Сараланады. Сонымен қатар тақырып аясында екі елдің географиялық орналасу аумағына және этноконфессиялық құрамы мен мәдени тарихына да назар аударылады



Pdf көрінісі
бет7/13
Дата01.03.2023
өлшемі0,74 Mb.
#70752
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
ISSN-p 2306-7365 
ISSN-e 2664-0686 
ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ
№4 (118), 2020
 
36 
бұзбаған жағдайда ерікті түрде өткізіледі. Ешкімді де ғибадат етуге немесе діни рәсімдерге 
қатысуға мәжбүрлеуге жол берілмейді және ешкімге дінді, діни сезімдерді немесе қасиетті 
деп танылған заттарды теріс пайдалануға рұқсат етілмейді (24-бап).  
Діни-адамгершілік тәрбие мен білім беру ісі мемелекет тарапынан қадағаланады. Діни 
мәдениет пен адамгершілік құндылықтарды оқыту бастауыш және орта мектептердің оқу 
бағдарламаларында міндетті сабақтар ретінде белгіленген. Басқа діни білім беру мен оқыту 
адамның өз қалауы бойынша, ал кәмелетке толмаған жағдайда жеткіншектердің заңды 
өкілдерінің өтініштері бойынша жүзеге асырылады (24-бап). Cабақтар аптасына екі сағаттан 
төртінші және он екінші сыныптың оқушыларына өткізіледі. Жеке басын растайтын куәлікте 
«христиан» немесе «иудей» деп сенімі көрсетілген оқушылар аталмыш сабақтарға қатыспау 
үшін өтініш бере алады. Ал, куәліктерінде ұстанатын дінінің атауы жазылатын орын бос 
қалдырылған оқушылар және жоғарыда келтірілген екі діннен өзге дінді ұстанушылар мен 
атеистер, агностиктер сабаққа қатысуы тиіс. Орта және жоғары сынып оқушылары аптасына 
екі сағаттан факультативтік сабақ ретінде ислам дінінің қосымша курстарына қатыса алады. 
Алайда соңғы жылдары беріліп жатқан куәліктерде мұндай діні мен сенімін көрсететін 
орындар жоқ.
Түркияда дін мен мемлекеттің қатынасын айқындай түсетін құрылымның бірі Дін істері 
басқармасы (Diyanet İşleri Başkanlığı) (ары қарай Дианет). Конституцияның 136-бабына 
сәйкес «Әкімшілік органдарының құрылымына кіретін дін істері жөніндегі басқарма саяси 
көзқарастар мен идеяларға емес, ұлттық ынтымақтастық пен тұтастыққа 
ұмтылыстарға байланысты зайырлылық принциптеріне сәйкес арнаулы заңда белгіленген өз 
міндеттерін жүзеге асырады» делініп, Дианет мемлекеттің дін саласын үйлестіретін мекеме 
ретінде белгіленеді. Дианеттің мандаты – ел халқының басым бөлігі ұстанатын ислам дінінің 
сунниттік бағытына мән бере отырып, исламның наным-сенімдерін, тәжірибелерін және 
моральдық қағидаларын дамыту және қолдау арқылы қоғамдағы діни тұрғыдан ағарту және 
мешіттерді басқарау. Дианет Президент әкімшілігінің қарамағында жұмыс істейді және оның 
басшысы ел президенті тарапынан тағайындалады. Дианеттің жұмысын үйлестіретін тағы 
бір құрылым – діни қызметкерлер мен жоғары оқу орындарының теология факультеттерінен 
іріктелген 16 адамнан тұратын кеңес. Діни істер жөніндегі Жоғары Кеңес «шешімдер 
қабылдау және кеңес беру жөніндегі жоғары басқару органы» болып табылады. Оның заңмен 
бекітілген міндеттеріне: исламның түрлі діни мектептері мен діни қоғамдық ұйымдарының 
және ұлттық діни-мәдени ұйымдардың қызметтерін талдау; ислам әлеміндегі оқиғалардың 
дамуын, ғылыми қызметті, баспа басылымдарын және діни уағыздарды қадағалау, оларды 
талдау және нәтижелерді хабарлау, баспа, аудио және бейне материалдарды талдау, оларды 
басқарма басшысына ұсыну, оларды жариялау бойынша шешімдер қабылдау; жеке 
тұлғалардан немесе ұйымдардан сұрау салу бойынша келіп түскен діни басылымдарды 
талдау және пікір білдіру [13]. Кеңес мүшелерінің сенімдік ерекшеліктері заңмен 
белгіленбесе де, іс жүзінде құрамға енетін ғұламалардың сүнниттік ислам бағытын ұстануы 
маңызды саналады. 2018 жылы Дианет жергілікті басқармалары арқылы орта мектептерде 
моралдық құндылықтарды арттыру семинарларын өткізу жайлы мемарандумын жариялады. 
Бұл іс-шараларға Чанаккаледегі бес мектепті қамту көзделді. Сонымен қатар 2017 жылдың 
желтоқсанында дәл осы моралдық құндылықтарды арттыру бағытында Ұлттық білім 
министрлігі мен Хизмет Ислам қоры арасында үш жылдық жұмысты белгілейтін хаттама 
жасалды [14]. 
Түркияда саяси партиялардың қызметі 1983 жылдың 22 сәуірінде қабылданған «Саяси 
партиялалар жайлы Заңмен» реттеледі. Ол бойынша «Коммунистік», «анархистік», 
«фашистік», «теократиялық», «ұлттық», «социалистік» сөздерін қолдана отырып, дінді, тілді, 
нәсілді, діни ағымды немесе географиялық аумақты білдіретін және осыған ұқсас мағынаға 
ие сөздерді қолданып саяси партия құруға және саяси партияның атауында пайдалануға 
тыйым салынады (96-бап). Саяси партияларға өздерінің саяси мақсаттары мен мүдделерін 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет