216
Сараны жаңа ғана танығандай,
Біреуі сүйсініп тұр жаны қалмай.
Аңырып, əр ауызға бір алаңдап,
Біреу жүр не болғанын əлі ұға алмай.
Біреулер үрке қарап, шошығандай,
Қарайды Сара жаққа өші бардай.
Біреулер іштегі отпен арпалысып,
Әлекке түсіп жатты өшіре алмай.
Әннен соң есеңгіреп, үрпиісіп,
Жер шұқып қала берді жұрт ұйысып.
Серт ұстап, сілкінісіп шыққандар бар,
Бір-бірін көзбен атып, қыртиысып.
Күдік бар біреуінде, бірінде үрей,
Пысықтар үнсіз қалған бұрынғы кей.
«Сарыарқа қайдасың» деп қайтты Біржан,
Сапырып сахараның жырын күрей.
Міне сол, –
Шығарып сап əн, жыр төресін,
Сара отыр жинай алмай тіптен есін.
Ашынып қайдағы жоқ Құдайына,
Маңдайға бармақтай бақ бітпегесін.
Кеше бір шырылдап та, безілдеп те,
Қаншама мақұлдатты сөзін көпке.
Асқақтап көмейінен əн кеткенде,
Жүргендей сезініп-ақ өзін көкте.
Сара саңлақ
217
Ақтарып жатқан сырды жанға айтылмай,
Сартта-сұрт лапылдап бір жанбай тынбай.
Бұлақ боп бұрқырап та ағып еді-ау,
Қалың ел аңсап келіп қанбайтындай!
Дарынын өрде оздырып анық күшпен,
Арынын айналаға танытты үстем.
Ұмытып өзін-өзі,
Болам демей
Жұлдыздай жарқырап кеп, жанып түскен.
Көңілдің қай-қайдағы бұлты ыдырап,
Әр сөзі астам айтқан жұртына ұнап,
Қарамай қайғысына самғап еді-ау,
Біржан сал сəл сүрінсе, бір күліп ап.
Суырып мұң-зарыңды жүрек түптен,
Кететін Сара қайда үдеп тіптен?!
Айтыста соның сағы сынбасын деп,
Өзіне ауған жоқ па тілек біткен.
Қыр сонда құптап тегіс жаңғырмап па?
Сара да жұрт мейірін қандырмап па?
Қайысып Қаптағайы тұрды емес пе
Бұлбұлы бұрқыратқан зарлы ырғаққа!
Басына қаншама мұң үйіп-төкпе,
Көңілі шалқып-тасып, тиіп көкке,
Жағалай жұртты өзіне бір телміртіп,
Ерекше кетіп еді-ау биіктеп те!
Сара саңлақ
218
Айнала жалт қаратып жыр ұғарын,
Арындап аспанға өрлеп шығып арын,
Танытып төңірекке тұрып еді-ау
Өнердің қаншалықты құны барын!
Шарқ ұрып кезіп келген бұрын қырды,
Қалың ел сөз кұдіретін бүгін білді.
Өзіне жөн көрсеткен талайларды
Жыр шіркін, алдына əкеп жүгіндірді.
Тұрғандар əлдекімсіп, еркектеніп,
Сараның жатты алдында жентектеліп.
Барды да шырқап-шырқап,
Қалды-ау үнсіз,
Лебімен айнала бір өртеп келіп.
Ән болып дүниеге таралып кең,
Жан болып өту үшін жаралып та ең!
Қыз да едің жүзден жүйрік жеке шыққан
Бір ғасыр маңдайына дара біткен.
Қаймығып қара дауыл – ел сесінен,
Қайғыға батып өткен белшесінен.
Айтыста арқырап та, жарқырап та
Көрініп қалып еді өз еңсесімен.
Сол-ақ па бұйырғаны бақ-талайға?
Бұлқынып, бұғау үзер таппады айла.
Ақын боп ақырғы рет бір көрініп,
Қатын боп қала берді Қаптағайға!..
219
ақұшТап БақТЫГЕрЕЕВа
ақын Сара аУылында
Деген сөз өзекті өртеп жесір, жала,
Жатыпты-ау күңіреніп иесіз дала,
Даналық сөзің қандай мір оғындай
Қатыгез ісің де көп, кешір, баба.
Бақытын ұрпағыңның тілеп күнде,
Жүйрік ат, асыл жарды жыр еттің де,
Көз жасын сұлулардың ескермедің
Ол үшін болмаған ба жүрек мүлде.
Сен өзің жауға шапсаң шегінбедің,
Мерт болсаң тізе бүгіп жеңілмедің.
Жыр етіп Қозы Көрпеш, Ақ Баянды
Ояттың талай жастың сезімдерін.
Қатал заң қалса да елде қалыптасып,
Көрмеді сүйген жүрек налып, жасып.
Жүз күндік тыныштықты бұзған да сен
Бір түнде сүйгеніңді алып қашып.
Өлшеніп ақыл-оймен əр қадамың,
Кеудеңде бола тұра арман-ағын,
Дара бұлбұл Сараны Жиенқұлға
Қорықпай қиғаныңа таң қаламын.
Сара саңлақ
220
* * *
Билер жүр Жиенқұлға сертті байлап,
Қандай күш жүректегі дертті жоймақ.
Кеудеңді қарс айырған ақын үнің
Кең дала Сарыарқаны кетті жайлап.
Атағың ерте тарап ел ішіне,
Айтыста қол соқтырдың жеңісіңе.
Алдында өнеріңнің бас игіздің
Арқаның Біржан салдай серісіне.
Құрбыдан ойың озық дара туған,
Мөп-мөлдір пəк сезімнен жаратылған.
Билеген төре-заман, баста қайғың
Ертерек айырды ма қанатыңнан.
Біржандай сүрінбеген жарыста мың,
Жігітпен қатар самғап қалыспадың.
Босатса билер сені кей тұзақтан
Ақынның сөзі оятты намыстарын.
Сара саңлақ
221
* * *
Сол заман қыздар үшін қатал заман,
Әйелдің аты дұрыс аталмаған.
Шешімін ақсақалдың аттамаған
Бақытсыз болады деп бата алмаған.
Ертерек ақ бетінің гүлі семіп,
Ертерек от жанардың нұры кеміп.
Қыз сорлы мал бергеннің олжасы боп
Күңдікке кете берген күңіреніп.
Қыз солай жүре берген күйік ішіп,
Тағдырын билер шешкен жиылысып.
Солардың көз жасынан жүрексіздер
Киіпті түлкі тымақ, иық ішік.
Еркектің артық санап бақыр басын,
Көрмеген Сарадай да ақын жасын.
Білмеген қызды еріксіз сатқан надан
Арманның, махаббаттың сатылмасын.
222
зайда ЕлҒОНдиНОВа
алаШТың арУ қызы ақын Сара
Жанынан мұң төгілмей, жыр төгілген,
Рухы көне түркі күн тегінен.
Жүрегі жанартаудай жарылса да,
Текті ару жан сезімін ірке білген.
Хан қызы ақордада арда өскендей,
Жарқ етіп қарағаны жар дескендей.
Қуанса жан-жүрегі шұғынықтай,
Намысы Тұмар ұстар наркескендей.
Жымиса көз-қарасы жан жібіткен,
Сырласып ай, жұлдызбен таңды күткен.
Самғаса Алатаудың асқарына,
Шаңқ етіп айнымайды қантүбіттен
1
.
Тау қызы тауда өсіп, тауды сүйген,
Жетісу – жер жəннаты бауды сүйген.
Тұлпары жер тарпыған ақын Сара,
Аумаған шəулі бүркіт шеулісінен
2
.
1
Қантүбіт – екі жасар бүркіт.
2
Шеулі – бүркіттің ұрғашысы.
Сара саңлақ
223
Алтайдың арқар жортқан сеңгіріндей,
Таста өскен Тарбағатай өндіріндей.
Алашқа өліарада таң боп аттың,
Атойлап, айқайламай сен білінбей.
Келерін сен білдің ғой қай кезде өлең,
Сырластың түу ғарышпен, ай кезбемен.
Жанарың қара түндей қаһарлансаң,
Сөзбенен түйреп өттің сəйгез
3
деген.
Ұстадың домбыраңды жазылыдай
4
,
Жарқырап көкірегіңде жазың ұдай.
Шарқ ұрып шаршы топта алдүзіктей
5
,
Тəңірге жетіп жатты назың ұдай.
Ақсудың асау, асқақ арнасындай,
Сыр бермей, «дат» десе егер ханға сынбай.
Өмірден өтті біздің ақын Сара,
Дарабоз ақындардың жалғасындай.
Дəмелі жұлдыздан да, айдан əркім,
Білер ме асылдардың майда парқын?!
Патшасы аққу жырдың ақын Сара,
Әкпесі Марфуға, Қанипа, Зайдалардың.
3
Сəйгез – жебенің түрі.
4
Жазылы – қылыштың сабы.
5
Алдүзік – шапқан бетте суырылып шығып, шашасына шаң
жұқпайтын жүйрік.
Сара саңлақ
224
Жарқырап шолпан жұлдыз, жанарында ай,
Жанынан шұғылалы таң арылмай.
Жасырып махаббатын жүрегіне,
Алтайдың жаралы бір маралындай.
Өттің сен. Әйел ғұмыр өткелектен,
Қанша ақын болсаң дағы көкке жеткен.
Еншіңді ала алмадың бұл өмірден,
Басыңды қорғай алмай жекпе-жектен.
Ақыным, асыл жырдың пырағындай,
Сонау бір өткен ғасыр мұнарындай.
Бүгінгі аққу ақын қыздарыңның,
Мəңгілік жол көрсетер шырағындай.
Мен саған мəңгілікке басымды ием,
Мəңгілік жас, мəңгілік жасыл кием.
Сен жатқан Ақсу, Қапал киелі жер,
Сен үшін сол араның тасын сүйем!
Тұлпарын асау жырдың тізгіндеген,
Күндерін көктем еткен күздің көбең.
Дауысың ғасырлардан ғасырға озып,
Жырларың жетті бізге сіздің берен!
225
МұхаМБЕТқали қазБаНБЕТОВ
КеСенедеГі құС ұЯСы
Хикаят
– Қайта ораламын, қалқам, – деді Әріп қонақасыдан
кейін қолына су құйып тұрған Сараға сыбырлай, –
аманшылық болса алтындай басыңа бостандық əперудің
амалын тауып келемін.
Қалыңдықтың өне бойы шым ете қалып, ақша жүзі
алаулап сала берді. Әлдене сұрауға оқталып еді, жан
дүниесін булықтырған тылсым күш үнін шығармады.
«Не деді? Бұған теңдікті кім бере қояды? Мына қаптаған
Қаптағай ма?!»
Жанарына жас тығылды. Көрер көз болса сан жылап
жүр, бұл жолғысы бөлек. «Қырықтың бірі – Қыдыр»
деген, кім біледі, Лепсі уезінің тілмашы да тегін жан емес
шығар. Өзінің осы елге қалай тап болғаны көз алдына
елестеп кетті...
Әкесі Тастанбек кедейліктен азапты көп көрген, тесік
өкпе, тілік табан боп жүріп Саратайының тілі шықпай
дүние салған екен. Шешесі Жаншөкенің күні ауқатты
абысындарының үй шаруасын тындырумен өтеді. Сара
да бұғанасы бекіместен тері илеп, жүн түтіп, тезек теріп,
бардам ағайындарының қазанын қайнатып, шешесіне
қолғанат болуға тырысты. Одан қала берсе кіші əкесі
Жайсаңбектің Сахари деген баласымен бірге қозы-лақ
бақты.
Сара саңлақ
226
Кіші əкесі қара күшке мығым еді. Құнан өгіздерді
иығына салып жүріп кететін. Қайратты адам қорлыққа
төзе ме, жастайынан малын бағып, азабынан ығыр болған
Тастемір ауылының Сарбас деген қожайынымен ұстасып
қалады. «Екі қолға – бір жұмыс» деп түсінген ол мал
бағуға бармайды. Қара лашығы əбден тозған Жаншөкеге
Абдыра бекетінен жеркепе соғуға кіріседі.
Абдыра бекеті – атақты Тұрысбек қажының «Жібек
жолы» үстіндегі сауда жасататын пайдалы орны. Ол жерде
тұратындар жəрмеңкенің қызығын көретін, сол үшін
де қажыға салық төлейтін. Сарбастың Арнай атты ұлы
болыс боп сайлана қалсын. Қажымен астыртын келісіп,
«Жайсаңбек Тұрысбек ауылының малын ұрлап сойды»
деген лақап таратты. Сот болды. Тасы өрге домалап
тұрғандар қылбұрауларын ширата келе, Жайсаңбекті
«Итжеккенге» айдатуға айналады. Немесе құн төлеп
құтылуға тиіс. Онда да ұрланған мал жиырма жеті есе
қайтарылуы керек. Бұт артар байталы жоқ жан не істерін
білмей састы. Қолды бір сермеп кетуге оқталған, жесір
жеңгесі, шиеттей балалы жары, жарлы-жақыбайлы жора-
достары ұлардай шулады. Ағайын ақылдаса келіп, əлі ел
көзіне түсе қоймаған уыздай Сараны қажыға «айыбының»
өтеуі ретінде берді.
Арнайдың əурелеуі мұнымен де бітпеді. Тұрысбек
қажыға Сараны малайы Жиенқұлға қосу жөнінде ұсыныс
жасады. Ақылға сыятын зымияндық мұнысы. Қырықтан
асқанша мыңқ етпей, отымен кіріп, күлімен шығып
жүрген малайына қажы əлі түйір ақы төлемеген. Соның
ретін көріп тұр. Оған Құдай алдында қарыздар екенін
Сара саңлақ
227
сезінетін қажы екеуін қосуға бата жасады. Кəдімгі жарық
дүние төңкеріліп кетсе де өзгермеуге тиіс ақ қойдың
қанымен жасалған ақ бата. Тағдыр тəлкегі Сараны
тордағы тотыдай шырылдатты, əр күні ертелі-кеш көз
жасын бұлатты. Зарын кімге төкпеді?!
Елімнің биі де бар Телібайдай,
Бергеннің біреуі сол мені байлай.
Бəрі де қажы ауылының қамын істеп,
Жабысады терідегі шелі майдай.
Елімде батыр да бар Мүсəпірдей,
Жүрген жоқ жағдайымды көрмей-білмей.
Алдында Тұрысбектің құрдай болып,
Жорғалайды жақсылардың бəрі бірдей.
Өлшеу жоқ қиялымның өрісіне.
Шыдаймын, шығармаймын көбісіне.
Айттырған күйеуіңіз, Арнай аға-ау,
Сыйғандай бір тоқтының терісіне.
Дүниеге неге туып, неге келдік,
Көретін болсақ ылғи қорлық-кемдік.
Жетімдік, жеткіліксіз шерлі өмірдің,
Дүниеде болған ба тек бəрі мендік, –
деп те таусылды.
Уақыт – төреші. Қанша шырқырағанмен өзі өнген
Кенже руынан тірі пенде өзіне ара түсе алмасын түсінді.
Енді міне, айналадағы Құдайы қонақ құс кеудесіне ұйыған
күйікті сылып, жалғыз ауыз сыбырымен жандүниесін
сиқырлап алғандай. Сана түпкірінде Әріпке деген үмітке
Сара саңлақ
228
аралас ыстық ілтипат, ықылас үн қатты: «Қыз-келіншек
көрсе қу тілденіп, қырғидай шүйілетін жігіттерге
ұқсамайды өзі. Ойы – ұшқыр, тілі – өткір». Қолына су
құюға тысқа шыққанда бірер шумақ өлеңмен əзілдей
сұрақ қойғаны бар, болашағыңа ризасың ба деп. Бұ да
қарап қалмады. Тұла бойын тұмшалаған қайғысын жауап
бере төге салған. Сонда ұзақ ойланып тұрды. Кейіннен
жиі келгіштеп кетті. Әр сөзінде – жанашырлық, көз тастап
қарасы бар сырын жүрек тереңінен суырып алардай.
Қалыңдыққа оңаша сəт қайда, қажы үйінің итіне, битіне
дейін зыр жүгіртеді. Әріп сол сəттерде ту сыртынан көз
айырмай, бірдеңе айтқысы кеп тұрғандай сезінетін.
Сара да өзін түсінетін, сыр бөлісетін жан іздейді. Бар
шаруаны тастап, мұң шағып шешілуге оқталады, сөйтеді
де ата-бабасы салып кеткен əдеп соқпағынан шыға алмай
қиналады. Әріп түгіл, атасы Тұрысбек қажыға да шерін
бетпе-бет айтуға аузын аштырмаған да осы қазақ қызына
тəн ибалық. Ол да керең емес, ел аузындағы қалыңдық
зарын естіп жүр ғой, бірақ өзін маса шағып кек алған
аюдай, сыр бермейді.
Әріп айтқандай ұзамай аттанып кетті.
Қыз көзінің қиығымен ұрлана шығарып салды. Арада
басқа сөз жоқ. Сараның көкейінде Жолшыбай ақынның
соңғы сыбыры күшейіп, күмбірлеп қалды. Сене ме, сенбей
ме, жұмбақ. Отыз екі тістен шыққан, Сараға сарқылмас
қуат құйған сөз. Ауылдың игі жақсылары отырыстарда
өзінен жиырма екі жас үлкен жігітті: «Көзі ашық, қазақ
жерін көп аралап, дауға түскен шешен, аузы дуалы
ақын, көргені, түйгені мол» деп айтатынын еститін. Әріп
Сара саңлақ
229
туралы арнайы біреуден сұрап білгісі кеп кетті. Кімнен
біледі, оны қайтесің десе не айтпақ? Арсалаң ше, əлде
анау «Сара, өлеңдеріңді жинап берсең, Қазан қаласынан
кітап шығартам» деп жүрген Кəрімов татарға бара ма?
Қыз жүрегі құпия ой шырмауына оратылған сайын
діріл қақты.
Ақынды ақын таниды, қадіріне жетеді. Шер тарқағанша
сырласа алатындар да солар. Сара Кенже руының Сұртай,
Мəмбет тармағынан шыққан Тыбыш деген аз ауылдың
айтыскер ақыны Арсалаңды жақын тұтатын. Кетерде
Әріптің Арсалаңмен ұзақ сөйлесіп, арасында өзі жүрген
жаққа қарағыштағанын да байқаған-ды.
Арсалаң кезінде Сараға ара түсіп, арашалап ала алмаса
да, дүйім елге қор болар қалыңдықтың тегін жаралмаған
жан екенін ұқтырған. Әріп көзден ғайып болғалы қашан,
қипалақтап осы жерден кете алмай жүр. Мойнына аманат
жүктеп алған жандай, оны кісісіне айтып кетпей жаны
жай таппайтындай. Әлденені жоғалтқан болып есік
алдындағы балдырды аяғының ұшымен түрте қарап,
Сараға жақындай берді.
– Аға, неге мазасыздандыңыз?
– Қарағым-ай, Әріп күйініп кетті, озбыр топқа кектеніп
кетті. Тыңдасаң көздеген мақсатын айтайын.
– Айтыңызшы...
– Сен, сенің бас бостандығың арманы. Күллі Жетісудың
қара халқы тілеген азаттығыңды ақылмен əперсем, сенің
қайғысыз нұр жүзіңді көрсем дейді. Ылайым солай
болғай!
Одан əрі кідіріп қалды.
Сара саңлақ
230
– Әріп кім? Қалжырағанға қол ұшын бере алатындай
қандай күшке сенеді.
Арсалаң əрнені айтуға үлгірмей қалатындай, əңгімесін
асыға-аптыға бастап, таныстыруды əріден қозғады.
– Осал жігіт емес. Тұрысбек қажы сияқты талай
шонжардың тауын шаққан ержүрек... Семей уезінің
Жарма болысына қарасты Жыланды ауылынан. Шешесі
Аяжан шешендігімен көзге түскен, оқ тілді кісі болатын,
Әріп момын, шаруа баққан əкесіне тартпай, осы шешесі
мінездес. Шын аты – Мұхамедғарып. Атауға ыңғайлы ма,
əлде оқуға зеректігінен бе құрбы-құрдастары алдымен –
Ғарып, кейіннен Әріп деп атаған.
– Заң оқуын тəмамдаған дей ме?
– Қазір жақсы хат танығанның бəрі заңға жүйрік.
Сол заң-зəкөнің бірақ бардамдарға ғана қызмет етеді.
Басыңнан өткен жоқ па? Заңға сеніп кеткен екен деме,
жүрегінің қалауына – достарына, солардың өзгенің
қолынан келмес кереметіне сенім артуға бел буды.
Арсалаң сұрақтан ауытқығанын енді аңғарды.
– Ия, оқуын білгің келіп еді ғой, алдымен ауыл
молдаларынан сауат ашқан. Баяғы бай-шонжарлардың
балалары ғана оқитын миссионерлік мектепті тəмамдаған.
Қызық. Құдай – əкем жақсылығын берейін десе оңай....
Патшалық ұлықтар болыстық басқарушыларға осы
мектепке бір бала жіберу жөнінде нұсқау береді. Соған
Әріп ауылының болысы Жарқынбай ұлын жіберуге
қимайды, басқа байлар да баламыз орысша оқыса
бұзылады деп қашқақтайды. Болыс Тəңірбергенге «сенің
балаларың көп қой, біреуін бер, бəріміз болып жалдап
Сара саңлақ
231
оқытайық» десін. Әкесі келіседі, сөйтіп Әріп білім
жолына түседі. Алты жылда мектепті аяқтап, ел арасында
мұғалімдік қызмет атқарады. Зеректігі сол, ана тілімен
қатар орыс, арап, парсы, қытай тілдерін де меңгереді.
– Қымыз пісіп отырып, Тұрысбек қажымен қытайдағы
сауда-саттық туралы пікірталастарын естігенмін.
– Қытайдың тірлігін жақсы біледі. Шəуешек қаласында
орыс патшалығының елшілігі үйінде екі жылдай тілмаш
болып істеген.
– Хат танитыны қандай ақыл, кітап жазатын шығар,
жазба ақын деседі.
– Кітабын анық білмедім, өлең, қиссалары баршылық.
Реті келгенде айтысып та кетеді. Қара өлеңнің атасы
Абайдан бастап, қасындағы Көкбай, Сəдір, Қауметтермен
айтысқан жүйрік. Әсіресе байларды көп мадақтайтын
Көкбаймен жиі қағысқан, жөушендіге сөз есесін
жібермейді. Жыр жорғасы Жамбыл, арқаның ақиығы
Біржан салмен дəмдес, пікірлестер...
Арсалаң соңғы есімдердің аузынан шығып қалғанын
байқамады. Бірдеңе сезіп қойды ма дегендей Сараға
бұрылып еді, қаперсіз, ынтыға тыңдап отыр.
– Біз жаққа жұмысы ауысқан ба?
– Солай деуге болады... Соңғы оншақты жылда
Верныйда, Пішпекте, енді міне Лепсі уезінде заң
орындарында, почта қызметінде жүр. Жұмыс бетімен
бізге соқпай өте алмайды, қазақтың шығысы мен батысын
жалғастыратын жалғыз жол біздің Қарауыз арқылы ғана
асады.
– Ағатай-ау, мұныңыз əйтеуір жабырқау көңілімді
жұбату болар?! Басқадан аяныш күтпеймін, менің
Сара саңлақ
232
бұғауымды үзу жалғыз жаратқанның ғана қолынан келеді.
Тек білсем – ол кісі неге мені құтқаруға құмар?
...Арсалаң қипақтай бастады.
– Жарайды, Сара. Көңіліңді қалдыруға қалай дəтім
шыдар! Түбі айтылар ақиқат қой. Досым кешірер. Екеуіңді
бірдей көрем. Тіпті бір-біріңе лайық туғансыңдар дер
ем. Тағдыр сендерді кеш жолықтырған сияқты. Әріптің
Жаңғақ есімді жары бар. Одан Исламшайық, Пайзырахман,
Бибіхадиша, Айғаншадай балалар сүйіп отыр. Арғысын
өздерің білесіңдер... Қазақта қос қатынды шолақетектер аз
емес. Әріптің өзіңде ойы бар. Тұрысбек қажыға батпайды,
Тəнеке байдың баласы Есімбек мырзаға ежелгі танысы
ретінде айттырмақ ниетін білдірген екен, «Қажының бата
берген адамы бар, мұның шариғатқа жатпайтын іс, менен
басқа еш жан естімесін» деп ат-тонын ала қашыпты.
Тауы шағылып, саған айтуға бата алмай суыт жөнелді.
Жандаусы ішіне сыймай қоштасқанын сездірмеді.
Одан əрі Сара өз ойының тізгінімен арпалыса берді...
Төбесіндегі түнере топтасқан қара бұлттар Қаратауды
қызартқанша күркілдеп, аузынан түп-түзу оттар опырыла
құлады. Мұз дулыға киінген шұбар шыңдардың шекесі
əп-сəтте суланып, беткейдегі жарғақ құлақ жапырақтар
да мөлдір моншақ тағына қалды. Көктегі жабайы үн ағаш
атаулыны қалтыратып, күн жанын қорғағандай түнекке
сіңіп жоғалды. Әншейінде еркелей ақ білегін жарқырата
көрсетіп жататын бұраң белдер түсі бұзылып, күреңітіпті.
Найзағайдың перзенті – əлдеқандай тылсым күш шегініп
кеп, қойтасты періп кеткенде қақ бөлді. Сəлден соң биік
жоталардан жорғалай сылдыраған су даусы ұлғайып,
Сара саңлақ
233
тұмсығымен бөгеттерді іреген селге айнала бастады. Оны
көрген етектегі емен, қарағай атаулының жүректерін діріл
биледі. Озбырлыққа дауа қане? Табиғаттың тіршілікке
игілік үшін жаратқан мөп-мөлдір бұлағын лай су төңкеріле
итеріп, ақыры жұтып тынды.
Бар алап көкті тыңдап күрсінеді.
Пейілі жолаушы үшін дархан жаратылған жол ғана
ағараңдайды. Жолдар, жолдар... Әріпті алға бастайсыңдар
ма, əлде ортадан асырмай тайдырасыңдар ма! Ағажан,
дəл қазір қандай халдесің, бейнет тілі кездесіп мына
сұрқия жауындай бетіңді жалап бара жатырсың ба?
Ертеңгі күніміз не болмақ, аға! Бала-шағаң нөсер шайған
терезеден телміре қарап, оралуыңды тосулы болар.
Ел-жұртың не дейді? «Жемісі үзілмеген үлбіреген
қыз алмай, бүкір құшқан қатын алыпты» десе, күншіл
көптің күлкісіне қалмаймыз ба? Сендей ақжүрек асылды
қорлықтың қанды аузына қалай қалдырамын? Бетін ары
қылсын де. Жо-жоқ, біз қайткенде де тату дос боп қалуға
тиістіміз. Байлам осы, ар алдындағы жүрек үні бұл.
Қалың сұрақ қаумалағанда қасындағы Арсалаңның
əлдеқашан тұрып кеткенін де аңғармапты. Белестерді орай
ұзарған жолдарға тағы да қарады, үмітпен, қимастықпен
көз тікті.
Күндер тізбегі жалғаса түсті. Жазғы жайлау қызығы
орталанып қалмай Әріптің қайтуын тіледі. Алдымен хат
келді. Таныс поштабайдан «тек өзінің қолына тапсыр»
деп беріп жіберіпті. Басына «Сараға» деп қойған.
Саусақтарынан сағыныш саулай конвертін ашып оқи
бастады. Ұзақ сілтеген, оқыған сайын сезім сиқыры тал
бойын толқыта баурағандай.
Сара саңлақ
Достарыңызбен бөлісу: |