Санжар Керімбай. Уақытты жеңген Бейсен бейсен



бет5/14
Дата18.10.2023
өлшемі1,35 Mb.
#118928
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Уақытты жеңген адам

СМАРТФОН
2013 жылдың шілдесінде кітап басылып шықты. Рухани бөпелерін «перзентханадан» шығарып алуға Бейсен Талдықорғаннан, Абзал Оралдан арнайы ұшып келді. Кітапты көліктен түсіріп, қоймаға кірпіштей етіп қаладық. Бірінші қорабын жыртып, су жаңа кітаптың иісін иіскеп көріп жатырмыз. Кешке кішігірім той болып, атап өттік. Ертесіне Бейсен мені көлігіне салып алды да бір жаққа барамыз деп ызғыта жөнелді.
- Қайда барамыз?
- Әзірге айтпаймын. Тосынсый болсын.
Мен ештеңе ұқпаған күйі үнсіз отырмын. Кенет көлік үлкен дүкеннің алдына келіп кілт тоқтады. Түс, кеттік, - деді.
- Қайда?
- Сосын айтам. Бейсен тез-тез қадамдап, алып ғимараттың телефон
сататын бөліміне кіріп кетті. - Ал, Сәке, телефон таңда.
- Не үшін? Менің телефон алатын жоспарым жоқ.
- Ондай жоспар менде бар. Кітаптың құрметіне сізге көрімдік,-деді.
Сөйтті де сол кездегі су жаңа САМСУНГ ГАЛАКСИДІ (С-4) таңдады. Бағасы удай. Оған қараған Бейсен жоқ. Бүкіл асай-мүсейін түгендеп алды да смартфонды сатып алды. Сөйтті де:
- Ал, Сәке құтты болсын. Енді үйіңізде ноутбукке байланып отырмайсыз. Мына кәрәматпен кез келген жерде кітапты жарнама жасап жүре бересіз,- деді. Осылайша Шәнжархан пақыр ойламаған жерден күшейіп шыға келді. Бөз көйлектің де үш күн буы бар деген. Бір ай бойы су жаңа смартфонды жастығымның астына жастап ұйықтап жүрдім. Ол кезде ондай смартфонды әкім-қаралар әрең ұстайтын. Біреу ұрлап кеткен жоқ па деп түн ортасында оянып, сипалап тексеріп қайта жататын түндерім де өтті. Ол смартфон әлі істеп тұр. Қазір ортаншы қызым сол смартфонмен он лайын сабақ оқып жүр.

ҚҰДАЙҒА ҰҚСАЙТЫН АДАМ.
Бір күні Тәңірі тағала Дәуіт пайғамбарға тіл қатты:
- Әй, Дәуіт!
- Ләббәйк Алла!
- Дәуіт, сен неге маған ұқсауға тырыспайсың?
- Уа, Тәңірім, мен саған қалайша ұқсай алам? Сен түр-түсі, мекен-мысалы, шет-шегі жоқ құдіретті Құдай емеспісің?-деп таңғалды.
- Иә, дұрыс айтасың, Дәуіт! Бірақ мен шексіз мейірімдімін. Сен де маған ұқсап мейірімді бол. Мен жомартпын. Сен де жомарт болуға барыңды сал. Мен әлсізге болысқанды сүйем. Сен де солай ет. Мен 18 мың ғаламды мінсіз басқарып тұрмын. Бірақ тұрған жерімді ешкімге көрсетпеймін. Тұрағым мәңгі құпия. Сен де тіршілікте жүргенде солай ет. Қанша жерден жапырып жақсылық қылсаң да өзіңді көрсетіп мақтанушы болма. Өзіңді құпия ұста. Ел сені түсіңе қарап емес, ісіңе қарап танысын,-деді.
- Уа, шексіз рақымды ИЕМ, өсиетіңді ұқтым,-деді Дәуіт...
2014 жылы күзде қалада жолықтық. Керек-жарақ алам деп мені ертіп супер- маркетке кірді. Магазин аралап жүрміз. Кенет:
- Сәке, сен бір науқас қыз туралы пост жазып акция ұйымдастырғансың ба?- деді.
- А, иә. Торғын Қалелова деген келіншек ауырып қапты. Кореяға барып емделуге біраз қаржы керек екен. Соған көмектесу үшін МЫҢ ТЕҢГЕ деген акция жариялап пост жаздым. Шамасы бар жұрт жаппай мың теңгеден ғана аударса - керекті қаржы жиналады. Тек жалқаулығыңды жеңіп, банкоматқа ерінбей барып мың теңгені шотына аударып жіберсең жетіп жатыр деп жаздым.
- Бәсе, жұмыстағы қыз-жігіттер кеше осыны әңгіме қып отыр екен. Сен оны танисың ба?
- Жоқ, өмірімде көрмегем.
- Солай де, қызық екен,-деді де банкоматтың алдына кеп кілт тоқтады.
Онда елден біз де қалмайық. Жұмыс істеп пұл тауып жүр деген атымыз бар. Мен де асарға қатысып, мың теңге аударып қояйын. Ұятты. Шотын айтып жібер, - деді.
- Жақсы, - дедім де Торғынның есеп шотын дауыстап оқи бастадым. Ол сандарды тез-тез терді де кнопканы басып кеп қалды. Сөйтті де теріс айналып кетуге айналды. Мен сәл тұрдым да дызт деп шыға келген тілдей қағазды суырып алдым.
- Сәке, қайтесіз ол қағазды. Тастай салыңыз.
- А, иә,- деп қағазды тастап жатып ақшаның сомасына көзім түсіп кетті. Квинтацияда «100 мың теңге аударылды» деп жазылып тұр.
- Бейсеке, сіз қателесіп кеткен жоқсыз ба? – дедім аузым ашылып.
- Жоқ, Сәке, бәрі дұрыс. Бұл әңгіме осы жерде қалсын. Ешкім білмесін,-деді де шығып жүре берді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет