Самашев Зейнолла Сұлтанов Қуаныш Тұяқбаев Қанат Шеңгелбаев Бақытжан «МӘдени мұРА» Ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі қОҒамдық кеңес 4



Pdf көрінісі
бет2/20
Дата31.12.2016
өлшемі1,45 Mb.
#829
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

1. ӨТІРІК ӨЛЕҢ

Баласы қасқа айғырды өлтіріпті,

Құдайым айтқызбасын өтірікті.

Мың кісі бір тышқанға міңгесіпті,

Бәрін де тура тасқа тышқан өлтіріпті.

Міндім де осырақ қоңыз аяңдадым,

Аяңдап сол аяғыммен қоян алдым.

Қоянның бір әйдігін көрдім сонда,

Көтеріп қоңызыма қоя алмадым.

Сайраңдап сол базарды базарладым,

Міндім де, инелікке жатып сона қудым.

Қатыным сол сонаға жерік болып,

Сонаны қатыныма бола қудым.

Ойпырмай, аспанда бір лақ туды,

Адамнан айнымайды құлақ-мұрны.

Құдайым айтқызбасын өтірікті,

Сол лақ мені жерге лақтырды.

Жығылып қол-аяғым қирап еді,

Иіскелеп, лақ келіп, жылап тұрды.

І. Өтірік өлеңдер



28

ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР



2. ӨТІРІК ӨЛЕҢ 

Басында керегенің үрген қарын,

Демалмастан көтердім соның бәрін.

Көп қатын сиыр сауып, май алмайды,

Шіркей сауып май алдым алты қарын.

Басында керегенің үрген қуық,

Көтеріп түйеге арттым аузын буып.

Жануар ол артқаным мая екен,

Қуықты көтере алмай қалды туып.

Бір-екі битті мініп жетеледім,

Ауылым Араншыны төтеледім.

Құдайдың бұл да болса берген бағы,

Атып ап алты қоян кете бердім.

* * *

Дарияның ар жағында от көргенмін,

Қайнаған суық суға ет көргенмін.

Құдайым өтірікті айтқызбасын,

Еркекті егіз туған көп көргенмін.

3. ӨТІРІК ӨЛЕҢ

Басында керегенің үрген қарын,

Көтердім жалғыз өзім соның бәрін.

Жүк қылып қара нарға артып едім,

Орнынан тұра алмады жануарым.

Басына қарағайдың көл тұрыпты,

Айтпаймын айт десеңде өтірікті.

Айтайын өтірікті ебін тауып,

Қан қылды бір санымды тышқан қауып.


28

29

ӨТІРІК ӨЛЕҢДЕР



Қатындар, не қыласың сиыр сауып,

Май алдым алты қарын шыбын сауып.

Беріпті бақа қызын көбелекке,

Жүріпті қара шыбын жеңгелікке.

Бір туын құмырсқаның ұстап сойып,

Той қылып, ат шаптырды төңерекке.

Бар еді бір өлеңім жаңа таптым,

Қайтарып көбелекті көлге жаптым.

Шыбынды шіркейменен құда қылып,

Үстіне тасбақаның шапан жаптым.



4. ӨТІРІК ӨЛЕҢ

Бөлтірік-ті, Бөлтірік-ті, 

Қарағайдың басында көл тұрыпты.

Өзім тауып айтпаймын өтірікті,

Шыбын теуіп биені өлтіріпті.

Бақа қызын беріпті көбелекке,

Қара шыбын жүріпті жеңгелікке.

Өзім тауып айтпаймын өтірікті,

Ат шаптырып той қыпты төңірекке.

Шылым шектім шымшықтың қу басынан,

Арқан естім тышқанның шудасынан.

Алдыма бір қоян жатыр екен,

Арыстанның өте шықтым турасынан,

Ол қоянды алдыма өңгеріп ап.

Керегенің басында тоғыз қарын,

Көтере алмай жығылдым соның бәрін.

Керегенің басында он жеті құрт,

Өлең айтып отырмын, ағайын-жұрт.



30

ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР

Сыйларыңды білмеймін, қиларыңды,

Рахметіңді айта гөр, ағайын-жұрт.

Инелікке міндім де сонаны қудым,

Бес күн жатып жаңа қудым.

Отыз жасқа келгенде 

Он бес қарға бақтым,

Он бесін де қашыртпадым.

Арасында бір жануарға

Сұңқардан тұмар тақтым.

Бір қоңызға қырық адам мінгесіпті,

Бүркіт пен түлкі тілдесіпті.

Қыз берсең де айтпаймын өтірікті,

Қырқын да шыбын теуіп өлтіріпті.

5. ӨТІРІК ӨЛЕҢ

Айттым да өтірік өлең желдеп кеттім,

Соңымнан көбелекке кел деп кеттім.

Асауын бөгелектің ұстап мініп,

Астыма бес қап бидай теңдеп кеттім.

Бөденемен қайырдым бөлтірікті,

Басына қарағайдың көл тұрыпты.

Өзгесі өтірік болса да, осыным шын,

Бір шалды шірней теуіп өлтіріпті.

Бір қоянды міндім де, аспанға ұштым,

Екпініне шыдамай жерге түстім.

Алты күндей-ақ боран соғып еді,

Жалғыз қурай түбіне ас қып іштім.


30

31

ӨТІРІК ӨЛЕҢДЕР



Жүк артып инелікке ерте көштім,

Шүйкелеп сары майдан арқан естім.

Мұртына шегірткенің ат арқандап,

Дегенде өлдім-талдым, әрең жеттім.

Қамысты жылқы ұстауға құрық қылдым,

Жусаннан үйге тіреу сырық қылдым.

Бір талын сақалымның кесіп алып,

Көшкенде мал айдайтын шыбық қылдым.

Аспанға алты жерден тіреу қойдым,

Той қылып, мың масаны сонда сойдым.

Жүрегін біреуінің төрт бөліп жеп,

Нансаңыз, өмірімде бір-ақ тойдым.



6. ӨТІРІК ӨЛЕҢ

Шыбын мініп, шіркейді жетеледім,

Қырғи қылып көбелекті бөпеледім.

Асау қарға, бүргені ұстап мініп,

Көбелектің ауылын төтеледім.

Өтірік өлең айтып елге жақтым,

Құмырсқаны қайырып қойдай бақтым.

Шегірткенің айғырын ұстап мініп,

Ауылын көбелектің зорға таптым.

Керегенің басында үрген бүйен,

Көтергенде босайды жүйе-жүйкең.

Айт десең де, айтпаймын өтірікті,

Көтере алмай жығылды атан түйем.


32

ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР



7. ӨТІРІК ӨЛЕҢДЕР

Өтірікті айтып-айтып шындай қылдым,

Ерітіп қара тасты ұндай қылдым.

Кеуректен төс, киізден балға қылып,

Бір ұрғаннан темірді ұндай қылдым.

* * *

Беріпті бақа қызын көбелекке,

Жүріпті қара шыбын жеңгелікке.

Бір тобын құмырсқаның ұстап сойып,

Той қылдым ат шаптырып төңірекке.

* * * 

Терісін сары масаның жыртпай сойып,

Кететін он бес қарын саба қылдым.

Сабаны сегіз жігіт көтере алмай,

Қылмасқа енді саба тоба қылдым.

* * * 

Міндім де осырақ қоңыз аяңдадым,

Қатырып аяңымен қоян алдым.

Қоянның үлкендігін сонда білдім,

Көтеріп қоңызыма қоя алмадым.

Қоңызым төмен қарай тоңқайса да,

Сонда да қамшым сабын таянбадым.

8. ӨТІРІК ӨЛЕҢ 

Айттым да өтірік өлең ханға жақтым,

Қой қылып құмырсқаны құмға бақтым.

Асауын шегірткенің шертіп мініп,

Тау-тауға шығып алып түлкі қақтым.


32

33

ӨТІРІК ӨЛЕҢДЕР



Өлеңді айтып едім он жасымнан,

Шыбынды ерттеп мініп тойға асығам.

Қанатын көбелектің көпір қылып,

Дарияның өте шықтым турасынан.



9. ӨТІРІК ӨЛЕҢ 

Баласын балпаң-балпаң бала қаздай,

Жүк артып бес қарсаққа ала жаздай,

Біреуін әсемдікке мінемін деп,

Қан түсті аяғына ала жаздай.

Мен өзім құрман айтта киік міндім,

Киіктің сұр бесеуін сүйіп міндім.

Салдары әсемдіктің осылай деп,

Құйрығын жалыменен түйіп міндім.

Терісінен сұр тышқанның ер-тұрманым,

Найза алып ақыл ханнан жау қырғаным.

Қабанның қасқа айғырын ұстап міндім,

Дарияның ортасына пішен үйдім.

Жоқ болып айыр ағашым, қолмен үйдім.

Терісін тасбақаның сыдырып алып,

Асауға алты құлаш шідер түйдім.

Мен өзім жас басымнан тырна бақтым,

Тырнаның арығына жабу жаптым.

Тырнаның бес баласы ығып кетіп,

Бойынан Аралсордың әрең таптым.

Біреуі бесеуінің сорлай қалып,

Оны да шығара алмай елге шаптым.

Қарасам шәй басында қара-ала құрт,

3-0184


34

ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР

Жарасқан қара-ала құртқа, қара-ала мұрт.

Кесіртке тасбақамен жауға аттанды,

Тыңдасын өтірік өлең, мінекей, жұрт,

Міндім де қос аяққа, қудым тышқан,

Жануар ұшқыр екен алып ұшқан.

Ұшқырын жануардың содан білдім,

Аққуға қуып жеттім жоғары ұшқан.

Тең-теңдей кесірткеге жүк артамын,

Жыланға алпыс екі қозы артамын.

Аса бай, аса жарлы болмасам да,

Қызымды қырық мысықпен ұзатамын.

10. ӨТІРІК ӨЛЕҢ

Өтірік өлең айттым да жұртқа жақтым,

Құмырсқаны қайырып қойдай бақтым.

Ел қыдырған кешегі есер кезде

Бөгелек басына тана тақтым.

Бір қоянды міндім де, аспанға ұштым,

Екпініне шыдамай жерге түстім.

Алты күндей ақ боран соғып еді,

Жалғыз қурай ығына ас қылып іштім.

Дүниенің ауыры үрген қарын,

Жалғыз өзім көтердім соның бәрін.

Атандарға үш төстеп артып едім,

Көтере алмай жығылды атандарым.

Дүниенің ауыры үрген қуық,

Жалғыз өзім көтердім аузын буып.


34

35

ӨТІРІК ӨЛЕҢДЕР



Үлкеніне серкенің арба салдым,

Ондай мықты көрмедім өзім туып.

Бес қарсақты күнінде баса міндім,

Жүргізе алмай шіркінді азар міндім.

Екі сымбал үстіне теңдеп алып,

Қара жолдың үстіне борт-борт желдім.

Үлкен серкеге арба салдым,

Басқа, көзге төпелеп зорға салдым.

Мені мықты дегенге жұрт нанбайды,

Қойдай битті көтеріп отқа салдым.

Өтірік өлең айтамын ер басынан,

Арқан естім бозторғай шудасынан.

Алты инелік, бес сона той қылыпты,

Киіт кидік солардың құдасынан.

Өтірік өлең айтамын ер басынан,

Шылым қылдым шыбышық қу басынан.

Қара шіркей етіне қазан толып,

Астау-астау ет жедік ер басынан.

Маса деген бірталай бақыр екен,

Сона деген имансыз кәпір екен.

Бөгелектің үйіне кіріп барсам,

Әкесіне ас беріп жатыр екен.

Бөгелектің терісі ер тұрманым,

Қоян мініп мен өзім жау қуамын.

Шегірткенің айғырын ұстап мініп,

Тұра қашқан түлкіні бұлтартпаймын.

Көлбақаның көнектей сүйегі бар,

Көртышқанның қырық құлаш үйегі бар.



36

ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР

Өзім барып жерінен алып келдім,

Бір түлкінің қырық арба сүйегі бар.

Өтірік өлең айтайын ердің басы,

Жау қияқтың түбі ердің қасы.

Өзім барып жерінен алып келдім,

Бір түлкінің қырық арба омыртқасы.



11. ӨТІРІК ӨЛЕҢ 

Ағаштан қашау жасап, тас тескенмін,

Киізден бәкі жасап, бас кескенмін.

Құбының құмдарынан шүйке жасап,

Мәңгілік үзілмейтін жіп ескенмін.

Ағашшылық істепті тоқылдауық,

Құда боп сауысқанмен ебін тауып.

Кесіртке шудасынан кілем тоқып,

Көшкенде қара нарға қойдым жауып.

Ағаштан жарқылдаған қылыш соқтым,

Ішінде бір ай жаттым қызыл шоқтың.

Қоңыздың айғырына күміс ер сап,

Ағызып, қалың топтан өте шықтым.

Айтам деп өтірік өлең, жұртқа жақтым,

Қайырып, құмырсқаны қойша бақтым.

Айғырын бүгелектің ұстап мініп,

Үстінен Қара теңіз түлкі қақтым.

Айтайын айт дегенде бөлтірікті,

Айтпаймын өлтірсең де өтірікті.

Болса да өзгем—өтірік, осыным—шын,

Бір қызды маса теуіп өлтіріпті.


36

37

ӨТІРІК ӨЛЕҢДЕР



Айттым да өтірік өлең, жұртқа жақтым,

Көк мұзын қарлы таудың отқа жақтым.

Шіркейдің ең жүйрігін ұстап мініп,

Тойында көкпар тарттым дуадақтың.

Аюдың ақ жібектен желегі бар,

Қолында шегірткенің шелегі бар.

Болса да өзгем—өтірік, осыным—шын,

Тауықтың алпыс екі емшегі бар.

Айта-айта өтірік өлең, жұртқа жақтым,

Мініп ап қысыр жылан айға шаптым.

Жотадан бір инемен құдық қазып,

Жылқысын бір тайпа елдің суға жаптым.

Айдадым жылқы орнына отыз түлкі,

Атқосшым жанымдағы семіз үкі.

Ішінде топ адамның тулап шығып,

Қылды залым шіркей мені күлкі.

Айттым да өтірік өлең, жұртқа жақтым,

Әкемнің іште жүріп малын бақтым.

Айғырын шегірткенің ұстап мініп,

Қойтастан қоян аулап, түлкі бақтым.

Айтпаймын өтірікті мен басынан,

Шымшықтың үй жасадым қу басынан.

Етіне қара шіркей қазан толды,

Сүйегі асып қалды арбасынан.

Айттым да өтірік өлең, жұртқа жақтым,

Балықтың сирақтарын отқа жақтым.

Бір сонам байлаудағы қашып кетіп,

Меккеден он жыл іздеп, зорға таптым.



38

ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР

Айдадым жылқы орнына көбелекті,

Тасбақа астымдағы аттай желді.

Аулында қайын жұрттың жығып кетіп,

Қылдың-ау, көкжал бақа, елге күлкі.

Айта-айта өтірік өлең, елге жақтым,

Сақалын көк шіркейдің отқа жақтым.

Біреуін бұзаубастың жоғалтып ап,

Онан соң басқасына қоңырау тақтым.

Айтайын, айт десеңіз, өтірікті,

Басына қарағайдың көл тұрыпты.

Болса да басқам өтірік, осыным—шын,

Өгізді шіркей теуіп өлтіріпті.

Айтпаймын өтірікті мен басынан,

Бозторғай айыл өрдім шудасынан.

Жыланның қызын қырғи алып қашып,

Айдаһар ат мініпті құдасынан.

Аюмен құда болдым, өзім барып,

Ұлыма бесіктегі қызын алып.

Барғанда құдалыққа Қаратауды,

Жөндедім бес ай, бес күн бұзып алып.

Аюды арқандадым жібек жіппен,

Көк сона құда бопты инелікпен.

Қаңтардың ми қайнаған ыстығында,

Жүк артып түнде көштім бөшелекпен.

Айтайын көзді жұмып көргенімді,

Жалған деп сенбейді ғой өзге мұны.

Сейілдеп бақа көкте жүрген кезде,

Байқұстың шөлден өлді көлдегі ұлы.



38

39

ӨТІРІК ӨЛЕҢДЕР



Ақ шабақ алты құлаш түйе тапты,

Жарыста жасыл қоңыз аттай шапты.

Құдамыз жеті қабат көкте жүріп,

Жүз жылда құдағиын әрең тапты.

Ақылдан ержеткен соң болдым жарым,

Бір қоян мал дегенде қолда барым.

Әйелім сол қоянды жаздай сауып,

Түйреді сары майдан сегіз қарын.

Ақ тасты сорпаға ездім, қатық қылып,

Дәм-тұзын сол арада татып тұрып.

Ұстап ап арыстанды сабап жатсам,

Көртышқан бас салғаны басып тұрып.

Ақылдан адаспаңдар, жарандарым,

Бір суыр мал дегенде қолда барым.

Қарға мен әлгі суыр тамыр екен,

Екеуі тасып болды үйде барын.

Алыстым айдаһармен жалғыз өзім,

Бұл өзі жалған емес, рас сөзім.

Шығарып биік сайдың жотасына,

Ағыздым ала арқанмен соқыр көзін.

Алтыннан ақ қоянға тақтым таға,

Бір тышқаннан үш тонға тіктім жаға.

Қыс болғанда сол тонды жамылып ап,

Ішінде ойнақ салады бала-шаға.

Анадан тумай тұрып жауға шаптым,

Беліме ақ қурайдан қанжар тақтым.

Он бес жыл сұр көжекпен найзаласып,

Он рет өлсем дағы аман қаппын.



40

ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР

Арасын жарып қосқан қара тауым,

Басында жайқалып тұр бақша бауым.

Екі жүз құнан қойым егіз тауып,

Апанда жусап жатыр қозыларым.

Ар жақтан алты шыбын айдап алдым,

Біреуін ашуменен байлап алдым.

Шыбынды байлаудағы сойғанымда,

Екі қап, сегіз дағар майын алдым.

Арбаға бес қарсақты баса шектім,

Шіркінді жүргізе алмай азап шектім.

Масаға екі теңді теңдеп алып,

Үстінен қара судың атша желдім.

Арбама парлап жектім көк құтанды,

Үй салдым, сырғауыл қып көк бұтаны.

Түлікке бағып едім жеті тырна,

Шілденің аязында ол жұтады.

Астыма қоңыз мініп, қоян қудым,

Бір тал қылмен арыстан аузын будым.

Жоғалып қара тауық, он жыл іздеп,

Астынан қара жердің тауып келдім.

Аспанға қармақ салып, жайын алдым,

Бүрге сойып, мың қарын майын алдым.

Қоңыздан он бес қора қыстатуға,

Аспанға алты қабат сарай салдым.

Аспанда сона мініп қалықтадым,

Мінсем де жиырма жыл жалықпадым.

Қолыма бір тал қылдан қармақ алып,

Қоймадым теңіздердің балықтарын.



40

41

ӨТІРІК ӨЛЕҢДЕР



Аспанда қолмен қашап егін салдым,

Ақы алмай, тамақ ішпей тегін салдым.

Қызына құмырсқаның ғашық болып,

Сұлуды көрген жерден талып қалдым.

Аспанға алты жерден тіреу қойдым,

Той қылып, мың масаны сонда сойдым.

Жүрегін біреуінің төрт бөліп жеп,

Нансаңыз, өмірімде бір-ақ тойдым.

Ат қылып мініп жүрмін қырғауылды,

Шулатты жығып кетіп бір ауылды.

Пәлені құмырсқаға жапқанымда,

Көртышқан шешім етті бұл дауымды.

Ата-анам мен туғанда бір жаста екен,

Екеуі жер астында тұрады екен.

Малшысы қасқыр екен қой бағатын,

Түгендеп ол да малын тұрады екен.

Атқаным бұл шыбынды анық болды,

Бір тайпа ел етін алып, қарық болды.

Терісі елу саба, тоғыз торсық,

Қалғаны малшыларға шарық болды.

Ауылым балуандарды іріктепті,

Бір өзімнен басқасы ілікпепті.

Қатарда қайраттының біреуі едім,

Жеті қыз жеті рет жығып кетті.

Ауыры дүниенің үрген қуық,

Көтердім батырлықпен аузын буып.

Шіркейдің айғырына арба шектім.

Көрмедім ондай күшті өзім туып.



42

ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР

Ауылым байып жатыр, дамып жатыр,

Қауынды трактормен шауып жатыр.

Құрт пен май құйылатын кебеже бар,

Қосақтап құстың сүтін сауып жатыр.

Ауылым өткен жылы қошқар сауып,

Сүтіне келіншектер болды қарық.

Бәкімді қаймағына жанып-жанып,

Тастадым шыбындардың шашын алып.

Ауырмай жүк аяғым өліп қалып,

Жыладық қайғырғаннан әнге салып.

Тірілді жаназасын оқып жатсақ,

Ұйқыдан кеткен екен есі ауып.

Әйнектен илеткізіп шалбар киіп,

Кеудеме көк түтіннен байғазы іліп.

Аспанға жеті қабат жетіп бардым,

Астыма ілбіс деген аңды мініп.

Әуеден ұшып жүрген бөлтірікті,

Аюды балық шағып өлтіріпті.

Болса да өзгем өтірік, осыным шын,

Дос болып қой мен қасқыр бір жүріпті.

Бай болдым төрт түлікке тумай жатып,

Балама қалың бердім бәрін сатып.

Келінім бай ауылдың баласы екен,

Жасауын жүз қарғаға келді артып.

Байқалды тумай жатып ағаттығым,

Ішінде жеті тозақ сауық құрдым.

Дүниеге адам туып, туа сала,

Өле-өлгенше көмірді азық қылды.



42

43

ӨТІРІК ӨЛЕҢДЕР



Байлықтан ыза шектім ақырында,

Бір тиын мал болмады жақыным да.

Малымның бәрін жиып, отқа жағып,

Отырмын кедейліктің тақырында.

Байқаусызда соғылып айға басым,

Кетік қылып тастадым айналасын.

Толтырып кетік айға қымыз құйсам,

Жетер ед суаруға жан баласын.

Бай болдым бит терісін алып-сатып,

Мал бақтым төсегімде ұйықтап жатып.

Дәулетім жылдан-жылға дамып кетіп,

Ақыры кедейлікке қалдым батып. 

Бақаның соймай тұрып, миын көрдім,

Көлдегі көбелектің үйін көрдім.

Болса да өзгем өтірік, осыным—шын,

Той қылған сірке сойып, жиын көрдім.

Бақа сойып, ет астым ішін жармай,

Тоқсан жыл құмай бақтым, бір күн қалмай.

Бір жолда жүз тайқазан су ішіп ем,

Сонда да қаңсып тұрмын, шөлім қанбай.

Баласы қасқа айғырдың бөлтірік-ті,

Айтпаймын өлтірсең де өтірікті.

Мың кісі бір тышқанға мінгескенде,

Япырым-ау, бәрін жығып өлтіріпті.

Балықтан сауын сауып, сары май алдым,

Тоқалын дуадақтың тартып алдым.

Бір кешкі тамағыма бес қой, бір ат,

Сойсам да жалғыз өзім тоймай қалдым.



44

ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР

Балықтың төрт сирағын отқа жақтым,

Қайырып қандаланы қойша бақтым.

Қанатын қандаланың сая қылып,

Жауырын сүйегінен астау шаптым.

Барады ауылым көшіп ебелекке,

Мықты деп жүгімді арттым көбелекке.

Қайраты қара нардан артық екен,

Жоқ екен ондай күшті төңіректе.

Басына Қаратаудың қора салдым,

Қораның кеңдігіне мен таң қалдым.

Ішіне екі шіркей сыймаған соң,

Салмасқа үлкен қора қасам қылдым.

Басына Қап тауының сарай салдым,

Жүз жылда қашап жүріп, әрең салдым.

Топан су басып оны кетпесін деп,

Көтеріп бөктеріне қоя салдым.

Басына қарағайдың түйе шығар,

Түйені жел ұшырса, қиын шығар.

Болса да өзгем өтірік, осыным—шын,

Аюды кене сүзсе, миы шығар.

Басынан қарағайдың балық көрдім,

Шығуға қарағайды қиын көрдім.

Болса да өзгем өтірік, осыным—шын,

Шіркейдің басын қақпай миын көрдім.

Басында керегенің үрген қарын,

Көтердім күштілікпен соның бәрін.

Апарып қара нарға артқанымда,

Қор болды-ау, белі үзіліп қара нарым.



44

45

ӨТІРІК ӨЛЕҢДЕР



Басына бәйтеректің тіктім орда,

Аспанға алты қарыс қалды сонда.

Қос атпен күндіз-түні жүргенімде,

Он жылда ат арытып, жеттім зорға.

Бәріне атын қойып, айдар тақтым,

Аю мен арыстанды қойша бақтым.

Артыма әйелімді мінгестіріп, 

Қоянды су үстінде жорғалаттым.

Биені қымыз іштім мұзға байлап,

Тышқанды жауыр қылдым үш жыл айдап.

Қырық тоғыз мүшелімде әкем туып,

Жүгірдім қуанғаннан алақайлап.

Беріпті бақа қызын көбелекке,

Жүріпті қара шыбын жеңгелікке.

Семізін көбелектің ұстап сойып,

Той қылдым ат шаптытырып төңірекке.

Бес баламды мінгіздім бір шыбынға,

Шал мен кемпір мінгестік құмырсқаға.

Арқасы жауыр екен жануардың,

Мөңкіп жықты, амал не, қырсықанда.

Бозторғай бұзаубасқа болды ғашық,

Болған соң әрі сұлу, әрі пұшық.

Жеңгетайын кекілік ала алмай қап,

Амал бар ма, ап кетті сары мысық.

Бүргеге жеті батпан кісен салдым,

Күшіне жануардың қайран қалдым.

Мақтаға темір шеге қағып алып,

Тартқанда арыстанмен әрең алдым.



46

ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР

Бүргенің бас терісін қауға қылдым,

Апарып ханымызға сауға қылдым.

Білмеймін көл жұтқан соң жүрдім қалай,

Қара жер көтере алмай қынжылғаны-ай?!

Басып ем баспалдақты кетті құлап,

Сенсеңдер, болды таулар жып-жылмағай.

Бір жылы топ қасқырды отарға айдап,

Шіркейді үш жыл саудым мұзға байлап.

Айтпаймын өлтірсең де өтірікті,

Бұл сөзге ертеде өлген апам айғақ.

Бір қоянды міндім де аспанға ұштым,

Шыдамай екпініне жерге түстім.

Ақ боран алты күнде соғып еді,

Ығында жалғыз қурай асымды іштім.

Біреуді неміз кетер алдамасақ,

Қарғаның түйені рас алғаны асап.

Құлақтап шу асауды ұстап жүрмін,

Бақаның жұлынынан шалма жасап.

Бір шыбын сілкініпті қарап жатпай,

Құлапты сай ішінде көп қарағай.

Шыңғыртып сол шыбынды ұстап алып,

Жеке жан бауыздадым әруаққа арнай.

Бір суыр нар түйеге мініп апты,

Мойнына тоғыз атар іліп апты.

Сол жылы аспан менен жер ортасында,

Қозғалмай елу бес жыл тұрып апты.

Бір жолда жеті шелек шарап іштім,

Алпыс күн нәр тартпастан жарап іштім.



46

47

ӨТІРІК ӨЛЕҢДЕР



Күрестім шегірткемен күні-түні,

Көрсеттім көп өнерін қара күштің.

Бір тал қылмен қос бұғы арқандадым,

Жасым жетіп үш жүзге, қартаймадым.

Төбесі көкке тиген Алатауды,

Мақтадан балта жасап талқандадым.

Бір қасқыр жолдас бопты ұларменен,

Ақылшы түлкі бопты бұларменен.

Қызғыштың бір қызына кісі салсам,

Қолма-қол бала боп тұрар ма екен?

Бір жылы жаяу жүріп айға бардым,

Беліме бес жүз тауды байлап алдым.

Жеткенде қоналқаға, маса сауып,

Қатырып тоқсан шелек қамыт алдым.

Бір жылы бұлт үстінде жайлап жаттым,

Санынан ет ойып жеп мінген аттың. 

Кенеттен жаугершілік заман болып,

Бұршақша жауған оқты қолмен тостым.

Бір жылы қоңыр тұсақ серке туып,

Лағын өсіріпті ерке қылып.

Шілдеде үй ішінен боран соғып,

Жамылдым ұлтарақты көрпе қылып.

Бір бүрге көтеріп ап арқасына,

Ұрғанда Ұлытаудың жартасына,

Әйтеуір, Құдай сақтап, аман қалдым,

Тығылып құлағымның қалқасына.

Бір жылы туысшылап құмға бардым,

Бір сыбыс сары шымшықтан естіп қалдым.



48

ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР

Қылыш ап көкбас сона ақырғанда,

Астына терісінің бұғып қалдым.

Бір жылы теңіз астын қыстап шықтым,

Балықтан он мың әскер ұстап жаттым.

Қызына шағаланың ғашық болып,

Бірін алып, бірін тастап жаттым.

Бір күні өгіз мінген бір топ түлкі,

Маржандап тымағына тағыпты үкі.

Әйелім тумай тұрып маған арнап

Кірпінің терісінен тікті күпі.

Бір жылы шөл далаға балық бақтым,

Қолыма құрығымды алып бақтым.

Үйірін қарақұстың айдап келіп,

Қанатын қарақұстың қалықтаттым.

Бір жаста қатын алдым жүзге келген,

Ол мені кәрісінді көрген жерден.

Сәрсенбі сәтті күні сүндет еттім,

Шақырып таудай молда ергежейден.

Бір күні бұлдырыққа мініп алып,

Көз жұмып, сүңгіп кеттім суға барып.

Бала-шаға бағудың қамын ойлап,

Отынға бір арқа мұз шықтым алып.

Бір қатын қара судан құрт қайнатты,

Пісіріп қара тастан май шайнатты.

Құрдасым кесірткіден қатын алып,

Қырық күн ауылымды бір тойлатты.

Бір қыста араладым шегіртке елін,

Сыйларын ол елдің де көріп келдім.



48

49

ӨТІРІК ӨЛЕҢДЕР



Соғымға соятыны қарға екен,

Батасын барлығының өзім бердім.

Дарияға табан жаптым ебелектен,

Жаратып қудым сона көбелекпен.

Жығылып тас кенеден мойны үзіліп,

Арыстан ажал жетіп, өліп кеткен.

Диюдың қасқа айғырын үркітемін,

Қонып ап бұтағына бір аршаның,

Үш жүз мың қара құртты он жыл бақтым.

Дәнімен шала піскен бір арпаның.

Дөп мініп масамен өрлей бердім,

Алдыма алпыс жасар қойды өңгердім.

Киіп ем мұздан көйлек, қардан ішік,

Не деген ыстық еді, терлей бердім.

Дүз салған қорғасыннан қара балтам,

Шықпайды он матадан сыңар қалтам.

Жоқ менде ішерге ас, киер киім,

Көшкенде жүз түйеге жүгімді артам.

Дүниеде өтірікке жоламаспын,

Сорпа-су бола ма деп сона бақтым.

Досым-ау, менен мерген өте қоймас,

Бір оқпен төрт қасқырды домалаттым.

Ей, жұртым, дей көрмеңдер өтірікші,

Ұстаттым бөденеге кекілікті.

Бір күні көлдің суы өртке кетіп,

Балықтар топырақ шашып өшіріпті.

Ел-жұртқа неге өтірік ұсыналық,

Жеткен соң барлығына күшім анық.

4-0184


50

ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР

Әдейлеп мекеніне алып барсам,

Теңізді қолтығыма қысып алып.

Ендеше, маса батыр, маса батыр,

Тұмсығын маса батыр қашап жатыр.

Көп адам көбелекті бітеу сойып,

Қырық кісі отыз табақ жасап жатыр.

Ендеше, өтірік-ті, өтірік-ті,

Өтіріктің қисынын келтіріпті.

Өзгеге өтірік болса да, өзіме—шын,

Қасқырды қоян теуіп өлтіріпті.

Ендеше сабырлы сазан, сырлы сазан,

Көртышқанның жамбасы алты қазан.

Көрінбей дөң басында отыр едім,

Келеді шыбын мінген әйел адам.

Еңкейіп мен аспаннан мәнті жедім,

Борсықтың талай жеңдім әншілерін.

Бүргенің терісінен етік киініп,

Суырдың араладым ел мен жерін.

Ер жасап қара судан мініп жүрдім,

Жұлдызға жүйрік аттың басын ілдім.

Қоянның көжегінен қорқып қашып,

Бір жүз жыл көл түбіне жасырындым.

Емілдің суы жазда өртке кетіп,

Қағаздан қайық жасап кеткем өтіп.

Бір кезде төбешігім жерге түсті,

Байқаусыз қалғанымда бір жөтеліп.

Жаз жайлау бір қорадай балық бақтым,

Тамызық мұзды жарып отқа қақтым.



50

51

ӨТІРІК ӨЛЕҢДЕР



Бір күні Құдай тегін олжа беріп,

Астынан жүк апанның түлкі таптым.

Жайғаны тасбақаның жылқы болды,

Бір досым ес білгелі түлкі болды.

Қызымен күйкентайдың көңіл қосып,

Сол досым жұрт алдында күлкі болды.

Жалынынан қандаланың айыл алдым,

Үш бүрге ішін жарып майын алдым.

Ізіне оның басқан қақ тұрыпты,

Қармақ сап қырық құлаш жайын алдым.

Жалаң аяқ, жалаң бас киік қудым,

Беліме тоқсан қабат шынжыр будым.

Басқаға өтірік болса да, өзіме—шын,

Жүз жыл жаттым түбінде қара судың.

Жалғыз тары қауызын қора қылдым,

Желге мініп алпыс күн сона қудым.

Басқа өтірік болса да, осыным—шын,

Құмды жинап мың метр оба қылдым.

Жамағат, зейін қойып, сөзім тыңда,

Шын сөз айтам, өтірік қоспаймын да.

Көргем жоқ айтып, сірә, өтірікті,

Келсе де биыл жасым алты мыңға.

Жараттым, алты ай байлап бөгелекті,

Міндім де араладым төңіректі.

Шілдеде теңіз қатып қалған екен,

Тағасыз жалтыр мұзда шауып өтті.

Жараттым алты ай қыстай қара шыбын,

Мініп ап, жоқ қарадым Құбы құмын.



52

ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР

«Болдырып жүрмей қалса, берейін» деп,

Бұршақтың теңдей жүрдім төрт қап ұнын.

Жарандар, шынымды айтпай, немді айтамын,

Алдымен байлығымды аңғартамын.

Беремін сүйіншіге бес жүз жылқы,

Жоғалды мың құлынды боз тайлағым.

Жарыстым бүрге мініп қарғаменен,

Қара үзіп кетті бүргем жорғаменен.

Құбының бұлан қайыр құмдарынан,

Ақ қайран алдым сүзіп дорбаменен.

Жасымда көрпе мініп көкке шықтым,

Аспанның тесігіне тығын тықтым.

Жағамнан ала түскен жайдың бұлтын,

Бір жасыл көбелекпен ұрып жықтым.

Жел жыққан қарағайды жатқан қурап,

Бәкімен алып келдім бәрін турап.

Сайрамды сарқылғанша жұтып едім,

Балықтар жатыр екен әлі тулап.

Жекелік жер, көлемі—ұлтарақтай,

Он тонна ұнын алдым оны бақпай.

Басқам өтірік болса да, осыным—шын,

Көзімді ашып жүремін кірпік қақпай.

Жер қына бойлап-бойлап ұзарыпты,

Аршадан жыңғыл барып қыз алыпты.

Сол тойда тобылғы ұрлық істеймін деп,

Қабығы ұялғаннан қызарыпты.

Жер шарын жетпіс екі айналдырдым,

Перінің қызын алып жайнап жүрмін.



52

53

ӨТІРІК ӨЛЕҢДЕР



Екі жүз он алты жыл көлбақамен,

Аралап дүниені сайран құрдым.

Жегіп ап таутекеге арба айдадым,

Арбамды сай басынан тауға айдадым.

Өсіріп құмырсқаны бір жыл бағып,

Мал толған қорасына байға айналдым.

Жыланның терісінен кидім киім,

Аспанда қанатым жоқ ұшып жүрмін.

Құмайдың қара қарға келіні екен,

Сауысқан алған екен көрімдігін.

Жонынан сары масаның айыл алдым,

Алты қап ақтарылған майын алдым.

Үстіне Қара теңіз қармақ салып,

Бүркіттің балапанын ұстап алдым.

Жүк артып бес қоңызға түнде көштім,

Қарлығаш қанатынан арқан естім.

Мұртына шегірткенің ат арқандап,

Өлдім-талдым дегенде әрең шештім.

Жүк арттым жолбарысқа көшкенімде,

Мұрнын ойбай салды тескенімде.

Ауынан өрмекшінің он бес құлаш,

Әреңге шықты арқан ескенімде.

Жүк артып инелікке ерте көштім,

Шүйкелеп сары майдан арқан естім.

Жабысып сары масаның қанатына,

Аспанда жүз жыл жүріп, әрең түстім.

Жұлдыз құрт терісінен кидім ішік,

Бойыма дәл келтіріп өзім пішіп.



54

ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР

Мұртынан өрмекшінің арқан есіп,

Алты қабат аспанға кеттім шығып.

Жүз ғасыр бірге жүріп сазанменен,

Бұлт сауып, айран ұйыттым қазанменен.

Қызына сауысқанның құда түсіп,

Айтыстым таң атқанша сазанменен.

Жонынан шегірткенің айыл алдым,

Құрықтан қармақ салып, жайын алдым.

Болса да өзгем өтірік, осыным—шын,

Сіркенің саулық қарын майын алдым.

Жыланның жіліншігін шелек қылдым,

Көк шөптен қолмен тоқып желек қылдым.

Басқа өтірік болса да, осыным—шын,

Бір тарыны он бір жыл қорек қылдым.

Жыланды тауда жатқан таяқ қылдым,

Сүйегін көлбақаның аяқ қылдым.

Айғырын шегірткенің ұстап мініп,

Үйірін қайырмайтын саяқ қылдым.

Зауқым жоқ тумысымнан өтірікпен,

Қайырдым қызыл түлкі бөлтірікпен.

Бақаның қашағаны қиын екен,

Ұстадым үш жыл қуып кекілікпен.

Инені бұрғы қылып тауды тестім,

Тауықтың тұяғымен ағаш кестім.

Тырнаның сілекейін жиып алып,

Мың құлаш, он кез жуан арқан естім.

Иенде келе жаттым ел аралап,

Жүгім бар битке артқан он тоғанақ.



54

55

ӨТІРІК ӨЛЕҢДЕР



Қонарда көбелектен күзет қойдым,

От жақтым лауылдатып мұздан қалап.

Ит мініп, көбелекпен түлкі айдадым,

Шақырып сауысқанды айғайладым.

Айғырын шегірткенің ұстап мініп,

Қамшымен сегіз қырлы бор байладым.

Көнектей көбелектің жұмыртқасы,

Жыланқияқ ерімнің артқы қасы.

Сен өтірік айтсаң да, мен айтпаймын,

Жатқан нардай қоянның омыртқасы.

Көңкені артқа тартып жібермедім,

Ұстап ап тау тағысын шідерледім.

Алпыс аю, бес қасқыр, он арыстан,

Жүк артып, отын тасып кіреледім.

Көріп пе ең, мұндай істі бұл жалғанда,

Қағаздан сулық кидім күн жауғанда.

Киізден қазық жасап сексен құлаш,

Таңдадым қасат қарды ат арқанға.

Күйеден шағаладай сарай салдым,

Мақтадан іргетасын қалай салдым.

Сол үйге жалғыз құнан сыймаған соң,

Иіріп мың қойды әкеп, қамай салдым.

Күресте түгел жығып төңіректі,

Жыға алмай сонда жынды көбелекті.

Он шақты омыртқасы опырылып,

Амал не, бір құрдасым өліп кетті.

Күш жетпес асау биттің үркегіне,

Ат жетпес құмырсқаның бүлкегіне.



56

ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР

Көктемде бір тышқанмен жер айдадым,

Жанына жапалақты тіркедім де.

Кеңсайдан бір қарағай жұлып алып,

Сонымен бір сонаны ұрып алып,

Сал жасап бір өзеннен өте шықтым,

Терісін сол сонаның сылып алып.

Кеңсайда көп үй отыр шыбын сауып,

Сүтінен ұрлап іштім ебін тауып.

Сайрам көлдің бетіне шатыр тігіп,

Ішінде ұйықтап жаттым тыным тауып.

Көнектей көлбақаның құлағы бар,

Қазандай қара шіркей тұяғы бар.

Болса да өзгем өтірік, осыным—шын,

Бір биттің қырық арба сүйегі бар.

Күмістен ақ тышқанға таға қылдым,

Құйрығын құмырсқаның жаға қылдым.

Терісін сары масаның бітеу сойып,

Иге сап он бес қарыс саба қылдым.

Жиылып он бес жігіт көтере алмай,

Тікпеуге ондай саба тауба қылдым.

Қағаздан Қара Ертіске көпір салдым,

Ағызбай суын бір-ақ ұрттап алдым.

Мені күшті дегенге жан сенбейді,

Бір қолыммен он тауды жұлып алдым.

Қайныма қарға мініп ұрын бардым,

Күйеуден өзім теңдес бұрын бардым.

Айғырын жапалақтың ұстап мініп,

Алдына қайын атамның қырындадым.



56

57

ӨТІРІК ӨЛЕҢДЕР



Қайырып қара қарға қойдай бақтым,

Өтірік өлең айтып, жұртқа жақтым.

Бір сонам асыранды қашып кетіп,

Дүниеде он жыл іздеп әрең таптым.

Қайныма барып жүрдім қасқыр мініп,

Жауырын жануардың асқындырып.

Зорығып көкжал арлан өліп кетіп,

Сый үшін қайын атама астым жілік.

Қайырдым бір жұмыстың басын әрең,

Міндетім орындалды осыменен.

Бір таудың талқан қылып, тасын соқтым,

Шыбынның түйгі тас қып басыменен.

Қайырып, қара қазға түлкі алғыздым,

Сатқызбай екі қаптай күлкі алғыздым.

Шабысқа шыдамайды аю, қасқыр,

Айдатып шегірткеден жылқы алғыздым.

Қайырып қойша бақтым қара қоңыз,

Туыпты ту қояннан күшік доңыз.

Қазан қып бозторғайдың жұмыртқасын,

Сойдым да етін астым сексен өгіз.

Қайныма темір дамбал киіп бардым,

Сол жолы жұмсақтығын біліп қалдым.

Шегеден жеңгелерім төсек салып,

Жатқандай мамық төсек бір ұйықтадым.

Қамыстан жылқы ұстауға құрық қылдым,

Жусаннан үйге тіреу, уық қылдым.

Бір талын көк жусанның кесіп алып,

Өзенге өткел бермес көпір қылдым.



58

ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР

Қамшыма биттің мұртын өрме қылдым,

Жұлдыздан шырақ жағып, көрме қылдым.

Қоянның құйрығынан арқан есіп,

Аюға малға шапқан керме қылдым.

Қанатын шегірткенің қайық қылдым,

Жонынан ақ сіркенің арқан тілдім.

Теңіздің тереңіне сүңгіп барып,

Бұзауын дуадақтың сонда көрдім.

Қаңбақтан тау басына тіктім күрке,

Шам жақтым қара суға салып білте.

Болса да өзгем өтірік, осыным—шын,

Көтердім екі қолмен екі сірке.

Қаңтарда арамза боп маса туды,

Іргемді жұмыртқасы баса туды.

Бәйгеден көлбақасы жалғыз келіп,

Ойладым оған кежім жасатуды.

Қаңтарда қар үстіне егін ектім,

Міндім де шегірткеге сапар шектім.

Үстіме кидім дағы темір киім,

Теңізден айдын шалқар малтап өттім.

Қаңтарда қарға мініп суға жүздім,

Майысқан бау-бақшадан алма үздім.

Шілдеде жылқымды айдап суға барсам,

Суаты бұзылмапты қатқан мұздың.

Қаңтарда шіркей мініп түлкі қудым,

Жайқалған жасыл таудан аса қудым.

Ақыры қоймай жүріп ұстап алдым.

Қаңтарда бошалайды қара қарғам,

Қой деуге менің оған бар ма шарам?


58

59

ӨТІРІК ӨЛЕҢДЕР



Жарылып кеткен кезде қағанағы,

Топан су дүниені басты тамам.

Қаңтарда шіркей көрдім мұзға қонған,

Мұз сорып іші-қарны сыздап қалған.

Қауын да пысады екен қар астында,

Талайын қазып жедім мұз астынан.

Қарағайдың басына қора салдым,

Қорасын қопсысымен қоса салдым.

Қораның төбесіне тары сеуіп,

Пысқанда тоқсан түйе өнім алдым.

Қарғаның сүбесінен қазы аудардым,

Демеймін көп аудардым, аз аудардым.

Тумаған әйелімді көмекке алып,

Дегенде үш қыс, үш жаз зорға аудардым.

Қаршыға құда бопты қарғаменен,

Алты ай қыс қоян қудым арбаменен.

Тоқым сап тоғысайға мінгенім де,

Жеті күн алып қашты даламенен.

Қуандым келіншегім қатын алып,

Тойына шіркей сойдық, атын алып.

Шіркейдің пұшпағынан ішік киіп,

Қайныма ұрын бардым қатып алып.

Қуырып құмға апарып бидай ектім,

Арбаға тасу үшін шіркей шектім.

Болса да өзгем өтірік, осыным—шын,

Шіркейге күшім жетпей азап шектім.

Қонаққа шақырып ем арыстанды,

Көзге ілмей аю, қабылан, барыстарды.



60

ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР

Болса да өзгем өтірік, осыным—шын,

Сегіз тау селге кетіп қалықтады.

Қоян мініп жылқыға құрық салдым,

Құрық сап шу асауды ұстап алдым.

Қурайдан алпыс оқты мылтық жасап,

Қабылан, аю, қасқырды атып алдым.

Құмайды қуып едім ебелекпен,

Жаратып қасқыр соқтым көбелекпен.

Жығылып тас кенеден аю мерген,

Тіл тартпай батыр сонда өліп кеткен.

Қоянның шаңырақтай омыртқасы,

Көнектей көлбақаның жұмыртқасы.

Болса да өзгем өтірік, осыным—шын,

Жесеңіз, азық болар таудың тасы.

Құдыққа қармақ салып жайын алдым,

Үйегінен жүз құлаш айыл алдым.

Болса да өзгем өтірік, осыным—шын,

Сірке сойып, бес қарын майын алдым.

Құдама өтірікті қаптап бердім,

Найзаны балқурайға саптап бердім.

Асауын сары масаның ұстап мініп,

Түлкіге тастан қашқан тап-тап бердім.

Құмарым қанып қалды сонда тарқап,

Қаңтарда қалшылдаған суға малтап.

Басыма Тянь-Шаньды көтергенде,

Кигендей білінбейді басқа қалпақ.

Құмайттан құмырсқаның ізін көрдім,

Масаның кесте тіккен бізін көрдім.



60

61

ӨТІРІК ӨЛЕҢДЕР



Болса да өзгем өтірік, осыным—шын,

Шыбынның төркіндеген қызын көрдім.

Құрдасқа құмырсқадан ат мінгіздім,

Қарғаға Қаратаудан түлкі ілгіздім.

Семізін тасбақаның ұстап сойып,

Қалқаға пұшпағынан тон кигіздім.

Құстың жүнін жұлдым да үй жасадым,

Дауысынан қарғаның күй жасадым.

Күрзімен алты батпан қолымдағы

Тұмсығын қағып едім көк масаның.

Құдықтан қызыл түлкі сүзіп алдым,

Балталап ай шетінен жүзік алдым.

Аспанға алтыбақан құрып едім,

Жусанға соғылып қап, үзіп алдым.

Құс сүті біздің елде көл боп жатыр,

Қой жүнін комбайнмен қырқып жатыр.

Ауылдың байығаны осы емес пе,

Ісек бір, қошқар екі туып жатыр.

Қымыз ғып бүрге сүтін ұрттап жаттым,

Май қалқып қара судан мұртқа жақтым.

Болса да өзгем өтірік, осыным—шын,

Қайырып қара қарға қойша бақтым.

Қыз алды лашыннан той қып тырна,

Тойлыққа сары масадан беріп қырма.

Сол тойға қызып алған шыбын-шіркей,

Басыпты бес күн, бес түн ән мен жырға.

Қызғышпен құда болып тасығаным-ай,

Алтынды оңды-солды шашқаным-ай!



62

ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР

Бір шіркей сол тойымда мас боп қалып,

Ерлікпен сол шіркейден сасқаным-ай!

Қысы-жазы жегенім жалғыз төстік,

Өрмекшінің торынан арқан естік.

Кеткен бір тумай тұрып айға шығып,

Дегенде жүз тоқсан жыл әрең түстік.

Мақтадан оқ жасадым мырыш қылып,

Ақ тастан палау бастым күріш қылып.

Барлығын бір жазыққа жиып алдым,

Жәндік пен жануардың басын қосып.

Масаның тастан жүрген ізін көрдім,

Шіркейдің етік тіккен бізін көрдім.

Жасауын он түйеге сыймай қалған,

Бақаның ұзатылған қызын көрдім.

Масаның сілекейін желі қылдым,

Шымшықтың жұмыртқасын келі қылдым.

Көбіктен сегіз қабат үй салдырып,

Жалынан шегірткенің көген қылдым.

Маса деген жүні жоқ тақыр екен,

Сона деген қан сорғыш батыр екен.

Қылығы екеуінің асқынған соң,

Жазалап құмырсқалар жатыр екен.

Масаның таспа тілдім жотасынан,

Арқан естім кептердің шудасынан.

Инеліктің қанатын қоя салып,

Ертістің өте шықтым ортасынан.

Масаның тасқа басқан ізін көрдім,

Ұзатқан көбелектің қызын көрдім.



62

63

ӨТІРІК ӨЛЕҢДЕР



Ақпанда малға төккен науа-науа,

Жүз түйе құмырсқаның тұзын көрдім.

Мен өзім жас шағымда қарға бақтым,

Қарға арығына жабу жаптым.

Қарғалар оқыралап қашып кетіп,

Астынан айдын көлдің әрең таптым.

Мен өзім жас кезімде тырна бақтым,

Тырнаны айдап жүріп құмға бақтым.

Болса да өзгем өтірік, осыным—шын,

Үстінде бір шіркейдің ұйықтап қаппын.

Мен өзім балық мініп қала бардым,

Астыма сегіз сандық теңдеп алдым.

Балығым астымдағы қашып кетіп,

Құбының құмдарынан әрең таптым.

Мен түнде арғы беттен бит ұрладым,

Жеріме бит ұрлаған көп тұрмадым.

Терісі жануардың неткен үлкен,

Сол биттің бір пұшпағы ер-тұрманым.

Мен көрдім бала шіркей қоңыр қаздай,

Жүк арттым инелікке ала жаздай.

Бәйгеден озып келген бұзаубастың,

Қан түсіп аяғына өле жаздай.

Мен өзім қаршадайдан қарға бақтым,

Қашырмай сол қарғаны зорға бақтым.

Біреуі жануардың егіз туып,

Қалаға ала жаздай қымыз саттым.

Мен өзім өтірікті пайда еткенмін,

Шіркейдің терісінен қалта еткенмін.



64

ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР

Жілігін сол шіркейдің көтере алмай,

Соймасқа қайтып шіркей ант еткенмін.

Мен көрдім тасбақаны сылаң қаққан,

Алтыннан құлағына сырға таққан.

Болса да өзгем өтірік, осыным—шын,

Сары аю сайда өліпті шіркей қаққан.

Мен көрдім бүрге жұртты билегенін,

Найзамен тауды жарып түйрегенін.

Көзбен көріп шындықты аң-таң қалдым,

Арбаны тасбақаның сүйрегенін.

Мен өзім бақытты едім, қырсығым көп,

Артымнан сөз ермесе, ереді шөп.

Көбелек арыстанды жыққандықтан,

Сүйінші алды алдымен бір шыбын кеп.

Мен келдім айтайын деп шын сөзімді,

Шүбә жоқ талдасаң да мың сөзімді.

Шын сөйлеп, шөлдеген соң көлді жұтсам,

Сарқылды-ау, қандыра алмай бір шөлімді.

Мың жылдай мен Ертістің түбінде едім,

Ауырып асқазанға шыбын жедім.

Айттырып шабақ қызын сары масаға,

Арттырып сексен шіркей жүгін бердім.

Мыс егіп, қара судан алтын ордым,

Ізіне сары масаның қақпан құрдым.

Шіркейім мініп жүрген тулап еді,

Жұлып ап, сақалыммен өлгенше ұрдым.

Мініп ап құмырсқаға, аспанға ұштым,

Кемпірін ала қаштым қара құстың.



64

65

ӨТІРІК ӨЛЕҢДЕР



Жинап ап ай мен күннің сұлуларын,

«Ән салып, би биле!» деп бәріне ұрыстым.

Міндім де көбелекті көлге бардым,

Астыма бес қап бидай теңдеп алдым.

Арықтап көбелегім жүрмей қалып,

Алты қап көмірменен жемдеп алдым.

Міндім де құмырсқаға сона қудым,

Сонаны үш күн, үш түн қона қудым.

Сонаның қиындығын сонда білдім,

Жанына жүгендетпей үш күн тұрдым.

Міндім де ор қоянды, аспанға ұштым,

Шыдамай екпініне жерге түстім.

Ақ боран алты күндей соғып еді,

Паналап бір қурайға белін шештім.

Міндім де ақсақ қоңыз аяңдадым,

Болдыртып аяңменен қоян алдым.

Япырымай, сол қоянның семізін-ай,

Көтеріп қоңызыма қоя алмадым.

Міндім де сары масаға, түлкі қудым,

Сақалын бұзаубастың белге будым.

Болса да өзгем өтірік, осыным—шын,

Тауықтың сүтіменен бетті жудым.

Міндім де ақсақ қоян желдеп кеттім,

Астыма бес қап бидай теңдеп кеттім.

Жанымда жолдасыма тұлпар мінген, 

Жеткізбей, «ара қонып кел» деп кеттім.

Міндім де жасыл қоңыз сона қудым,

Жусан мен бетегеден кереге еттім.

5-0184


66

ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР

Жетектен қосарым бар, қолда найза,

Үстіне қыл көпірдің желіп өттім.

Мініп ап арыстанды тауға шықтым,

Қол қолдап құлағынан мысын құрттым.

Той жасап, қыз ұзатып жатыр екен,

Құстардың құдаласқан сөзін ұқтым.

Міндім де, аспанға ұштым, жарғанатты,

Осылай жалғастырдым салтанатты.

Дүниені күніне бір айналдым,

Көңілім сонда әрең тыным тапты.

Міндім де бір битімді белден астым,

Олжалап пері қызын алып қаштым.

Артымнан кете мініп қуып келген,

Сонаны көргенімде жаман састым.

Отыным жаздай жаққан мұздан болып,

Салымым жүз жасаған қыздан болып.

Былтырғы жер ошаққа жаққан отым,

Тұтанып биыл зорға қызған болып.

Он екі емшегі бар тауық көрдім,

Ол өте сүтті екен сауып көрдім.

Болса да өзгем өтірік, осыным—шын,

Мұртынан сауысқанның айыл өрдім.

Осы қыс шегіртке мен жылқы жидым,

Оба қып айналаға жұмыртқа үйдім.

Болса да өзгем өтірік, осыным—шын,

Қарғаның ханымдарын беттен сүйдім.

Өгіз бен қарлығашты қайырып ем,

Дауысынан түсі-түгін айырып ем.



66

67

ӨТІРІК ӨЛЕҢДЕР



Соғымға былтыр қыста шіркей сойып,

Боршалап, тіл мен жағын айырып ем.

Өрт кетті үліңгірге жалын қаулап,

Қаңтарда қайық салдым мұздан заулап.

Апамның шылаушынын сүзгіш қылып,

Арбалап күйген балық алдым аулап.

Өзенде өтіріктің үйін көрдім,

Үйінде ұйықтап жатқан өзін көрдім.

Өзгем өтірік болса да, осыным—шын,

Бақаның басын соймай, миын көрдім.

Өзгеге өтіріктен дес бермедім,

Жабысып құмырсқаға көкке өрледім.

Айға да алты күнде жетіп бардым,

Ол кезде Боғда көлі бөктергенім.

Өткен жаз жайлау қыстап, қалып қойдым,

Түбінен тобылғының қалып қойдым.

Сазанның бас-сирағын қосып асып,

Құдама күніне бір бүрге сойдым.

Өтірік айтпады деп ат алғанмын,

Айтуда қалыспаған қатардамын.

Отарға он бес күндік шалғайдағы

Отыз қап тұз көтеріп апарғанмын.

Өтірік айтпаған соң жұртқа жақтым,

Қарғаның дәл сегіз жыл малын бақтым.

Жүйрігін таскененің ұстап мініп,

Қолыма найза ұстап жауға шаптым.

Өтірік өлең айтып бесті ат міндім,

Сақалын бұзаубастың бірден жұлдым.



68

ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР

Қабыланның қыз ұзатқан тойы болып,

Қарсақтың ойын-тойда қызын қудым.

Өтірік өлең айтып, думан қудым,

Алпыс құлаш жыланнан шұжық қылдым.

Шаңыраққа шұжықты іліп қойып,

Қыздың көзін қызартып, қызықтырдым.

Сапарға кеттім шалғай белді буып,

Жүреді өтірікшіден көңілім суып.

Еркек те екіқабат болады екен,

Қалыпты, үйге келсем, әкем туып.

Сақалы әйелімнің алты құлаш,

Толғақсыз тұңғыш ұлы туылды мас.

Кіндігін кеспей тұрып, жүріп кетті,

Болса да өзгем өтірік, осыным—рас.

Салдырдым судан сарай жиып тұрып,

Үндемей ән шырқадым қиыстырып.

Ақ тастың терісінен ішік тігіп,

Анамнан туған екем киіп тұрып.

Сатамын бір бидайды жүз кілемге,

Жауады көктен бидай біздің елге.

Нөсерлеп бауырсақ пен шелпек құйып,

Омбылап жүре алмадым қара жерде.

Сауысқан алып ұшты бір бөлтірік,

Елімді қызғыш шауып, салды бүлік.

Қақалып кеше кеште жеген етке,

Қолқамда бес жыл тұрды кәрі жілік.

Серік боп құрқылтаймен қылдым сауда,

Айналды серіктіктің арты дауға.



68

69

ӨТІРІК ӨЛЕҢДЕР



Борсыққа жарап жүрген міне шауып,

Қиратып бір бүйірден тидім жауға.

Соғылып абайсызда айға басым,

Кетіпті кетік қылып айналасын.

Аспанға арбаменен ұшып шығып,

Перінің әрең таптым шайханасын.

Соғымға өткен жылы темір сойып,

Кемпір-шал бір тойды ғой жасты қойып.

Сол күні киіз мұржам құлап кетіп,

Қоңыздың мұржа қылдым артын ойып.

Сол тойда көзге түсті тарғыл мысық,

Мен оған жүруші едім көзім қысып.

Аулыма алып қашып әкелгенде,

Қатындар жүгірісті шашу шашып.

Сол тойда су бетіне сырмақ салып,

Той қылды ұлан-асыр жайын балық.

Алдымен қызқуарға шығып кетті,

Түйе мен жорға сиыр қосақталып.

Сұрасаң, әкем аты—Сатыбалды,

Мекен қып көк аспанды жатып алды.

Әкемнің мергендігі сол емес пе,

Бір оқпен тоғыз қасқыр атып алды.

Су тасып шарбақпенен көл жасадым,

Сынаптан ортасына бел жасадым.

Бір қыста көк жайлауға балық бағып,

Көтерем балық сойып, май шайнадым.

Сөйледі менің балам туа сала,

Мінемін деп жабысты шу асауға.



70

ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР

Таласып екі қоңыз әлек салды,

Қас сұлу—менің жақын құдашама.

Сұңқармен құда болды шұбар тауық,

Той қылып отыз күндей құрды сауық.

Қарсақ пен тышқан тойда төбелесіп,

Таяқ жеп, қарсақ кетті жерден ауып.

Тағы да бөлтірік-ті, бөлтірік-ті,

Айтпаймын өлтірсең де өтірікті.

Отыз қыз бір тышқанға мінгескенде,

Бәрін де шыбын теуіп өлтіріпті.

Такламакан шөліне мал жайлаттым,

Тасты отын қып ет асып, шай қайнаттым.

Сіркенің кәрі жілігін күзетші қып,

Ұрып-соғып, қорқытып айғайлаттым.

Тал түсте кемпірімнен жүкті болдым,

Қалжама қанаты жоқ құсты сойдым.

Тоймайтын ту биеге тоқпейіл ем,

Өзім жүкті болғалы сонда тойдым.

Тамыздың жаңа жауған қырбағында,

Мініп ап түлкі соқтым тырнаны да.

Сол түні ыза болдым ойда жоқта,

Ұстап ап, қу суырдың сирағына.

Тасбақа сойып бердім қонағыма,

Қуанып қос қарсақтың қонғанына.

Шоғынан сексеуілдің төсек салдым,

Қарамай қонақтардың тоңғанына. 

Тас түйдім талқан етіп келіменен,

Жамадым жер тесігін желімменен.



70

71

ӨТІРІК ӨЛЕҢДЕР



Бүргенің бүйрек бетті қызын сүйдім,

Қалқатай, қоштасамын сеніменен.

Тауыстым сырлы аяқпен теңіз суын,

Он нарға артып жүрмін қыздың буын.

Әкеммен тамыр болған бір мәліннің,

Алмаққа ниет қылдым сұлу қызын.

Тауық бағу деген соң тым қажетті,

Шөжелері шуылдап бір жаз өтті.

Мекиенмен бірлікте қораз туып,

Екі тауық көбейіп мыңға жетті.

Тауықтың құнан қойдай жұмыртқасы,

Домалар өрге қарай сайдың тасы.

Болса да өзгем өтірік, осыным—шын,

Шіркейдің Қап тауындай омыртқасы.

Теңіздің түбіне әкеп ұя салдым,

Бір тауды бір тауға әкеп үйе салдым.

Саусақпен Қаптың тауын қысып алып,

Үстіне Қара теңіз қоя салдым.

Терісі бөгелектің ер-тұрманым,

Әкемнің таға қылдым жез құманын.

Тойыма он мың бие сойсам дағы,

Жетпей қап, топ ішінде мен құр қалдым.

Топ аңның ізін көрдім аңдып жүріп,

Ұстадым бір өзекке қақпан құрып.

Үш түлкі бір-ақ жолда түсіп қапты,

Аулыма алып келдім мақтан қылып.

Торғайдың жұмыртқасын тауып алдым,

Найзалап оны зорға тесіп алдым.



72

ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР

Шетін тесіп, ішіне тамақ жасап,

Азық қып алты жылдай жатып алдым.

Торғайдан айғыр қойдым күшігенге,

Құда болып әйгілі ителгіге.

Тарғақтың таяқ жедім баласынан,

Тығылып жаным қалды итсигенге.

Төбемді табаныммен басып тұрып,

Ойнадым өз басымды асық қылып.

Қуанам көк шыбынның қызын бір күн,

Шіркейдің кеткеніне ғашық қылып.

Туған соң барлық істің ебін біліп,

Сүңгіден өрдім ерге өмілдірік.

Сіркенің сұлу қызы жалынған соң,

Ақ қардан жасап бердім сом білезік.

Туа сап иегіме сақал шықты,

Өзімдей сақалды емес атам тіпті.

Сақалдың түбітінен жүн иіріп,

Апам маған біркиер шапан тікті.

Тұрмысты жақсартуды тәуір ойлап,

Қаңтарда қарбыз ектім жерімді айдап.

Көгерткен көсегесін еңбегімнің,

Шөл қанып алқап отыр ауыл-аймақ.

Түтіннен будақтаған арқан естім,

Үйретіп қара қоңыз мұрнын тестім.

Бір шиді балтаменен он жыл шауып,

Ес кетіп, жан шыққанда әрең кестім.

Түбіттен келістіріп дуал түйдім,

Сол үйдің дөдегесін құммен жидым,



72

73

ӨТІРІК ӨЛЕҢДЕР



Шырпысын қу қаңбақтың сусыз егіп,

Ауламды айтарлықтай гүлдендірдім.

Түлкіні ұстап мініп, түйе өңгердім,

Самалын ұрлап жұттым иен жердің.

Артыма алпыс қатын бөктеріп ап,

Басына шығып кеттім Тереңкөлдің.

Тыңдаушым, мына сөзім емес жалған,

Кейбіреуі үлкендігін көріп танған.

Он ауыл бір масаны үлескенде,

Жая мен белдемесі асып қалған.

Тілімнің келмейді ебі өтірікке,

Тақсыр-ау, осыным да өтірік пе?!

Қалыңмал—қырық байтал санап алып,

Қыз бердім отау тігіп кекілікке.

Ұлтаны етігімнің көк жапырақ,

Беріп еді жас кезімде бір жапалақ.

Қоңызға ыңыршақты тарта салып,

Жарыстым сутышқанмен жар жағалап.

Ұстадым шегірткені құрық тастап,

Жылқыны шұбыртқан соң түнде бастап.

Ұстадым қиындықта әрең зорға,

Бір жағын жерге қамап, көкке жастап.

Ұстадым арыстанды қылдан қақпан,

Әскер салдым жиып ап хайуанаттан.

Басқа өтірік болса да, осыным—шын,

Алпыс бұқам өгізден бұзау тапқан.

Үйретіп жүйрік міндім шегірткеден,

Жолдасым қос күйкентай, қауіп неден.



74

ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР

Бағып ем малдануға бес жапалақ,

Осы жаз өліп қалды секіртпеден.

Үш жаста иегіме сақал шықты,

Шыққанда, әжептәуір, мол-ақ шықты.

Бір талын сақалымның шүйке жасап,

Тоқып ем, үш кісіге шапан шықты.

Үш жастан асып, биыл бірге шықтым,

Қаңтарда миы қайнаған бетке шықтым.

Болса да өзгем өтірік, осыным—шын,

Шіркейді байқаусызда шалып жықтым.

Үш жаста мергендікті кәсіп қылдым,

Ши оқпен мың құланды атып қырдым.

Ауынан өрмекшінің кілем тоқып,

Біреуін мың ділдәдан сатып тұрдым.

Үй салдым қалың мұздың қабатынан,

Қара су боп терледім арасынан.

Қарап жатпай, жан-жаққа жинай жаттым,

Мұздағы құрт-құмырсқа баласынан.

Үш құлаш бетегеден құрық алдым,

Азыққа арба сойып, жілік алдым.

«Аспанда айдың қызы бар» деген соң,

«Соны іздеп табамын» деп көп сандалдым.

Үйінде шегірткенің ойнап жүрдім,

Бір істі жоспарға алып ойлап жүрдім.

Құлағын жапалақтың жұлып алып,

Ішіне тары салып, келі түйдім.

Шабақтың бір бедеуін мініп шаптым,

Астынан жүкаяқтың түлкі қақтым.



74

75

ӨТІРІК ӨЛЕҢДЕР



Болса да өзгем өтірік, осыным—шын,

Басыма қарағайдан үкі тақтым.

Шайнамай жедім темір қуырдақтан,

Шілдеде көк өзеннің мұзы қатқан.

Өтірік айтпайтұғын қара қарға,

Мен көрдім орын апты ұжымақтан.

Шақырып торғайларды жиын аштым,

Пысығын бастық қойдым қарлығаштың.

Дауысын шыбын-шіркей естігенде,

Қорқам ба, шошымастан тұра қаштым.

Шаршадым ала жаздай тышқан мініп,

Сүрінді екі аяғым жерге тиіп.

Арыстан, аю, түлкі, тауешкісін,

Тышқанмен қуып жетіп, алдым жиып.

Шойыннан қонышын піштім етігімнің,

Сөзімнің болса сөйле, өтірігін.

Қорқытып менің қойым, тартып жеді,

Қасқырдың алты жасар бөлтірігін.

Шүйкелеп топырақтан арқан естім,

Үйретіп сары тышқанның мұрнын тестім.

Мінем деп көлбақаға көп жығылып,

Көлдегі бақалармен ерегестім.

Шүйкелеп сары майдан арқан естім,

Киізден қазық жасап, тасты тестім.

Асауын шегірткенің соған байлап,

Дегенде үш ай, үш күн әрең шештім.

Шыбыннан шыбын үлкен туады екен,

Шыбынның ең семізі уағы екен.



76

ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР

Қазандай тоғыз қарыс тобығы бар,

Жілігі бесті өгізден жуан екен.

Шыбынды үш күн аңдып, атып алдым,

Мылтықты сауысқаннан сатып алдым.

Болған соң өзім батыр, кімді аяймын,

Жол тосып Қаратауда жатып алдым.

Шыбыннан ала қоңыз туады екен,

Сүзісіп бірін-бірі қуады екен.

Құйрығы айыр өркеш атандай бар,

Бақайы нар түйеден жуан екен.

Шіркейдің үлкеніне арба салдым,

Төбелеп бас-көзіне зорға салдым.

Дегенге мені мықты ел нанбайды,

Көтеріп асау битті зорға салдым.

Шілдеде қойларымды мұзға бағып,

Шекемнің суығынан қызғаны анық.

Көл қайнап саусағымның қызуынан,

Бетіне пісіп шықты қалың балық.

Шымшықтың шылым шектім қубасынан,

Шүйкелеп арқан естім шудасынан.

Сонамен қара қарға құдаласып,

Инелік киіт киді құдасынан.

Шіркейдің тау жасадым қу басынан,

Сондықтан мақтау алдым құрдасымнан.

Қанатын қара шыбын көпір қылып,

Іледен өтіп жүрмін турасынан.

Шымшықтың ала түстім бақайынан,

Қоянның атым үрікті топайынан.



76

77

ӨТІРІК ӨЛЕҢДЕР



Болса да өзгем өтірік, осыным—шын,

Аюды айдап шықтым апанынан.

Шымшықтың шегіртке жүр қызын аңдып,

Сол үшін мың қуанып, мың ұялдық.

Ол пәле «қызды алып қашпасын» деп,

Сексен құлаш арқанмен байлап салдық.

Ішкенім құрқылтайдың сүті болды,

Кесірткі келідей тас жұтып өлді.

Әйелім жүз ұл, жүз қыз бала туып,

Түскеннен ел-жұртымның құты болды.

Өлеңді өлең десе, бастау қиын,

Ол күнім мұндай емес, жастау күнім.

Тұмсығын қара торғай кесіп алып,

Мың жылқы су ішетін астау қылдым.

Ендеше, маса батыр, маса батыр,

Маса батыр тұмсығын қашап жатыр.

Бір масаны қазанға сойып салып,

Отыз жігіт табақ қып жасап жатыр.

Тышқанның шылым шектім қу басынан,

Бозторғай арқан естім шудасынан.

Ішінде өткен айдың қорыққаным-ай,

Өрмекші жарап жүрген бурасынан.

Мен өзім битке мініп Мекке бардым,

Жанымда жолдасым жоқ жеке бардым.

Келгенде орта жолға битім жүрмей,

Бір салып шоқпарменен басын жардым.

Айттым да өтірік өлең жұртқа жақтым,

Қайырып құмырсқаны қойдай бақтым.



78

ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР

Айғырын шегірткенің таң асырып,

Таулардан адыр-адыр түлкі қақтым.

Құдыққа қармақ салып жайын алдым,

Бес таспа үйегінен айыл алдым.

Болса да өзгем өтірік, осыным—шын,

Бес қарын сірке сойып, майын алдым.

Көрпиген көбелектің үйін көрдім,

Бақаның басын ашпай миын көрдім.

Болса да өзгем өтірік, осыным—шын,

Он бес жал көбелектің қиын көрдім.

Ендеше, қарға бақтым, қарға бақтым,

Қарғаның арығына жабу жаптым.

Қарғаның үш баласы ығып кетіп,

Бойынан құс жолының әрең таптым.

Біреуі алты қаздың ала қаз-ды,

Жүк арттым бес қарсаққа ала жаз-ды.

Бір түлкі әсемдікке жайлап едім,

Қан түсіп аяғына өле жазды.

Мініп алып бір битімді жүріп кеттім,

Жаныма екі теңді теңдеп кеттім.

Болса да өзгем өтірік, осыным—шын,

Көзінен меруерттің желіп өттім.

Шыншылмын, өтірік айтпас мен ежелден,

Ғимарат сап ақ қардан безендірдім.

Қағаздан қарқыны зор кеме жасап,

Тынық мұхит үстінде кезе білдім.

Бір күнде мың жыл оқып ұшқыш болдым,

Марсқа бір сағатта ұшып қондым.



78

79

ӨТІРІК ӨЛЕҢДЕР



Өрт шалып, тау-өзенін су басыпты,

Көзімді жұмып тұрып соны көрдім.

Ер салып инелікке мініп алдым,

Шолпанға ара қонып жетіп бардым.

Елі-жұрты меймандос келеді екен,

Жүз жыл жатып, жалғыз күн сайрандадым.

Байлап ем аэропланды аяғынан,

Арқан қиып сіңірін, шығыпты қан.

Жығылып құмырсқаның асауынан,

Жүз жыл жатып тірілдім, шықпаған жан.

Ғарышқа алпыс қабат бина салдым,

Беріктеп іргетасын мұз қаладым.

Аяғына ағаштан коньки байлап,

Жұмаламаңа шыңынан сырғанадым.

Үйрендім бір жасымда бәрін біліп,

Инеден қармақ соғып, жәйін біліп.

Мұхитта сайран салып ойнап жүрсем,

Кетіпті Тынық мұхит отқа кіріп.

Мұз ойып, қалақпенен қар күредім,

Тас ойып, тамақ істеу бар өнерім.

Гималайдың басына бақша салып,

Саяхат орны етіп белгіледім.

Параход босаныпты қайық туып,

Теңізде той жасады ат шаптырып.

Машинамен желқайық жанжалдасып,

Құлтемір әділдікпен айтты билік.

Ғарышқа болат қорытар зауыт құрдым,

Пайдасын миллиондап санап тұрдым.



80

ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР

Ағаштан әлем кеме жасап алып,

Алпыс жыл сол ғарышта санат тұрдым.

Қар жауып, мал жұтады жетінші айда,

Сүтін сатып кептердің алдыма пайда.

Шығып ед мұз астында сұрапыл өрт,

Құйып ем өшіп қалды бензин майға.

Әлемді бір сағатта араладым,

Сейілдеп Қап тауына сайран салдым.

Тасырқап тас жолда жүрмей қалған,

Автобустың аяғын тағаладым.

Сүйредім ойыншық қып көп вагонды,

Үстіне басып алып Ерен тауды.

Қаңбақ басып, өлімнен әрең қалдым,

Осы екен дүниенің ең ауыры.

Қаңтарда жүз градус күн ысыпты.

Жемістер мұз астында көп өсіпті.

Той болып құрлығында Антарктида,

Сол тойда жайын күнмен күресіпті.

Торғайдан қасқыр алған қатты қорықтым,

Уынан ай күйіпті тиген оқтың.

Жандырып көрікпенен қар, мұздарды,

Ерінбей екі мың жыл темір соқтым.

Жауым атқан зеңбірек от оқтарын,

Денеме дарытпастан тоса қалдым.

Релості жұлып алып, тірей қойып,

Пойызды келе жатқан тоқтатқаным.

Айды алып, қалтама сап, айна қылдым,

Шыбынның етін сатып, пайда қылдым.



80

81

ӨТІРІК ӨЛЕҢДЕР



Сүймен сап жер шарына жеті жерден,

Жылжытып орбитадан айналдырдым.

У ішіп қарын салып, семіргенім,

Қуанып, қатты күліп, еңіредім.

Айтқанымда жалған жоқ, бәрі де рас,

Анамнан тумай тұрып көріп едім.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет