Мына төмендегідей генотиптері бар өсімдіктер қандай гаметалар түзе алады. а) ААВВ; ө) АаВВ; б) ааВВ; е) ААВb; г) ААbb; г) АаВb; д) Ааbb; е) ааbb?
Бұршақ тұқымының сары түсі Ажасыл түсті а-ғақарағанда доминантты, ал тегіс пішінді Вбұдырлы пішінді b - дан басым. Мына генотиптердің тұқымдарының түстері мен пішіндерін анықтау керек:
а) ааВВ; ә) Ааbb; б) АаВВ; в) ааbВ; г) ААВb; г) ААbb Мына төмендегідей жолдармен будандастырғанда алынатын ұрпақтар тұқымдарының сыртқы көрінісін анықтау керек. а) ааВВ х ааbb; ә) Ааbb х Ааbb; б) АаВВ х АаВb; в) ААВb х ааbb; г) ААbb х ааbb; г) ааВb х ааВb; д) ААВb х ААВb.
Тұқымның түсі мен пішіні бойынша гетерозиготалы өсімдік осыекі белгі бойынша да рецессивті гомозиготалы өсімдікпен будандастырылған. Алынатын ұрпақтың генотиптері мен фенотиптерін анықтау керек.
Сары тегіс түқымдардан өсіп шыққан екі бұршақ өсімдігін будандастырғаңда, сары тегіс тұқымдар алынған. Олардың ата- аналарының генотиптерін анықтауға бола ма?
Сары тегіс тұқымнан өсіп шыққан бұршақ өсімдігі жасыл, тегіс тұкымнан алынған өсімдіктің тозаңымен тозаңдандырылған. Олардан алынған будан тұқымдарының жартысы сары тегіс, жартысы жасыл тегіс болып шыққан. Аталық жәнс аналық өсімдіктердің генотиптерін анықтау керек.
Жасыл тегіс тұқымдардан алынған бұршақ өсімдігі сары бұдырлы тұқымнан өсіп шыққан өсімдіктің тозаңымен тозаңдандырылған. Олардан алынған будан ұрпақтың 1/4-і сары тегіс, 1/4-і сары бұдырлы, жасыл тегіс және 1/4-і жасыл бұдырлы болып шыққан. Ата- аналарының генотиптерін анықтау керек.
Тұқымдарының түсі мен пішіні бойынша гетерозиготалы бұршақ өсімдіктерінің ұрпағында фенотипі және генртипі бойынша белгілердің ажырауы қалай болуы мүмкін?
Таза тұқымды мүйізді қара аталықты қызыл анадықпен будандастырғанда алынатын будан қандай болады? Егер тоқалдылықтың мүйізділікке карағанда, ал қара реңнің кызылға қарағанда доминантты екені белгілі болса, ондай будандарды өзара шағылыстырғанда алынатын келесі ұрпақ қандай болар еді (бұл екі белгінін гендері әр түрлі жұп хромосомаларда орналасқан)?
Жемісі қызыл, сабағының ұзындығы қалыпты қызанақ өсімдігін сары жемісті, сабағы аласа қызанақ тозаңымен тозаңдандыру нәтижесінде аланатын будандардың белгілері кандай болады? Ондай гибридтерді өзара будандастырса, нендей нәтиже шығады? Егер жемістердің қызыл түсі - доминантты, сабағының аласалылығы - рецессивті екені белгілі болса ше? Бастапқы барлық өсімдіктер гомозиготалылар, белгілерді анықтайтын гендер әр түрлі хромосомаларда орналасқан.
Сұлының сабағының қалыпты болуы - ұзын болуына, ал ерте пісетіндігі кеш пісетіндігіне қарағанда доминантгты. Гомозиготалы ерте пісетін сабағы қалыпты өсімдік кеш пісетін сабағы ұзын өсімдіктің будандарының белгілері қандай болады? Ондай буындарды өзара шағылыстырса, нендей нәтиже берер еді?
Тауықтарда балақ жүнінің болуын доминантты ген анықтайды. Бұдырлы айдар жай айдарға қарағанда басым. Бұдырлы айдарлы балақ жүні бар мекиенді, жай айдарлы балақ жүні жоқ өтешпен будандастырғанда алынатын будан балапандардың белгілері қандай болады? Ғ2-де алынатын ұрпақтың қанша бөлігі бұдырлы айдарлы балақ жүні жоқ болып шығады?
Бидай масағының қылтанақсыз формасы Ақылтанақты а-дан, ал қызыл түсі В ақ түсі b-дан доминаитты. Мынадай жолдармен будандастырғанда алынатын ұрпақ масағының сыртқы көрінісін анықтау керек: а) ААbb х ааВВ; ө) АаВb х Ааbb; б) АаВВ х ааbb; в) АаВb х ааbb; г) АаВb х АаВВ; г) АаВbх АаВb.
Масағы ақ, қылтанақты өсімдік гомозиготалы қылтанақсыз кызыл масақты өсімдікпен будандастырылған. Сонда: а) Ғ1-дегі өсімдіктердің; а) Ғ1-дегі буданды қылтанақты ақ масақты ата-анасымен қайта будандастырғанда алынатын ұрпақтың; б) Ғ1-дегі буданды қылтанақсыз қызыл масақты ата-анасымен қайта будандастырғанда алынатын ұрпақтың фенотиптерін анықтау керек.
Қылтанақсыз қызыл масақты бидайдың сортын қылтанақты ақ масақты сортымен будандастырғанда 1/4-і қылтанақсыз қызыл қанатты, 1/4-і қылтанақсыз ақ масақты, 1/4-і қылтанақты қызыл масақты және 1/4-і қылтанақты ақ масақты ұрпақ алынған. Ата-аналық өсімдіктердің генотиптерін анықтау керек.
Қылтанақсыз ақ масақты осімдкті қылтанақты қызыл масақты өсімдікпен будандастырғанда 32 қылтанақты қызыл масақты және 33 кылтанақсыз ақ масақты ұрпақ алынған. Ата-аналық формалардың генотиптерін анықтау керек.
Дрозофила денесінің сұр түсі мен қанатының қалыпты болуын домианантты Вжәне Vгендері, ал қара түсі мен қысқа қанаттылығын b және v гендері анықтайды. Мына будандастырулардағы ата-аналардың және олардың ұрпақтарының сыртқы көрінісін анықтау керек: а) ВВVV х BbVv; б) ВbVv х ВbVv; іі) ВbVv х bbVv; г) bbVv х bb Vv.
Қанаттары қалыпты, түстері қара екі шыбынды будандастырғанда алынған ұрпақтың бәрінің денелері кара, бірақ олардың 3/4-і қанаттары ұзын, 1/4-і қанаттары қысқа болган. Ата-анасының генотиптерін анықтау керек.
Біреуінің қанаты қалыпты, ал екіншісі қысқа қанатты қара шыбынды будандастырғанда алынған ұрпақтың денелерінің бәрі қара, бірақ жартысының канаттары қалыпты, ал жартысының қанаттары қысқа болып шыққан. Ата-анасының генотиптерін анықтау керек.
Қанаттары қалыпты екі сұр шыбынды будандастырғанда алынған барлық дарабастардың түстері сұр, қанаттары қалыпты болған. Ата- анасының генотиптерін анықтауға бола ма?
Біреуінің денесі сұр, екіншісі қара екі қысқа қанатты шыбынды будандастырғанда сұр түсті қысқа қанатты ұрпақ алынған. Ата- анасының генотиптерін анықтау керек.
Теңіз шошқасының жүнінің тығыздығы - В тықырлығы - b-ға, ал қара түсі - С ақ түсі - с-ға доминантты. Мынадай генотиптері бар жануарлардың фенотиптерін анықтау керек: а) Вbсс; ә) ВВсс; б) ВbСС; в) bbСс; г) bbсс.
Мынадай жолдармен будандастырғанда алынатын ұрпақтардың фенотиптерін анықтау керек: а) Вbсс х bbСс; ә) bbСС х Вbсс; б) ВВСС х bbСс: в) ВbСс х bbсс; г) ВВСс х ВbСС.
Тығыз жүнді қара аналықты тықыр ақ түсті аталықпен будандастырғанда жартысы тығыз жүнді қара, ал жартысы тығыз жүнді ақ дарабастардан тұратын ұрпақтар алынған. Осылардың генотиптерін анықтау керек.
Талдап будандастырудың нәтижесінде тығыз жүнді қара аналық жартысы қара, ал жартысы ақ тығыз жүнді ұрпақ берген. Аналықтың генотипін анықтау керек.
Екі тығыз жүнді теңіз шошқасын будандастырғанда дәл сондай фенотиптері бар ұрпақ алынған. Ата-аналық формалардың генотиптерін анықтауға бола ма?
Гетерозиготалы тығыз жүнді ақ аналық гетерозиготалы тығыз жүнді ақ аталықпек будандастырылған. Алынатын ұрпақтың генотиптерін анықтау керек.
Тығыз жүнді екі қара теңіз шошқасын будандастыру нәтижесінде фенотипі дәл сондай ұрпақ алынған. Оларды өзара будандастырса, қандай ұрпақ алынады?
Адамда қара көздің гені көк көздің геніне карағанда доминантты, ал оңқайлық солақайлыққа қарағанда доминантты қасиет көрсетеді. Бұл аталған жұп гендер түрлі хромосомаларда орналасқан. Осы екі белгі бойынша гетерознготалы ата-аналардан қандай балалардың дүниеге келетінін анықтау керек.
Әкесі гетерозиготалы солақай, ал шешесі көк көзді де, гетерозиготалы оңқай отбасында туылатын балалардың фенотиптері жөнінде не айтуға болады?
Гомозиготалы қара көзді оңқай жігіт гетерозиготалы қара көздісолақай қызға үйленген. Осы отбасында туатын балалардың генотипі мен фенотипі қандай болмақ?
Қара көзді оңқай қыз көк көзді солақай жігітке тұрмысқа шыққан, олардың отбасында екі бала дүниеге келген - біреуі көк көзді оңкай, екіншісі көк көзді солақай. Ата-анасының генотиптерін анықтау керек.
Қара көзді оңқай жігіт көк көзді солақай қызға үйленген. Олардан бір көк көзді солақай бала туған. Келесі балаларының фенотиптері жөнінде не айтуға болады?
Ата-аналарының біреуі қара- көзді солақай, ал екіншісі көк көзді солақай болса, олардан қандай бал туылуы мүмкін?
Қара көзді оңқай жігіт көк көзді оңқай қызға үйленген. Мұндай некеден жоғарыда керсетілген белгілер бойынша қандай ұрпақ күтуге болады?
Намазшам гүлдің қызыл түсі R ақ түсті r-ге толық доминантты емес. Сондықтан гендері бірігіп келсе, гүлдің түсі қызғылт болып шығады. Ал гүлінің қалыпты пішіні N ара тісті n-ге қарағанда доминантты. Генотиптері мына төмендегідей болып келетін өсімдіктердің гүлдерінің түстері мен пішіндерін анықтаңыздар. а)RRNn; ә) RrNn; б)RrNN; г)Rrnn; в) rrNN; д) rrNn; е) RRnn; ж) rrпп; з)RRNN.
Мынадай жолмен будандастырлғанда алынатын ұрпақтардың фенотиптерін анықтаңыздар: а) RRNn х rrnn; ә) rrNn х RrNn; б) RrNn х Rrnn; г) RrNN х RRNN; е)rrnnх RRNN; д) RRnn х Rrnn.
Гүлінің түсі мен пішіні бойынша дигетерозиготалы өсімдіктер өзара будандастырылған. Олардан алынатын ұрпақтардың генотнптері мен фенотиптерін анықтаңыздар.
Қызғылт, пішіні ара тісті гүлді өсімдікті түсі ақ, пішіні ара тісті өсімдіктің тозаңымен тозаңдандырған. Алынатын ұрпақтардың генотиптері мен фенотиптерін аныктаңыздар.
Гүлдерінің пішіні бойынша гетерозиготалы ақ гүлді өсімдіктер өзара будандастырылған. Алынатын ұрпақтардың генотиптері мен фенотиптерін анықтаныздар.
Адамда жақыннан көрудің гені қалыпты көруге қарағанда доминантты қасиет корсетсе, қара көздің гені көк көздің геніне қарағанда доминантты болатыны белгілі. Осы алынған екі белгі бойынша гетерозиготалыата-анадан қандай ұрпақ күтуге болады?
Жақыннан көретін қара көзді ер адам қалыпты көретін көк көзді әйелге үйленген. Осы отбасында жақыннан көретін қара көзді және біркалыпты көретін көк көзді бала туған. Келесі туатын балалардың фенотипі жайлы не айтуға болады?
Ерлі зайыптылардың біреуі қалыпты көретін қара көзді де, екіншісі –жақыннан көретін қара көзді отбасында жақыннан көретін көк көзді бір қыз туған. Осы аталған отбасы мүшелерінің фенотиптерін анықтауғы бола ма?
Ата аналарының екеуі де жақыннан көретіп көк- көзді отбасыңда қалыпты көретін көк көзді бала дүниеге келген.Осы баланың генотипін анықтау керек.
Гетерозиготалы жақыннан керетін солақай жігіт екі белгі бойынша да гомозиготалы дені сау қызға үйленген. Осы отбасында туылатын балалардың генотиптері мен фенотиптеріне қандай болжам жасауға болады?
Глаукома ауруы адамда жиі кездеседі. Оның бірнеше тұқым куалау жолы бар. Глаукоманын бір түрі аутосомалық доминантты генмен анықталса, екінші түрі алғашқыға тіркес емес аутосомалық рецессивті генмен анықталады. Осы аталған екі жұп гендер бойынша гомозиготалы дені сау әйел гетерозиготалы ер адамға тұмысқа шақкан. Осы отбасында ауру бала тууы мүмкін бе?