Санау орташа ақыл-ой кемістігі бар оқушыларға арналған бастауыш білім беру деңгейінің 1-4 сыныптары үшін оқу бағдарламасы


Оқу пәнінің дайындық кезеңіндегі базалық білім мазмұны



бет2/4
Дата02.09.2023
өлшемі34,8 Kb.
#105910
түріБағдарламасы
1   2   3   4
Байланысты:
65 Санау

2. Оқу пәнінің дайындық кезеңіндегі базалық білім мазмұны
(пәнсіз оқыту)

10. Әлеуметтік даму.


11. Мақсаты: сана сезімін, жақын қоршаған аймақта бағдарлауды, өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру.
12. Міндеттері:
1) өздігімен және ұқыпты тамақтануды үйрету;
2) өз денесін күте білуді қалыптастыру, тазалық ережелерін орындау;
3) өзі киініп-шешінуді үйрету;
13. Үлгілік мазмұны:
1) өзі және жақын қоршаған орта туралы түсінік: мен – ұл, мен – қыз, менің денем, менің заттарым, менің сүйікті ойыншығым, менің отбасым, менің үйім, менің сыныбым, менің мектебім, мен ... жасай аламын, мен... үйреніп жүрмін;
2) санитарлық-гигиеналық дағдылары: таңғы және кешкі тазалық процедуралары, тазалық заттарын пайдалану, тазалық заттарын сақтау тәртібі, физиологиялық қажеттіліктерді өтеуге керек көмек белгісін көрсете білу (қолымен, сөзбен, белгімен); бет орамалды қолдану; көрсетілген көмек түріне алғыс айту;
3) тамақтану: тамақты қабылдауда тәртіп және кезеңділік, қасық, шыны, сұйықтық ішуге арналған сабанша; тамақтану ұқыптылығы, майлықты пайдалану; тамақтанғаннан кейін алғыс айту; тамақты ажырату (сұйық-қатты, суық-ыстық), тағамдардың және азық-түліктің аттарын айту (сорпа, ботқа, шай, шырын, сүт, нан, картоп, қызанақ, қияр және т.с.);
4) киініп-шешіну дағдылары: киімді және аяқ-киімді тану; киімді пайдалану қызметіне қарай ажырату; киініп-шешіну кезеңдігі, киімді сақтау орнын білу; ауа-райына және жыл мезгіліне қарай киім таңдау; түйме, баулар, замоктар, жапсырмаларды қолдану дағдылары; құрбысына киінуде (шешіну) көмектесу; сырт киімінің тазалығын бақылай білу.
14. Қимыл-қозғалыс дамуы.
15. Мақсаты: Балалар дамуының жеке көрсеткіштерін ескере отырып қозғалыстарын түзетіп және белсенділігін арттыру.
16. Міндеттері:
1) балалардың қозғалыс тәжірибесін даму және жетілдіру;
2) өз денесі, оның бөлшектері және олардың қызметі туралы түсініктерін қалыптастыру;
3) қайталау, сөзбен тапсырма беру арқылы қимылдарды қайталауды үйрету;
4) ойын және ойын жаттығулары барысында отырғанда, жатқанда, тұрғанда, жүргенде және т.б. қозғалыста келісімділік, нақтылықты дамыту.
17. Үлгілік мазмұны:
1) қол, жіп, шеңбер ұстап берілген бағытта жүру; түзу, қисық жолда жүгіру; кірпіш, ағаш, жұмсақ төсемелер және т.б. төселген жолда жүру және жүгіру; қарқынын өзгертіп жүру және жүгіру (тез-баяу);
2) шеңберде қозғалу (қол ұстасып билеу);
3) төмен орналасқан бөгеттерден қолдау арқылы және өздігімен аттау;
4) доппен ойнау: лақтыру, аунату, қақпаға домалату, қайта лақтыру; ойын мақсатына еңбектеп, төртаяқтап жету, бөгеттің астынан өту;
5) биік емес қоршаулардан аттап (секіріп) өту; екі аяғымен секіру; екі аяғымен, бір аяғымен сызықтан секіру; баспалдақпен жоғары шығу, түсу және т.б.;
6) сумен, құммен ойнау.
18. Танымдық дамуы:
1) сенсорлық тәжірибенің дамуы.
19. Мақсаты: заттық (зерттеулік) әрекет негізінде түйсік және қабылдауды дамыту.
20. Міндеттері:
1) көру және тактильді (дене мүшелерімен сезу) анализаторларын «Дәл сондай» нұсқауын пайдаланып затты мөлшерлерінен (үлкен-кіші), түсінен, пішінінен (доп, текше, шеңбер, төртбұрыш) тану;
2) дыбыстық зейінін қалыптастыру, заттарды дыбысы және әрекеті бойынша ажырата білу: ойыншық шиқылдайды, қағаз сытырлайды, су ағады, тамшылайды, музыка ойнайды және т.б.;
3) қол қимылының тепе-теңдігін және тактильді (дене мүшелерімен сезу) түйсігін қалыптастыру.
21. Үлгілік мазмұндар:
1) көру арқылы қабылдау: қоршаған заттық ортада (Бұл не? Бұл не үшін?) балалардың зерттеу әрекеттерін (қарастыру, бақылау, ізденіс) ұйымдастыру; жақын ортадағы заттардың аттарын қайталау, таныс заттарды тану, олардың белгілерін анықтау (түс, пішін, мөлшер); белгілері бойынша заттарды топтастыру. Зат пен оның фотосуреттегі бейнесін сәйкестендіру. Өзін және таныс адамдарын суреттен тану;
2) есту арқылы қабылдау: дыбыстардың әртүрлі шығуына қарай:адамның дауысы, тарсыл, шылдыр, сыбдыр, музыка, сытыр, сағаттың тықылдауы және т.б. есту зейінін дамыту; дыбыстың шығуын табуға арналған ойындар; дыбысты шығаруға арналған ойындар (шапалақтау, таптау, дабыл, музыкалық аспаптар және т.б.; музыкаға сәйкес қозғалысты дамыту); дыбыстарды тану және нақты бейнемен сәйкестендіру;
3) тактильді (дене мүшелерімен қабылдау) түйсік және қол және саусақтар қимылының тепе-теңдігі: қол тигізгенге жағымды сезімді дамыту, саусақтармен ойнау; қасықты, тіс щеткасын, сабынды, тарақты, басқа заттарды ұстауды, ұстап тұруды үйрету; ұсақ заттарды пинцет және қысқаш тәрізді ұстауға үйрету; әртүрлі заттармен зерттеу ойындары; қатты және жұмсақ қойылмалы заттармен мозаикалармен, көп қуыршақтармен ойын әрекеттері; сумен, құммен, қабыршықтармен ойын әрекеттері, құрғақ бассейнде ойындар; үрлемелі, жүзбелі ойыншықтармен ойындар; түймені, замоктарды, жапсырмаларды, қыстырғыштарды ашып-жабу әрекеттері; жүзікті, түймелерді, моншақтарды жіпке ілу, әртүрлі ұсақ заттарды кішкене тесікке кіргізу әрекеттері. (Жарманы, құмды және басқа құйылмалы материалдарды түрлі бейімделген заттардың көмегімен) қайта құю, елеу, жапқышты ашып-жабу, майлықтарды, дастарханды жинап жаю. Мозайка, пазл, конструктор құрастыру;
4) дәм түйсіктері: сөз негізінде түйсікті топтастыру: ыстық-суық, тәтті-қышқыл, тұзды, ашты, қатты-сұйық.
22. Кеңістікті қабылдау және уақыт қатынасы.
23. Мақсаты: жақын қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстардың уақыттық және кеңістік сипатына балалардың назарын аудару.
24. Міндеттері:
1) өз тәжірибесі (бұл болды, бұл қазір болуда, бұдан кейін болады) мысалдарымен өткен, осы және келер шақтарды түйсіну;
2) күн тәртібін орындау негізінде тәулік бөлігі туралы түсініктерін қалыптастыру;
3) қоршаған ортадағы заттардың кеңістікте орналасуымен таныстыру, кеңістікте оранласуды белгілейтін сөздерді және қысқа сөздерді түсінуі;
4) сөйлеу барысында қолдануды үйрету (кеңістік және уақыт қатынастарын білдіретін сөздерді даму деңгейіне сәйкес).
25. Үлгілік мазмұны:
1) өміріндегі жағдайларды «алғашқыда», «кейін», «кеше», «бүгін», «ертең» ұғымдарымен сәйкестендіру;
2) кеңістіктегі заттарды қайталау арқылы, үлгі бойынша «осында», «ана жерде», «қасында», «алыс», «жақын», «үстінде», «ішінде», «артында», «арасында», «астында», «алдында», «артында», «жоғарыда», «төменде» ұғымдарына сәйкес орналастыру.
26. Сөйлеу тілі және қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
27. Мақсаты: сөйлеу тілі және сөзсіз қатынас орнату негізінде ойында, практикалық әрекет түрінде балалардың қарым-қатынас орнату қажеттілігін дамыту.
28. Міндеттері:
1) оқушылардың мұғалімге деген сенімін қалыптастыру;
2) құрдастарын жағымды сезіммен қабылдауды қалыптастыру;
3) қаратпа сөзге, өтініштерге, дауыс ырғағына, ым-ишараға назар аудару;
4) әрекетті қолжетімді сөйлеу тілімен жеткізу: дауыс ырғағының ауысуы, дыбыс кешендері, сөздермен, жай сөйлеммен;
5) сұрақтарға жауап беруді үйрету, өтінішті немесе тілегін сөздің көмегімен немесе белгілер арқылы жеткізу (фотосуреттер, суреттер, таңбалар);
6) бір сөзді және жай сөйлемдерді пайдалану арқылы аяқалған әрекетке есеп беру.
29. Үлгілік мазмұны: Ойыншықтарды қолдану арқылы дауыс ырғағын ауыстыру, дауысқа еліктеу. Дыбыстарды, дауыстарды, шуларды тану және шығуымен сәйкестендіру. Қоршаған ортадағы заттардың атын білдіретін сөздерді; зерттейтін заттардың қасиеттерін сипаттайтын және олармен өткізетін әрекетерді білдіретін сөздерді: жұмсақ-қатты, үлбіреуік-тегіс, ыстық-суық, сулы-құрғақ, кіші-үлкен, ал, сал, қапта, бер, таста, алып бер, беріп жібер, қойып қой, дөңгелет, сырғанат және т.б. түсінуін дамыту (мүмкіндігінше айтуды). Дыбысты қабылдау арқылы естуді дамыту, айту, өздігімен сөйлеу тілі (жеке дара дамуын ескере).
30. Әрекеттің дамуы.
31. Мақсаты: заттық-тәжірибелік, бейнелеуге дейінгі және қарапайым бейнелеу, құрылымдық, еңбектік және ойын әрекеттеріне қызығушылығын арттыру.
32. Міндеттері:
1) балалар әрекеттерінің барлық түрлеріне арналған қажетті материалдар мен аспаптармен, бейімделген заттарды қолдана білуді қалыптастыру;
2) түрлі материалдармен жұмыстың қолжетімді әдіс-тәсілдерін үйрету.
33. Үлгілік мазмұны:
1) ермексаз илеу: материалдармен танысу және жұмысқа дайындық, бөлшектерге бөлу, материалды жағу, оқтаудың көмегімен жаю. Пішіннің көмегімен жасалған бұйымдарды шағару. Ермексаз, балшық, қамыр, қардан бұйымдар жасау;
2) аппликация: материалдармен танысу, жабыстыратын материалдар және аспаптармен таныстыру (желім, қамыр, скотч). Қағазбен (бүгу, жырту, мыжырайту), желіммен (ашу, жабу, бет жағынна жағу), қайшымен жұмыс жасау дағдылары. Жинау және желімдеу;
3) сурет салу: сурет салуға арналған құралдар мен материалдар (қарындаштар, фломастерлер, бояулар, бор, бояу жаққыштар, ысқыш және т.б) және оларды қолдану әдістерімен таныстыру. Қағазда, тақтада қарындаштың, фломастердің, бордың, бояу жаққыштың, ысқыштың көмегімен із қалдыру. Қалыптың, трафареттің, дайын контурлы сызықтар мен тіректі нүктелердің көмегімен заттың суретін салу. Қағаз парағында бағдарлану. Сурет салуда түстерді пайдалану;
4) қарапайым еңбек әрекеті: щетка және крем қолдану арқылы киім және аяқ киімге күту; жұмыс орнын (заттарды өз орнына реттестіру, шаң сүрту,щетка және қалақтың көмегімен ұсақ қоқысты жинау) және сынып бөлмесін жинастыру, бөлмедегі гүлдерді күту;
5) ойын әрекеті: ойыншыққа деген қызығушылығы негізінде тұындаған пәндік-ойын әрекеттері, желісті-қайталау ойыны, ертегілерді сахналау, қозғалысты ойындар; қолжетімді үстелдік ойындар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет