Салькеева, А. К. и др



бет2/23
Дата14.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#43035
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Линзалар – жарық сәулелерін сындаратын 2 жазықтықпен (олардың бірі әдетте сфералық, кейде цилиндрлік пішінді, ал екіншісі сфералық немеесе жазық болады.) шектелген көрінбейтін денелер. Олар заттың оптикалық бейнесін құрайды. Линзаға материал ретінде шыны, кварц, кристалл, пластмасса және тағы басқалары қолданылады.
Оптикалық қасиеттеріне қарай линзалар жинақтық және шашыратқыш болып бөлінеді. Егер линзаның қалыңдығы линзаны шектейтін беттің радиусынан кіші болса, онда ол жұқа линза деп аталады. Сыртқы пішіні бойынша қос-дөңес, жазық-дөңес, қос-ойыс, жазық-ойыс, ойыс-дөңес, дөңес-ойыс болып бөлінеді. Линза бетінің қисығының центрі арқылы өтетін түзу бас оптикалық ось деп аталады. Бас оптикалық оське параллель тарайтын параксиальді жарық шоғырының сәулелері бас оптикалық осьте жататын нүктеде қиылысады.


5-сурет
Линзаладың оптикалық центрі – сәулелер сынбай өтетін қасиетке ие бас оптикалық осьте жататын нүкте.
Фокальді жазықтық – бас оптикалық оське перпендикуляр, линзалардың фокусы арқылы өтетін жазықтық.
Оптикалық ось – линзаның оптикалық центрі арқылы өтетін және бас оптикалық осьпен сәйкес келмейтін кез келген түзу.
Фокус аралығы – линзаның оптикалық центрі және оның фокусының арақашықтығы.
Жұқа линзаның формуласы:




(9)

a және b – линзаның зат және оныңбейнесінен арақашықтығы . f – фокус аралығы.
Шашыратқыш линза үшін f және b теріс таңбамен алынады.
Егер a=, яғни сәулелер линзаға параллель шоғырмен түссе, онда b арақашықтығы
b=OF=f – фокус аралығына тең болады. Егер , яғни бейне шексіздікте орналасса, онда а=OF=f.
Жинағыш линзаға қарағанда шашыратқыш линзаның жалған фокусы болады. Жалған фокуста бас оптикалық оське параллель орналасқан шашыратқыш линзаға түсетін сәулелердің ойдан шығарылған жалғасы болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет