Салькеева, А. К. и др


§ 1.16 Поляризация жазықтағын айналдыру



бет22/23
Дата14.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#43035
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
§ 1.16 Поляризация жазықтағын айналдыру
Табиғи айналу
Егер қандай да бір зат жазық поляризацияланған жарықтан өтсе, онда тербелістер немесе поляризация жазықтығының айналуы байқалады. Мұндай қасиетке ие заттар оптикалық актив деп аталады. Оған кристалл денелер (мысалы, кварц), таза сұйықтар (скипидар, никотин) және оптикалық актив емес ерітіндідегі актив заттар(қанттың судағы ерітіндісі).
Кристалл заттар, мысалға кварц, поляризация жазықтығын қаттырақ айналдырады, егер жарық оптикалық осьбойымен таралса. Бұрылу бұрышы θ сәуленің кристалда өткен жолына l пропорционал:


θ=α l

(39)

α коэффиценті – айналу тұрақтысы; ол градустың милиметрге қатынасымен өрнектеледі және толқын ұзындығына тәуелді.
Ерітінділердегі бұрылу бұрышы сәуле жолына l және актив заттың концентрациясына С пропорционал:


θ=[α]С l

(40)

[α] – үлестік айналу тұрақтысы;
l - жарықтың оптикалық актив заттағы өткен жолы;
С – ерітіндідегі оптикалық актив заттың концентрациясы, кг/м3.
Үлестік айналу заттың табиғатына, температурасына және вакуумдағы жарық толқынының ұзындығына тәуелді. Сондықтан бір зат тебеліс жазықтығын, толқын ұзындықтары түрлі болған жағдайда, әр түрлі бағытта айналдырады. Мысалы, қалыңдығы 1дм., ерітіндінің 1см3-на 1г. Қант келетін қызылша қантының судағы ерітіндісі қызыл жарықты(λ=0,656мкм) 530-қа, сарыны(λ=0,589мкм) 66,50-қа, жасыл жарықты(λ=0,535мкм) 820-қа бұрады. Бұл құбылыс айналу дисперсиясы деп аталады. Көбінесе λ кеміген сайын, θ өседі.
Тербеліс жазықтығының айналуына негізделген ерітіндідегі оптикалық актив зат концентрациясын анықтайтын қарапайым әрі өте дәл әдіс бар. Оның мәні төменде түсіндірілген:
Жарық S көзінен жарықфильтрі F және поляризатор P арқылы өткізіп, оны монохроматтық поляризацияланған жарыққа айналдырады. Окулярдын О бақылай отырып, анализаторды А жарық өткізбейтіндей қып бұрады.

32-сурет
Әлбетте, бұл жағдайда поляризатор мен анализатордың бас жазықтықтары перпендикуляр болады. Бұрыштық бөлінділері бар К айналымда анализатор орналасуының θ 1 санағы жүргізіледі. Сосын поляризатор мен анализатор арасына зерттеліп жатқан ерітіндісі бар шыны түтік R қойылады. Бұл кезде окулярдағы көрініс біраз жарықтанады, өйткені ерітінді тербеліс жазықтығын қандай да бір θ бұрышына бұрады. Сондықтан анализаторды тура сондай бұрышқа бұру керек. Осыны істегеннен кейін К айналымы бойынша тағы санақ θ 2 жүргізеді. Бұрышты θ=θ1- θ2 табады. (40) формула бойынша
С = θ /[α] l. Бұл қатынас ерітіндідегі оптикалық актив зат концентрациясын анықтайды, оны өлшейтін аспап пояриметр деп аталады.
Кейін М.Фарадей магнит өрісі әсерінен болтын оптикалық актив емес заттардағы поляризация жазықтығының айналуын байқады. Бұл құбылыс Фарадей эффектісі немесе поляризация жазықтығының магниттік айналуы деп аталды; және ғылым үшін маңызы зор болды: алғаш рет оптикалық және электромагниттік процестер арасындағы байланысы бар құбылыс байқалды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет