Сапалық анализ курсының


Сапалық анализ әдістері. Физикалық, физика-химиялық және химиялық анализ әдістері



бет4/6
Дата21.11.2023
өлшемі48,92 Kb.
#125065
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6
2. Сапалық анализ әдістері. Физикалық, физика-химиялық және химиялық анализ әдістері.
Аналитикалық сигналдың пайда болуына байланысты аналитикалық әдістерді былай жіктейді.

  1. – Химиялық (классикалық) әдіс;

  2. – физикалық әдіс;

  3. физика-химиялық әдістер;

Аспаптық (инструментальды) әдістер физикалық және физика–химиялық әдістерді біріктіреді.
Физикалық әдістерде – анализ химиялық реакцияларсыз жүреді, бұл әдіс заттардың физикалық қасиеттеріне негізделеді. Мысалы, спектральды, рентгенқұрылымдық, масс- спектороскопия т.б.
Физика–химиялық әдістерде – анализ химиялық немесе электрохимиялық реакциялардың көмегімен жүреді, бұл реакциялар нәтижесінде жүйенің физикалық қасиеттері өзгереді. Осы өзгерістерді түрлі аспаптардың көрсеткіштерімен анықтайды. Физика - химиялық әдістерге потенциометрия, фотометрия, амперометрия, полярография т.б. әдістер жатады. Сондықтан екі әдісті де инструментальды деп атайды.
Соңғы кезде дамитын әдістерге биологиялық әдістерді жатқызуға болады, әлі көп қолданылмайды, бірақ бұл тәсілдер кеңінен дәрі дәрмектерді, дәрі-дәрмек шикізатын анализдеуге пайдаланылады. Мысалы, инсулиннің қан құрамындағы қанттың үлесін төмендету қасиетін, антибиотиктердің биологиялық активтілігін, демек микроорганизмдердің өсу процесін кеміту қасиетін анықтауда қолданылады.
Химялық анализдеу әдісі химиялық реакцияларға негізделіп жүргізіледі. Ол аналитикалық сигналды көзбен шолып байқайды (тұнба түзілу, түс өзгеруі, газ бөлінуі т.б.).
Реакция сезімталдығы.
Аналитикалық химияда жоғары сезімтал реакциялар қолданады. Реакцияның сезімталдығы минимальды (шекті) концентрациямен, ашу минимумымен және сұйылту шегімен сипатталады.
Минимальды концентрация зерттеу ерітіндісінің белгілі көлемінде берілген реакция көмегімен анықталатын ионды қандай шекті минимальды концентрациясында ашуға болатынын көрсетеді.
Ашу минимумы – берілген реакция көмегімен зерттеу ерітіндісінің ең аз көлемінде ашуға болатын анықталатын ионның ең аз мөлшері. Аналитикалық химияда ашу минимумы грамның миллиондық үлесін құрайды (0,000001г  1мкг). Мысалы, К+ катионына гексанитрокобальтиатымен (III) Na3[Co(NO2)6] әсер ету реакциясында ашу минимумы 4 мкг, яғни К+ катионын зерттеу ерітіндісінен Na3[Co(NO2)6] әсерімен ашуға болады, егер анализге алынған ерітіндіде К+ 4 мкг-нан кем болмаса және ерітіндінің сұйылуы шектіден аспаса.
Шекті сұйылту - 1 г анықталатын ионы бар ерітіндінің берілген реакция көмегімен әлі де ашуға болатын ең жоғары сұйылуы. Мысалға, Мысалы, К+ катионына гексанитрокобальтиатымен (III) Na3[Co(NO2)6] әсер еткенде сары кристалды тұнба К2Na[Co(NO2)6] түседі. Осы реакциясының сезімталдығы 1: 50 000 шекті сұйылтумен сипатталады. Бұл дегеніміз, осы реакцияның көмегімен К+ ионын судың 50 000 см 3 –де 1 г калиий бар ерітіндіден ашуға болады.
Неғұрлым ашу минимумы және минимальды концентрация аз болса және шекті сұйылту көп болса, аналитикалық реакциялар соғұрлым сезімтал болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет