Салькеева, А. К. и др



бет21/23
Дата14.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#43035
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Айналу поляризациясы жарықта кез - келген екі перпендикуляр фаза айырымы ± π/2-ге тең. Егер осындай жарық жолына λ/4 пластинкасын қойсақ, ол қосымша ± π/2 фазалар айырымын енгізеді. Қорытқы фазалар айырымы 0-ге немесе π-ге тең болады. Қорытынды: айналу поляризациясы жарық λ/4 пластинкасынан өткенде, жазық поляризацияланғанға айналады. Ал егер сәуле жолына поляризаторды да қойсақ, оның толық жұтылуына қол жеткізуге болады. Табиғи жарық λ/4пластинкасынан өткенде өзгермейді.
Сөйтіп, егер пластинканың кез - келген жағдайында поляризаторды айналдырғанда интенсивтілік өзгермесе, түсетін жарық табиғи. Егер интенсивтілік өзгерсе және толық өшуге қол феткізуге болса, жарық айналу поляризациясы болғаны. Егер толық жұтылу мүмкін болмаса, жарық табиғи мен айналу поляризациясының қосындысы.
Кубтық кристалдарда және мөлдір изотропты ортада қосарланып сыну әр түрлі әсерлер нәтижесінде орын алуы мүмкін. Мысалға, денелердің деформациясы кәдімгі және ерекше сәулелер сыну көрсеткіштерінің айырымы пайда болған оптикалық анизотропия көрсеткіші бола алады. Тәжиребе көрсеткендей, осы айырым берілген нүктедегі кернеуге σ пропорционал:


nо – nе = kσ

(33)

к – зат қасиетіне тәуелді пропорционалдық коэффицент.
Қиылысқан Р және Р` поляризаторлар арасына шыны пластинка Q қояйық.

31-сурет
Бастапқы күйде шыны жарық өткізбейді. Егер шыныны деформацияға ұшыратса (мысалға, біржақты сығу), жарық жүйеден өте бастайды және өткен сәулелер түрлі түсті жолақтарға толы көрініс береді. әрбір жолақ пластинканың бірдей деформацияланған бөліктерін көрсетеді. Сонда пластинка ішіндегі кернеулік туралы жолақтар сипаты мен орналасуына қарап айтуға болады.
Қолдан жасалған қосарланып сыну арқылы кернелікті оптикалық тәсілмен зерттеуге болады. Қиылысқан поляризаторлар арасына мөлдір изотропты материалдан (мысалы, целлулоид немесе плексиглас) қандай да бір зат моделі қойылады. Сосын моделге зат қабылдайтын әсердей әсер беріледі. Жарықтың әсерінен пайда болған көрініс кернеуліктің таралуы мен мәні туралы тұжырымдауға мүмкіндік береді.
1875ж. Керр сұйықтарда және аморфты қатты денелерде электр өрісінің әсерінен қосарланып сыну құбылысн байқады. Бұл құбылыс Керр эффектісі деп аталады. 1930ж. Керр эффектісі газдарда да байқалды. Сұйықтардағы Керр эффектін байқауға арналған құрылғы сызбасын қарастырайық. Құрылғы қиылысқан екі Р және Р` поляризаторлар және олардың арасына орналастырылған Керр ұяшығынан тұрады. Керр ұяшығы – ішінде конденсатор пластинкалары және сұйықтық бар герметикалық кювет. Пластинкаларға кернеу бергенде, олардың арасында біртекті электр өрісі пайда болады. Оның әсерінен сұйық өріс кристалл қасиеттеріне ие болады. Кристалдың оптикалық осі өріс бойымен тураланған. және сыну көрсеткіштерінің айырымы өріс кернеулігінің квадратына пропорционал:




(34)

кәдімгі және ерекше сәулелер арасында жолдың l бөлігіндегі жүріс айырымы:




(35)

Фазалар айырымы:




(36)

Соңғы теңдеуді келесі түрде жазу келісілген:


Δ=2πB l 2

(37)

В – Керр тұрақтысы, ол заттың температурасына және ұзындығына λ0 тәуелді.
Керр эффектісі молекулалардың оптикалық анизотропиясымен түсіндіріледі. өріс жоқ кезде молекулалар хаостық қозғалыста болады, сондықтан сұйық анизотропияны байқамайды. Өріс әсері нәтижесінде сұйық анизотроптыға айналады. Өрістің бағытталған әрекеттеріне молекулалардың жылулық қозғалысы қарсыласады. Іс жүзінде температура өскен сайын В Керр тұрақтысының азаюы осымен түсіндіріледі.
Реттелген молекулалар пайда болу (жоюлу) үшін 10-10сек. уақыт керек. Бұл дегеніміз, Керр ұяшығы – инерциясы жоқ құлп. Конденсатор пластиналарының арасындағы кернеу нольге тең болғанда, құлп тұйықталған болады. Кернеу пайда болған кезде ұяшық бірінші поляризаторға түсетін жарықтың басым бөлігін өткізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет