Сараланады. Сонымен қатар тақырып аясында екі елдің географиялық орналасу аумағына және этноконфессиялық құрамы мен мәдени тарихына да назар аударылады



Pdf көрінісі
бет6/13
Дата01.03.2023
өлшемі0,74 Mb.
#70752
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ
№4 (118), 2020
 
ISSN-p 2306-7365 
ISSN-e 2664-0686 
 
35 
елдегі дінбасыларының пікірлері мен дәстүрлі Иран қоғамының қатынасына негізделген. Ал, 
солшыл партиялардың басым бағыты саяси еркіндік пен экономикалық дамуды мақсат етеді 
[8, 221-б.].
Дін мен мемлекет қатынасын зерделеу үшін елдегі билік құрылымының құрамы мен 
функцияларының кейбір тұстарына тоқталып кеткен жөн. Елде ең ықпалды құрылым 
«Уалиат фақиһ» болып табылады. «Уалиат фақиһ» елдегі танымал ислам ғұламалары мен ел 
Көшбасшысы құрамына енетін діни құрылым [9].
Ел Көшбасшысы – ең ықпалды лауазым ретінде саналады. Оның құзіреті 
конституцияның 110-бабында көрсетілген: Ислам мемлекетінің жалпы саясатын айқындау 
және мемлекеттің жалпы саяси желісінің дұрыс орындалуын бақылау, Қарулы Күштердің 
Бас қолбасшылығы және соғыс пен бейбітшілікті жариялау, Конституцияны қорғау 
жөніндегі кеңестің фақиһтары мен Сот билігінің басшыларын және президентті тағайындау 
туралы Жарлыққа қол қою кіреді. Бұл жерде президент сайлауының тәртіпке сай өтуі мен 
сайлауға дейін бірінші кезекте ел көшбасшысы мақұлдауы тиіс. Сонымен қатар Жоғарғы сот 
немесе Ислам кеңесі мәжілісінің лауазымға сәйкессіздігі жайлы шешіміне сүйене отырып 
президентті қызметінен босата алады.
Атқарушы билік қызметін төрт жылда бір сайланатын президент басқарады. 
Президенттікке үміткер екі реттік мерзімде қызмет атқарған жағдайда үшінші рет қайта 
сайлауға түсе алмайды. ИИР президенті рухани көшбасшыдан кейінгі ең жоғарғы лауазым 
иесі болып саналады. Ол елдің зайырлы істері, оның ішінде мәдени, экономикалық және 
саяси істер, шет елдермен қатынастар мен қоғамдық тәртіпті қадағалау кіреді. Алайда, 
қарулы күштерді басқару оның құзырына кірмейді [3, 169–189-бб.]. Президенттік үміткерлік-
ке өту үшін алдымен Бақылау кеңесі мақұлдауы қажет. Бұл институт ИИР парламентінің 
екінші палатасы функциясын атқаратын құрылым. Меджлисте қабылданған заңдардың 
барлығы осы кеңестің мақұлдауымен күшіне енеді. Сондай-ақ, Бақылау кеңесі орталық 
биліктің барша органдарына сайлануға үміткерлерді тоқтатуға өкілеттігі бар. Бұл институт-
тың құрамы 12 адам: 6 мүшесі ел Көсбасшысы ұсынысымен тағайындалады ал, қалған 6 
мүшесі Сот билігі басшысы ұсынысымен Меджлисте сайланады. Зерттеуші Н.А. Филин: 
Көшбасшы ұсынған алты мүше Меджлисте сайланған мүшелеріне қарағанда әлдеқайда 
ықпалды әрі белсенді. Сондықтан шешім қабылдауда басымдылық дін өкілдері жағында деп 
бағалайды [10, 230–234-бб.]. 2008 жылғы қарашада қабылданған заңға сәйкес 2009 жылғы 
сайлауда президенттің джафариттік бағытты ұстануы және ИИР азаматтығы болуы тиіс. Бұл 
өлшемдер Байқау кеңесінің президенттікке үміткерді белгілеу барысында қатаң сақталады. 
Президент министрлер кабинеті мен жоғарғы мемлекеттік аппараттарды тағайындайды. XXI 
ғасырдың алғашқы он жылдығында бірнеше рет президент тарапынан өз құзіреттіліктерін 
күшейтуге деген талпыныстар орын алып, барлық ұмтылыстар сәтсіз аяқталды.
Демократиялық басқарумен ерекшеленетін, халқының дені мұсылмандар құрайтын 
мемлекеттің бірі Түрік елі. Халық саны 84 млн шамасында болса, оның 98,1%-ы 
мұсылмандар, 1,2%-ы христиандар, 0,2%-ы өзге діндегілер құрайды [11]. Елдің мемлекет 
және дін қатынасын конституция белгілейді. Халықтың басым бөлігінің мұсылмандар 
екендігіне қарамастан Конституцияның 2 бабына сәйкес «Түркия Республикасы – 
демократиялық, зайырлы және әлеуметтік мемлекет...» делінсе, преамбуласында елдің 
зайырлылық ұстанымын анықтай түседі «...зайырлы мемлекеттің қағидаты – мемлекеттік 
істер мен саясатқа діни сезімдер ешқандай әсер етпеуі тиіс» [12]. Яғни, Түркияда заң 
бойынша мемлекет пен дін бөлінген. 
Мемлекетте адамдарды тіліне, нәсіліне, түсіне, жынысына, саяси пікірі, философиялық 
сенімі, діні мен ағымына немесе кез келген осы сияқты ерекшеліктеріне қарамастан әркім заң 
алдында теңдігі белгіленген (10 бап). Әркімнің өмір сүруге және материалдық және рухани 
тіршілігін қорғауға және жетілдіруге құқығы бар (17-бап). Әркімнің ар-ождан, діни сенім 
және сенім бостандығы бар. Құлшылық рәсімдері, діни рәсімдер 14-баптың ережелерін 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет