|
Сана ұғымы
Қазіргі философиялық ойда санаға берілген анықтамалар өте көп және әртүрлі. Оларды топтастырып қарасақ
|
бет | 8/11 | Дата | 09.03.2022 | өлшемі | 42,1 Kb. | | #27308 |
| Байланысты: 3 дәрісСана ұғымы
Қазіргі философиялық ойда санаға берілген анықтамалар өте көп және әртүрлі. Оларды топтастырып қарасақ:
Сана - бұл адамға бір уақытта адамның өзі және әлем қол жетімді болып көрінетін қандай да бір жағдай.
Осы сана арқылы ғана адам бір сәтте не көрген, не естіген және не сезгенін байланыстыра алады.
Күнделікті түсініктегі сана жан, психика және ми ұғымдарымен байланыстырылып түсіндіріледі.
Сана дегеніміз - шындықты идеалды бейнелерде көрсету мүмкіндігі, заттың объективті мәнінің адам миында (ойында)субъективті мазмұнына айналуы.
Сана тез өзгеретін ойлар, сезімдер, әсерлер, мотивтер және тұрақты идеялар, сенімдер, құндылықтар сияқты мидың қызметінен пайда болатын құбылыстар ағыны ретінде көрінеді. Сана адам мен әлем арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|