Сандуєаш+озат


«Генетика және биометрия» пәнінің мақсаты мен міндеті



бет2/33
Дата28.04.2023
өлшемі1,02 Mb.
#88075
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
«Генетика және биометрия» пәнінің мақсаты мен міндеті

Пәннің мақсаты: «Генетика және биометрия» пәні - іргелі және қолданбалы ілімдер ретінде студенттерді жан-жануарлардың екі үлкен қасиеті - тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің негізгі мәселелерімен, оларды зерттеу тәсілдерімен, зерттеулер нәтижесінде алынған тәжірибе мәліметтерін статистикалық өңдеу мен биометриялық талдау әдістерімен таныстыру. Курс бағдарламасында казіргі заманғы генетика және биометрияның мәселелері де қамтылған, оларды талдау мақсаты үшін ЭЕМ қолдану қарастырылған. Студенттерге генетикалық есептер шығаруды, эксперименттерді сауатты жүргізіп, алған нәтижелерді статистикалық дұрыс талқылауды және генетикадан меңгерген әдістер мен тәсілдерді зерттемелерде қолдануларына мүмкіндік туғызады.
Пәннің міндеті: Студенттерге генетика туралы ұғым, оның проблемаларын, қазіргі жағдайын және жаңа жетістіктерін, сонымен қатар, студенттердің генетикалық ойлау қабілеттерін арттыру жатады. Белгілердің тұқым қуалау заңдылықтарын талдауға үлкен көңіл бөлініп, генетикалық материалдың тұқымқуалаушылығымен өзгергіштік принциптері түпкілікті қарастырылады. Геннің құрылымдық және функционалдық мінездемесі беріледі. Курс тірі организмдердің негізгі қасиеттерін, оның тұқымқуалаушылығымен өзгергіштігін зерттеуге арналған жаңа тәсілдері туралы түсінік береді.
2. Студенттердің тәжірибелік сабаққа дайындығы туралы ұсыныс
Тәжірибелік сабақ барысында студент:

  • Эволюциялық факторлардың әсері кезінде популяция құрылымын анықтау.

  • Гомозиготалы рецессивтер мен доминантыларға қарсы сұрыптау кезінде аллельдер жиілігінің өзгеруін талдау.

  • Вариациялық катарды құру принциптерімен танысу және оның негізгі көрсеткіштерін анықтау. Статистикалық қате критерийлері және оның деңгейлері. Статистикалық коэффициенттердің және әр түрлі арифметикалық орталардың айырмашылығының сенімділігін анықтау.

  • Хи- квадрат әдісі: эмпиризимдік және теориялық қатарларды өзара салыстыру техникасымен танысу.

  • Дисперсиялық кешен құру және жеке фактордың белгінің өзгер-гіштігіне әсерінің үлесін және оның нақтылығын Фишер критериі арқылы анықтау.

  • Сандық белгілердің түқым қуалау және қайталану коэффициентерін дисперсиялық талдау әдісі арқылы компьютер көмегімен анықтау.

  • Түқым куалаушылықтың молекулалық негіздері. ДНҚ және РНҚ, олардың тұқым қуалаушылықтағы рөлі және синтезделуі.

  • Прокариоттар және эукариоттар геномы.

  • Эукариоттар онтогенезі генетикасы.

  • Генетикалық инженерия. Рекомбинантты ДНҚ құрастыру. Генді клеткаға енгізу. Рестриктазалар және векторлық молекулалар.

  • Генетикалық аномалиялар әдістерін оқып үйренеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет