Сана, рух және тіл философиясы


Сана туралы түсінік. Негізгі дүниетанымдық тәсілдер



бет3/11
Дата09.03.2022
өлшемі42,1 Kb.
#27308
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
3 дәріс

Сана туралы түсінік. Негізгі дүниетанымдық тәсілдер

  1. Гилозоизм. Сана барлық материяға тән. Гилозоизм (гр. hyle  зат, материя+zoe  өмір)  материяның жалпылама

 жандылығы туралы философиялық ілім.Материяны өмір көрінісінің 

жоғары формасы ретінде санамен үйлестіру (материяға сана беру, сананы таңу).

  1. Идеализм. Сана материяға қатысында алғашқы орында.

Идеализм (грек. idea – идея, сана, рух) - материя мен сананың арақатынасы мәселесінде сананы (идея, рух) алғашқы орынға қоятын философиялық бағыт. Идеализм өз ішінде екі бағытқа бөлінеді: объективті идеализм (Платон, Лейбниц, Гегель және т.б.) және субъективті идеализм (Беркли, Юм). Объективті идеализм концепциясы бойынша, дүниені жаратушы күш бар, ол біздің санамыздан тыс әрекет ететін – идея. Материалды әлем өз бетімен тіршілік ете алмайды, ол бар болғаны, «идеялар әлемінің» көрінісі, нақты жүзеге асуы.

Объективті идеализм Платоннан бастау алады. Сократтың шәкірті, ұлы грек философы Платон (б.з.д. 427-347) өзіне дейінгі философиялық ойларды тұжырымдай келе, философияда идеализмнің негізін салды.

Платон идеализмі бойынша, материалды заттар өзгермелі, тұрақсыз, уақыт өте келе өмір сүруін тоқтатады. Сондықтан ол шынайы әлемнің субстанциясы бола алмайды. Шынайы болмыстың нағыз мәні- денесіз және ақыл арқылы ғана қабылдауға болатын идеялар әлемі –эйдос. Эйдос - түр, пішін, архетип, заттардың алғашқы үлгісі, алғашқы идея. Кез-келген зат бар болғаны сол заттың алғашқы идеясының (эйдосының) материалды бейнесі ғана. Бүкіл әлем осындай алғашқы, таза идеялардың бейнесі. Идеялар өз алдына мәңгі және өзгермейді, ол өзіне өзі тән. Әлемде қанша бір-біріне ұқсас заттар, құбылыстар мен процестер, қатынастар т.б. көп болса, соншама идеялар бар. Идеялар бір-бірімен қарым-қатынаста , бір-біріне бағынышты, немесе бірнеше түрлі идеялар бір ортақ идеяға бағынышты иерархиялық қатынастарда болады. Идеялар заттардың сыртқы ғана емес, ішкі формасы, оның мәні немесе тіршілік ету заңдылығы. Адам бір нәрсені жасардың немесе құрастырудың алдында, бірінші оның ойында «идея» туындайды, сосын сол «идея» ағаш, металл т.б. қандай да бір материал арқылы форманы иеленеді. Осы мағынасында идеялар бірінші пайда болады, ендеше, идеялар дүниенің субстанциясы. Идеялар адамдар әрекетінің мақсаты.

Әлемді «заттар әлемі» мен «идеялар әлемі» деп екіге бөлген Платоннынның таным теориясы бойынша, таным дегеніміз анамнез, біздің жан-дүниемізде бар нәрсені еске түсіру формасы. Ал жан барлық тіршілік пен тірі емес заттар мен құбылыстарды байланыстыратын және біріктіретін қозғалмалы субстанция. Платон жанды әлемдік және жеке адамның жаны деп екіге бөледі. Адам жаны әлемдік жанның бір бөлігі. Адам жаны мәңгілік, дене өлгеннен кейін ол басқа денеге барып қонады. Жанның мәңгілігі –Ғарыштың табиғи заңдылығы. Сондықтан адамның ең жоғарға моральдық парызы- жанға қамқорлық көрсету, оны таза ұстау. Платон бойынша, адам жер бетін кезіп жүрген пенде, ал өмір- сынақ. Нағыз өмір жан ізгілікке толғанда ғана басталады.

Иммануил Кант (1724-1804) неміс классикалық философиясының негізін қалаған неміс философы. Канттың философиялық шығармашылығы екі кезеңге бөлінеді: сыни кезеңге дейінгі (XVIII ғ. 70 жылына дейінгі кезең) және сыни кезең (XVIII ғ. 70 жылынан 1804 жылдар аралығы).

Сыни кезеңге дейінгі уақытта Кант жаратылыстану және табиғат мәселелерімен айналысты. Ал сыни кезеңде оның ізденістері ақыл – ой, таным, танымның механизмі мен шекаралары, логика, этика және әлеуметтік философия мәселелеріне бағытталды. Осы сыни кезеңде «Таза ақылға сын» (1781), «Практикалық ақылға сын» (1788), «Пайымдау қабілетін сынау» (1790) деген философиялық шығармаларын жазды.

Аталған үш еңбегінің негізін өздігінен тіршілік ететін құбылыстар мен заттар – «өзіндік заттар» ілімі құрайды. «Таза ақылға сын» еңбегінде Кант таным әрекетінің нәтижесі ретінде білімнің үш түрін атап көрсетеді:

- апостериорлы білім – тәжірибенің нәтижесінде алынған білім;

- априорлы білім – тәжірибеге дейінгі, яғни тәжірибе жүзінде дәлелдеуді талап етпейтін, бастапқыда адам ақыл – ойында болатын білімдер;

- «өзіндік зат» – адам ақылы таный алмайтын заттардың ішкі мәні. Кант бойынша, таным осы «өзіндік затардың» сыртқы сезім органдары арқылы бізде түйсіктер қалыптастыруынан басталады. Өз ілімінің осы тұсында Кант материалистік бағытты ұстанады. Ал танымның формалары мен шекараларын анықтауда ол – идеалист және агностик. Оның пайымдауынша, біздің сезім арқылы алған түйсіктеріміз не болмаса ақыл арқылы қалыптасқан ұғымдарымыз бен пайымдауларымыз «өзіндік заттар» туралы ешқандай толық және шынайы білім бере алмайды. Біз түйсік немесе ақыл арқылы шынайы әлемнің – «Өзіндік заттар әлемінің» тек бейнесін ғана көре аламыз. Ал «өзіндік заттар»

Осы «Таза ақылға сын» еңбегінде Кант агностицизм – қоршаған шынайылықты танып – білу мүмкіндігін жоққа шығару ілімін дамытты.

Канттың пайымдауынша, таным процесінде қиындық туғызатын бізді қоршаған шынайылық – объект емес, таным әрекетінің субъектісі – адам, оның ақыл – ойы. Адамның ақыл – ойының танымдық мүмкіндіктері шектеулі. Адам ақылы өзінің барлық танымдық мүмкіндіктерінің шегінен шықса болды, көптеген шешілмейтін қайшылықтарға кездеседі. Оны антиномия деп атай отырып, төрт түрін көрсетеді:

- кеңістіктің шектілігі туралы антиномия: 1) ғалам уақытпен өлшеніп, кеңістікте шектелген; 2) ғалам уақытпен өлшенбейді және кеңістікте шектелмейді.

- қарапайым мен күрделі туралы антиномия: 1)қарапайымнан құралған қарапайым элементтер ғана өмір сүреді; 2) әлемде қарапайым ешнәрсе жоқ.

- еркіндік пен себептілік туралы антиномия: 1)табиғат заңдылықтарына бағынған себептілік қана емес, еркіндік те бар; 2)еркіндік жоқ, әлемде барлығы табиғат заңдылықтарына бағынған себептілік арқылы ғана болып жатады.

- Құдай болмысы туралы антиномия: 1)барлық тіршілікті жаратушы Құдай бар; 2) Құдай жоқ, барлығының себебі болатын ешқандай абсолютті қажеттілік жоқ.

Ақыл арқылы жоғарыда айтылған антиномиялардың екеуінің де дұрыстығын логикалық жолмен дәлелдеуге болады. Осы жерде адам ақылы тығырыққа тіреледі, яғни мұндай антиномиялар адам ақылы қабілетінің шекті екенін дәлелдеп тұр.

Ал Канттың «Практикалық ақылға сын» еңбегі мораль мен өнегеліліктің негізін құрап тұрған «практикалық ақылға» арналады. Ол бойынша, таза өнегелілік пен шынайы әлемнің (іс –әрекеттер, мүдделер) арасы қайшылықтарға толы, сондықтан мораль, адамның өнегелілік әрекеттері барлық сыртқы жағдайлардан тәуелсіз болып, ең жоғарғы моральдық заңға бағынуы қажет.

Объективті идеализмнің негізінде диалектика теориясын жүйелеген Георг Вильгельм Фридрих Гегель (1770-1831). Басты еңбектері: «Рух феноменологиясы» (1807), «Логика ғылымы» (1812), «Философиялық ғылымдар энциклопедиясы» (1817), «Құқық философиясы» (1821).

Гегель онтологиясы болмыс пен ойлауды «абсолютті идея» деген ортақ ұғымға теңестірді. Абсолютті идея – әлемнің, барлық тіршіліктің алғашқы себебі, өзіндік санасы бар және жарату қабілетіне ие әлемдік рух. Абсолютті идея – бұл ойлау, жеке индивидтің ойлауы мен идеясы емес, индивидуалдықтан, тұлғалылықтан жоғары трансценденталды идея. Абсолютті идея «жаттану» арқылы бейболмысқа айналып, табиғатты жаратады. Абсолютті идеяның ең жоғарғы көрінісі абсолютті рух болып табылады. Абсолютті рух – адамзаттың бүкіләлемдік даму тарихындағы рухани әрекеттерінің жиынтығын білдіреді. Басқаша айтқанда, ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келе жатқан рухани құндылықтар саласы. Осындай жолмен абсолютті рух – бұл адамдардың, тұтастай адамзаттың мақсаттары мен әрекеттері арқылы жүзеге асып жатқан абсолютті идея, олардың ішкі идеалды мәні, барлық әрекеттер мен танымның жасырын себептері. Аталған ұғымдардың айырмашылығы : абсолютті идея – бұл бүкіл әлемді қамтып тұрған жалпылық, әлемге мән беріп тұрған алғашқы себеп, субстанция, ал абсолютті рух – сол идеяның адамдардың рухани – практикалық әрекеттерінің нақты формаларында жүзеге асуы. Абсолютті идеяны тасымалдаушы – адам. әрбір адамның санасы –әлемдік рухтың бір бөлшегі. Осы адамда әлемдік рух өз мақсаты мен заңдылығы бойынша жылжиды, өзін таниды және материалды және рухани мәдениетті жасайды.

Табиғат, рух және тарих философиясын зерттей отырып, ол рухтың үш көрінісін атап көрсетеді:


    • субъективті рух;

    • объективті рух;

    • абсолютті рух;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет