253
əндерін жас тар жағы ауыздан-ауызға ала қашты. Тама-
шаға күліп атқан бірнеше таң куə, мақпал түндер асқақ
əуендер аясында мамырлады.
Сол күндері дүниеге келген жас нəрестелердің құла-
ғына молдалар: «Сенің атың – Біржан!» немесе «Сара»
деп азан шақырып айғайлап жатты.
Арнай тыншымады. Табақтас байларға кетерінде:
– Қазақтың əмеңгерлік жолын ұмытпаңдар. Сара
қаптағайдың қалыңдығы болғаны өтірік пе? Енді жесірі
боп қалды, тірі жесірі деп біліңдер. Демек, қай қолың
жеткеніңнің қолыңа қонатын құс. Қара басып, көлденең
көк атты қырғидың бірі іліп кетіп жүрмесін, – деген
сұмдықтың шетін шығарды. Бұл сөз əсіресе, қырықтың
қырқасынан жаңадан асқан қиқар Бейсен байдың
құлағына жылы тиді.
Құт болып қонып, қуандырып қайтқан Біржан сал
тобын Әріп, Сахари, Сара, Арсалаңдар қозы көш жерге
шығарып салды. Қимас сезім құшағында тұрған Сара салға
өзіне қажы сыйлаған күрең жорғаның тізгінін ұстатып
еді, алмады. Қайтарда Әріп пен Сара əріптестерінен
оқшаулана берді. Ендігі айтылар сөз екеуіне ғана қатысты
екенін ұққан басқалары бөлек кетті.
– Саражан, хатыма жауабыңды сарғая тосып жүрмін, –
деді Әріп атының тізгінін тежей.
Сара үнсіз қалды... Басына азаттық əперген айтыста
иығынан аз жүк түспеген. Кеудедегі шері төгіліп, бойы
жеңілдегенмен алаңдатқан ойдан толық босаған жоқ.
Байламын қасындағы жігітке қара сөзбен жеткізе алма-
сын сезді де, өлеңмен өрді:
Сара саңлақ
254
Толғанып терең ойға баттым, ағай,
Бір таңға көз іле алмай жаттым, ағай.
Жайдары жүрегіме от боп тиді,
Әр сөзі сіздің жазған хаттың, ағай.
Сөзім жоқ жалғыз ауыз қарсы қояр,
Әр жолы ем секілді дертті жояр.
Қорғаған бұтағыңмен бəйтерексің,
Қай жағынан болса да көңілім тояр.
Таба алмас қазақ қызы сіздей аға,
Етегін жел жаққа ұстап болған пана.
Ақ жүрек, адал ниет, асыл сөзді,
Тең тұтқан ғылым, білім, артық бағаң.
Артық деп айта алмаймын сізден басым,
Қыз алып қызығын көрер қамал жасың.
Сырымның бір түйінін түйіп салдым,
Шешсін деп өзі аңғарып, мəн-мағынасын, –
деді де, ілгері шаба жөнелді.
Әріп қуған жоқ. «Қыз: ал, бар сырымның түйіні осы
деді, ə? Жай сөз емес. Хат қыз қолына тигелі талай уақыт
өтті, он ойланып, жүз толғанып бір шешімге келгені
даусыз. Маған беймəлім сыр бар болғаны ғой, азаттық
алды, енді неге жалтақтайды?»
Бей-жай жігіттің алдынан поштабай досы шыға келді:
– Жыландыдағы бала-шағаңның қасына бармасаң
болмас, – деді ол амандық сұрасқаннан соң. – Әйелің
қатты науқастанып жатыр, балаларға бас-көз болу керек.
Арсалаң əлденеге алаңдағандай, кешіккен досының
жанына кері шауып келді. Бар жайды Әріп қысқаша
түсіндірді.
Сара саңлақ
255
– Ай шамасында бір шаруамен Верныйға барамын,
сонда соға кетемін. Сараға сəлем айт, сөзімді пісіре алмай
ар мандамын.
Ара жол осы тұста айрылған еді...
Лепсіге бұрылып, ат айырбастап мінген ақын ілгері
ұзады. Ауылын сағынып қалыпты. Балаларын бауырына
басып, маңдайларынан иіскеді. Әйелі төсек тартып қал-
ғалы екінші жетіге айналыпты. Жаңғақтың көңілін сұрай
бас сұққан бала күннен досы Балпық жолықты:
– Ертең ауылда болыс сайланады. Келгенің дұрыс
болды. Халық Көкежанды болыс сайлауға қарсы. Бізге бір
бастаушы керек болып тұр, өзің бастасаң қайтеді? Жөн
білесің, адамға аяушылықпен қараудан жұрдай байдың
енді төбемізге əңгір таяқ орнатқаны қалып еді. Сайланбай
жатып, алым-салықты екі есеге көбейтіп жіберді, тіпті
күнкөрісіміз қиындап кетті.
Көкежанның Әріпке де қыжылы бар-тын. Өзі туралы
былтырлар «Білгішсінген наданға», «Байлар туралы»,
«Көкежанға» деген өлеңдеріне ызаланған осы елдің ең
жуан байы кектеніп, қолына түсіре алмай жүрген.
Әріп дереу іске кірісті де, жерлестерін болашақта
болыс болғысы бар Көкежанға қарсы үгіттеді.
– Япыр-ай, мына қағаз кемірген қу кедейдің құ-
тырғанын-ай, – деді Көкежан дүйім елдің алдында нара-
зы лығын ашық айтпақ болған Әріпті нұсқап, – сазайын
тарт қызыңдар, иттің! Жауабын өзім беремін.
Байдың майлы табағын жалап үйреніп қалған ұрда-жық,
қолшоқпар жігіттері төбеттей өре түрегелді. Олар шалт
қимылдап, сөйлеп тұрған Әріптің мойнына қыл шылбыр
Сара саңлақ
256
тастап та үлгерді. Қас қағымда ат құйрығына байлануға
шақ қалған ақынға араша түсуге əрекеттенген Балпық
ұста оқша атылды. Шылбырға сүйретіле жармасып, өткір
кездігімен қиып жіберді:
– Мыналар қайтеді?
Әлдекім жанашырлықпен айғай салды.
Қайтадан ұшып түрегелген Балпық ентелей ұмтылған
бай жігіттерінің екеуін ат үстінен жұлып түсірді. Сатыр-
сұтыр қамшы жауды. Жотаға жиналған қарапайым халық
абыржып, кейбіреулері бассауғалап, бет-бетімен қашты.
– Жүрген жері лаң неме, қолыма түстің бе? – деп
Көкежан Әріпке тура шапты. Жүректі жігіттер ығар емес,
екі көзі қанталаған Балпық палуан денесімен байға қарсы
тұрды.
Қара күш иесінен қаймыққан бай жындана айғай
салды:
– Урядниктер қайда? Мыналарды атыңдар!
– Өй, қайдасыңдар, өңшең ашық ауыздар... Қап!
Мылтық тарс-тұрс етті. Абырой болғанда, оқ ешкімге
тимеген сияқты. Сонда ғана Балпық тобы кері ығыса
бастады. Жаңағы ату – ескерткені, ендігі жолғысы ажал
боп тимесіне кім кепіл?! Көзсіз ерліктің жері емес бұл.
– Әріпті жеке шығарыңдар, – дейді қып-қызыл түрінен
адам шошырлық Көкежан өңешін жырта.
Шегінген топ шеткі шоланға жетіп қалыпты, біреу
ішке қарай білегінен тартып əкетті. Қараса – Қажи деген
кейуана, өзі ауыл адамдарының арасында беделді еді.
– Бері жүр, мында жасырын. Бекерге жазым боп ке-
тесің, шырағым! – деп ұраға түсірді де, бетін сабанмен
жауып тастады.
Сара саңлақ
257
Түс ауа Қажи Көкежанның талап етуімен жиналған
ақсақалдармен ақылдасуға кетті.
Жесірдің үйін паналатқан тағдырына күйінді. «Бұдан
да өлгенім жақсы ма еді? Балпық не жағдайда?» деп
ойлады. Біреудің ошағының қасында қашанғы отырады,
шолан иесін күтпестен ымырт үйіріле үйіне беттеді.
Үйілген шөптің тасасынан қарап еді, Балпық түк
болмағандай малын қоралап жүр. Оның жақындағанда
ашасына сүйеніп тұрып айтқаны:
– Көкежан əкетсе, алдымен мені қаматар. Басқа түс-
кенін көре жатармыз, алаңдамай үйіңе қайта бер. Сыр-
тыңнан өзім бастаған жігіттер қарауылдап жүреміз. Жаңа
ақсақалдар кеңесінен келген əкемнің сөзінен ұққаным,
Көкежан: «Сайлаусыз да болыс боламын, Әріпке айып
төлетемін жəне де түрмеде шірітемін» деп аттаныпты.
Арада бір жеті тыныштықпен өтті.
Сəске түс. Сау еткен солдаттар Әріптің қолын байлап,
Семейге айдады. Қолдарында құлаштай айып қағаздары
бар. Үстінен жалған арыз жазған Көкеженның əрекеті
басталды. Балпық та қарап жатпады, Губерниялық атқару
комитетінің сол кездегі төрағасы Әбілқайыр Досовтың
Әріппен жолдас екенін білетін ол уақыт оздырмай,
Верныйға шапты. Сықырлауық арбаға жол өнген бе,
күнделікті ілбу. Жетісудан хабар-ошарсыз ұзап барады.
Аяғы сараң бастырып, салдырағанда Сараның бейнесін
көз алдына елестетсе, кəдімгідей есін жиып алады. Алғаш
барғанда естіген домбыраның сазымен əдемі үйлесетін
əсем дауысы құлақ құрышын қандыра жаңғырығып
елестейді. Жиегін маржандаған ақ жібек жаулығы, кең
Сара саңлақ
258
маңдайлы төбесін қақ жара өрген ұзын бұрымы Әріптің
шаң басқан бетін сипап өткендей... Айдын көлдің
еркесінде мамырлаған отырысы қандай?! Домбырасының
басын үкілеп, шанағына кішкентай айна орнатқан.
Қаламсаптың ұшындай сүйрік саусақтары пернелерді
көз ілестірмей қуалай жөнелгенде, еріксіз сүйсіндіреді.
Шынайы талант қой, Сара! Өз басы орта жастан асқанша
одан асқан айтыскер ақын көрмепті. Бейнеттен құтылып,
тойқұмар қауымның қалаулысына айналып, думанды
жаңа өмір бастаған шығар. Әріптің күншілдердің ке-
сі ріне ұшырағанын білмейді-ау, шіркін! О, жаратқан,
енді көрісер күннің сəтін қашан келтірер екенсің? Түбі
қайырлы болсын де...
Жолда Аякөзге қонғанда поштабайды жолықтырды.
Оны көргенде бүкіл жетісулықтармен жүздескендей
қуанған, бірақ онысы ұзаққа бармады.
– Сара жіңішке ауруға ұшырапты, – деді ол қын-
жылып, – соңғы кезде өңі солыңқы, жүдеу. Сол Есімбектің
ауылында тұрып жатыр.
Аракідік арбадан түсіп, жаяу басып ыңылдайтын Әріп
келесі күндері жолға шыққанда арбада сұлық жатты.
Көрген бейнеті аздай, Алланың аурудың да айықпасын
қосқанын қарашы! Ту-у алыстан Сара:
Мен риза, риза шығар жұрт та маған,
Сезе ме тұщы-ащыны ұрттамаған.
Ақ жүзім күзгі гүлдей солғын тартты,
Күн қаққан шүберектей жұртта қалған, –
Сара саңлақ
259
деп тұрғандай. Ең соңында: «Риза бол, Әріп аға, риза бол»
дейтіндей.
Тергеу талай титықтатты. Айтарлары: «Бүлікшісің.
Сайлауды өткізбейтіндей кімсің? Патша ағзамға қарсы
өлең жазасың» сияқты сөздер. Тіпті ешкімді қа тыс тыр-
майтын, сөйлестірмейтін халге жеткізді. Вер ныйға кеткен
Әбілқайыр келген соң ғана көзі ашылды. Соның тікелей
араласуымен ғана мəселе əділ шешіліп, Әріп бұғаудан
біржолата босатылды. Қолына: «Әріп Тəңірбергенұлының
ісі жабылсын. Іс қайта қарауға жат пайды» деген құдіретті
қағаз тиісімен Жыландыға тартты.
Қудалауда жүргенде қыс өтті.
Ажал ақылдасып келмейді. Жаңғақ мəңгілікке көз
жұмыпты. Жерлеу, Құдайы тамағын беру, тағы басқа
рəсімдерін Балпық атқарған екен. Көкежан оны да көп
азаптаған. Желтоқсанның ортасында өзін таяққа жық-
тырып, қолдағы малын тігерге тұяқ қалдырмай айдатып
əкеткен. Үйелменін асырап отырған қара сиыр мен
жеті ешкісін алғанымен қоймай, шаңырағын орыс сол-
даттарына өртетіпті. Далада қалған шиеттей ба ламен қа-
қаған аязда қайда барсын, Әріптің тірі жетім бала ларына
қарайлай мұның үйіне кірген. Дүлейлер билеген дү-
ниеден түршіге күдер үзгені ме, ұнжырғасы түсіп, сараң
сөйлейтін болыпты. Кəсібі – аңшылық. Таң бозынан қыр
жағалап, балаларға сорпа-сулық қырғауыл, қоян атып
əкеледі. Түлкі, бұлғын терілерін базарға апарып сатып,
қант-шайын айырады.
Қайыспас қара нарды да тұралатқан зар заманға не
дерсің?!
Сара саңлақ
260
Әріп те күйкі тірлікке жегілді. Шайқалған шаруаларын
жөндемеске болмайды. Жетісуға жол тартпақ ниеті бар-
тұғын, қоя тұрғанды жөн санады. Балпықтың қолды
болған малдарын қайтартып бермесе – несі дос? Оспа-
дарды тəртіпке келтірмесе, оқығанынан не пайда?
Адамға – адамнан мал жақын болған соң, не сорым! Ша-
риғатта айтылатын ақырзаманның төрт белгісінің бірі
бұл. Қара халық қайда барып күн көруге тиіс. Туған жерде
тұрудан артық бақыт болмас. Тұрайын десе, көресісі –
үстем таптың тепкісі. Құдайдың жаратқан пендесі, неге
тең өмір сүрмеуі керек. Осы жайлардың басын шешіп алу
үшін тағы Семейге тартты. Әбілқайырдың алдына екінші
рет иіліп бару да оңайға соқпады, шайлыққан көңілі отқа
қарылғандай. Өзіне жарайды, таныс болғасын көмектесті.
Ал, Балпыққа не дер екен? Досының табалдырығына да
осындай əділетсіздікпен барғызған өмір өмір ме...
Барғанын қайтсін, бұл сапар өзі алдын ала ойлағандай
сəтсіз аяқталды. Сеніп барған ұлық досынан: «Осы
тойғаныңмен қайт» дегенді естіді.
Мұны естіген Балпық назаланғаны сонша, күдерін
əбден тауысқан, қоғамға көжектей де пайдасы жоқ, есірген
Арнайды атып тастады да, «Итжеккенге» айдалды.
Екі үйелменнің балалары бірі – əкесіз, екіншісі шешесіз
қала берді...
Көршілерінің аузындағы гу-гу əңгімеден естігені –
Балпық Әріп үшін жастығын ала жатыпты. Оқиға
былай: Абдыра бекетінің азулы болысы Арнай қияндағы
қанқұйлы Көкежан досына үшбу хат жолдайды. Онда:
«Аса ардақты Көкежан замандасым! Кемедегінің жаны бір
Сара саңлақ
261
деген. Халық бұзылып бара жатқаны қинап тұр. Шеніміз
бір, анау шектен шыққан Әріп дегеніңді тый. Біржан
салдың бүлікшілеріне қосылып, азаматымыз Жиенқұлды
əйелінен ажырастырып кетті. Сондағы салдың он бір
серігінің бірде-бірі Сарадан дəмеленбей-ақ қойсын. Қа-
лыңдық ерден кетсе де, елден кетпейді. Әріптесіңнің
қадіріне жетеді деп хат жібердім. Жауап күтемін. Арнай
болыс» деп жазылған. Қолына көктен тілеген құжаттай
хат түскен Көкежан қуанып кетеді. Іздеп келсе, Әріптің
қайда екенін ешкім айтпайды. «Қайда тықтыңдар,
көрсетіңдер!» – деп Балпықтың əйелі Заузаны сабайды.
Аңға шыққан отағасын артынан қуып жетіп ақырады:
– Антұрған, Әріп қайда?
– Сонша əкіреңдеп, қаныңа қараятындай тағы не
істеді?!
– Онда шаруаң болмасын, айт қане...
Балпық анығына жеткенше болыстың қитығына
тимейін деп, шыдап бақты.
– Қылмысын айтсаң, өзім ұстап берем. Әйтпесе, аулақ
жүріңдер!
Болыс сенерін де, сенбесін де білмеді. Іштей: «Е, екеуі
бір үйде тұрады. Мұның да əйелін бұзған болар, ұстаса
ұстап берер» деп үміттенді.
– Менің Ақсудағы жан досымның інісінің əйелін бүл-
діріпті. Ата салт алдында жауапқа тартамын.
– Тартар жазасы не, сонда?
– Жиенқұлға əйелінің орнына малдай айыппұл төлейді.
– Таба алмаса ше?
– Таспен ұрып өлтіріледі.
Сара саңлақ
262
Көкежан Әріпті тығырыққа тірердей бұлтартпас амал
тапқанына қуана, шалқалай ұзақ күлді.
– Ха-ха, ха-Һ-ха...Әйтпесе, анау кішкене қызын берсін.
Басқа кімді береді, əйелі де өліп қалды.
Балпықтың бойы тітіркеніп, түршігіп кетті.
– Аруаққа тіл тигізбе болыс, топырағы да кепкен жоқ.
– Әй, жетесіз! Ендеше өз əйеліңді бер, ақыр екеуіңнің
қатының ортақ деседі ғой...
– Тарт тіліңді!
– Тартпасам ше, мə саған!
Атын тебіне дойыр қамшысын білеген болыстың сол
қолымен Балпықтың мылтығы қатар көтерілді... Даланы
жаңғырта «гүрс» еткен дауыстан соң, солақай сотқар
ерден төмен сырғып бара жатты.
Одан арғы əңгіме белгілі.
Әріп Арнай болыстың Біржан сал мен ақын Сара
айтысынан кейін өздеріне зіл сақтап қалғанын, ыңғайы
келсе оңдырмасын ұқты. Маңдайға жазғаны болар.
Сараның халін барып білгісі келеді. Ұшарға қанат жоқ.
Бірінің артынан бірі туындаған тіршілік тауқыметтері
қол-аяғын шырмап бақты.
Мамыражай мамырдың екінші ширегінде ғана
Есімбектің жайлауы Қарашоқыға тартты. Жүрдек жирен
жорғасымен араға он қонып жетті. Төл алып, егінін сеуіп
болған ел «Қымызмұрындық» жасап, мерекелеп жатыр.
– Сара қайда?
– Ақын қызымыз көрінбейді ғой!
– Қызықтан неге қалатын болды?
– Бəлі, білмейсіңдер ме? Ол науқастанып қалған, Шə-
липан бəйбіше қасында қарап отыр.
Сара саңлақ
263
Жастардың сөзін Әріпті байқаған Арсалаң бөлді:
– Бармысың, бауырым! Ат-көлігің аман ба? – деді ол
құшағын айқара ашып, – ат ізін салмай кеткеніңе жол
болсын.
Әріп те досын сағынып қалыпты, төс қағыстырды.
– Жағдай солай болды, өздерің амансыңдар ма,
əйтеуір...
Әріптің Сараны сұрап тұрғанын сезген Арсалаң құ-
шағын ажыратпаған қалпы шетке алып шықты.
– Жүр, жолықтырайын. Бірақ, сəтсіз шақта келдің. Са-
раның ыстығы қатты көтеріліп, кей түндері сандырақтап
шығады. Жасамаған ем-дом қалмады.
– Бəсе, неге көрінбейді десем.
Аузына басқа сөз түспеді. Жүрегі сыздап қоя берді.
– Иə, жиі саулығын сұраймын. Оңашада сенен хабар
білгісі келеді. Не айтам, келіп қалар деп үміттендірем.
– Біржандарды шығарып салғанда маған: «Қыз ал» деп
еді. Ендігі менімен сөйлеспес десем...
– Әй, о не дегенің? Көресің, əлі іздейді. Әттең, бүгін
сөйлесуге шамасы келмес.
– Бұл қалай болғаны, азаттық алғаннан соң, өткен
өмірдің сызды табынан арылып, құлпырып шыға келуі
керек еді ғой!
– Қайдан...
Арсалаң сөзінің соңын жұтып қойды.
– Бөгелмей түсіндірсеңші, үйіне бар жайды біліп
кірейін.
– Байғұс қыздың есін шығарып жүр. Әмеңгерлерін
айтам. «Азат Сара» атанғанымен, қазақшылықтың құрығы
Сара саңлақ
264
ұзын емес пе, сонау қырғыз елінен бері аты жеткендер
құда түсіп шаршатты.
– Кімдер олар?
– Ана жылғы айтыстан кейін Сараның аты алысқа кетті
емес пе. Алдымен ауылдағылар əлектенді. Осы өңірдегі
əмеңгерлік жолы жақын Бейсетбай құтырды. Қажыға
батасын сұрай барған екен, «қарағым, не айтып тұрсың?
Шариғатта екі рет атастыру жоқ» деп діңкесін тақа
құртыпты. Қаны жақын рулас атақты батыр Тəнекенің
үлкен ұлы көкейіндегісін Есімбекке білдірген екен,
«Тұрысбек қажыдан асып билік жасай алмаймын» депті.
Амалы қалмаған Бейсетбай Сараның өзіне сөз салыпты.
Ұзатайын деп отырған Дəмелі деген үлкен қызының бар
асыл тағылған қамзолын сыйға тартпақ болған. Сара
қабылдамады. Қырғыздың исі түркі жұртына белгілі
манабы Шəбден де қазақ– қырғыз бірге туысқан, мен
де əмеңгер болам. Сараны маған берсін деп кісі салып
жатыр. Шəбден мен Бейсетбайдан байлығы аспайтын өзге
əмеңгерлері екеуінің қайсысы жеңер деген оймен көз тігіп
қояды. Солай досым! Сенің отбасың барын айтқамын,
өздерің шешетін шаруа ғой. Тек өтінерім – өзі ауырып
жатқан жанның көңілін суытпа, ол сені құтқарушы
піріндей сыйлайды.
Қыз күнінен сырласы болған Арсалаң Әріпке бар
əңгімені ақтарып салды. Ақ отаудың жанына келіп қалған
Әріп өзінің жарынан айрылғанын айтып үлгермеді.
– Ассалаумағалəйкум, Есаға! Мал-жаның аман ба?
– Шүкір, Әріппісің...
Төрдегі Есімбектен бұрын төсектегі Сара басын кө-
терді.
Сара саңлақ
265
– Армысыз, аға!
– Қалың қалай, Саражан?
Сара жəудірей қарады. Жанары бір орында қатып
қалғандай. Жасқа булыққан қарашығы: «Аға, аман келдің
бе? Қасыма таяу отырыңызшы, айтарым көп» дегенді
ұқтырады. Сəл тыныштықты Есімбек қажы бұзды:
– Иə, жөніңді айта отыр. Қайдан келесің?
– Ана жылы Арсалаңға берген уəдем бар болатын,
Біржан
– Сара айтысын қағазға түсірем деген. Керемет сөз
сайысын кітапқа бассам. Қазандағы Кəрімов əти келіссе,
ойым іске асайын деп тұр. Қазаққа үлкен рухани қазына
қалдырар ек. Қазанның баспаханасына жол тартпай
тұрып, сіздерге сəлемдесейін деп бұрылдым.
Кітап деуі мұң екен Сараның құралай көзі жарқ етті.
Оны сезген Есімбек сөздерін бөлмеді.
Әріп қалтасынан бір бума қағазын суырып, айтысты
қоңыр даусымен оқи жөнелді. Бірталай уақыт өткенде
Шəлипан:
– Отағасы, ас дайын. Айтысты сонан соң жалғас-
тырсаңыздар қайтеді, – деп қалды да, Сараға қарасымен
аузын баса қойды. Ақын қыз қызыға тыңдап жатыр. Тіпті
оның талайдан бері бұлайша жадырағанын көрмеген үй-
іші риза кейіпте еді.
– Тоқтай тұр. Мен тыңдап болған соң, «Қымыз мұ-
рындыққа» барамын. Өздері асықпай ауқаттанар, – деген
Есімбек екінші жамбасына қарай жантайды.
Бұл үй Сараның жеке жатын орны. Есімбек те хал
сұрауға келген. Әрі Шəбденнің əңгімесіне нүкте қоюды
ой лаған. Губерниядағы дəулердің бəрі соның ырқына
Сара саңлақ
266
жы ғы лып, мазалап бітті. Әріп бөгет боп қалды, əйтпесе:
«Ауыр дым деп жата бермей, тұрмыс құруды ойла» дегісі
бар еді.
Айтыс бастан-аяқ оқылды.
– Па, шіркін! Қолмен қойғандай, – деді Арсалаң ең
бі рінші үн қосып, – мен де тұтастай жаттап алғанмын.
Тойларда жұрттың сұрауымен қайталап айтып жүрміз.
«Жақсы сөз – жарым ырыс», Сара кəдімгідей көтеріліп
қалды.
– Бəрекелді! Кітапқа қаржы керек болса, айтарсың,
көмектесемін, – деді де Есімбек тұрып кетті.
Ас ішілді, Арсалаң қонақтың атын түнге жайлауды,
Шəлипан қонаққа кешкі асты сылтауратып тысқа беттеді.
Іштен домбыраға қосылған Сараның баяу ырғақты
даусы талмаусырап естіледі:
Жайнаған жан-жағымның бəрі де өмір,
Кенелген жаз нұрына бүкіл өңір.
Өбісіп мал да, құс та, шөп те, гүл де,
Жадырасып жас жарлардай жарқын көңіл.
Қажы ауылы сол жайлауда көшіп-қонып,
Әркім мəз, аяқ-қолын еркін созып.
Қызынған қымыз ішіп бай-манаптар,
Қыдырып қыз іздейді қырсық қозып.
Қызды да, алдыменен мал іздейді,
Қалың мал бере алатын хал іздейді.
Сондықтан бозбалалар былай тұрып,
Малы көп, байып алған шал іздейді.
«Басың бос» дейді халқым Ақын Сара,
Сара саңлақ
267
Азаттық алған жылап кеше ғана.
Көптеген қызқұмарға болдым душар,
Сара деп ынтығатын жүрек жара.
Әурелеп қалмаған жоқ құрық созып,
Бəсеке, бақталастық, намыс қозып.
Басымды шатыстырды шал-шақпыт та,
Бірінен аламыз деп бірі озып.
«Құтылмас көптен қоян» деген мақал,
Қаласың сөзге майда, бірі қатал.
Сөзі өтпей өкінішті боп жүргендер,
Дейді екен «Бай таңдаған бедеу байтал».
Қылжақ сөз тұс-тұсымнан мазамды алып,
Әмеңгер əлегіне басым қалып.
Азаттық алдым деген сорлы басым,
Күңіренем тағдырыма күнде налып.
Бір бастаса ұзаққа сілтейтін табаны қызған тұлпарды
Әріп тежеуді ұйғарды. Тыңдаудан жалықпас еді, өзі əлсіз
қызды шаршатып алудан сақтанды. Бауырына қыса,
маңдайынан иіскеді.
– Малдылар мастанып, қолында билігі барлар құтырған
заман ғой бүгінде, – деді ызалана. Өзінің басынан кеш-
кенін естірткісі келмеді, – бұларды енді айтысып та,
тартысып та жеңе алмаймыз. Бір амалы кітап шығару,
сол арқылы қазақтың көзін ашпасақ əйел теңдігі дегеннің
не екенін, көз жасын түсінбейді. Оған біраз уақыт керек.
Мені тос, жаным. Есімбектен батып ешкім байлап, матап
əкете қоймас. Алды– мен əбден сауығуды ойлағайсың.
– Жан аға, қамқорлығыңызға үлкен рахмет! Алғысымды
тіпті қалай білдірерімді білмеймін. Кітап шығарсаңыз
Сара саңлақ
Достарыңызбен бөлісу: |