27. БАЙҚАЛ МЕН ЕНИСЕЙ
Ертеде барлық Сібірді билеп-төстеп жүретін бір бай адам
болыпты. Оның байлығына қоса, ақ дегені алғыс, қара дегені
қарғыс екен. Байлығына батырлығы сай болып, барлық Сібірді
аузына қаратыпты. Сондықтан Байқалдың лақап аты «Сібір»
атаныпты.
Байқалдың байлық, батырлық-ерлік, жақсылық қасиеті-
не қоса, қаһарлы-ашулы, зарлы сипаттары да болыпты. Бай-
қал дың бір іске көңілі түспей, ашуы келсе, ол бетін түстік-
ке бұ рып қараса, барлық Сібірдің келбеті өзгере бастайды
екен: күн өздігінен суытады, аспан түнеріп бұлттанып, бұлт-
тар ерсілі-қарсылы көшіп, ызғарлы қар-жаңбыр жауып, жел
194
195
ӨТІРІК ӘҢГІМЕЛЕР
соғып, теңіз тулап жағаны соғып, ормандар бойын жазып тік
тұра алмай еңкейіп басын иіп мөлиіпті. Жер бар сырын ішіне
тартып, тоңып қатып қалыпты. Жануарлар батырдың бұл
қаһарына шыдамай, бойын көрсетпей, бас паналап көрінген
ін-шұңқыр ға тығылыпты да, батырдың ашуының қайтуын
күтіпті.
Ал батырдың ашуы қайтса, бетін терістікке бұрғаны. Онда
манағы құбылыстың бәрі өзгеріп, барлық Сібір жайбарақат-
тық қа айналып, барлық жаратылыс рақат табады екен.
Байқалдың Зарлық деген жалғыз қызы бар екен. Ол қыз
дүниеде теңдесі жоқ, Анғара деген батырға ғашық екен, бірақ
екеуінің арасында алшақтық келтіретін нәрсе—Байқалдың
қаһарлы ашуы. Жастардың бұл сырын білсе, Байқал барлық
Сібірді екінші түрге айналдырып жібереді, өйткені бір жо рық-
та Анғарамен кездесіп калып, екеуі бірін-бірі көрместей бол-
ған. Екі ғашық Байқалдың бұл мінезін біліп, енді не істерін
біл мей дағдарысады, сөйтіп жүргенде бұлардың сырын Байқал
сезіп қалып, алдымен қызы Зарлықты өлтірмекші болып ұм ты-
лады, Зарлық қорқып тауға барып тығылады. Сол тау арты нан
«Мұңлық—Зарлық» атанады.
Ал Анғара қорықпады, бірақ атасына қарсы келмей,
бетін солтүстікке қаратып, жан-жағына қарап тұрды да,
алға жүре берді. Бұл кезде Байқалға да ой түсті ме немене,
ойланып қалды. Анғара: «Кезеңі келсе көрісерміз»,—деп,
терең ойланып артына қарай-қарай тартып отырды. Анғара
жалғыз емес болуы керек, өйткені жолшыбай оған қосылған
жолдастары көп болды.
Ал Байқал осы қылған қаталдығына өкініп, жер бауыр лап
жата кеткен екен. Қайғысының күштілігінен жер ойылып,
түпсіз терең көлге айналыпты. Одан шыққан су Анғараның
ізімен жүріп, ағып отырып үлкен өзенге айналыпты.
Міне, сол өзенді осы күні Анғара өзені деп атайды.
196
ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР
28. ЫҒАЙДЫҢ ӨТІРІГІ
Қой жылы қостанып жылқымен отарға шықтық. Ауыл
айы на алты саптыаяқ тары, алпыс мысқал ірімшік, көже
қатыққа екі сүбе қабырға, бір миқы омыртқа, бір күрт, екі
малта беруші еді. Бұл азықты ай сайын алты атан түйемен
түсіріп тұрушы еді. Бір күні ауылдан келген азығымды тү-
сіріп алып жатсам, айғыр шаппай шығып кеткен алты бием
желіндеп жүруші еді, бәрі де бошалап кетіпті.
Тоқбақ жалды торы айғырды жайдақ міне сала, жүгенсіз
кақпалап жүгіртіп келе жатсам, шықпаған шынар жымда
қорықпайтын қоян жатыр екен. Торы айғырдың үзенгісіне
шіреніп тұрып, тымағымды шиыршықтап, бүктеп алып ұрып
жіберіп едім, қояным күл-топырақ болып аспанға ұшып
кетті. Ұрған жеріме келсем, тымағымның миығына келіп,
отыз үйрек балапандап, қырық қаз жұмыртқалап қалыпты.
Тымағым ды сол күйі басыма кие сала, биелерімнің ізімен
соғып келе жатсам, тумаған ту серкенің терісінен істеген
местегі кымыз қанжығамнан түсіп қалыпты. Биелерім аман-
түгел табылады екен деп ырым қылдым да, торы айғырды
тебініп тағы соғып кеттім. Бір айдын шалқар көлдің жағасына
келсем, үрмей от жанып, сормай су шығып, топырақ жанып
жатыр екен. Торы айғырды суытып каңтарып байлап тастап,
тымағымдағы толып жатқан құсты, үстіне су құйып қуырып
отырсам, қырдағы қызыл түлкі мені баспана етіп тұрыпты.
Мақтадан оғы бар, балдырдан дәрісі бар, әкемнен қалған
ақшолақ мылтығыммен, тұмсықты түстей, мұрынды көздей
атып едім, тұмсықтан тиген оқ құйрығының ұшынан шы-
ғып кетті. Тымақтағы төстікке тояттап алып, қымызыма қа-
нып алып, қанжығамды казға толтырып, түлкімді бөктеріп
келе жатсам, алты дарияның ар жағында, жеті дарияның
жел жағында, «барса келмес» аралда алты бием құлын-
дап, құлындарын аймалап тұр екен. Дария торы айғырдың
тізесінен келген жоқ, бір айғыр үйір жылқы айдап қайтып
келемін.
196
197
ӨТІРІК ӘҢГІМЕЛЕР
Жолда келе жатып кеш батқан соң бір жерге қонайын деп,
қамшымның бүлдіргісімен жылқымды матастырдым да, ыс-
тық қылып ішейін деп, айнала төңіректен бір етек жапа теріп
әкелсем, бәрі шіл екен, бырылдап ұшты кетті, ұшты кетті,—
депті Ығай.
29. ӘЛІМЖАННЫҢ ӨТІРІГІ
Әлімжан өтірікші бір үйге келіп отырып: «Ойпыр-ай, бүгін
күннің суығы-ай, тіпті керемет! Келе жатсам, екі боз торғай
бір шидің басына қонып отыр екен, мұрнынан шыққан демі нен
тұрған сүңгі мұз үш сүйем екен»,—депті.
Бір күні Әлімжан Сәрсенбай дейтін қумен кездесіпті.
Әлімжан: «Қоянды жәрмеңкесіне барып бір қойдың ба-
сын сатып алдым да, қасымдағы екі жолдасыма ұсындым.
Жолдастарым құлақты жеп, қайыра етке қарамайды. «Неге
жемейсіңдер» десем, «тойдық» дейді. Бұлар неге тойып отыр
деп, сол бастың екі құлағын кесіп алып, кұлақты өлшегенімде
үш қадақ болды»,—депті.
Сонда Сәрсенбай айтыпты: «Сен құлақты ортасынан кес-
кеніңде жолдастарың жеп қойған соң өлшегенсің ғой. Мен
былтыр қойдың бағланының сыңар құлағын кестіріп, өлшетіп
едім, бес қадақ шығып қасымдағы жолдастарымызбен түп-
түгел тойғанбыз»,—депті.
30. СҰРАУБАЙДЫҢ ӨТІРІГІ
Сұраубай Жайлаубай деген байдың үйіне сасқалақтап кіріп
келіп: «Ойбай, малдарыңа сақ болыңдар, келе жатып жолда
отыз қасқыр көрдім. Топтанып, табаны қызып алған екен»,—
депті.
Бай абыржып, малдарына кісі аттандырып: «Апыр-ай, тым
көп екен қасқыр, күзді күні бұлай топтанып жүрмеуші еді,
сенікі өтірік емес пе?»—депті.
198
ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР
Сұраубай бірер шыны аяқ шайды ішіп алып: «Сірә, отыз бола
қоймас, бірақ жиырмадан кем болмас»,—депті.
Бай: «Бұл да көп»,—депті.
Сұраубай: «Жиырма болмағанмен он бес болар»,—депті.
Келген бір адамға он депті, енді біреуге бес депті.
Бай: «Әй, мынауың өтірік болмаса жарар еді»,—дегенде:
«Жоқ, атан түйедей көкжал біреу еді»,—депті.
Бай: «Тіпті сенің қасқыр көргенің өтірік болар»,—депті.
Сұраубай: «Өтірік айтып неден қысылып отырмын, Құдай дың
жүзін көрмей өтейін, шынында тайлақ түйенің табанында бір
қасқырдың ба, сиырдың ба ізін көрдім»,—депті.
31. ҚАРАБЕК
Жаз қызыл сағынып, жас сорпа ішкім келіп, үйдегі қытай
тауығының әтешін ұстап алып, басын шауып тастап, әйеліме
бір сорпа істе деп тапсырып, міндетті қызметіме кетіп қал-
дым. Кеңсемде отырғанымда артымнан әйелім быржып, ентігіп
жүгіріп келді. Жалт қарасам, сақ-сақ күледі. Е, сорпа пісіп,
шақыра келген ғой, әтеш семіз болған ғой, бұл соған көңілде ніп
күліп тұрған шығар деп ойлап: «Ә, сорпаң даяр болды ма? Қазір
барам»,—дедім де, әйелімнің бетіне қарадым. Өңі күлгенімен,
жүзі үрейленген сықылды, түрі қашып кетіпті. «Ой, саған не
болды?»—десем: «Ойбай, қызық бар, үйге жүр!»—деді. Апыр-
май, бір сұмдық болған екен ғой деп, әйеліме қарамастан үйге
жүгіріп келіп бала-шағама қарасам, олар аман сықылды, бәрі
үрейленген, не болды десем: «Әтеш!»—дейді. Әтешке карасам,
қазанның ішінде секіріп, тулап, бақырып, шақырады. Не
болды деп таңырқап қарасам, о баста басын шапқанымда шала
шауыппын, ол талып жатқан екен ғой. Сөйтіп жатқанда әйе лім
жүнін жұлып, енді етін жуып қазанға салғанында жаны кіріп,
тыпырлап, бақырған екен. Әйелім содан қорқып, сасқанынан
күледі екен, айтуға аузы да бармапты.
198
199
ӨТІРІК ӘҢГІМЕЛЕР
Ел-жұртқа күлкі болдым-ау деп, ашуланып қазаннан әтеш-
ті жұлып алып, ашуланған бойыммен мойнымен қоса екі қана-
тын, екі сирағын шауып тастадым. Енді қарасам, басқа денесі
пісіп, мына шапқандарым да дүмбілез болып қалған екен.
Жануардың құста болса ит жандысын сонда көрдім.
32. ҚАРСЫБЕК
«Жас кезімде құс құмар саятшы болдым. Көз көрмеген,
құлақ естіген Алтай тауында бір торғауыт бүркіт ұстапты
дегенге арада бірнеше ай жүріп, сұрастырып барып таптым.
Барсам рас екен, екі қанаты екі кұлаш, бір текті зат екен. Мұны
дүние пұлына бермес деп ойладым. Байқап отырсам, басқа кем
адам екен. Үйімде ер жетіп отырған ұлым да, қызым да бар,
соның бірің ал дедім де, қолқа қылып құсын қалап әкетіп,
жаздай баптап, он екі құлаш арқанмен байлап бақтым. Күзді
күні аңға алып шыққанымда аяғындағы арқанымен барып бір
түлкіні іліп түсті. Құс құмар аңшы адамның аңғырт болатын
әдеті ғой, өзім байқамаппын, түлкі дегенім сарышұнақ екен,—
депті Қарсыбек».
«Жасымдағы менің мергендігім, адам баласының өміріне
біткен емес. Осы қос ауыз мылтығым сонда да бар еді. Аспан-
да ғы топтанған қазды, ауаның қысымымен, желдің ығына
иіріп қойып бір атқанда он екісін томп еткізіп бір-ақ түсіріп
жүрдім. Сонда бір де оғым жазым кетпеуші еді,—депті тағы
да Қарсыбек.—Сол аңшылықпен аңсап жүргенімде ұшқан
кұс тұрсын, жүгірген аңның төрт аяқтысы былай тұрсын,
екі аяқтысын да құтқармаушы едім. Бір күні, жалаңаш
түзде, адам ізін таба алмай, сұрым кетіп орман аралап келе
жатсам, құлағыма сарт-сұрт еткен дыбыс естілді, бұл не деп
қарасам, екі қоян екі жақта тұрып, ертедегі қошқарларша
сүзісіп жатыр екен. «Үрит соқ!». Әр сүзіскен сайын аралары
алыстай береді, біраз қызығына қарап тұрдым да, енді
екеуін де дәл басынан атып түсірейін дедім, бірақ олар келіп
200
ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР
сүзіскенде дыбысының қаттылығы сондай—күркіреген
күндей, көшкен таудай жаңғырады. Сол кезде зәрем ұшып
көзімді жұмып жата қалам, бір кезде дыбыс, сүзіс басылды.
Ой, құрсын! Зәремді алды ғой деп барып қара сам, екі қоян да
сілейіп солықтап жатыр. Қарап тұрсам, сүзіс тің күштілігін
содан біліңдер, екеуінің де бас сүйегінін быт-шыты шығып,
миы мылжа-мылжа болып кетіпті»,—депті тағы бір сөзінде
Қарсыбек.
«Елде өте дос Әбіл деген құрдасым бар еді, әйелі Мәлі деген
адам сонша дүниеқор, ұқыпты жинақты адам еді. Бір кезде
Мәлі екі қабат екен деп естідім. Достардың мұндайда қуаны-
шына ортақ болу керек қой. Құтты болсын айтайын деп бар-
сам, елі көшіп жатыр екен. Елде ұқыпты-жинақты көш бола
ма, өгіз арындап, арба сынып, сиыр өріске тартып, бұзау
жұртқа қа
шып, мырық-шырық болып жатыр. Осындайға
ашуланған. Мәлі бір жайдақ атқа міне сала, сиырды өрістен
қуып келіп, жұртқа қашқан бұзауды оған қосып, тартынған
өгіздердің мүйізін ұрып сындырып, сынған арбаларды өртеп,
жаңа қонысқа елді әкеп қондырды. Мәлінің күні дәл сол күн
екен. Құдай ретін оңынан келтіріп егіздетіп бір ұл, бір қыз
тапты. Менің де жолым болып үш күн шілдеханасында бо лып,
азан айтып, екі нәрестенің атын койып қайттым»,—депті енді
бір сөзінде Қарсыбек.
33. АҚЫЖАННЫҢ ӨТІРІГІ
Түздегі жабайы құстардың үлкені де, семізі де дуадақ деген
құс болатынын бәрің де білетін боларсыңдар. Оның үлкен,
семіз болатын да себептері болады ғой. Өйткені, күллі жапан
жүзді өзі меңгеріп жайылып жүрген соң, ұшам десе дала
жетеді. Оттауына от та жетеді, оның тамағы тоқ. Түзде оған
ортақ болатын зат та жоқ. Бірақ оның дұшпаны—аш түлкі,
борсық, қасқыр, малшылар. Дуекең олардың да ебін талай
200
201
ӨТІРІК ӘҢГІМЕЛЕР
жерде тапқан. Менің аңшылыққа әбден берілгенім сондай—
түз аңдарының қайда қанша екенін білетін болдым. Сөйтіп
жүргенімде мына «Майлысорда» бір дуадақ жүр деп естідім.
Ол немені алып келейін деп қоңыр өгізге міне сала борсаңдатып
жорғалатып желе жортып келе жатыр едім, алдымнан бір түлкі
жер бауырлап, жорғалап жылжып барады. Мен оған, жазғы
жаман аш түлкі ғой деп қарамадым да, ілгері жүре бердім.
Жігерім қайнап, әй, шіркін, қайда жатыр екен, әлде ербеңдеп
оттап жүр ме екен деп ойлаймын да алақтаймын. Бір кезде
тарс-тұрс төбелестің дыбысы шықты, жалт қарасам, бір дуадақ
жерден көтеріліп ұша жөнелді. Артында аузы-мұрны қанға
боялып, қиралаңдап түлкі бұраңдап жатыр. Бақсам, манағы
түлкі дуадақтың жатқан жерін аңдып барады екен, оны аңдып
жатқан дуадақ жақындаған кезде қанатымен қағып қалып,
түлкінің аузын шиедей қылып, жұлынын үзіп кетіпті. Мана
менсінбеген түлкіні көрдім де, қызығып кетіп, сойып жіберіп,
біреу көріп, байла деп тынышымды алар деп, ішігімнің ішкі
өңіріне қабаттап тігіп алдым.
Енді бір жұмысты бітіріп, манағы дуадақтың ажалы келсе,
маған өзі оралып келер деп жан-жақты барлап жүрсем, бір
жылқышы қысырағын жоғалтып, құйрығын сүйретіп келе
жатыр екен. Амандаса кеттік: «Қай елсін?». «Тама елімін». Екі
елдің арасын шамалап тұрсам, мен үш күндік жолға шығып
кеткен екем. Алған түлкімді жылқышыдан жасырып, мен
аңшы едім, көзіңе аң түсті ме деп сұрадым.
Жылқышы: «Осы мидай далада дуадақтан басқа не болу шы
еді»,—деп еді. «Мен: Кәне дуадақ?»—деп, қуанып кеткенде
астымдағы қоңыр өгіз ала жөнелді. Жылқышы қуып келіп
қалып еді, еру қайда, ай далада қалып қойды. Осы кезде бір
дуадақ-дуадақ деген дауыс естілді. Қайта оралып келсем, мана-
ғы жігіт, аттан түскен екен, киімін шешіп сыбанып алыпты,
екі білегін түрініп алып құрығын көлденең ұстап, ілгері басып
бірдеңені аңғарғандай ыңғайланып барады. Апырай, бұл не
екен деп, тебініп жақындасам: «Әрі-әрі!»—деп, жолатпайды.
202
ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР
Бір кезде жылқышы бар күшімен жерді соғып жіберді. Құрық
жерге тиіп, күрс етті. Сол дыбыстан шошып, ұйықтап жатқан
дуадақ екен, ұша жөнелді.
Дуадақтан құр қалып жылқышы екеуміз айдалада жан-
жалдасып алыстық, шаршадық. Бір кезде көкке ала бұлт пай-
да болғандай болды. Ол ұшып келе жатқан бір топ дуадақ екен.
Шапшаңдығым сондай—қақпанымды жайып жіберіп, қайта
оралып келсем, көрмеген адам нанбайды ғой, он бес дуадақ
түсіп қалыпты. Ішінде манағы дуадақ та бар екен. Сөйтіп, бір
жолы бір түлкі, он бес дуадақ алып қайтқаным бар,—деп сөзін
тауысты Ақылжан.
34. СӘЛІБАЙ ҚОРСАҢҰЛЫНЫҢ ӨТІРІКТЕРІ
Жаз өте ыстық еді. Құрымнан Майлысорға көшетін уақыт
болып, күндіз көшуге күннің ыстығынан жасқанған ел түс
ауа көшті де, іңір түйіле Майлысорға келіп көшін тоқтатты.
Көш тоқтаған соң, шешем: «Қарағым, тезек тере ғой, сүт пі-
сіріп беремін»,—деді. Шешемнің сөзін екі қылмай, жүгіріп
жылқының тезегін теріп, етегімді толтырып әкеп, жаңа жақ-
қан оттың басына келіп тезегімді төге салып едім, тезегім дүр
ете түсіп, зәремді алды. Қарасам құмалақ деп теріп әкелгенім
бөдене екен. Содан бес бөдене отқа түсіп, өзгесі ұшты да кетті.
Отқа түскен бес бөденені ұшырмай, бырылдатып шала-пұла
үйтіп, қызыққа жиналған елмен бір тойдық.
Ол елдің үлкен кәсібі ағаш шабу, үй салу, арба, шана жасау,
күрек, астау шабу болатын. Сол кісі орманға барып керегін
алып жүріп, мынадай қызыққа кездестім депті. «Бір жуан
қайың тұр екен, ол қайыңды кесіп алсам, үш үйге қыстай отын
боларлық, он шақты күрек шығарлық, түбінен екі астау, бес
табақты ойнап отырып ойып аларлық екен» деп, ақ балтамды
қабынан суырып алып, екі жағынан кезек-кезек салып-салып
жіберіп едім, ағашымның іші күңгірлейді, таңырқап қарап
тұрсам, ағаштың бір жағында қуысы бар екен, сол қуысқа
202
203
ӨТІРІК ӘҢГІМЕЛЕР
бір топ қоян кіріп паналайды екен. Ағашты құлатқанымда
қояндар дырқырай шыға бергенде бірін босатпай, ақ балтамен
мойындарынан қидым да отырдым. Сөйтіп, астымдағы қара
өгізге бұл жолы ағаш емес, ылғи қоян артып қайттым»,—депті
сол кісі.
Май айының басы, арбамды жамап-жасқап жатыр едім, үй
алдында қара бұлақтың бетіне келіп қонған қаз бен үйрекке
сыймай кетті. Дүниені көргенде қуанбайтын кісі бола ма,
шауып жатқан ағашымның жоңқасынан ала сала құлаштап
судың бе тін қалқыта отырған топ кұстың орта шенінен жіберіп
едім, құс тар жаман сасып бытырап ұша жөнелді. Қарасам,
суда бес үйрек, үш қаз қалыпты. Жүгіріп барып жинап алсам,
жіберген жаң қам бірінің қанатын, бірінің мойнын үзіп кеткен
екен. Бұйырған зат осылай болады ғой, депті Сәлібай тағы
бірде.
Біздің ауылдың сыртындағы «Сиыр құлаған» тауының
бетінің қары кетіп, қара болған жеріне қойымды жайып
оттатып, түс кезінде жусатып тастап, өзім де демімді алайын
деп ана ақ тасты жастық қылып шынтақтап қисайып жатыр ем,
әлгі кебенек келгір қара мойын ешкім ана адыр тастың үстіне
секіріп шығып, төмен қарап үңіліп тұрды да, секіріп жерге
түсті. Енді қарасам, тағы тасқа шығып маңырады, бұл хайуанға
не болды, өзі буаз еді деп, адыр тастың қасына келіп едім, дәл
сол ешкідей бір қоян ата жөнелді. Е, кебенектің мазасызда-
нып жүргені осы екен ғой деп ойладым. Ешкім төмен түсіп,
бірдеңені иіскелей бастады. Бақсам ешкім лақтаған екен. Төрт
лақ туыпты. Ой, жануарым-ай деп, лақтарын алдына салып
жалатып үлгіргенше, қойларымның сауыны болса керек,
маңырап елге қарай жосылды. Төрт лақты қойныма салып,
қолтығыма қысып қой артынан қалмай үйге келіп, әйелім
Алтынға ешкінің төрт лақ тапқанына мақтаныш етіп қуана,
бір жағынан таңырқап, босағаға лақтарды қоя салып едім,
Алтын шошып кетті де: «Ойбай-ау мынауың не?»—деді. Мен
де сескеніп лақтарға қарасам, лағымның екеуі коянның кө-
жегі екен де, екеуі лақ екен. Аңкау басым, басында байқамап-
204
ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР
пын, қоян мен ешкі бірдей, бір жерде лақтап, лақ, көжектерін
араластырып алыпты ғой. Мейірманды қара мойын жануар,
қоянмен алысып төртеуін де иемденіп бауырына салған екен.
Ешкім көжекті де сүтімен ауыздандырды, депті және бір
сөзінде Сәлібай атамыз.
35. ҚАЙРАҚПЕН ШҮРЕГЕЙДІ АТЫП АЛДЫМ
Жазғытұрым, құстың келіп жатқан кезі. Сайманымды сай-
лап алып, атымды ерттеп жатыр едім, бір шүрегей төбемнен
ұшып өтіп барады екен. Бұған оғымды шығарып қайтем дедім
де, жерде жатқан бір қайрақшаны ала сала жіберіп қалып едім,
бұйырған зат қой, дәл бөтекеден тиген екен, жерге томп ете
түсті. Оның дүмпуінен: «Жер қозғалды!»—деп, ел шу ете қалды.
Зәрем ұшып, бір жағынан елдің тынышын алғаныма ұялып:
«Үрейленбеңдер, мынау сендерге бұйырған болар»,—деп, шү-
регейді көптің алдына тастай бергенімде көптің қуанғаны
соншалық. Көбі жылап, біразы күліп тұр екен, депті Сәлібай
атам тағы да.
36. БАЙСАРЫНЫҢ ӨТІРІГІ
Астымда ақ жал, шаптар атым бар, ақшамға азан айтып,
«Алла акбар» дегенде, Алматыдан шығып, «ла илаһа» дегенде
Қарғалыны қақ жарып, Ұзынағашқа бардым. Сол жерден бір
нан ауыз тиіп, қара-көлеңкеге қалмай, қазан қайнап жатқанда
Қазан қаласына бардым. Қазанда бұрын бір жомарт адам бар
еді. Баяғы қонақ келді деп атымның шаужайынан ұстай алды.
37. МҰҚАЖАННЫҢ ӘҢГІМЕСІ
Мұқажан деген кісі: «Ерте кезде қыстыңгүні бес адам
шанаменен жекжатымызға бара жатыр едік,—дейді.—Ал-
204
205
ӨТІРІК ӘҢГІМЕЛЕР
дымыздан көлікті он бес адам кездесе кетіп, көптігіне сеніп,
жолдан бұрылмады да, бізді жолдан бұрылтпақшы болды.
Жанжал шықты. Ашуым келіп, нені тыңдайын, шананың бір
жетегін жұлып алып, қатқан қайың жетекпен әрқайсысын
бір-бір салып ұрып жығып, енді қалған біреуіне ұмтылғаным-
да, жетегім ортасынан сынып, сынығы аспанға ұшты. Оны
байқаған мен жоқ, демімді алып шылым тартып отыр
сам,
бірдеңе ызылдайды, қарасам—манағы жетегімнің жар тысы,
көкті аралап қайта қайтып келе жатыр екен».
38. ҚАРСАҚБАЙДЫҢ ӘҢГІМЕСІ
Бір күні бұзау бағып жүр едім, дауыл соғып алай-дүлей
қылып ат үстінен жұлып әкеткендей болды. Түсе қалып арты-
ма қарасам, Алланың әмірі-ай, бір бүркіт жердегі бір түлкіге
шүйіліп келе жатыр екен. Мені көріп қайқиып көкке көтері ле
бастады. Түлкі астыма кіріп кетіп, тісін ақситып жатыр. Дауыл
басылды. Менің дауыл деп жүргенім бүркіттің екпіні екен. Енді
бір мезетте қарасам, астымдағы түлкі бетіме қарап жымиды да,
құйрығын бұлаң еткізіп бір-ақ тартты.
39. ЖҮРГЕН АЯҚҚА ЖӨРГЕМ ІЛІНЕДІ
Кіші жүз ішінде Тамадан шыққан «Құр жарғақ Сарбас»
атанған мерген болыпты. Бетбақтың шөлінде, «Жеті қоңыр»
құмында аң аулап өмірін өткізіпті. Сол кісі өткен мергенді-
гін әңгімелей келе айтады екен: Бір күні түнде елсізде, құба
жонда, айсыз қараңғыда жалғыз жатыр едім, топтанған
киік жосып-жөңкіліп өтіп барады. Оның артынан арқар,
оның артынан құлан, онан соң бұлан, онан соң бұғы, онан
кейін домбай, онан кейін кертағы, онан соң марал, бірінен-
бірі қалмай, шұбап өтіп бара жатыр. Ең соңында қарамы
иттен кіші, мысықтан зор, өзі ақ бір кішкене жануар, айсыз
206
ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР
қараңғыда далаға жаққан шам дай, жарқ-жұрқ етіп, аяқпен
қозғалған сияқты емес, қанатпен ұшып бара жатқан сықыл-
ды көрінді. Мылтығымды алдым да ба сып қалдым, жалп етіп
жығылды. Түн ішінде қорқып қасына бара алмадым, таң
атқан соң да қауіптеніп, аса сақтықпен абай лап басып қасына
бардым. Өліп жатыр екен. Аңнан бөлектігі сол—қанаты бар,
өмірімде көрмеген затым. Терісін сойып алып, жанға айтпай,
ешкімге көрсетпей сақтадым. Бұрын ат
қан аңдарымның
етін кақтап, обаға, ішектерге түймештеп тыға бе ретінмін.
Тұс-тұсынан ел келіп, артып-тартып әкете беретін. Атқан
аңның терісінің садырын тіліп алып, өзгесін қалай болса
солай кептіріп тастай беретінмін, көп терілерді Бұхарға бара
жатқан кірекештерге қосып, оқ-дәрі, керек-жарақ алдырып
тұ ратынмын. Мынадай бір керемет қолыма түскен соң Бұхар
базарына өзім бардым.
Бұл сыкылды аң терісі болса, Бұхарда ғана кездесер деп,
кең базарды кезе адымдап аралап жүрдім. Бұған ұқсаған тері
ешкімнің қолында көрінбейді. Көркемдігіне көз тұнжырай тын
аң терісін жинаған бір бай саудагер мені шақырды. Бар дым.
«Адамға айтпай, көрсетпей жүрген сенде бір аң терісі бар ғой,
соны көрсет»,—деді. Ол айтысымен, шығарып көрсеттім.
—Уа, құлақ естігенді, көз көреді екен-ау! Айсыз қараңғы
түнде аттың-ау, күндіз айыра алмас едің сен оны! Бұл «зарф»
деген жануар, дүниеде мұнан қорықпайтын, үрікпейтін жа нуар
болмайды. Адам болса да бұдан қорқады. Өзін көрген шығарсың,
көп аңдар бұдан қашып, жан сауғалап бара жатқан болар. Мұнда
құн-баға болмайды. Енді өзің үш күннен кейін кел,—деді әлгі
саудагер. Үш күн өткен соң бардым. Алты түйе ге жүк тиеп: «Осы
түйе жүгімен сенің мүлкің,—деді.—Бұдан басқа өле-өлгенше
қажетін менің міндетімде болсын»,—де
ді. Құшақта
сып дос
болып айрылыстық. Бұрын «Қу жарғақ Сарбас» атандым, ат-
қа тақымым тиіп көрмеген, жарғақ құ лағым жастыққа тимей,
түн ұйқысын күткен жан емес едім. Мазаланып жүріп, оқ тиген
аңның тыпырлап жатқанын көр сем, мауқым басылушы еді.
Ақыр соңында, сол тынымсыз еңбекпаздығымнан олжа та-
206
207
ӨТІРІК ӘҢГІМЕЛЕР
уып, «жүрген аяққа жөргем ілі неді» дегендей халық қатарына
қосылдым, деп сөзін тауысты Сарбас мерген.
Достарыңызбен бөлісу: |