Сандуєаш+озат



бет25/33
Дата28.04.2023
өлшемі1,02 Mb.
#88075
түріСабақ
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   33
Бақылау сұрақтары:


  1. Генетикалық аномалиялар дегеніміз не?

  2. Генетикалық аномалиялардың туындау жолдары?

  3. Генетикалық өзгерістер дегеніміз не?


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі


  1. Бегімқұл Б.К. Генетика-А.: 2011.

  2. Асылбек Р., Божбанов Б.Ж. Биометрия. -Шымкент: 2010.

  3. Бегімқұл Б.К. Генетика-А.: 2002.

  4. Бегімбеков Қ.Н., т.б. Мал өсіру және селекция. -Алматы 2006.

  5. Садыкулов Т.С., Бексейітов Т.К. Мал өсіру және слекция, Алматы, 2011.



«ГЕНЕТИКА ЖӘНЕ БИОМЕТРИЯ» ПӘНІ БОЙЫНША ЕСЕПТЕР


Моногибридті будандастыру (толық доминанттылық)


  1. Генотиптері АА, Аа, аа болып келетін өсімдіктер қандай типті гаметалар түзе алады?

  2. Асбүршақ түқымының қара түсін анықтайтын А гені, ақ түсін анықтайтын а -геніне қарағанда доминантты. Мына темендегі жолдармен будандастырылып алынатын ұрпақтардың түқымдарыньң түстерін анықтау керек: Аа х Аа; АА х Аа; аа х АА; Аа х аа.

  3. Түқымның қара түсі бойынша гомозиготалы өсімдік ақ түқымды - өсімдікпен будандастырылған; сонда а) Ғ1-де, ә) Ғ2-де-, б) Ғ1-дегі өсімдіктерді оның түқымы ақ ата-анасымен қайта будандастырғанда, в) Ғ4 -тегі есімдікті оның қара түсті ата-анасымен қайта будандастырғанда алынатын ұрпақтардың фенотиптері қандай болады?

  4. Қара тұқымнан өсіп шыққан .өсімдікті ақ. түқымды өсімдіктің тозаңымен тозаңдандырғанда жартысы қара, жартысы ақ, түсті түқымдар алынған. Аналық есімдіктердің генотипін анықтау керек.

  5. Қара түсті өсімдіктен өсіп шыққан екі өсімдікті будандастырғанда 3/4 шамасында қара, 1/4 шамасында ақ тұқымдар берген. Ата-анасьның екеуінің де генотиптерін анықтау керек.

  6. Тұқымының түсі қара өсімдікті ақ өсімдікпен будандастырғанда тек қара тұқымдар алынған. Сондай қара тұқымды Ғ1-де алынған өсімдіктерді өзара будандастырғанда алынатын ұрпақтың тұқымдарының түстері қандай болады?

  7. Қара түқымнан өсіп шыққан өсімдікті өзара будандастырғанда 3/4 бөлігі қара 1/4 бөлігі ақ тұқымдар алынған. Бастапқы өсімдіктердің генотипін анықтау керек.

  8. Екі қара түсті өсімдікті будандастырғанда қара түсті тұкымдар алынған. Олардьщ ата-аналарының генотиптерін анықтауға бола ма?

  9. Қара түқымнан өсіп шыққан өсімдікті ақ түқьімды есімдікпен будандастырғанда қара түсті түқымдар алынған. Аналық өсімдіктің генотипін анықтауға бола ма?

  10. Жеміс шыбыны дрозофиланың сұр түсі В, қара түсі bа қарағанда басым (доминантты). Екі сұр шыбынды будандастырғанда олардың үрпағының түстері сұр болып шыққан. Аталық және аналық формаларының-генотиптерін анықтауға бола ма?

  11. Сұр шыбын мен қара шыбынды будандастырғанда алынған ұрпақтарының барлығының денелері сұр түсті болды. Сұр шыбынның генотипін анықтау керек.

  12. Адамда алты саусақтың болуын (полидактилия) доминантты геннің, ал бес саусақтың болуын рецессивті геннің анықтайтыны белгілі. Ата- аналарының екеуі де гомозиготалы алты саусақты отбасында бес саусақты балалардың тууы мүмкін бе?

  13. Бес саусақты әйел гетерозиготалы алты саусақты ер адамға тұрмысқа шыққан. Олардың балаларының генотиптері мен фенотиптері қандай болуы мүмкін?

  14. Қызанақ (помидор) өсімдігінің қалыпты ұзындығы А, қысқалығы а-ға қарағанда доммнантгы. Сонда: егер ұзындығы бойынша осы аталған белгілердің ажырауының ара-қатынасы 1:1 болғанда, 3:1 қатынасындай болып ажырағанда өсімдіктердің генотиптері қандай болмақ?

  15. Арпаның ерте пісетіні Р, кеш пісетіні р-ға қарағанда доминантты. Бұл екеуін будандастырғанда ерте пісетін формалары кеш пісетіндерінен үш есе көп болған. Ата-аналық түрлердің генотипі мен фенотипін, анықтау керек.

  16. Адамда көздің қара түсі (К) көк түсіне (к) қарағанда доминантгы. Әкесінің көзі қөк, шешесінің көзі қара, өзі қара көзді қыз әке- шешелерінің көздері қара, көк көзді жігітке тұрмысқа шыққан. Олардан қара көзді бала туған. Жоғарыда аталған адамдардың генотиптерін анықтау керек.

  17. Ірі қараның қара түсі реңін анықтайтын ген қызыл түсті реңін анықтайтын генге қарағанда басым болып келеді. Таза тұқымды қара аталықпен қызыл аналық сиырлар будандастырылса, Ғ1-де қандай ұрпақ алынады? Ондай гибридтерді өзара будандастырса, Ғ2-де алынатын ұрпақтар қандай болады?

  18. Миоплегия доминантты белгі ретінде тұқым қуалайды. Әкесі сау, ал
    шешесі осы аурумен ауырған гетерозиготалы отбасында ауру
    балалардың туу мүмкіндігі қандай болмақ?

  19. Дені сау әйел миоплегиямен ауратын гомозиготалы ер адамға
    тұрмысқа шыққан. Бұл некеден қандай үрпақ күтуге болады?

  20. Жүгері түқымының күңгірт түсі ашық түсінен басым. Гомозиготалы
    күңгірт түқымды жүгеріні ашық түқымды жүгерімен будандастығанда
    алынатын ұрпақ тұқымдарының түстері қандай болады. Ғ1-де алынған
    будан өсімдікті гомозиготалы өсімдікпен қайта будандастырса, қандай
    иәтиже берер еді?

  21. Сұлы сабағының ұзын болуы - рецессивті белгі. Егер алынған
    ұрпақтың жартысы қалыпты, ал жартысы ұзын бойлы болса, олардың
    ата-аналарының генотиптері тұралы не айтуға болады?

  22. Тауықтың бір тұқымының аяқтары қысқа болып келеді. Бұл -
    доминантты белгі. Оны басқаратын геннің сонымен бір мезгілде тауық
    тұмсығының қысқаруына да әсері болады. Сонда осы белгі бойынша
    гомозиготалы балапандарының тұмсығының кысқа болатындығы
    соншалықты, олар жұмыртқаның қабығын жарып шыға алмастан, өліп
    қалады. Тауықтың тек аяқтары қысқа тұқымын өсіретін шаруашылық
    инкубаторынан 3000 балапан алынса, оның қаншасы қысқа аяқты
    болады?

  23. Фенилкетонурия рецессивті белгі ретінде тұқым қуалайды. .Егер ата-
    аналарының біреуі бұл белгі бойынша гетерозиготалы, екіншісі
    гомозиготалы ауру болса, ол отбасында ауру бала тууы мүмкін бе?

  24. Құндыз-терісінің сұр түсі тұрақты қоңыр түсіне қарағанда бірнеше рет
    қымбат, бірақ сән өзгерсе оның құны күрт темендеп кетуі мүмкін. Егер
    сұр түсті анықтайтын геннің рецессивті екені белгілі болса, қысқа
    мерзім ішінде көп мөлшерде сұр түсті үрпақ алу үшін (сән өзгермей
    түрғанда) фермадағы қоңыр аналық пен сұр аталықты қалай
    будандастыру керек?

  25. Жүндерінің тьіғыздығында айырмашылығы бар екі теңіз шошқасын
    будандастырғанда, 18 тығыз жүнді, 5 тықыр ұрпақ алынған. Тығыз
    жүнді ұрпақтың қанша бөлігі осы белгі бойынша гомозиготалы?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет