Сараланады. Сонымен қатар тақырып аясында екі елдің географиялық орналасу аумағына және этноконфессиялық құрамы мен мәдени тарихына да назар аударылады



Pdf көрінісі
бет8/13
Дата01.03.2023
өлшемі0,74 Mb.
#70752
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ
№4 (118), 2020
 
ISSN-p 2306-7365 
ISSN-e 2664-0686 
 
37 
қамтамасыз ету үшін қандай да бір жолмен діни және діни сезімдер мен дінде қасиетті деп 
саналатын нәрселерді пайдаланып, үгіт-насихат жасауға немесе оларға зиян тигізуге, осы 
арқылы басымдыққа ие болуға жол берілмейді (87-бап). Сонымен қатар діни 
демонстрациялар өткізуге тыйым салынған. Атап айтқанда саяси партиялар қандай да бір 
формада діни рәсімдер мен қызметтерді ұйымдастырмауы немесе мұндай рәсімдерге партия 
атынан қатыспауы және діни мерекелер мен жерлеу рәсімдерін өздерінің партиялық 
демонстрациясы мен үгіт-насихатының мүмкіндігі ретінде пайдаланбауы тиіс (88-бап) [15]. 
Дегенмен, кейбір партиялар өз бағдарламаларында діни бағыттарын анық көрсетпегенімен, 
сарапшылар олардың іс-әрекеттеріне діни сарынның барын келтіреді. Зерттеуші 
В.В. Матюхин «Саяси ұстанымдарының орнығуына қарай ӘДП (Әділдік және даму 
партиясы) өз идеологиясында діни популизм жиі байқала бастады. Р.Т. Ердоған ислам 
әлеміндегі әділдік үшін күрескер көшбасшы рөлін бірнеше рет байқап көрді» деп, қазіргі 
партияның бағытында діни элементтердің кезігетіндігін атап өтеді [16]. Әрине, бұл тұста осы 
аталмыш тұжырымға және осыған ұқсас пікірлерге қарап, елдегі партияларды діни бағытта 
қызмет жасайды деп айта алмаймыз. Өйткені, осы күнге дейін ресми түрде ешқандай саяси 
партия өзінің діни қызметі жайлы мәлімдеме жасаған емес.
1935 жылғы заң бойынша діни немесе этникалық қатыстылығына негізделген қорлар 
құруға тыйым салынады. Алайда, заң күшіне енгенге дейін қызмет атқарған қорларға қызмет 
етуге мүмкіндік береді. Қазіргі кезде көпшілігі грек православ, армян православиялық және 
еврей қауымдастықтарынан тұратын 167 қор қызмет жасайды. Діни бірлестіктер мақсаты 
діни емес, қайырымдылық, білім беру немесе мәдени қызметке бағытталса, қауымдастық 
немесе қор ретінде тіркеле алады. Аталмыш заң негізінен елдегі азшылық діни топтарға 
бағытталған [14]. Елде М. Кемал Ататүрік билігі тұсында cопылық және өзге де діни-
қоғамдық тариқаттар мен жамағаттардың қызметіне тыйым салынған. Сондықтан, діни 
жамағаттар әр түрлі атаулармен тіркеліп, уақыптық қорлар арқылы белсенді қызмет 
жасайды. Түркиядағы ислам қорларын зерттеуші А.А. Разливаев «Бүгінгі таңда діни 
уақыптар қаржыландыратын түлектер мектептер мен мешіттерде ғана емес, ғылым, бизнес 
саласында, билік құрылымдарында да қызмет жасайды. Исламшылдар пайдаланатын уақып 
институты әлеуметтендіру және қоғамдық бірлік қалыптастырушы ретінде маңызды рөл 
атқарады, оны әр түрлі себептерге байланысты мемлекеттік білім беру жүйесі де, 
мемлекеттік діни институттар да орындауға қабілетсіз» деп, уақып жүйесі арқылы діни 
жамағаттардың қызмет атқаратындығын мәлімдейді [17]. Діни жамағаттар өз қызметтерін 
барынша заң аясында жасауға және билік пен заңға қарсы шықпау арқылы жамағаттық 
идеяларын немесе исламдық құндылықтарды сақтауға және дамытуға бағыттайды. Өз 
кезегінде бұл діни жамағаттардың зайырлылықтың қатаң формасына бейімделгендігін 
көрсетеді.
Қорлармен қатар қауымдастықтардың да елдің діни ахуалына әсері зор. Мысалы, 
«Тәуелсіз өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер қауымдастығы» (MUSIAD) төңірегінде 
Түркияның беделді мұсылман кәсіпкерлері шоғырланған [17]. Осы сияқты өзге де 
қауымдастықтар мен кәсіптік ұйымдар қызметі елдегі діни қорлар мен ислами бағыттағы 
шараларды материалдық тұрғыдан қамтамасыз ететін негізгі қаржы көздері болып табылады. 
Діни жамағаттар мен діни көшбасшылардың саяси өмірге араласу деңгейіне қарай ел 
билігімен қарым-қатынасы анықталады. Оған анық мысал Фетхулла Гүлен мен қазіргі билік 
арасында орын алған оқиғаны алуға болады. Ф. Гүленнің оқиғасы Түркиядағы саяси өмірге 
діни топтардың әсері бар екендігін ашып көрсетті.
Түркияның этноконфессиялық саясатына Еуродаққа (ЕО) кіруге деген ұмтылысы мен 
одақтың қойған стандарттарының әсері де бар. Жыл сайынғы Еурокомиссияның Түркияның 
ЕО стандарттарына сәйкестігі мен бейімделу жағдайын талдайтын баяндамада елдің дін 
саласындағы саясатына қатысты бірқатар сындар айтылған. Ол бойынша «Әр түрлі 
христиандық қауымдастықтардың ғибадат ету орындары мен діни қызметкерлерге арналған 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет