Сандуєаш+озат



бет30/33
Дата28.04.2023
өлшемі1,02 Mb.
#88075
түріСабақ
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Байланысты:
5-Практикалық сабақ генетика (1)

6.Эпистаз


  1. Сұлы тұқымының қара түсін доминантты А гені, ал сұр түсін доминантты В гені анықтайды. А гені В геніне эпизтазды, яғни А гені бар жерде В гені қызмет атқармайды. Зиготада доминантты гендердің екеуі де жоқ болса, тұқымның түсі ақ болады. Мына төмендегідей гепотиптері бар өсімдіктердің дәндерінің түстерін анықтаңыздар: ааВb; ааbb; Ааbb; АаВb; ААВb; ааВВ; АаВВ.

  2. Мына төмендегідей будаңдастырылуда алынатын ұрпақтың тұқымдарының түстерін анықтаңыздар: ааВВ х ааВb; ааВb х ааbb; Ааbb х Ааbb; АаВb X Аabb; ААbb х ааВb.

  3. Сұр түсті тұқымнан өсіп шыққан екі өсімдікті будандастырғанда 3:1 қатынасындай болып қара және ақ түсті дәндер алынған. Ата- аналарының геиотиптерін анықтаңыздар.

  4. Қара тұқымнан өсіп шыққан өсімдікті ақ түсімен будандастырғанда алынған барлық ұрпақтардың да түстері сондай болған. Ата- аналарының генотиптерін анықтаңыздар.

  5. Қара түсті тұқымнан өсіп шыққан екі өсімдікті будандастырғанда 3:1 қатынасындай болып қара және сұр түсті дәндер алынған. Ата- аналарының генотиптерін анықтаңыздар.

  6. Тұқымдары сұр түсті екі өсімдікті будандастырғанда алынған ұрпақтарының да түстері сондай болған. Ата-аналарының генотиптерін анықтаңыздар.

  7. Қара тұқымнан өсіп шыққан өсімдікті өздігінен тозаңдандырғанда 12 : 3 : 1 қатынасындай болып қара, сұр және ақ түсті дәндер алынған. Бастапқы өсімдіктердің генотипін анықтаңыздар.

  8. Тышқанның рецессивті с гені альбинизмді анықтайды. Доминантты аллель С жүнді бояйтын пигменттердің синтезін реттейді. А және а гендері жүн талшықтарының өне бойына пигменттердің таралуын қамтамасыз етеді: а гені біркелкі боялуына, ал А гені жүннің кара түске боялуымен қатар оның ұшында сақина тәрізді сары пигменттің түзілуіне әсер етеді. Генотиптері ССаа, ССАА, ссАА және ссаа тышқандардың фенотиптерін анықтау керек.

  9. Жоғарыда айтылган эпистаздык және гипостаздық гендер бойынш дигетерозиготалы тышқандады өзара будандастырғанда қандай түсті тышқан алуға болады.

  10. Дигетерозиготалы сұр (ССАа) тышканды рецессивті гомозиготалы ак тышқанмен будандастырған. Алынған ұрпақтың фенотипін аныктау
    керек.

  11. Аскабақтың жемісінің ақ түсі доминантты W гені, ал сары түсі
    доминантты Y гені арқылы анықталады, W гені Ү геніне эпистазды,
    сондықтан мұндайда соңғысы қызмет атқара алмайды. Бұл гендердің
    рецессивті алелдері гомозиготалы жағдайда болса, жемістің түсі жасыл
    келеді. Мына төмендегідей генотиптері бар өсімдіктер жемісінің түсін
    аныктаңдар: wwYy;Wwyy;WwYY; WWYy;wwYY;wwyy; WwYy.

  12. Мына төмендегідей будандастырғанда алынатын жемістердің түсін
    анықтаңыздар:
    а) wwYy x wwYy; ә) Wwyy x Wwyy; б) WwYY x Wwyy;
    в) WWYy x Wwyy; г) WWyy x WwYY; г) Wwyy x wwyy.


  13. Екі сары жемісті будандастырғанда 3:1 қатынасындай болып сары
    және жасыл жемісті будандар алынған. Ата-аналарының генотиптерін
    анықтаңыздар.

  14. Ақ жемісті асқабақты жасыл жемісті асқабақпен будандастырғанда
    алынған будандардың жемістерінің жартысы ақ, жартысы жасыл
    болып шыққан. Ата-аналарының генотиптерін анықтаңыздар.

  15. Жемістері ақ екі өсімдікті будандастырғанда 3:1 қатынасындай болып ақ және жасыл жемісті будандар алынған. Ата-аналарының
    генотиптерін анықтаңыздар.

  16. Екі сары жемісті будандастырғанда алынған барлық ұрпақтардын да жемістерінің түсі сондай болып шыққан. Ата-аналарының
    генотиптерін анықтаныздар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет