Сандуєаш+озат


Гендердің өзара әрекеттесуі кезіндегі тұқым



бет29/33
Дата28.04.2023
өлшемі1,02 Mb.
#88075
түріСабақ
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
5.Гендердің өзара әрекеттесуі кезіндегі тұқым қуалауы. Гендердің комплементарлы әсері


  1. Xош иісті бұршақ гүлінің қошқыл қызыл түсі екі комплементарлы доминантты А мен В гендерінің өзара әрекеттесуі арқылы анықталады. Егер генотипте осы екі геннің бірі жоқ болса, қызыл пигмент түзілмейді де өсімдіктің гүлінің түсі тек ак болады. Генотипттері мына төмендегідей болып келетін өсімдіктердің гүлдерінің түсін анықтаңдар: Ааbb; ааВВ; ААВb; АаВb; АаВb: aаBb; ААВВ.

  2. Мына төмендегі жолдармен будандастырудың нәтижесінде Ғ1-дегі алынған гибрид өсімдіктердің фенотиптерін анықтаңдар: ААbb х ааВb; АаBb х АаВb; ААbb х Ааbb; ААbb х аaВВ.

  3. Екі доминантты гендер бойынша гомозиготалы өсімдік рецессивті гомозиготалы ақ гүлді өсімдікпен будандастырылған, Алынған ұрпақтың фенотипі мен генотипін анықтаңдар.

  4. Қошқыл қызыл гүлді дигетерозиготалы өсімдік екі жұп аллелдері бойынша рецессивті ақ гүлді өсімдікпен будандастырылған. Алынған ұрпақтың фенотипі мен генотипін анықтаңыздар.

  5. Гүлдері қошқыл қызыл түсті өсімдіктің өздігінен тозаңдандырудын нәтижесінде алынған ұрпақтың фенотипін анықтаңдар: а) екі доминантты ген бойынша гетерозиготалы болғанда; ә) бір доминантты ген бойынша гетерозиготалы болғанда.

  6. Асқабақ жемісінің тегершік төрізді пішіні екі доминантты ген А және В-ның өзара әрекеттесуі арқылы анықталады. Егер генотипте осы екі геннің бірі жоқ болса, жемістің пішіні домалақ келеді. Ал екі геннің де рецессивті аллелдері біріксе пішіні сопақ жеміс береді. Мына төмендегі генотиптері бар өсімдіктердің жемістерінің пішіндерін анықтаңыздар. АaBb; ААВВ; Ааbb; ааВb; ааbb; ааВb; ААВb.

  7. Мына төмендегі будандастырулардан алынатын ұрпақтың генотипін фенотипін анықтаңыздар: ААВВ х АаВВ; ААВb х ааbb; АаВb х ааbb: ААВb х ааВb; АаВВ х ААbb.

  8. .Жемістерінің пішіні тегершік тәрізді дигетерозиготалы өсімдік жемісі сопақша болып келген өсімдікпен будандастырылған. Алынатын ұрпақтың генотипі мен фенотипін анықтаңыздар.

  9. Жемістің пішіні тегершік тәрізді дигетерозиготады өсімдік жемісі сопақша болып келген өсімдікпен будандастырылған. Ұрпактың генотипі мен фенотипін анықтаңыздар.

  10. Биіктігі қалыпты өсімдіктің жүгері өсімдігінің генотипінде екі аллелді емес доминактты гендер болады. Осы гендердің тек біреуініц ғана рецессивті аллелдері бойынша гомозиготалы болса, ол ергежейлі өсімдіктің пайда болуына әкеп соғады. Екі ергежейлі жүгері өсімдігін будандастырганда Ғ1-де биіктігі қалыпты будандар алынады, ал Ғ2-де 812 қалыпты және 640 ергежейлі өсімдіктер шыкқан. Гендердің өзара әрекеттесуінің типін анықтаңыздар.

  11. Құндыздың жабайы типіне тән болып келетіи терісінің қоңыр түсін екі доминантты ген А жоне В анықтайды. Осы екі геннің біреуінің рецессивті аллелі бойынша гомозиготалы болса, сұр түс береді. Екі сұр түсті құндыздарды будандастырғанда Ғ1-дегі ұрпақтың барлығы да қоңыр болып шығады. Ата-аналық жұптың генотиптерін және Ғ2-де болатын ажыраудың сипатын анықтаныздар.

  12. Тауық айдарларының пішіні төрт түрлі болады. Олар екі жүп (R, r жәну Р, р) гендердің өзара әрекеттесуінің нәтижесінде қалыптасады. R гені раушан тәрізді айдарды, Р гені бұршақ тәрізді айдарды, ал екі доминантты R және Р гендері қатар кездескенде жаңғақ тәрізді айдарды жарыққа шығарады. Осы екі жұптың рецессивті гендері (rrpp) бар тауықтар жай айдар (жапырақ тәрізді) болады. Егер раушан тәрізді айдарлы гомозиготалы тауықты бұршақ тәрізді айдарлы гомозиготалы тауықпен шағылыстырса, Ғ1-және Ғ2-дегі будан ұрпақтарының фенотиптері қандай болмақ?

  13. Тауықтардың R және Р гендері бойынша гетерозиготалы, жаңғақ тәрізді айдарлы екі дарабастары өзара шағылыстырылған. Белгілердің Ғ1-дегі ажырау арақатынасын анықтау керек.

  14. Генотиптері RrPp және rrpp дарабастарды бір-бірімен будандастырғанда белгілердің Ғ1-дегі ажырау арақатынасын анықтау керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет