363
аяғына дейін талассыз түрде айтылып келді. Ж.Жабаев
(ҚРҒА ОҒКҚ, 402-папка, 1-дəптер), І.Жансүгіров (Құ-
нанбайұлы А. Толық жинақ. Қызылорда, 1933), Әрхам
Ысқақов (Екпінді, 1940. 12 желтоқсан), М.Әуезов (Абай
өмірбаянының алғашқы нұсқасында), Қ.Мұхаметханұлы
(Абайдың ақын шə кірттері. Алматы, 1995), Т.Қасенұлы
(Социалистік Қазақстан. 1936. 11 қыркүйек), Турағұл
Құнанбаев (Әкем Абай туралы. Алматы, 1993),
А.Белослюдов (О киргизской поэзии // Сибирский студент.
1915. №3,4) т.б. Ал, «Біржан – Сара айтысы болған, ол ауыз
əдебиетінің үлгісі» деген пікір 30-жылдардың аяғынан
бастау алды. Көш басшысы С.Мұқановтың «Айтыс жəне
ақын» (Әдебиет майданы. 1939. №1) мақаласы.
– Айтыстың көркем шығармаға тəн белгілерін атасақ,
біріншіден айтыс бас-аяғы жинақы оқиғасы бар белгілі
сюжетке құрылған, екіншіден, жері шалғай екі өңір
ақындарының сөз саптауы, өлең құрулары, бүгінгі тілмен
айтқанда стилі бір. Осындай көркемдігі мінсіз айтыс
құру үшін үлкен айтыс ақыны болуы шарт. Ал Біржан,
ең алдымен, айтыс ақыны емес, Сараның да бізге жеткен
айтыстары мұндай көркемдік биіктен көрінбейді.
– Айтыста өзін Арғынмын деген Біржан Арғын емес,
Керей руынан. Сара да айтыста аталғандай Қаптағай
руынан емес. Сара Матайдағы Кенже деген елдің Тас-
темір деген аз ғана руынан шыққан. Өз руының атынан
сөйлемеу айтысқа, жалпы ақындар табиғатына жат нəрсе.
Қалай десек те, Біржанды – Арғын, Сараны – Қаптағай
етіп отырған Әріп. Айтыс Арғын мен Найман, оның
ішінде Матай ақындарының арасында болды деген күнде
Сара саңлақ
364
де, екі ақынның ру жағын сөз еткенде Тобықты мен
Сыбанға ауып кетуі тағы да Әріптің көркем туындының
тартысына ыңғайлаған əдісі.
– Айтыстағы Абай мен Құнанбайға қатысты сөздер
тағы да Әріпке қатысты. Әріптің «Зияда-Шаһмұрат»
қиссасының Абай тарапынан сыналуы, Әріп оны кек
көріп (бұл арада өнер адамдарының арасындағы шəкірттің
ұстазға деген арты жоқ ашуы деп ұққан жөн) айтысқа
Абайды жамандаған сөздер қосады. Бұл туралы Турағұл
Абайұлының естелігінде де айтылған. Қуанышбай
ақынмен айтысында да Әріп бұл құбылысты мойнына ала
жауап қайырған.
Демек, бұл туынды екі ақынның өлең-сөздерін
пайдалана отырып, оған өз жанынан оқиға құрап, көп
өлең қосып, бас-аяғы бүтін сюжетті поэма жазған Әріптің
үлесіндегі дүние де, Біржан мен Сара қосалқы автор болып
саналмағы шындыққа жақын келеді. Бұл арада шығармаға
арқау болған Біржан мен Сараның образды сөз саптаулары
көркем туындының қуатын арттырып отыр. Былайша
айтқанда үш автордың бірлігінен шыққан «Біржан – Сара
айтысы» қазақ əдебиетінің ілкі туындылары қатарынан
орын алды. Сөз соңында тағы да айтарымыз, бұл пікірлер
жаздым болды, кестім үзілді деген үкім емес. Ғасырға
созылған айтыстың нүктесін біз қоймаспыз, сірə, біздің
тараптан айтылған ой айтыс ақиқатын анықтай түсуге
септігін тигізеді деген сенімдеміз.
365
жЕМіСБЕк ТОлЫМБЕкОВ
ақын Сара жӨніндеГі ақИқаТ
Ақын Сараның туғанына 2013 жылы 160 жыл толады,
135 жыл емес. Өйткені оның өмір сүрген жылдар
тізбесінде қателік жіберілген. Оқасы жоққа баланбай,
шындық орнағаны жөн. Сарамен айтысында Біржан
сал өзін «арғынның Алтай, Қарпық ақтанкерімін» деп
таныстырған. Біржанның руы арғын емес. Керей-Ақсары,
оның ішінде Көшек. Біржанның моласы «Степняк»
алтын заводының «Лермов» деген шахтасының қасында.
Аға йындары бұрынғы Көкшетау облысы, Еңбекшілер
ауданында тұрады. «Баласы Қожағұлдың атым Біржан»
дейді. Қожағұл оның атасы. Өз əкесі Тұрлыбай. Өмірден
өтер алдында Теміртас, Асыл, Ақық деген балаларына
бірнеше өлеңдер шығарған. Бір өлеңінде: «Елу беске
келгенде көрген қалқам» деп Теміртасты айтады. Біржан
1891 жылы (1887, не 1897 жыл емес,) 58 жасында
дүние салған. 1833 жылы туған. Сонда «Біржан мен
Сара» айтысы 1895 жылы өтті деген расқа келмейді.
Сарамен айтысында Біржан «мың жарым жылқы біткен
Қожағұлға» дейді. Шын мəнінде ол кедей болған. Мал,
мүлік жинамаған. Оны өзі жасырмаған. Жолаушылап
қараша үйге енген Біржанға бір кедей қызы қатықсыз қара
көже берсе, Біржан ернін ғана тигізіп, ішпей қайтарады.
Сонда кедей қыз:
Сара саңлақ
366
Байлардың жейтін асы жая мен жал,
Шығады нақ кедейден осындай сал.
Қыс аяғы, шаруа күйзеу болды,
Көжеге кекіреймей аузыңды сал, –
дегенінде, Біржан:
Атандық салдықпен Біржан сері,
Серінің күнде думан жүрген жері.
Қарындасым, серіге сөзің өтті,
Көжені басып-басып ап кел бері», –
деп жауап берген. Біржан өмірден өтер шағында:
«Дүние өтеріңді біліп едім,
Білдірмей кедейлікте жүріп едім.
Бұл күнде бір тоқтыдан құным төмен,
Үш жүзге атым шыққан Біржан едім», –
дегенді де айтып кеткен.
Біржан өмірден өтер алдында үш жыл сырқаттанғаны
мəлім. Орынсыз əн салып, отырған жерінің мазасын ала
берген соң, жаратпастары «жындыға» балап, қол-аяғын
байлатып тастаған. Біржанның ақындығынан əншілігі
басым. Өзі композитор, дауысы «орган» іспетті зор болып,
қазақ əні тарихында жаңа жол ашқанның бірі болған.
«Сара мен Біржан» айтысын сыбан Әріп Тəңірбергенов
шығарды деген дəріп бар. Әріп 1924 жылы 62 жасында
өмірден өткен. 1862 жылы туған. Біржан Сараны ізде ге-
нінде қасына бес-алты жігіт ерткен. Соның бірі Бір жан-
ның ағасы Нұржанның ұлы Ахметжан атқосшы болыпты.
Сара саңлақ
367
Ахметжан: «Сараны көрдім, Біржанның Сарамен ай-
тысқаны рас», – деп растаған. Тұранұлы Ысмайыл деген
кісі: «Біржан Сараның даңқын Қоянды жəрмеңкесінен
естіп біліп, топ нөкер Ахметжан, Атығай, Тоқабай, Бар-
шын, Әмірхан дегендерді ертіп, Жетісуға барған. Біржан:
«Ондай ақын қызды өмірімде көрмедім. Басы байлаулы
болған соң тосыла берді. Шаңын көрсетпес саңлақ еді.
Кеудеге, есерлікке басып жеңдім» деп, жиі есіне алды.
Сараға тең түсер адам жоқ деп, əлде неше рет айтқанын
жақсы білемін», – деп Қасым Аманжолов пен Есмағанбет
Ысмайыловқа 1939 жылы айтып беріпті.
Біржанның қасына ерген алты жолсерігіне арнаған
«Алтыбасар» өлеңі Бісмілда Балаубековтың «Ән сапары»
кітабында берілген.
«Біржан мен Сара» айтысы алғаш цензураға 1897 жылы
29 желтоқсанда Петербург қаласынан рұқсат берілген.
Айтыс баспадан екі мəрте шыққан. Біріншісін халық
əдебиетін жинаушы Жүсіпбек қожа Шайыхисламов бас-
тырған. Жүсіпбек қожаның əкесі Шайхыслам Айтқожаұлы
1843 жылы Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданының
Шіркейлі деген жерінде туған. 1871 жылы Жетісу
өңіріне келген сапарында, ол ақын Сарадан «Біржан мен
Сара» айтысының қолжазбасын сұрап алады. Ол туралы
«Төребай мен Сара» айтысында Төребай ақын:
«Шайхыслам Жетісуды аралады,
Байлар мен би, болысты жағалады.
Қалдырған Біржан саған қолтаңбаны,
Өзіңнен қалап алып, кете барды», –
Сара саңлақ
368
деп жеткізеді. «Біржан мен Сара» айтыс мəтінін Жүсіпбек
қожаның əкесі Сараның өзінен сұрап алғаннан кейін 26
жылдан соң, Жүсіпбек қожа Шайхысламұлы «өзім Сарадан
жазып алдым» деп 1898 жылы ағайынды Мұхамеджан мен
Шəріпжан Кəримовтың Қазан қаласындағы жекеменшік
баспаханасынан шығарады. Ол туралы тағы Төребай
ақын:
«Арада жиырма алты жыл уақыт өтті,
Кітап боп шығатұғын мезгіл жетті.
Баласы Шайхысламның Жүсіпбек қу,
Қазанда сол қиссаны жария етті», –
дейді.
Айта кетерлік жəйіт, бəз біреулер осы айтыс мəтінінің
алғашқы бетіндегі: «Мұны айтқан əлқисса Жүсіпбек
қожаға Сара қыздың Біржанмен айтысқанын қыздың өз
аузынан осылай деп, бастан аяқ баян қылғаны ай тыс-
тың келер жылында», – деген сөздерге сүйеніп, авторы
Жүсіпбек қожа дейді. Ал баспадан 1898, 1900 жыл-
дары шыққан айтыс мəтінінде мұндай сөздер мүлде
жоқ. Жүсіпбек қожа ақын Сараны алғаш 1890 жылы
ғана көрген. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін Сəкен
Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Санжар
Аспандияров, Темірбек Жүргенов секілді көрегендер:
ертеде өткен ақын, жазушылардың қисса, дастан, жыр,
айтыстарын «өзім шығардым» деп, Қазан, Ташкент
қалаларында кітап етіп, бастырып шығартқан Жүсіпбек
қожа Шайхысламұлы автор емес, ел аузындағы деректерді
Сара саңлақ
369
біреулер арқылы жинап, елдің еңбегін пайдаланып жүрген
адам екенін анықтаған. «Жүсіпбек қожаға» атты өлеңінде
белгілі ақын Қуанышұлы Сапарғали:
«Сен өзің еркек емес байтал қожа,
Әр жерде ұрлығыңды айтам қожа.
Бұрынғы ақындардан жыр ұрлайтын,
Екенсің екі жүзді сайтан қожа...», –
деп ұрлығын əшкере қылған. Екіншісі Зайсаннан жі-
бе рілген, толық нұсқасы деп аталады. Ол Орынбор қа-
ласында тұратын Хұсайынов пен Кəрімовтер бірлесіп
ашқан «Хизмəт» баспаханасынан шыққан. Осы нұсқа
Әріптікі саналған. Елі тобықты Қуанышбай ақынның:
«Әріпке сəлем жаздым үш қайтара,
Шығардым деп оттапсың «Біржан-Сара».
Басыңда байлауың жоқ, бір ант едің,
Сайтан болып кетерсің бара-бара», –
деген сөздерін ескерсек, Әріп жазды дегеннің дəйегі
болмайды. Академик Мұхтар Әуезов: «Анығы, Әріп
айтысты негізгі шығарушы емес. Соңғы айтушы болғаны
рас. Ол хал айтысты Әріптікі ете алмайды», – деп шынайы
жазған. Айтыс мəтінін Зайсаннан жіберген автордың
есімі Әмірхан. Ол Біржан салдың қолқанат досы, «Ер
Әмірхан» деп аталған. Сал-сері, өзі палуан. Бек, болысқа
қызметі жақпай сайран салып, өлген солдатты содан
көргендіктен, ұлықтан қорқып, дəм тартып Зайсанға
Сара саңлақ
370
кеткен. Найман-төртуыл ішінде бес жыл өмір сүріп,
Алтай мен Шəуешекке даңқы жеткен асыл. Елі – керей.
Жері – Қызылжар. Жетісуға сан мəрте келіп, кетіп
жүрген. Толғанбай мен Төребай ақындар батасын алған.
Біржан мен Сара айтысқанында Біржанның қасына еріп
келгендердің бірі болған. Өнерімен күнін көрген. Қасына
əнші, ақындарды көп ертіп жүрген. Шəкірттері көптеп
саналған. Төртуыл Сегізбай би ауылынан Қазан қаласына
«Біржан мен Сара» айтысының мəтінін жіберіп, өз есімін
айтыс мəтініне сақтықпен жазбай қойған. Әріптің Сараға
«ғашықтық өлең хаты» деп Тəңірберген Қалилаханов
баспа еткен өлеңмен жазылған хаттар есімі аталған
Әміханға сап келеді. Өйткені, ол хаттар да Сараға Зайсан
мен Шұбарағаш-Ойжайлаудан жіберілген. Сараның
өзі «ары өтіп, бері өткені сыйлық тастап, көбейді қызға
ұнамақ мырзадағы»» деп айтқанындай, оған жігіт-мырза,
шал-шақпыт, бек-болыс, бай-манап, т.б., қолқа салмаған
жан аз болмаған. Ызғарлы жүрегі оларға мызғымаған.
«Жүз жыл жырлаған жүрек» кітабында Мырзатай
Жолдасбеков: «Жамбыл 1875 жылдың күзіне қарай
Қарқара жайлауында ақын Сарамен кездеседі. Айлы
түн алтыбақан басында Сара қыз ауылдың алты ауызын
айтады. Жамбылдың жүрегіне шоқ салады. Жамбылдың
тілегіне тұспалдап жауап қайырады. Бұдан кейінде екеуі
жиын-тойларда бірнеше рет жолығады. Сараның халық
əнінің əуенімен «Угай-угай, ай-угай» деп салатын əні
Жамбылдың жүрегінің жырына, өмірлік сырына айналып
кетсе керек», – деп жазады. Бұл дерек бойынша Сара 1875
жылы əлі тұрмыс құрмаған болып шығады.
Сара саңлақ
371
Қазан қаласында баспахана барын, айтыс мəтінін
жіберген Әмірханға айтқан қажы Насиров Сапа. Насиров
Сапа Сарқан қаласында қажылық құрып тұрған. Нəсілі
өзбек. Уфа, Қазан қалаларынан мұсылманша жоғары білім
алған дəріпті жан болған. Біржан салдың Жетісу, найман
еліне келіп, Сарамен əн жарыстырып, оны Маман мен
Толқынның құрған тұзағынан азат қылғанын, елі садыр,
Шөпшекұлы Ахмет ақынның өлеңмен сипаттағанын
Т.Қалилаханов 2006 жылы, «Күлтегін» баспасы, Астана
қаласынан шыққан, «Ақын Сара Тастанбекқызы» деген
кітабында келтіреді. Сонда Ахмет ақын:
«Кез болып Сараменен Біржан ақын,
Айрықша Ешкіөлместі атап атын.
Қалың ел қаптағайды бір қуантып,
Әсерлі əнін айтқан кешке жақын», –
дейді. Бұл Шөпшекұлы Ахмет ақын емес, кенжебай руы-
нан шыққан, қиссашыл Малайұлы Ахмет ақын болса керек.
Шөпшекұлы Ахмет берірек, Малайұлы Ахмет ақын Сара
заманында өмір сүрген. Біржан салдың Жетісуға келгені
туралы «Талай заман», «Жетісу» атты өлеңдері бар.
Ахмет ақын: «Асығыс атқа мінген Аягөзден, найман Сара
ақын бар деген сөзбен», –деп Біржан салдың Жетісуға
Аягөз арқылы келгенін жеткізеді. Ақын Сара Тəсібек,
Ермек, Тыныбек, Құдайберген, Тостағанбет, Жанақ, Сапа,
Ниязбек, Кеншімбай, Сүйінбай, Орынбай, Сабырбай,
Жамбыл, Жəмшібай, Әсет, Төребай ақындармен
айтысқан. Сараны тоқтатқан алшын Есқожаұлы Төребай
ақын. Ақын Сара:
Сара саңлақ
372
«Жасым бар қырық сегіз, жылым сиыр,
Жасымнан əнші, ақынға болдым үйір.
Төребай дəлел тауып, жеңіп кеттің,
Кінəм жоқ, саған қояр жалғыз түйір.
Кешегі он сегізде жолықпадың,
Кететін еріп саған қол ұстасып,
Қыз берем, ұлың болса би Төребай,
Болайық құда, жекжат, бек достасып», –
деп жеңілгенін мойындаған.
Ақын Сара 1876 немесе 1878 жылы туып, 1916 жылы,
38 жас өмір сүріп, өмірден озды деу, өмірі, заманы,
қатынас ортасына сай келмейді. Ақын Сара 1853 жылы
туып, 1907 жылы өмірден өткен. Бұл деректі əдебиет
зерттеушісі Шеген Ахметов, қаламгер Зейтін Ақышев,
жазушы Бексұлтан Нұржекеұлы, айтыскер ақын, ағарту
ісінің үздігі Түлкібек Құрақбаев қолдаған. Ағартушы
Мəкей Еркінбеков пен артист Қанабек Байсейітов те
заманында растаған. Абайдың ұлы Әбдірахман 1895 жылы
қайтыс болған. 1896 жылы Сараның ауылы Үш Кəукен,
тасыбай елінде отырғанда Құдайбердіұлы Шаһкерім
Әбдірахманның сүйегін түнетіп өтеді. Ол туралы Мəкей
Еркінбековтың естелігі баспа беттерінде басылған.
Мəкей туралы Тəңірберген Қалилаханов: «Әбіштің сүйегі
Сараның үйінде болғанда басы-қасында болған манағы
12-13 жасар бала Құдайбергенге мінгесіп келген», – деп
жазады. Ағартушы Мəкей Еркінбеков 1952 жылы қайтыс
болған.
Сара Абайға жеткіз деп «Көңіл» өлең айтыпты. Оны
жазып алып Шаһкерім Абайға жеткізеді. Сараның ол
Сара саңлақ
373
өлеңі толық сақталып, кітабқа енді. Құдайбердіұлы
Шаһкерімнің анасы Тастемір, Атымайлының қызы, есімі
Күнке. Сараға аталас, туыс, арғы атасы бір, Амандостан
тарайды. Сонда Сара 1878 жылы туса – 18 жаста, онда
əлі күйеуге тимеген. Мейрамбай Байтолықов, Түйтебаев
Тұрлыбек, Еспенбетов Намазбек аталар дерегінде «кү-
йеуге «азаттық» алған кейін, төрт-бес жыл өткен соң шық-
қан» делінеді. Бекбай Сараның үйінде екі жыл қызмет
жасап жүріп, зорға алыпты. Сондықтан Бекбайды сақай-
тастемір елі «Төлеген» деп те атаған. Әбдірахманның
сүйегін түнеткенде Сараның жасы 43-те болған. Сара
былғарымен қапталған мəйітті күзетісіп, қасына шырақ
шағып шығады. Естелігінде Мəкей Еркінбеков: «Шаһ-
керім қажы Абайдың ұлы Әбдрахманның сүйегін алып
келе жатып, жолай ақын Сара ауылына тоқтап, бір қонып,
аттарын жемдеп, суарып, ақын Сараның Абайға көңіл
айтып өлең жолдап, ақбоз атты азаға тартып жіберетіні
осы ара-тұра құдандалық араластың бір іспет көрінісінің
ізгілік белгісі еді», – деп жазады.
Сараның əкесінің лақап есімі Тастанбек. Тастай берік
ісі мен мінезіне бола жеңгелері мен келіндері, ел-жұрт
Тастанбек деп атап кеткен. Ағаштан түйін түйген шебер
болған. Азан шақырып қойылған есімі Сұлтанбек. Отыз
жеті мүшел жасында, Сара туған соң қайтыс болған.
«Қорлық» деген өлеңінде Ақын Сара: «Құдай-ау, əкемді
алдың туа сала, атанттың жесір кемпір, жетім бала», –
дейді. Анасының есімі Жаншөке, қайнар Шынқожаның
қызы. Ақын Сара өте сұлу болған. Ол өзін: «Қамысты
те рең көлдің сұқсырымын», – дейді. Өзін сұқсыр үй-
Сара саңлақ
374
рекке теңеуі, ондай үйрек өте сақ болады. Қаршыға
мен лашынның ең ұшқыры алады. Сара нұр жайнаған
келбетті, ақша жүзді сұлудың өзі болады. Бұлбұл үнді
бұраң бел, өзгеше жаралған нəзік жан болып жетіледі.
Әжімсіз он саусағының бəрі аппақ, аузы оймақтай, отыз
тісі меруерттей екен. Мойынында ақық моншақ. Лебізі
шербет. Қара көз. Кірпігі жібек тудың шашағындай
төгілген, қасы қаламқас. Маңдайы биік біткен, кең. Қолаң
шашты, қос жуан бұрымды, қыздың тотысы атанған.
Өнері сегіз қырлы. Басында шоқпардай үкі таққан кəмшат
бөрік. Үстіне кигені белі қынама оқалы қамзол, шəйі
көйлек. Саусағына күміс сақина, құлағына күміс сырға
салған. «Күй тартсам бал тамады бармағымнан» деп
Құдай берген ақынға айтқанындай, Сара күй де шерткен.
«Туған елім, өскен жерім» деген өлеңінде ақын Сара:
Тастемір, Сақай, Тұңғат ататегім,
Жақсылар жібермеген жауға кегін.
Үш Матай: Кенже, Аталық, Қаптағай,
Тұлпардың тұяғы боп туған едім.
«Көкжайдақ» туған жерім, тегіс екен,
Алқабы арық, тоған, егіс екен.
Жаратқан жан бергенге дəн берген ғой,
Жегенім сол жерімнің жемісі екен», –
деп ататегін, өскен жерін толғаған. Азынақұлұлы Ахмет
ақын:
«Қобызшы Байсақ күйші көрген бала,
Талпынады оның айтқан əнін сала.
Сара саңлақ
375
Қобызды қоңыраулатқан өнерлі адам
Тұрғандай бар қауымнан жеке дара.
Ынтығып ықыласпен тындағанда,
Күй қонад көкейіне көкірек жана.
Құмарта күйге ұмсынып жүргендердің,
Ішінде ерекшелеу еді Сара.
Ән салып, шыға қалса тезек тере,
Той болса ақын қыздар қасына ере,
Ойынан өзі де еркін құрастырып,
Өлеңші болды Сара келе-келе», –
деп Сараның бастапқыда өлеңші болғанын деректейді.
Ақын Сара жас кезіндегі ауыр халы мен қолына домбыра
алғанын өз өлеңінде:
«Қызымын Тастанбектің атым Сара,
Жетім боп жарлы өскен мен бір бала.
Тұрмыстан өспей жатып таяқ жедім,
Болса егер тағдыр сондай, қанша шара.
Жетім деп кемсінбесін мені ағайын,
Қорланбас қорлағанға сөзім дайын.
Аумағы ат шаптырым тастемірдің,
Айнадай, алақандай білем жайын.
Қызы едім Тастанбектің атым Сара,
Елінен шығып жүрген мен бір бала.
Қолыма он үшімде домбыра алып,
Келемін бір сүрінбей жеке дара», –
деп айтады. Мұңы мен серпілісі жайында ақын Сара:
Сара саңлақ
376
«Замандас – мұңы бірге апа, жеңгем,
Көмек көп, жанға сеп, қайғыны жеңген.
Жинаңдар үкі, тана, киім маған,
Аттанам ел ішіне маған сенген.
Үкісін домбырамның толықтайын,
Бекерге іштен тұнып торықпайын.
Айтайын елге шынын, əйел мұңын,
Сайрайын сансыз топта қорықпайын.
Түсіндім, тағдырым көппен бірге,
Жеңіске жете алмаймыз қоспай ірге.
Зар-мұңды көп алдына көрсетейін,
Жалынып ең болмаса қызыл тілге», –
дейді.
Ақын Сараның жайнап түрлене əйел теңдігі «азаттыққа»
ұмтылып бекінгенін, ақындық өнерінің дəріптелуі туралы
Азынақұлұлы Ахмет ақын:
«Ән салып, жиын болса Сара сайрай,
Ішінде сансыз топтың отша жайнай.
Түрленген топ ішінде тоты құсша,
Бастады көргендердің іші қайнай.
Ақын қыз ақ алмастай əнмен сермеп,
Төгілтті сөз маржанын терең тербеп.
Қоғадай топтың басын жапырады,
Қосыла домбырамен қолдағы ермек.
Елдегі жігіттерді ақынсымақ,
Айтысшыл, əбиүрсіз, батыр сымақ,
Қатты айтып, қарсы келсе қателерін,
Сара саңлақ
377
Жаныштап тастайтұғын батыл сынап.
Алдынан адам шықпай бара-бара,
Сайрады Сара топта жеке дара.
Найманның тұғырдағы бұлбұл құсы,
Атанды ақырында ақын Сара.
Сараның ақындығы болды ерекше,
Айтысқа жармаспайтын жəй зерекше.
Жыр қылып заман сырын, тұрмыс мұңын,
Айтатын адамдардай жасы кесе.
Тастанбек өз əкесі жастай өлген,
Емес ед есейгенде көзі көрген.
Көр басып, ұмыт қалған əке атанып,
Ақын қыз елге аян қып шығарды өрден», –
деп айтады.
Ақын Сара теңдік жайын, арманы, еңірегені, бір теңі
болмағаны туралы елден жасырмай:
«Қызымын Тастанбектің атым Сара,
Арман көп, ауызыма халқым қара.
Қорғалар көп ішінен бұта таппай,
Шырылдаған боз торғай мен бір бала.
Еңіреттің ерте бастан туған елім,
Кір жуып, кіндігімді буған елім.
Кең жатқан садыр, матай елдерінен,
Бір теңім болмады ма, ұлдан менің?
Жеткізіп сабырлықпен ұстап бақпай,
Бəйге қып, топқа қосып, тұмар тақпай.
Желкемді көктейінен қидыңдар да,
Сара саңлақ
378
Бөріге байлап бердің жетім лақтай.
Несіне жасырамын елім сенен,
Еріксіз бір жетіммін, дертім терең.
Адамда құтыла алмас құлға бердің,
Көрдіңдер қанша жазық, жапа менен?» –
деп зарланған. Азынақұлұлы Ахмет ақын:
«Той бастап, ақын Сара əн салады,
Дауысын естіген жан таң қалады.
Сол күнде жастау күні жалындаған,
Құбылып тоты құстай толғанады.
Екпіні соққан желдей болғанан соң,
Әркім-ақ айтысудан қорғанады», –
деп ақын Сараның құлшынған келбетін дəріптейді. Үш
Матайдың (Аталық, Қаптағай, Кенже) тотысы атан-
ған Сара қалай «ақ бата, ақ қой қаны» торға түсті. Оны
Сараның өзі «Тағдыр тəлкегі» деп топталынған даста-
нында баян етеді.
Дастанды ақын Құдайбергеннен алып, 1938 жылы
мұрағатқа 313 тапсырған Қалел Сейсенбеков деген аза-
мат. Дастанда Арнай болыс, Телібайды би деп айтып, Мү-
сəпір батыр жазықталады. Арнай Сарбасұлы 1869-1930
жылдары өмір сүрген. Бөрібай көтерілісінің 1930 жылы
бастаушысының бірі болғаны үшін атылған. Оның болыс
болғаны 1898 жылдың тамыз айы.
Арнай болыстыққа Мырзағұлұлы Телібайдың ықпа-
лымен өткен. Тегі Арнай, Телібай би болмаған, болыс
болған, Мүсəпір Сараға қиянат жасамаған жандар. Қайта
Сара саңлақ
Достарыңызбен бөлісу: |