Сана, рух және тіл философиясы



бет5/11
Дата09.03.2022
өлшемі42,1 Kb.
#27308
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
3 дәріс

субъективті идеализмнің негізін салған ирландық эпископ Джордж Беркли (1684-1753 жж.). Басты еңбегі: «Танымның бастамасы туралы трактат». «Таным ғана емес, әлемнің тіршілік етуі де адам арқылы анықталады» –деп тұжырымдаған Д. Беркли адамға таным субъектісі ретінде назар аударуға шақырды. Танымның қайнар көзі – идеялардың, елестетулер мен түйсіктердің жиынтығы болып табылатын сезімдік таным. Материалды дүниеге мән, мағына беріп тұрған менің түйсіктерім. Заттардың ешқандай денелік субстраты мен материалдық негізі жоқ. Егер менің түйсіктерім жоғалса, онда зат та өз мәнін жоғалтады. Ендеше, заттар бар болғаны идеялар мен елестетулердің жиынтығы ғана. Жеке «Меннен» басқа ештеңе жоқ. Бүкіл Универсум менімен, менің санаммен бірге жаратылып, менімен бірге өледі. Мұндай түсінік философияда солипсизм деп аталады.

Менің санам, барлық материалдық дүниені өзі орнатқан заңдылықтары арқылы бізге көрсететін мәңгілік әлемдік рухқа ғана тәуелді.

Д. Беркли философиясын қолдаған шотландық ойшыл Давид Юм (1711- 1776 жж.) : «Бүкіл әлем менің түйсіктерімнің жиынтығы» – деп тұжырымдады. Кез – келген білім «тәжірибеден», сезімдік «әсерлерден» туындайды. Түйсіктер арқылы алынған әсерлер идеяларды қалыптастырады. Бірақ, біздің ойымыз объективті әлемнің тіршілік етуін түсінуде шектеулі, себебі біздің ақыл –ойымыздың шығармашылық күші сезімдер мен тәжірибелер арқылы алынған материалды байланыстыруға, араластыруға, біріктіруге, бөлуге, ұлғайтуға немесе кішірейтуге ғана жетеді. Ал оның ар жағында не бар екенін түсіне алмайды. «Сезімдік тәжірибе бізге жалпы және қажетті білімді бере алмайды» – осы тұста Юм философиясы скептицизмге бет бұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет