Сана, рух және тіл философиясы



бет4/11
Дата09.03.2022
өлшемі42,1 Kb.
#27308
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
3 дәріс

Субъективті рухқа жан, жеке адамның санасы жатады.

Объективті рухқа «тұтастай қоғам рухы» жатады. Ол қоғам болмысы, қоғамның өзіне тән заңдылықтары, қоғамдық қатынастар мен тәртіп, құқық, мораль, мемлекет т.б.

Ал абсолютті рухрухтың ең жоғарғы көрінісі, мәңгілік ақиқат. Оның көріністері: өнер, дін және философия. Ал тарих Абсолютті рухтың өзін – өзі дамыту процесі.

Объективті идеализмнің келесі өкілі Фридрих Вильгельм Шеллинг (1775-1854). Басты еңбегі: «Трансценденталды идеализм жүйесі». Оның философиясының басты ерекшелігі рух пен табиғатты теңестіруі. өзінің натурфилософиясында Шеллинг табиғатты объективті идеализм тұрғысынан түсіндіреді: табиғат дегеніміз барлығын қамтушы алғашқы негіз, алғашқы себеп – «абсолюттілік». Табиғат барлық объективтілік пен субъективтіліктің бірлігі, мәңгілік ақыл – ой, материя мен рух бір, екеуі де табиғаттың қасиеттері, абсолютті ақылдың әртүрлі жағдайларын білдіреді. Материя мен рух бір – бірінсіз өмір сүре алмайды, табиғат әлемдік жаны бар ғарыштық организм, сондай – ақ рухани бастама, болмыстың баспалдағы.

Өзінің «Трансценденталды идеализм жүйесі» еңбегінде Шеллинг субъективтілікті жоғары қойып, барлық шынайылықтың негізі мен бастамасы ретінде қарастырады. Танымның негізгі құралы – затты тікелей ақыл арқылы түсіну. Мұндай танымды Шеллинг «интеллектуалды интуиция» деп атайды.

Ал субъективті идеализм концепциясы бойынша, барлығы тек таным субъектісінің санасында тіршілік етеді. Идеялар тек қана адам санасында болады, жеке адамның санасынан тыс материяның да, идеяның да өмір сүруі мүмкін емес. Объективті әлем адам санасына тәуелді өмір сүреді. Дүниенің діңгегі – мен және менің санам, мен жоқ болсам дүние де жоқ.

Ал субъективті идеализм концепциясы бойынша, барлығы тек таным субъектісінің санасында тіршілік етеді. Идеялар тек қана адам санасында болады, жеке адамның санасынан тыс материяның да, идеяның да өмір сүруі мүмкін емес. Объективті әлем адам санасына тәуелді өмір сүреді. Дүниенің діңгегі – мен және менің санам, мен жоқ болсам дүние де жоқ. Субъективті идеализм: адамның санасын жалғыз шындық ретінде таниды, материалдық әлем оның туындысы деп саналады. (Беркли, Юм).





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет