін пайдалана отырып «8 сынып:
География» бойынша электронды оқыту құралы әзірленді. Электронды
оқыту құралы 6 бӛлім, 54 тақырып және түсініктер сӛздігі мен тест
тапсырмаларынан тұрады, сонымен қатар әр тақырыптардан соң
70
тапсырмалар мен бейнематериалдар және интербелсенді тапсырмалар
беріледі (1-қосымша).
Видеоқатарларға 8 сынып: География оқулығы бойынша материалдар
енеді, онда әр тараудан соң тақырып бойынша географиялық құбылыстар
қысқаша ашып кӛрсетіледі.
Тапсырмада сұрақтар 3 категорияларға бӛлінеді: 1 – теориялық
материал, 2- берілген тақырыптар бойынша ӛз бетінше жұмыстар, 3 –
қойылған сұраққа білім алушы жауап беретін анимациялар.
Білім алушылардың тәжірибелік жұмыстары бӛлімдерді қайталауға
арналған сұрақтар мен тапсырмалар және тест тапсырмаларынан тұрады.Әр
тараудан ӛтілген материалды бекітуге мүмкіндік беретін негізгі тақырыптар
бойынша бейнефильмдер кӛрсетілген (14 - сурет).
Сурет 15 - «8 сынып: География» ЭОҚ тарау бойынша тест тапсырмалар
Болашақ мұғалім оқу үрдісінде әртүрлі электрондық білім беру
ресурстарын
(энциклопедиялар,
порталдар,
сараптамалық
жүйелер,
мониторинг бағдарламалары, сӛздіктер, білімді автоматтандырылған
бақылауға арналған құралдар, презентациялық материалдар және т.б.)
қолдана алатын инновациялық іс-әрекетке дайын болуы тиіс. Алғашқы
білімді меңгеруге бағытталған оқытуды ұйымдастырудың негізгі нысаны
жааңа сабақты түсіндіру немесе дәріс болып табылады. Мақсаты - оқытудың
теориялық негізін қамтамасыз ету, оқу қызметіне қызығушылығын дамыту.
Дәстүрлі дәрісте артықшылықтардың бары сӛзсіз, алайда ЭОҚ-да дәріс
біріншіден, қысқаша баяндалған, екіншіден, тек эмоциялық әсер етіп қана
71
қоймай, сонымен қатар білім алушылардың танымдық белсенділігін
арттыратын түрлі-түсті мультимедиялық материалдармен ерекшеленеді.
Теориялық материалды баяндаудың осындай тәсілінің артықшылығы -
дәрісті кез-келген ыңғайлы уақытта тыңдай алу мүмкіндігі. Білім алушы тек
қана мазмұндаманы тоқтата алады немесе қажетті кӛріністі қайталай алады
(материалды ӛз бетінше оқу режимі).
Ізденіс жұмысты жүргізу барысында 8 сынып білім алушыларының
танымдық белсенділігін арттырып, жалпы және арнайы іскерлік дағдыларын
қалыптастыруды кӛздейтін география пәнінен электронды оқыту құралын
әзірледік. Ол тӛмендегі қажетті ақпараттарды іріктеу, жиналған деректерді
саралап тараулар бойынша электронды гипермәтінін құру, статикалық
немесе динамикалық күйге кӛшірілген кӛрсету құралдарын арнайы
бағдарламада шағын бейнекӛріністер құру, білім алушылардың білімі мен
іскерлік-дағдыларын тексеріп бағалауға мүмкіндік беретін тапсырмалар мен
тест сұрақтарын дайындау, жиналған барлық деректерді жүйелеп арнайы
бағдарламалық орталарда электронды оқыту құралын құру кезеңдерінен
тұрды.
Орта мектептердің география пәнін оқыту барысында қолданылатын
электронды оқыту құралына қойылатын жаңа талаптарға берілетін
ақпараттардың
ғылымилығы,
қолжетімділігі,
ӛзектілігі,
оқылатын
нысандарды шынайы сезіну арқылы меңгеруге мүмкіндік беретін кӛрнекілігі
жатады.
Мультимедиялық бағдарламалардың кӛмегімен құрылған электронды
оқыту құралдарының дәстүрлі оқулықтағыларға қарағанда бірқатар
артықшылықтары бар. Себебі, мультимедия бағдарламаларымен құрылған
ақпараттарды ұсыну барысында кӛру ғана емес, есту арқылы меңгертуге
мүмкіндік тудырады.
Мультимедия - бұл мәтіндер, графика, аудио және видео ақпараттарды,
анимацияның әртүрлі түрлерін және компьютерлік үлгідерді біріктіретін
және ӛңдейтін компьютерлік технология болып табылады.
Бұл жағдайда
гипермедиа құжаттары қолданылады, ал әр гипермәтіндік құжатта кӛптеген
мәтін үзінділері бӛлектелген. Оларды іске қосу арқылы сол файлдың басқа
бӛлігіне ӛтіп, басқа компьютерде жұмыс істеуге болады.
Білім беру процесінде графикалық, аудио және видео файлдарды
ӛңдеуде, презентациялар, оқу және дамыту бағыты бар бағдарламалар,
компьютерлік энциклопедиялар сияқты мультимедиялық технологияларды
қолдануға болады. Қабылдаудың бірнеше арналарын бір уақытта қолдану
нақты жағдайлардың, құбылыстар мен эксперименттердің виртуалды
үлгідерін құру, процестерді динамикалық кӛрсету арқылы дерексіз ақпаратты
визуализациялау, әртүрлі нысандар арасында ассоциативті байланыс орнату
мультимедиялық
ӛнімдердің
артықшылықтарына
жатады.
Осы
бағдарламалар мен технологиялар арқылы білім алушылар түрлі ақпарат
кӛздеріне қол жеткізе алады.
72
Электрондық оқулық - мәтіндік, цифрлық, сӛйлеу, графикалық,
музыкалық, видео, фото ақпараттардан тұрады. Электрондық басылым
әртүрлі электрондық тасымалдағыштарда жасалады және магниттік
(магниттік таспа, магниттік диск және т.б.), оптикалық (CD-ROM, DVD, CD-
R, CD-1, CD + және т.б.) электрондық компьютерлік желіде жариялануы
мүмкін.
Электрондық оқулықтарда оқу пәндері бойынша дидактикалық,
әдістемелік және ақпараттық-анықтамалық материалдар мен оларды жеке
және тәуелсіз білім алу және бақылау үшін жан-жақты пайдалануға
мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыздандыру туралы ақпарат болуы
мүмкін. Электрондық оқулықтардың түсінігі оларды қағаз жүзіндегі
оқулықтардың орнына ғана емес, сонымен қатар дәстүрлі оқулықтармен
салыстырғанда дамыған мүмкіндіктері бар оқыту құралы ретінде жасау
болып табылады (4-кесте).
Кесте 4 - Электронды оқулықты сабақта қолдану нұсқалары
Ақпараттық ресурстың басқа оқу
құралдарымен үйлесуі
Шешілетін міндеттер
Сабақта дәстүрлі ақпараттық орта
- үйдегі электронды оқулық
Сабақта кӛргендерін еске түсіру. Кӛрнекі
ақпараттардағы негізгі нәрсені бӛліп кӛрсету
қабілетін
дамыту.
Салыстырудың
ақыл-ой
әрекетін жетілдіру
Бірінші
сабақта
дәстүрлі
ақпараттық орта, келесі сабақта
мультимедиялық оқулық немесе
оқу құралы
Білім алушының білімін тексеру. Білімді қайталау
және жалпылау. Мәліметтерді дәлелдеу, талдау,
салыстыру, балама кӛзқарасты қабылдау немесе
қабылдамау және т.б. дағдыларын тексеру.
Кӛрнекі ақпаратты оқу және түсіну қабілетін
дамыту және жетілдіру
Сабақта дәстүрлі ақпараттық орта
және электронды оқулық немесе
оқу құралы
Білім алушларға мысалдар негізінде жаңа білім
беру. Кӛрнекі ақпаратты оқу және түсіну қабілетін
дамыту және жетілдіру. Әр түрлі формада
ұсынылған ақпаратты салыстыру
Сабақта электронды оқулық -
үйде, дәстүрлі ақпараттық орта
Сабақта кӛргендерін еске түсіру. Кӛрнекі
ақпараттардағы негізгі нәрсені бӛліп кӛрсету
қабілетін
дамыту.
Салыстырудың
ақыл-ой
әрекетін жетілдіру
Зертханалық
тәжірибе
немесе
практикалық
жұмыс
кезінде
электронды оқулық
Эксперимент жүргізу кезінде ӛзін-ӛзі бақылау.
Экрандағы мәтіндерді оқу қабілетін жетілдіру
Тек электронды оқулық немесе
оқу
құралы
(оқытушының
қатысуымен)
Кӛрнекі ақпараттардағы негізгі нәрсені бӛліп
кӛрсету қабілетін дамыту
Электрондық
оқулық
немесе
қолмен және физикалық тәжірибе
Білім алушыларға жұмыс істеу туралы жаңа білім
беру. Экрандағы мәтіндерді оқу қабілетін
жетілдіру.
Қауіпсіздік
ережелері
туралы
білімдерін тексеру
73
Электрондық оқулықтың артықшылығы ол интерактивтілік. Білім
алушыларға
аудио
файлдарды,
бейнелерді,
әртүрлі
құжаттардың
кӛшірмелерін, басқа оқулықтар мен энциклопедиялардан алынған
сілтемелерді ашуға және пайдалануға мүмкіндік беру. Сабақ барысында білім
алушылардың электронды оқыту құралдарын бір желіге қосуға да болады.
Планшетпен немесе компьютерден әр құрылғымен жұмыс жасайтын
мұғалім әр білім алушының жұмысына түсініктеме бере алады, сондай –ақ,
аяқталған тапсырмаларды шығарып, тексере алады. Электрондық оқулықтың
қағазға қарағанда артықшылығы, баспа шығындары болмаған жағдайда,
салмағы аз, қосымша ақпарат болып табылады.
Мультимедиялық технологиялар - бір уақытта бірнеше ақпараттық
ортаны: графика, мәтін, видео, фото, анимация, дыбыстық эффектілер,
жоғары сапалы дыбысты қолданатын компьютерлік технологиялардың
жиынтығы болып табылады.
Мультимедиялық технологияның құрылымы арнайы аппараттық және
бағдарламалық жасақтамадан тұрады және ақпарат сызықтық және сызықтық
емес түрде ұсынылады. Таспада жазылған және кӛрсетілетін презентация,
содан кейін ақпаратты жеткізудің бұл әдісі сызықты болады. Бұл
презентацияның спикерге әсер ету мүмкіндігі жоқ. Керісінше жағдайда,
сызықты емес - тікелей эфирде кӛрермендер әрдайым спикермен сӛйлесуге,
сұрақтар қоюға, кейбір ойларды нақтылауға мүмкіндік алады. Бұл
баяндамашыға туындаған сұрақтарға кез-келген уақытта тоқтауға, кейбір
терминдерді нақтылауға немесе баяндаманың даулы бӛліктерін толығырақ
кӛрсетуге мүмкіндік береді.
«Мультимедиа» терминін (multimedia) қазақ тіліне «кӛп орта» кейде
«кӛп тасмалдаушы» деп аударуға болады [146]. Сандық артықшылығын
мультимедиалық ортаның ақпараттық тығыздығы біршама жоғары болуын
айқындайды. Кӛптеген адамдар естіген сӛздерінің 15 % және кӛргендерінің
25 % есте сақтай алатындықтан ақпаратқа қаныққан мультимедиалық оқыту
құралдарын кӛру білім алушылардың назарын аудартуға және кӛрген
құбылыстар мен үрдістерді белсенді түрде талдау арқылы ӛтілетін оқу
материалдарын есте сақтауға, терең меңгерулеріне мүмкіндік береді [146, с.8-
9]. Аталған мәселе ыңғайлы мәтіндік түрдегі бейнеақпараттардың
интербелсенді элементтерін құрып, мультимедиялық оқыту құралдарына
енгізу ырғақты ақпараттар ағынын терең түсініп меңгертуге қолжеткізуге
жағдай тудырады.
Мультимедияны пайдалануға байланысты білім алушылардың пән
аралық ойлаулары белсенді дамиды. Атап айтсақ 8 сыныпта «географиялық
зерттеу әдістері» бӛлімін ӛту барысында ұзындықты, ауданды, азимутты
ӛлшеу, нысандардың құрылымы мен пішіндерін есептеу, масштабты
анықтау, графиктерді дұрыс сызу ережелері туралы жан-жақты түсінік
берілген математика пәнінің электронды оқыту құралын пайдалануға болады.
Аталған материалдар «Графиктік талдау тәсілдері», «Математикалық үлгілеу
тәсілдері», «Географиялық зерттеу әдістері» түсініктерін жақсы меңгертіп,
74
«Жергілікті жерде ауа райының ӛзгеруін бақылау арқылы ауа райының
графигін тұрғызу» мақсатын кӛздейтін тәжірибелік жұмысты орындауға
кӛмектесетіндіктен оқу-танымдық маңызы зор.
Мультимедиялық құралдар білім алушылардың назарын географиялық
нысандар мен құбылыстарды танып білуге олардың арасындағы себеп-
салдарлы байланыстарға аударуға, оқылатын материалдарды жақсы
меңгеруге мүмкіндік береді.
Электронды оқыту құралдары пайдалану 8 сыныпта ӛтетін
географияның бастауыш курсында жер қабықтарында жүретін «Физикалық
география», «Экономикалық география» сияқты табиғат пен адам қоғамында
жүретін әр түрлі үрдістер мен құбылыстардың түзілу заңдылықтары мен
тетіктерін, ӛзара байланысын терең меңгертіп, мотивациясын оятуда маңызы
зор. Сондай – ақ, әр бӛлімге дайын электронды қабықтарда ӛз бетімен
дайындалған тесттер арқылы сабақта білім алушылардың білімі мен іскерлік
дағдыларын тексеріп бағалауға да болады. Презинтациялар мен
вепсайдтарды құрып оларды сабақта пайдалану арқылы білім алушылардың
география пәніне деген қызығушылықтарын арттырып, ой ӛрістерін
кеңейтуге болады.
Электронды оқыту құралдарын пайдалану оқу үрдісінің бір қатар
астарына жағымды әсерете алады деген қорытынды шығаруға мүмкіндік
береді. Осыған орай мультимедиа әсер етеді:
1. Ақпараттарды қабылдап оларды түсіну сияқты оқытудың когнитивтік
астарына.
2. Білім алушылардың уәжін арттыруға.
3. Білім алушылардың ұжымдық танымын қалыптастыруға мүмкіндік
беретін бірлесе оқу жұмыстарын атқару дағдыларын қалыптастыруға.
4. Білім алушыларда оқуға тереңінен қарап, оқитын оқу материалдарын
жақсы түсінуіне.
Сонымен қатар орта мектептерде электронды оқыту құралын
пайдаланудың тӛменде кӛрсетілген артықшылықтарын жатқызуға болады:
- оқу үрдісінің барысында бірнеше сезім мүшелеріне әсер ететін
құрамдасқан ақпараттарды ұсыну есебінен бірден білім алушылардың
бірнеше қабылдау каналдарын пайдалану мүмкіндігінің болуы;
- табиғатта жүретін күрделі үрдістермен құбылыстарды шынайы уақыт
жағдайында үлгілеу мүмкіндігі;
- үрдістерді динамикалық күйде ұсынудың есебінен абстрактілі
ақпараттарды визуальдау арқылы;
- макро және микро әлемдегі нысандар мен үрдістерді визуальдау
арқылы кӛрсету;
- оқылатын материалдарды оқу, қоғамдық және тарихи тұрғыдан кең
кӛлемді қарастыру арқылы білімнің когнитивті құрылымы мен білім алушы-
лардың оны түрлендіру дағдыларын дамыту мүмкіндіктерінің болуы.
Қазіргі мультимедия құралдар әр түрлі ақпараттарды ӛңдеуге мүмкіндік
беретін ең соңғы үлгідегі прогрессивті техникалық инновацияларды
75
пайдалану жаңа деңгейдегі білім беру технологияларын енгізуге мүмкіндік
береді. Солардың ішіндегі орта мектептерде қолданылатын жұмыс істеуі
бағыты « виртуальды шындық» технологиясына негізделген әр түрлі үлгілеу
құралы жатады.
« Виртуальды шындық» - бұл дыбыстық, кӛру, тактильдік сонымен
қатар, ақпараттың басқа да түрлерін ойша ұсынылатын пайдаланушының
кӛлемді виртуальды кеңістікке кіріп, осы кеңістік шегіндегі шынайы уақытта
нысанға қатысты қозғалуын қамтамасыз ететін арнайы бағдарламалық ортада
үлгіленген мультимедиа құралы болып табылады. Ол термометр, барометр,
гигрометр анемометр, компас, флюгер сияқты приборлардың үш ӛлшемде
құрылған үлгілерін, ӛлшеу жұмыстарын жүргізе алады.
«Виртуальды шындық» жүйесімен ақпараттар бейнелі, кӛрнекі іс -
әрекетті түрде ұсынылатындықтан оларды қабылдап ой елегінен ӛткізудің
теориялық және тәжірибелік маңызы зор. Динамикалық күйдегі символды
бейнелі ақпараттарды қабылдау жеңіл болғандықтан тәжірибелік ойлау
теориялыққа қарағанда кӛп күш жұмсауды қажет етпейді. Сондықтан
виртуальды шындық технологиясын пайдалана отырып құрылған
компьютерлік технология құралдары оқу үрдісі барысында оқу
материалдарын жеңіл меңгертуді қамтамасыз етеді. Бірақ виртуальды
шындық жүйесінің деңгейі артқан сайын оны қолданып мультимедиалық
оқыту құралдарына жұмсалатын еңбектің мӛлшері де артумен қатар
ақпаратты мұғалімдер мен білім алушыларға қолжетімді жетілдірілген
техникалық құралдармен кӛрсету қажет болатынын ескеру керек [147].
Географиялық оқу материалдарын ақпараттық-коммуникациялық
технология құралдарын пайдаланып оқытудың тӛменда кӛрсетілген
бірқатар артықшылығы бар:
- ақпаратты кескінді-бейнелі түрде ұсынылуы;
- бейнелердің динамикалық сипатта болуы;
- әрекеттерді бірнеше рет қайталау және басқару;
- оқыту барысында жеке жағдайлардың ескерілуі;
- оқытудың репродуктивті ғана емес, ӛзекті әдістерін де пайдалану
мүмкіндігі. Кӛп жағдайда компьютер әлі де жаттықтырушы ретінде
қолданылады. Бұл қорытындыны автордың 8 сыныпта оқытылатын
географияның «Географиялық зерттеу әдістері», «Картография және
географиялық деректер базасы», «Физикалық география», «Әлеуметтік
география», «Экономикалық география», «Елтану және саяси география
негіздері» бӛлімдерін оқыту барысында ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды енгізуге мүмкіндік беретін электронды оқыту құралын
құрып оларды орта мектептеде іс жүзінде пайдалануы дәлелдейді. Атап
кететін болсақ, Алматы қаласының №33 мектеп-лицейі (қосымша А), №19
орта мектеп (қосымша Ә) және Алматы облысы Жамбыл ауданы,
Қызыләскер ауылындағы Ә.Мәмиев атындағы орта мектепте (қосымша Б) 8
сынып: география пәнінен дайындаған электронды оқыту құралы енгізіліп
оны қолданудың артықшылықтары анықталды.
76
Барлық дидактикалық ақпараттық құралдар оқу-танымдық, сонымен
қатар, кӛркем-эстетикалық міндеттерді шешуді кӛздейтін екі жақты қызмет
атқарады. Оның соңғысы оқу ортасында интербелсенді оқыту құралдарының
дидактикалық қызыметіне бағынады. Атап айтсақ, дидактикалық ақпараттық
құралдарды құру барысында теориялық тұрғыдан жалпы дидактикалық және
дыбыстық, фото, кино, бейне, мультимедиялық материалдарды жасауға
қойылатын кӛркем-эстетикалық талаптар ескеріледі.
Дидактикалық ақпараттық құралдарды құру барысында кӛрсетілетін
құбылыстар мен үрдістерді бейнелеу барысында интербелсенді оқыту
құралдарының қасиеті мен қызметі, сонымен қатар пайдалану жағдайы,
кешенді пайдалану мүмкіндіктері мен басқа оқыту құралдарымен қарым
қатынаста болу ерекшеліктері ескеріледі.
География пәнін оқытуда заман талабына сәйкес кӛрнекілікті
пайдаланудың дидактикалық қағидаларын жүзеге асыру интербелсенді
карталар мен мультимедиялық оқыту құралдарымен жүйелі түрде жұмыс
істеуді талап етеді. Бұл мультимедиялық оқу материаларымен іс жүзінде
жұмыс істеу, локальды климаттық кестелерді құрып, табиғат пен қоғамдағы
әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен үрдістерді кӛздерімен кӛріп
талдау арқылы тәжірибелік іскерлік-дағдыларды қалыптастыру барысында
кӛрініс табады. Жүзеге асыру үшін білім алушылардың электронды
оқулықтың гипермәті-німен, мультимедиялық оқу материалдарымен, алған
білімді тексеріп бағалауға мүмкіндік беретін тест тапсырмаларымен жұмыс
істету дағдыларын қалыптастыру мәселелеріне зор мән беру қажет [148].
Зерттеу барысында жинақталған деректерге жасалған талдаулар оқыту,
және тестілеу бағдарламаларын сабақ барысында кеңінен қолдану білім
алушылардың қызығушылықтарын арттырумен қатар үлгерімдерін де
арттыратынын кӛрсетті. Сонымен қатар,
компьютерлік ойындар,
фильмдердің барлық түрлері, соның ішінде білім беру бағдарламалары
сияқты мультимедиялық технологиялар біздің күнделікті ӛмірімізде жиі
кездеседі. Аталған құралдардың қолданылу аясы кеңейді, олар: бейне, фото,
3D-графика, музыка, анимация және басқалары.
Еуропа және Ресейдің әдіскер ғалымдары дайындаған мектеп
географиясынаың электронды оқулықтарынан«Flаsh», «3ds max», «Delphi»
компьютерлік
бағдарламаларын
қолданып
біз
құрған
8
сынып
географиясының электронды оқулығының тӛменде кӛрсетілген бір қатар
ерекшеліктері бар.
1. Шынайы уақыт жүйесінде жұмыс істейтін үш ӛлшемді виртуалды
приборлар мен тұсбағдардың болуы (3-қосымша);
2. Білім
алушылардың
табиғатта
жүретін
үрдістердің
түзілу
заңдылықтарын
ӛз
беттерімен
оқып-үйренуге
мүмкіндік
беретін
интербелсенді виртуалды карталардың енгізілуі (4-қосымша);
3. Жаңартылған білім мазмұнының талаптарына сәйкес интербелсенді
географиялық есептердің енгізілуі;
77
4. Әр тақырыпта кКері байланысты қамтамасыз ететін бағалау
ӛлшемдерінің, интербелсенді тапсырмалар жүйесі мен бейне кӛріністердің ,
тӛлімді жинақтап бағалау тапсырмалары мен тестерінің болуы.
Достарыңызбен бөлісу: |