СарасөЗ (Әдебиеттану, сын әлемі)



Pdf көрінісі
бет24/41
Дата28.12.2016
өлшемі2,26 Mb.
#667
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   41

СЫНШЫ  МІНеЗІ
Сынға да мінез керек. Орта буын санатындағы сыншылар 
Әбіш  Кекілбаевтың  байсалды  байыптылығы,  Мұхтар  Ма-
ғауинның білімділігі, өткірлігі, Рымғали Нұрғалиевтың ойшыл 
зерттеушілігі,  Зейнолла  Серікқалиевтың  бөлекше  тал дау  мә-
нері,  Асқар  Сүлейменовтың  түйдекті  ой,  сыншыл  астары 
оқу шыға  мәлім.  Оларды  сыншы  ретінде  бір-бірінен  ерекше-
лейтін даралық та осы мінездерден туындап жатады. Жазы лып 
жарияланар  материалдарды  мейлі  автор  аты-жөнімен  дерек-
тесін,  мейлі  деректемесін  бұл  сыншылар  қаламынан  шыққан 
еңбектерді жазбай тануға болады.
Ар  дүниесі  –  әдебиеттің  «денсаулығын»  тексеретін  осы 
топқа  жасына  қарағанда  кейіндеп  келген  сыншының  бірі  – 
Төлеген Тоқбергенов. Ол ұзақ уақыт Шымкент облысы Созақ 
аудандық  газетінде,  Қазақ  радиосында  қалам  ұштады.  Біздің 
ойымызша  осы  қызметтерге  жұмсалған  ұзақ  уақыт  қолына 
қалам ұстайтын адам үшін өміртану жолдары болған сияқты. 
Кейіндеп  келсе  де  Төлеген  Тоқбергенов  айналасы  алты-жеті 
жылда үш сын жинағының басын қайырыпты. «Тоғыз тарау», 
«Үш тоғыс», «Қос қағыс». Бұл жерде сыншының К.Симонов, 
Алдан-Семенов  шығармаларынан  бастап  бірқыдыру  аударма 
еңбектер  жасағанын  да  ұмытпауымыз  керек  сияқты.  Өйткені 
бұл шығармалар жай қарабайыр аудармалар емес, сыншының 
аудармаға  уақыт  табуы,  аударманың  сыншының  ой-дүниесін 
байытуы  деген  секілді  шығармашылық  сипаты  бар.  Сыншы 
үшін зер сала айтып отырған үш кітап мінез айқындауға аздық 
етпейді. Ақын, прозашы, драматургты қайдам, сыншы үш кі-
тапта мінез айқындай алмаса – жақсылықтың нышаны емес.
Төлеген Тоқбергенов сында ақпа-төкпе ақын. Айтар пікірін 
ақтарылып,  арнасынан  асып-тасып  айтады.  Бәлкім  қатарлас, 
замандас  қаламгерлерінің  іш  тартатыны  да  сондықтан  болса 
керек. Әйтпесе, ғылыми стильде жазатын көп ғалымдар жайлы 
“өздері сөйлем құрай алмай жүріп, кісіге ақыл айтқаны несін 
алған?” деген секілді күңкіл сөзді талай естігенбіз. Ал, сыншы 
Т.Тоқбергеновті олардың сындағы өз өкілі көріп, пікірін естігісі 
келетінін де байқаймыз. 
Мінез  қалыптасыпты.  Шын  өнер  адамы  үшін  мәселенің 
қиыны  сол  өзіндік  мінезді  қалыптастырып,  бет,  бағдар,  қол-
таңбаны  айқындап,  алған  сәттен  басталса  керек.  Осындай 
өнер лік қолтыққа, сын мезетіне сыншының «Қос қағыс» кіта-
бы  дөп  келіп  тұр.  Кітапқа  пікір  айтуда  қатып  қалған  қағида 
жоқ.  Қаламгердің  өнерлік  шеберханасына  үңіліп,  портретін 
оқушыларға  айтып  беруде  мүмкін  бірізділіктен  бойды  аулақ 
салған  тіпті  де  дұрыс.  Біз  сыншы  шығармашылығы  жайлы 
ойымызды  «Қос  қағысты»  өзінен  бұрынғы  «Тоғыз  тарау», 
«Үш тоғыс» сын жинақтарымен салыстыра отырып таратуды 
жөн көрдік. Сонда бәлкім сыншы тұлғасы айқындала түсер.
Жалпы,  Төлеген  Тоқбергенов  жаман  жазбайды.  Жаман 
жаз ғысы келмейді. Ойының дәні болмай тұрып, қолына қалам 
алмайды. Айтарын алдымен ойында күтіп, қаламында пісіріп, 
ақ қағазға түсіретін сыншы. Бұл да сол, жанын шүберекке түйіп, 
бар  қанын  құйып  жазар  қаламдастың  көркем  шығармасына 
әділ, объективті болайын деген ойдан шығатын қасиет. «Тоғыз 
тарау» – «міне қазіргі қазақ әдебиетінің өкілдерің деп көрсе- 
туге  болатын  бес-алты  жазушының  портретінен  бас  құраған  
еді. «Үш тоғыста» сыншы қанатын кең жайды; онда проза да, 
поэзия да, сын да шама-шарқынша қамтылды. Онда үлкен де, 
кіші  де,  өткен  де,  бүгін  де  қағыс  қалмайды.  Басқаша  айтсақ, 
сыншының  қолтығын  сөккен  тұсы  –  осы  сәт.  Сыншыны  ал-
дымен жазушы ағайынға, сосын оқушы жұртшылыққа сүй кімді 
көрсеткен де «Үш тоғыс». Ал, «Қос қағыста» қалай? Сыншы 
қай қырынан көрінеді? 
Төлеген  Тоқбергенов  әдебиетке  сыншы  ретінде  пісіп,  то-
лы сып бірден келген дерлік талант. Сондықтан оның алдыңғы 
екі  кітабы  да  сыншының  қолтаңбасын  танытқан.  Ал,  «Қос 
қа ғысты»  алдыңғы  екі  кітаптан  ілгерілеп,  ірілеп  кетті  десек 
қателесеміз. «Қос қағыс» әдебиетке пісіп, толысып келген сын-
шының  бұрынғы  білім  қорымен  халыққа  кеудесін  ашып  тас-
тап қызмет етуінің көрінісі. Сыншы бұрынғы деңгейінен өсіп 
кетпеген. Ал, ол деңгей қазіргі әдеби процеске соншалық олқы 
да емес.
«Қос қағыста» – автордың тақырыптық жаңалануы, жаңа 
ізденістің сүрлеуін меңзеп тұрған сәті – “қазіргі қазақ романы” 
зерттеуі. Біраздан бері эпикалық жанр сырына үңіліп, мерзімдік 
баспасөзде  ара-тұра  ой-пайымдауларын  айтып  қалып  жүрген 
сыншының бұл жаңа тақырыпқа мамандануы. Бұл – сыншының 
роман  жанры  жайлы  басы  бүтін  бөлек  кітап  болып  жазылар 
жоспарлы ойының үзігі секілді.
Бұрын-соңды қазақ романы жайлы М.Қаратаев, Р.Бердіба-
ев,  Е.В.Лизунова,  Ә.Байтанаев,  М.Атымов  секілді  әдебиет-
ші-зерттеушілердің еңбектері жарық көрген. Енді келіп Т.Тоқ-
бергенов  роман  жанрына  ат  аялдатса  тек  жарасым.  Қазақ 
әдебиеті әрісі – шет ел, берісі – Одақ көлемінде осы эпикалық 

334
335
жанр үлгілері, туындыларымен танымал. Демек, әдебиетіміздің 
танымал  да,  белсенді  жанрын  әрдайым  жаңа  қырынан  келіп, 
жаңалап, бақылап, талдап отыруы – түбі игілік.
Уақыты аз, алаңы көп бүгінгі күні роман өмір сүре ме, жоқ па 
деген сауалдың дүркін-дүркін бой көрсетуіне қарамастан соң ғы 
кезде зерттеушілер роман жанрына назарды баса аударып отыр. 
Орыс  тілінде,  Одақ  көлемінде  туысқан  республика  сыншы-
лары  да  ұлт  романдарын  арнайы  талдайтын  монографиялар 
бере бастады. Сондықтан қазақ романы жайлы жазылар еңбек 
тек  қолдау  табуы  керек.  Бұған,  роман  жанрын  қарастыратын 
еңбектерді орыс тіліне аударып, Одақ көлеміне көрсету, таныту 
мәселесін қосамыз. Бұл – толғағы жеткен мәселе. 
«Қос қағыстың» салмағын көтеріп тұрған зерттеу мақала 
роман  жайлы  екен.  Мақаланы  қолдайтынымыз  боса-болмаса 
аңғарылып  қалды.  Сонда  ол  көлемді  зерттеу  мақала  қандай 
мінезімен ұнады?
Мақала  бізге  көбіне-көп  сыншының  субъективтік  ой-пі кі-
рінің басымдылығымен, белсенділігімен ұнады. Қашанда объ-
ективті пікір жайлы жарғақ құлағымыз жастыққа тимей айтып 
жатамыз  ғой.  Бірақ,  сол  объективті  пікір  субъективті  ой  бел-
сенділігінсіз  қалай  жинақталмақ,  қалай  қалыптаспақ,  қалай 
бедел алмақ?! Содан кейін талдауға бейімділігімен де көлемді 
зерттеу болғалы тұр. 
Сыншы  қазақ  романы  жайлы  зерттеуін  уақыттық,  тақы-
рыптық жағынан топтапты. Расында әр шығарма дүниеге кел-
ген сәтімен безбенделетіні де бар ғой. Ал, қазіргі қазақ романы 
тақырыптық топтауға, топтай отырып саралауға әбден келеді. 
Олай талдауға саны да, саласы да көнеді. Бірақ романдардың 
ортақ  жұлынын  ұстап,  проблема  туындатып,  соған  ыңғайлай 
талдамағандықтан  да,  көлемді  еңбек  бірде  шолу,  енді  бірде 
бірізділік  ауылынан  келіп  шыққан.  Әр  жерде  қадап-қадап 
айтылатын  проблемалардың  өркештелмей,  жайдақтау  көріне 
беретін себебі де сондықтан.
Әйтпесе,  орамды  тіл,  ойлы  жазылған  еңбекте  талдау  да 
мол, талдай отырып айтылар проблемалар да тұс-тұсында бас 
көтеріп отырған.
Автор  кейде  сынын  құлата  айтуға  керек  сәттерде  талдап 
көрсеттім ғой, көңіліңде көзі болса көреді ғой дегендей сипап 
өте шығады. Көкірегінде көзі бар жазушы үрлеп роман жазар 
ма? Жазбас еді ғой…
«Түгел  сөз»  тарауына  топтастырылған  мақалалардан  “Су-
реткер парызы” жалпы бағдар, шолу, “Уақыт және қаламгер” 
ойлы талдау, “Әдеби сынға сауал көп” әрі талдау, әрі проблема. 
Әр мақаланың да, қай мақаланың да орны, көтеріп тұрған жүгі 
бар. Бедел, мансапқа құл болмай, айта алған, айтқан тұстарда 
тек алақаныңды ысып, қуана құптай оқып отырасың. Әрлі-берлі 
пікір айту, айтысқа бару – ақиқатты тану, әдебиетті дамытудың 
дұрыс  жолы.  Мұндай  пікірді  қаламдастары  да  дұрыс  түсініп, 
қабылдаса керек. Асылы, жалған мақтаудан түсіне талдайтын 
сын артық. 
Екінші  «Түйдек  сөз»  түгелімен  портреттер.  М.Әуезов, 
Ш.Айтматов, Т.Ахтанов, Т.Әлімқұлов, З.Қабдолов, Қ.Мұха мед-
жанов,  Ш.Мұртазаев,  Х.Есенжанов,  С.Бақбергенов,  О.Бөкеев 
секілді жазушылардың қаламгерлік қарымы жайлы сыншы ой-
толғаныстары.  Расына  келсек,  қазақ  әдебиетінің  алуан-алуан 
жүгін  арқалай  келіп,  бүгін  ұлт  әдебиетінің  ағасына  айналған 
қаламгерлер жайлы арнайы монографиялық еңбектер жазылар 
мерзім де туды.
Ал,  Төлегендікі  мақала.  Көбі  дерлік  бір  мерекелік  датаға 
байланысты  жазылып,  мерзімді  баспасөзде  жария лан ған дық -
тан  ба,  болмаса  кітапқа  енгізерде  қайта  қарап  толық тыр ма -
ған дықтан  ба,  бұл  портреттік  мақалалар  көңліңді  сонша лық 
тербей  бермейді.  Оның  бәрі  де  болмауы  керек,  басты  се беп, 
осы  портреттердің  сонау  жол  басындағы  “Тоғыз  тарау”  кі та-
бындағыдай  кең  қамтылып,  терең  де,  білгір  талданбауында 
жатыр. Егер, осы портреттерді дәл осы биік, осы өреде Төкең 
емес, келесі бір автор жазса, екінші бір қолдан шықса біз көңілді 
күдікке бермей-ақ оқи беруіміз мүмкін. Әркімнің шама-шарқы 
бөлек.  Кім-кімнен  де  күтерің  бөлек-бөлек.  Т.Тоқбергенов  қа-
ламынан  шыққандықтан  да  олай  ете  алмаймыз.  Салыстыруға 
үйренген,  биіктен  көргің  келген  қанағатсыз  көңіл  құрғырың 
дәмесін  солай  жасыра  алмады.  Ол  портреттерден  оқушы  – 
біздің көңіліміз озықтау жатыр.
Тұлғалардан  «Тарлан  ашқан  талант»,  «Қос  қағысты»  бө-
лектей атауға болар. Ала-бөтен, қазіргі қазақ прозасының айту-
лы шеберінің бірі Тәкен Әлімқұлов тағдыры жайлы жазылған 
«Тарлан ашқан талант» мақаласын сүйсінбей оқу мүмкін емес. 
Т.Әлімқұлов  жайлы  Төлеген  әрдайым-ақ  жазып  келеді.  Және 
әрдайым оқушысының қыбын табады. Бір қаламгер жайлы екі 
мақаланың берілуі, кейбір фактілік деректің қайталануы – автор 
неге екеуін табиғаттастыра біріктіріп жібермеді екен деген де 
ой салады көңілге. Тағы да мына жайды ескеруі жөн: Төлеген 
Тоқбергенов  –  Әлімқұлов  шығармашылығы  жайлы  қалай 

336
337
жазамын десе де еркі бар емес пе?! Біле-білсек солай! Әл-әзір 
осы  бір  бағы  бар  да,  бағалануы  аз  ойшыл,  стилист  суреткер 
жайлы Төлеген Тоқбергеновтен асырып айтқан, дәл біліп жаз-
ған екінші бір сыншы, не қатарлас жазушы жоқ. Біраз уақытқа 
дейін болмас та… Төлегеннің Әлімқұлов прозасын нәзік сезінуі, 
жете  білуі  –  бәлкім  олардың  жазушы-күйші,  сыншы-күйші 
болып табысуында жатса керек. Жаз айларында жылда Оңтүс - 
тік өңіріне бірге сапарға шығып, бір-біріне сыртынан жалты-
рамай  бар  жан-дүниесімен  ашылуында  жатса  керек.  Кейде 
осы  өңірден  бірге  очерк  жазуын  да  бір-бірінің  қаламгерлік 
психологиясына  барлау  жасауы,  сенісуі  деп  қараған  жөн  бе, 
қалай?! Қалай десек те, Тәкен Әлімқұловты – Төлегеннің адам 
ретінде,  ойшыл  суреткер  райында  бүге-шіге  зерттеп  білуі 
анық.
–  Мен  өзін  тәуір  көремін,  –  деді  бірде  сыншысы  жайлы 
Тәкең, – Сынға тіл керегі жоқ дейді кей білгіштер. Ол қате. 
Төлеген  тілімен  бөлек  тұр.  Мен  жайлы  жазғаны  дұрыс­ау. 
Сынамайды  бірақ.  Өзіне  де  айттым.  Жазушы  шығармасын 
жақсы  көреді  екенсің,  жанына  батыра  сына.  Сыныңнан 
махаббаттың лебі ессін!
Сынап та жүр. “Өз бетін аямаған, кісі бетін шиедей қыла-
ды” дегендей, әдебиеттегі әділдік үшін жаны ауыратын жазу шы 
тәрбиелік сынды әлі де көксейтіндей ғой.
Әңгіме  бір  кітаптан  өрбіп  отыр.  Шама-шарқы  «Қос  қа­
ғысты» автордың алдыңғы еңбектерімен салыстырдық.
Қайталап  айтайық,  сынға  да  мінез  керек.  Дұрысы,  мінез 
алдымен  сынға  керек.  Сыншыға  керек.  Мінез  –  сыншы  та-
лантының  ерекшелігінен  туындар.  Сыншы  талантының  та би-
ғатынан туып, тұлғаны ерекшелейтін, бөлектейтін белгіге ай-
налар.  Төлеген  Тоқбергенов  қаламына  адал  да,  әділ  қараған 
сәтте әрдайым ақын. Біз Төкеңді ақындықтан жазбаған жерде 
жақсы көреміз. Үлгі етеміз. Ол – Төлеген сыншының бірден-
бір  құралы.  Аз  ба,  көп  пе,  сол  ерекшелік,  сол  даралық  «Қос 
қағыста» да алдымыздан шықты. Біз соған қуанамыз. Сыншы 
шығармашылығы жайлы әңгімеге «Қос қағыс» тұсында барып 
қалып жатқанымыз да сондықтан. 
Мінсіз  жазылған,  мінезсіз  орындалған  өзіндік  пікірі  бол-
майтын сын кітабы көбейіп барады десек, ондай кітаптар міні 
бар, кемшілігі бар, бірақ айтары анық, ойлы «Қос қағыс» секіл-
ді кітапқа көлеңкесін түсіре алмаса керек.
Біз соған қуанамыз. Соған тұрамыз!
1983 ж.
арМыСыз, СаҒаТ аҒа?!
1. Жастай жалындаған жан
(төрттік)
(Әдебиет сыншысы Сағат Әшімбаев  
тағдыры туралы толғаныс)
...Жетпісінші  жыл.  Әдебиетке  әуестік  жетектеп  келіп, 
ҚазМУ-дің  филология  факультетіне  оқуға  түстік.  Сол  жылы 
Сағат Әшімбаевтар университеттің аталмыш факультетін аяқ-
тапты.  Иә,  Сағат  Әшімбаевтар.  Ол  курсты  ұстаздар  «Сағат 
Әшімбаев курсы» атайтын. Ол курсты ұстаздар бізге үлгі тұта 
сөйлейтін.  Жақсымыз  болса  солармен  салыстыратын,  жа ман-
дығымыз  болса  солармен  ұялтатын.  Ол  бір  ұстаздар  көңіліне 
терең  ұялаған  курс  болыпты.  Алдарынан  толқын-толқын 
курс  өтіп,  буын-буын  шәкірт  темірқанаттанып  ұшып  шығып 
жататын,  талайды  тәрбиелеген  профессор,  доцент  –  ұстаздар 
ұлағат  тұтуында  мән  бар.  Ойлап  қараңызшы,  С.Әшімбаев, 
А.Қыраубаева,  Н.Оразалин,  Ә.Көпішев,  Ә.Тауасаров,  Ү.Тоқ-
ма ғанбетова,  Ф.Оразбаева,  Ш.Бейсенова,  А.Смайылов,  С.Жұ-
мабеков...  Көз  алдыңызға  елестетіп  көріңізші.  Сен  тұр,  мен 
атайын  дерлік, ылғи  бір ығай  мен  сығай  емес  пе?!  Ал,  Сағат 
солардың  арасынан  арқар  мүйізденіп  айрықшаланған  жан. 
«Әдебиеттің  гогольдік  дәуірі»  (В.Г.Белинский)  деген  секілді, 
«Сағаттың  курсы...».  «Сағаттың  курсы...»  деген  сөз  әр  түрлі 
пәннен сабақ берер әрбір ұстаз аузынан марапаттала шығатыны 
соншалық, сағат тықылындай сезілетін. Біз, осылайша оларды 
сыртынан танып өстік. «Жігітті ел мақтаған – қыз жақтаған» 
дегендей біз осылайша оларды сыртынан сүйіп өстік. Қызығып 
қарайтынбыз. Демек, үлгі тұтып өстік.
Ұстаздардың  бізге  орын  босатқан  курстың  ұл,  қыздарын 
мақтаса  мақтайтынындай  да  бар.  Сағат  университет  қабыр-
ғасында  жүргенде-ақ  М.О.Әуезов  атындағы  әдеби  бірлестікті 
басқарған.  Ту  бастауында  Б.Кенжебаев  тұрған,  Т.Нұртазин, 
З.Қабдолов  сынды  ұстаздар  іліп  әкетіп,  С.Садырбаев  ұзақ 
жыл  үзіліс-үздіксіз  басқарған  бұл  әдеби  бірлестік  баяғыда-ақ 
университет  аясынан  шығып,  қалалық  халық  университетіне 
айналып  кеткен  ұйым  болатын.  Оған  Алматының  барлық 
оқу  орындарынан  студенттер,  қаланың  талапты  жұмысшы 

338
339
жастары  қатысар  еді.  Міне,  сол  бірлестікті  студент  Сағат 
Әшімбаев басқарған. Бұл – үлкен шаруа болатын. Оның үстіне 
Сағаттың  сын  мақалалары  бұрқырап  күн  сайын  баспасөз  бе-
тінде  шығып  жатады.  Бірі  өлең,  бірі  әңгіме,  бірі  пьеса  жа-
зады  курстастарының.  Ал,  біз  болсақ,  жазбағанымыз  үшін 
жа зықтымыз, әдеби бірлестік жұмысын жүргізе алмағанымыз 
үшін айыптымыз, төмендеу үлгерім үшін ұяттымыз. Естіріміз – 
маңдайға ұрғандай бір сөз. «Сағаттың курсы...» «Мешкей деген 
жақсы ат емес...» – біз де тырбанып бақтық, бар мәселеде ты - 
ры сып бақтық... Олар біз үшін тым ересек сезілер еді. Алыста-
ғы қол жетпес жарық жұлдыздардай көрінер еді, шіркін! Көбі 
соның жоқ енді.
Сағат  Әшімбаев  және  оның  қатар  құрбылары  бізге  әдеби 
бірлестікке келіп тұрды. Бірде оқу ғимаратында, келесіде жа-
тақханада  студент  жастармен  кездесу  өткізіп  жүрді.  Алқалы 
бір  жиында  Сағат  ағаның  мінберден  сөйлегенде  шешендігіне 
таң қалдым. Құдай-ау, ағып тұр-ау, ағып тұр. Әдеби сөйлейді. 
Әдемі  сөйлейді.  Бұл  да  үлгі.  Қоян-қолтық  араласып  кетудің 
амалын таба алмадым, бірақ.
Бізді таныстырған екі сәт болды. Бірі – факультет студент-
терінің ғылыми қоғамына жетекшілік жастайынан курстас дос 
Жаңғара Дәдебаев «Жұлдыз» журналына барып, бөлім бастығы 
С.Әшімбаев,  бөлім  қызметкері  Ш.Сариевтан  рецензияға  тап-
сырма алып келді. С.Сейтхазин, С.Асанов, Ө.Күмісбаевтың жа-
ңа жыр жинақтарына пікір жазуымыз керек. Жанғара Дәдеба-
ев, Төребай Омаров (марқұм), мен үшеуіміз үш жаңа жинақты 
бетке алып, пікір жаздық. Ақындарды аямадық, жинақтарына 
қатал қарадық. Әділ болдық бірақ. Сағат оқып шығып бірден 
басуға жіберді. Таныстықтың бірі – сол!
Екіншісі  –  курстас  дос  Тұрар  Сүлейменовтің  диплом  жұ-
мы сына байланысты. Диплом жұмысының тақырыбы – «Тәкен 
Әлімқұловтың творчествосы». Жетекшісі – Сағат Әшімбаев.
Диплом жұмысы қорғала бастады. Ол кездері студенттерде 
ынта зор. Соған орай ұстаздар тарапынан қойылар талап мол. 
Дипломшы  алдына  қазіргі  кандидаттық  диссертация  талабы 
тартылады  десем  өтірікші  болмаспын.  Тұрардың  диплом  жұ-
мысы  жақсы  жазылған  еді.  Алайда,  жақсы  жазылған  диплом 
жұмысын автор жеріне жеткізіп, шегелей дәлелдеп, үздік қорғай 
білмеді. Сол олқылықтың орнын толтырайын деген ой болды 
ма, әйтеуір, жетекші (С.Әшімбаев) қызына сөйледі. Кеше ғана 
алдынан дәріс алған ұстаздарына өкпелегенсіп сөйледі.
– Сағат, диплом жұмысын жетекші емес, дипломшының өзі 
қорғауы керек! – деп ұстаздары орындарында отырып реплика 
тастады. Қызды-қыздымен Сағат.
–  Көрерсіздер,  диплом  жұмысын  бір  үтір,  нүктесін  қал-
дыр май  “Жұлдыз”  журналына  жариялатамын,  –  деп  жіберді. 
Мінберден  түсіп  бара  жатқан  Сағаттың  ұрты  бұртиыңқырап 
тұрғандай көрінді бізге.
Диплом  жұмысын  “жуу”  да  бар  еді  дәстүрде.  «Бестікң 
бағаға қорғалса әлде қайтер еді, шәкірті “төрттік” алып қалған 
соң,  көңіліне  қарады  ма,  әйтеуір  Сағат  аға  біздің  меселімізді 
жықпай,  шақыруды  қабыл  алып,  ресторанға  бірге  барды. 
Ұмытпасам,  бұл  Сағат  ағаның  жетекшілігімен  қорғалған  бі-
рінші  диплом  жұмысы.  Жақынырақ  танысып,  бірге  отырдық. 
(Дастарқанды мен басқарған болуым керек).
Тұрардың ағасы журналист Орынбасар Сүлейменов орыс, 
батыс  классикасын  көп  оқыған,  зиялы  кісі  еді.  Министрлер 
кеңсесінде қызмет істейтін. Әңгімелері жарасып отырды. Сәкең 
бірде: «Ореке, кешіріңіз, мен Сізді әр нәрсенің басын бір шал-
ған шала кісі көріп отыр едім. Сіз оқыған-тоқығаны мол көшелі 
әдебиетшісіз  ғой...»  –  дегені.  Әрі  қарай  Орекеңмен  бауырла- 
сып кетті. Сол қарым-қатынастың арқасында рестораннан шы-
ғып, Орекеңнің үйіне де барып, қонақ болдық.
Шарап буына шалқыған шәкірттер бір-бірімізді көтермелей 
таныстыруға кірістік. «Сәке, мынау жігіт Ахмет Тілеулиев, Ва-
силий Шукшиннің туған інісі», «Сағат аға, мына жігіт Жанғара 
Дәдебаев, В.Г.Белинскийдің немересі...» Бәріміз де ала бұлттың 
арғы жағына көтеріліп кеттік-ау. Ой, пәлі. Жастыққа сот жоқ. 
Жастыққа  жараспас  мінез  жоқ.  Қасындағы  үлбіреген  уыздай 
келіншегін  ұмытып,  әдебиет  әлеміне  еркін  еніп  кеткен  Сәкең 
әлгі мадақтарға елең ете қалады. «Шукшинді аударып жүрсің 
бе? Әкел маған. Ертең әкел! Ол орыс әдебиетіндегі жаңалық. 
Сыншылық – қиын, бірақ қастерлі мамандық. Жазғандарыңды 
бізге  –  «Жұлдызға»  әкеліңдер...»  Бәрімізді  де  жарылқады  да 
тастады  Сәкең.  Расында  Сәкең  шарапатымен  В.Шукшиннің 
әң гімелері  Ахмет  аудармасында,  ұзамай  “Лениншіл  жаста” 
жарқ ете түсті. Бәріміздің де алғашқы мақалаларымыз баспа-
сөз  бетінде  Сағат  Әшімбаев  арқылы  жарық  көрді.  Біз  оны 
кеше – көзі тірісінде де, бүгін – өзі жоқта да бар дауыспен, зор 
мақтанышпен айтамыз.
Аяулы  ағамыз  Сағат  Әшімбаевпен  алғаш  тереңірек  таны-

340
341
суым міне, осы жолы. Бұл – 1975 жылдың мамыр, маусым ай-
ларының бірі.
Екі айлық әскери тәжірибеден өту үшін «Отар» станциясы 
маңындағы  бір  қалашыққа  аттандық.  Ара-тұра  Алматыға  қа-
шып келіп, кетеміз. Рұқсатсыз кеткеніміз үшін сазайымызды да 
тартып жатамыз...
Бірде Тұрар дос екеуіміз қашып келдік. Неге келдік? Қайда 
барамыз? Оны ойлап жатқан біз жоқ.
– Таптым. Сағат ағаға барып сәлем береміз, – деді Тұрекең.
– Дұрыс-ақ. Кеттік!
Сағат  ағалар  тау  баурайында,  қазіргі  «Достық»  даңғы лы-
ғының  оң  қапталында  тұратын.  Бұрын  да  болғанбыз  үйінде. 
Екеуміз де тақырбастармыз. Күнге әбден қақталған, қайыстай 
қарамыз. Сағат аға үйінде екен. Жатырқамай, жадырай қарсы 
алды. Келіншегіне қазан көтертті. Анадай жерде Дәурен, Мәу-
лен – қос құлыны құлдыраңдай шауып жүр. Жақсыда – жаттық 
жоқ. Жай-күйімізді сұрағыштап бәйек болды аға, жеңгеміз.
– Екеуіңнің де мақалаларың «Жұлдызда» басылып жатыр, 
– дейді Сәкең.
– Тұрар, сенің диплом жұмысыңды түгел бердім!
Біз қамқорлыққа дән ризамыз.
Сәкең әдеби өмір жайынан әңгіме айтып отыр.
– Марқұм Артығали Ыбыраев сендермен оқыды ғой, ә?
– Иә, қатар оқыды. Журналистикада. Әдемі ақын еді. Қапия 
кетті.
–  «Лениншіл  жаста»  бір  топтама  өлеңдерін  жариялатып 
едім  ғой.  Соны  арқа  тұтқан  болуы  керек,  Жамбылдан  әкесі 
келіпті.  Жетектеген  баласы  бар.  Қайтсін  енді?  Әке  үміті  ғой. 
Сұрап  қарасам,  бала  заңгер  боламын  дейді.  Қиын  факультет 
қой. Артығалидың аруағы үшін ұстаздарға айтып жүріп, оқуға 
түсірдім.  Мына  спиртті  әкесі  беріп  жіберіпті.  Ризашылығы 
шығар. Сендерге бұйырыпты.
Дастарқанға бір шыны спирт келді. Сәкең Жазушылар ода-
ғында  өтетін  әдеби  жыл  қорытындысына  дайындық  үстінде. 
Баяндамашы. Әлгі бір шыны спиртті екі «қашақ» ішуге тиісті 
болдық.  Тұрардың  “монографиясын”  беделді  журналға  өзі 
жариялатып, өзі «жуып» беріп жатқан, қайран аға!
Әскери  борышты  өтеп  келіп,  Академияның  М.О.Әуезов 
атындағы  Әдебиет  және  өнер  институтына  лаборанттық  қыз-
метке кірістім. Одан «қысқартуға» түсіп, Республикалық халық 
шығармашылығы үйіне редактор болып келдім. Күндердің күні 
С.Мұқановтың  мемориалдық  музей-үйі  жасақталуға  шешім 
шығып, ғылым бөлімін басқаруға жазушы үйіне келдім. Қайда 
жүрсем  де  мақала  жазсам,  Сағат  ағамдай  пафосты  жазуды 
ойладым. Ол кісі «Жұлдызда» бұрынғысынша бөлім басқарады. 
Апарған  мақаламыз  жарық  көріп  жатады.  Сағат  ағамыздың 
арқасы ғой дейміз. Ара-тұра мақалаларым «Лениншіл жаста» да 
жариялана бастады. Жастардың мінбесі, негізінен «Лениншіл 
жас» еді ғой.
Жазушы  Дүкенбай  Досжановтың  «Жібек  жолы»  романы 
жайында  мақала  жазып,  «Лениншіл  жастың»  әдебиет  және 
өнер  бөліміне  апардым.  Марат  Қабанбай  әдеби  қызметкер 
екен.  Немере  ағам  Көпен  Әмірбекпен  бірге  оқыған  ол  жылы 
шыраймен  қарсы  алды.  Мақаламды  қолма-қол  оқып  шығып, 
«Басылмайды!» – деді тұнжырап.
– Неге?
– Бөлім бастығы қазір Аян Нысаналин...
– Е, болса ше? 
Е, бала, Дүкең мен Аян арасынан қара мысық жүгіріп өт-
кен. 
Әйтпесе, мақалаң жақсы екен.
– Жарайды, онда. Амал қанша?
Мақаламды алып, «Жұлдызға» – Сағат ағама бардым. Сағат 
ағам 
“Лениншіл  жасқа”  бас  редактордың  орынбасары  болып, 
қызмет  ауыстырып  жатыр  екен.  Орнын  сипап  қалдым.  (Сол 
жолы басылмаған мақала әлі күнге архивімде жатыр. Қ.е.)
Жорға ақын Сағи Жиенбаевтың «Оймауыт» атты жыр жи-
нағы жарық көріпті. Кітап атаулыны қадағалап, құры жібермей 
оқитын кез ғой ол. Алдым да оқыдым. Ұнады. «Сезім бұлағы» 
аталатын  мақала  жаздым.  Жастар  газетінің  әдебиет  және 
өнер бөліміне алып бардым. Марат Қабанбай басқа қызметке 
ауысып кетіпті. Орнына Бақыт Сарбалаұлы келген. Ол да «Жа-
лын» альманағына ауысып үлгеріпті. Аян аға қарсы алды. Ма-
териалды  тастап  кеттім.  Бірер  күнде  жедел  басылып  шықты. 
Тіпті өзім қайран қалдым.
Мәдениет министрінің орынбасары Өзбекәлі Жәнібек же-
текшілігімен С.Мұқанов музейін жасақтау үстіндеміз.
Телефон шар ете түсті.
Көтерсем Аян Нысаналин.
– Мақалаң ұнады. Бізге қызметке келуге қалайсың? – дейді 
әй-шәй жоқ.

342
343
– Ойланбаған шаруам.
– Өй, сен де...
– Сағат ағам қалай қарайды?
– Сен туралы екеуміздің ойымыз бір жерден шықты. Ол да 
келгеніңді қалайды.
–  Диссертация  жазсам,  ғылым  кандидаты  болсам  деген 
едім...
–  Өй,  өзің  бір  қызық  жігіт  екенсің.  Не,  Әдебиет  бөліміне 
сенен өзге кісі құрып қалды дейсің бе? Сонша бұлданып. Аякең 
біраз жекіді.
Сөйтті  де:  «Кешке  М.О.Әуезов  атындағы  театрға  келші. 
Әңгімелесейік!» – деп трубканы тастай салды.
Шолақ, шолақ сөздер. Аян аузынан атылып шығып, жерге 
дік-дік етіп түседі. «Апыр-ай, қалай болар екен? – деп ойлай-
мын.  –  Аянның  мінезі  шатақ  деуші  еді,  арқам  жауыр  болмас 
па  еді?  Марат  пен  Бақыт  шыдас  бермей  кеткен  болады  ғой, 
сірә?!»
Кешке М.О.Әуезов атындағы драма театры үйінде (қазіргі 
Жас өспірімдер  театры.  Қ.Е.)  Аян  ағамен  кездесіп,  біраз  сөй-
лестім. Игендей болды. Иілгендей болдым.
Ертеңіне  ертелетіп  Сағат  аға  кабинетінің  есігін  қақтым. 
Күлімсіреп қарсы алды. «Не шештің?» – дейді. Мен мән-жайды 
баяндап шықтым.
– Баспасөз мектеп қой. Қай жазушының өмір жолына үңіл-
сең  де  беделді,  белді  жазушының  баспасөз  көрігінен  өткенін 
көресің.  Сондықтан,  мүмкіндік  барда  келіп  қалғаның  жөн. 
Өзара келіскенбіз. Әрине, шешетін Сейдахмет ағай. Тіпті әде-
биет  бөлімінен  өзге  бөлімдердің  біріне  жіберсе  де  тартынба. 
Игеріп кетесің. Қорықпа!
Сағат  аға  жігерлендіріп  біраз  ақылын  айтты.  Қанаттанып 
бас редактор қабылдауына кірдім.
–  Аянның  құлақкесті  құлы  боласың-ау,  байғұс  бала,  бұл 
кісіні тесік өкпе қылады ғой, – деп Аянға қалжыңдап отырып, 
өтінішіме қол қойып берді.
Әдебиет және өнер бөліміндемін.
Сағат ағамен күніге біргеміз. Жастар оны жанашыр көреді. 
Айналасына бәріміз үйірсектейміз. Мәселеміз болса, алдымен 
Сәкеңе айтқымыз келіп тұрады. Ол да аянбайды. Ақыл-кеңесін 
береді.  Кейде  мәселеңді  қолма-қол  шешеді.  Кейде  келешекті 
болжай  тәтті  армандарға  толы  қызықты  әңгімелерге  кетіп 
қаламыз.  Арманшыл  еді  Сағат!  Қиялы  мейлінше  бай  еді 
Сағаттың. Айналасына қолынан келгенше жанашыр еді Сағат! 
Арамыздағы  алым-берім  азғантай  жас  айырмашылығына  қа-
рамай ересектік танытатын. Расында, тағдыр еркелетпеген ол 
еңбекпен өсіп, ерте есейген еді. Тынбай ізденіп, өз тағдырын 
өзі биік қалыптастыруға әрекет етер еді.
Әдебиет бөлімі материалдарын Сейдахмет Бердіқұлов оқи-
ды. Кейбір бөлім материалдарын Сағат Әшімбаев оқиды. Бәрі-
бір, не жазсам да Сағат ағамен ақылдасып отырдым. 
Жастар батыл келеді ғой. Бетіміз ештеңеден қайтпаған кез. 
Материал  әкелген  қаламгерлерге  бетің  бар,  жүзің  бар  демей, 
турасын  айтып  қарап  тұрамыз.  Ересек  авторларды  жастар 
газетіне материалды көбірек ұсынатындығы үшін іштей жазғы-
рып  та  жатамыз.  Жазушылар  одағы  жұмысына  араласып  ке-
тіп,  арандап  қалып  та  жатамыз.  Жастық  жігер  жасымайды. 
Лақ тырған  доп  секілді,  секіріп  тұрып  кете  баратын  серіппелі 
шағымыз!
Сағат аға шақырды.
Бардым.
Алдында  бұйра  шаш  көзілдірікті  қара  торы  сұңғақ  жігіт 
отыр. Паңдау.
– Міне, Құлбек те келді – деді Сағат аға, – Танысып қой, 
жазушы Т...
– Білем ғой, – деп жатырмын. Шынында шала білемін.
–  Мына  әңгімені  оқы.  Адал  пікіріңді  айт.  Қалғанын  кө-
реміз. 
Сағат аға көлемді әңгіме ұсынды. Әлгі кісінің әңгімесі.
Бірер күнде әңгімені оқып шықтым. Көркемдігі солғындау 
көрінді. 
Ұнатпадым. Пікірімді айтып, Сәкеңе қайырып бердім. “Дұ-
рыс”, – деп алып қалды.
Орнымнан көтеріле бергенім сол, орынбасардың телефоны 
шырылдады. Сәкең бос қолымен “Отыра тұр” деп белгі берді. 
Телефон трубкасын құлағына тосып, біраз тыңдаған соң:
–  Төке,  айып  етпейсіз,  әңгімеңізді  бөлім  ұнатпай  отыр,  – 
деді.
Арғы  беттен  ашулы  дауыс  трубканы  жарып  жіберердей 
көтеріліп кетті. 
Сабырмен тыңдаған Сәкең:
– Бізде этика солай! Бөлім ұнатпаса, бас редакторға мате- 
риал ұсынбаймыз. Оның үстіне Құлбек сыншы ғой. Оның пікі-
рімен Сіз де, біз де санасуымыз керек, – деді кесімді үнмен.

344
345
Ашулы трубка «гук-гук-гук...» деп барып орнына жайғас-
ты. Өкпелі автордың трубканы тастай салғаны. Сағат аға абыр-
жы ған жоқ.
–  Қайтесің  енді,  бұлар  бас-басына  классик.  Жалына  қол 
апартпайтын шу асау. Одан да жазуды дұрыстасайшы, шіркін-
дер!  –  деді.  Енді  ойлап  отырсам,  Т...да  жаман  жігіт  емес  еді. 
Әңгіме де жер бауырлап жатқан жоқ. Талапты қаттырақ қояды 
екенбіз  ғой.  Талап,  талап  деп  Сағат  ағаны  да  сыйластарынан 
ажыратуға  дейін  барыппыз.  Сәкең  де  бөлімнің  тәжірибесі  аз 
қызметкерін қолдады. Бөлімді авторға жығып берген жоқ. Бұл 
жай мені қанаттандырды.
Сол күндердің бірінде Орталық комитетте қызмет істейтін 
жазушы ағай әңгімесін алып келді.
– Қысқартпаңдар. Үш номерге лайықтап беріңдер. Басшы-
ларыңмен өзім келісемін, – деді. Өзіне соншалық сенімді.
– Оу, Мәке, алдымен әңгімеңізді оқиық. Жарай ма, жарамай 
ма, көрейік, – деп жібердім.
Қызмет-лауазымы  жоғары  кісі,  белгілі  қаламгер  жастар 
бетіме келер деп ойламаған болуы керек.
– Иә, оқыңдар, көріңдер, жараса деп жатқаным ғой, – деп 
қипақтап шығып кетті.
Әңгімесі жақсы екен. Ұсындық.
Орталық  комитетке  қызметке  бара  сала  баспасөз  жөнінде 
мәлімет жинақтап бер, – деп дікеңдеген ағаларым болды.
– Уақыт болмай тұр, – деймін. – Бөлімде бір өзім.
– Орталық комитет айтса да орындамайсың ба? – дейді, күні 
кеше ғана сыйласып бір жүрген ағам.
– Онда тұрған не бар? – деймін қитығып. – Немене қызметіңіз 
кісілігіңіздің көрсеткіші ме?
Бас редактор маған берілген тапсырманы Өтеген Оралбаевқа 
жүктейді.
Қайран жастық!
Сонда біз кімге сенеміз? Сағатқа дә!
Сонда біз кімге сүйсінеміз? Сағатқа дә!
Сағат  жетім  өскен  жалқы  жігіт  еді.  Мен  қайбір  шекесі 
шалқыған  жанмын.  Мені  бауырына  тартыңқырағаны  –  менің 
де әкеден ерте айырылып, бірыңғай ана тәрбиесінде өскендігім 
болды-ау, шамасы.
Біз тағдырлас едік.
Қызық еді ол кез. Жастар басылымына жастар түгілі үлкен-
дердің  де  жарияланғысы  келіп  тұрады.  Қазіргідей  баспасөз 
көп емес. Цензура қатты. Ақын, жазушы ұлт жайлы ойларын 
астарлап,  бұқпалап  айтады.  Оның  өзі  өнер.  Ал,  біздер  өзара 
анттасқандай  жас  таланттарды  ашқымыз  келіп  тұрады.  Бір-
біріміздің жүзімізге, «Қане, сен қандай талант аштың?» – деп 
сұраулы кейіппен қараймыз. Зәуде бір тегеурінді жасты тау ып, 
тұсауын кесіп жатсақ, мерейіміз өзгелерден үстем болып тұрар 
еді.  Өзгені  ашқанда  өзіміз  жақсы  шығарма  жазғаннан  бетер 
қуанышқа  кенелеміз.  Онда  әдеби  орта  таза  еді.  Сағат  ағалар 
бізді таптым деп қуанды. Бізді ашқан, тапқан Сағат Әшімбаев 
деп  біз  мақтандық.  Ел  болатын  бейіл  ғой.  Қазір  ешкімнің 
ешкіммен шаруасы жоқ. Әдебиетке жаңа келіп жатқан жастарды 
аяйсың...
Қызметтен  кейде  бірге  қайтамыз.  Міндетті  түрде  кітап 
дүкеніне  соғамыз.  Қатардағы  қызметкерде  артық  қаражат 
қайдан бола берсін? Сағат аға өзіне де, өзгемізге де кітап сатып 
алып  береді.  Қандай  қамқор  еді?!  Қандай  кең  жүректі  еді?! 
Әсіресе, жастарға ерекше қамқор еді-ау, Сағат аға! Әлі есімде, 
жазушы (бүгінде айтыскер ақын) Баянғали Әлімжанұлы бірде 
қаражаттан  қатты  қысылды.  Барар  жеріміз  Сағат  аға.  Ақша 
сұрағанға – біз, қолма-қол суырып бере алмағанына Сағат аға 
қысылды.  Үйінде  қаражаттың  жоқтығын  біле  тұра,  Шәрбан 
жеңгейге телефон соқты. Қойшы, әйтеуір, ерлі-зайыпты екеуі 
әбігерге  түсіп,  бізге  қажетті  қаражатты  өзге  бір  сыйласынан 
қарыз ала жүріп тауып берді. Біреудің жиһаз алайын деп түйіп 
отырған ақшасы екен. Тізеге салып отырып, алып берді, марқұм. 
Ол сәтті Баянғали ұмыта қоймаған шығар.
Өзім  деген  жастардың  қалам-қадамын  бақылап  отырушы 
еді. Өмірден жастай кеткен Қалжан Нұрмаханов жөнінде “Ле-
ниншіл жастың” екі нөмірінде «Парасат поэзиясы» аталатын 
эссе  типтес  мақалам  жарық  көрді.  Анау  айтқан  үздік  те  ма-
қала болмауы керек. Ал, Сағат аға болса Қалжан туралы, ма-
қала  туралы  Қазақстан  Жазушылар  одағында  өзі  жазғандай 
мақтап  айтып  жүрді.  Әдеби  жыл  қортындысында  жасаған 
баяндамасында айтты. Мақаласында мақтады. (Кітабында бар). 
Жылт еткен жаңалық, жақсылық, жетістікті қапы жібермеуші 
еді, жарықтық!
Сағат  мемлекеттің  қызметін  де  беріле  атқаратын.  Баспа-
сөздің  үнемі  «өртеніп»  жататын  жұмысынан  кейін  кітап  оқу, 
баяндама  жасау,  мақала  жазуға  да  уақыт  табатын.  Үлгерім-
паздығына қайран қалушы едік.
Денсаулық  дегенің  де  темір  емес.  Ол  да  сыр  береді.  Сә-

346
347
кеңнің  жүрегі  қырыққа  жетпей  (жастай)  сыр  берді.  Жүрек 
сырқатымен  ауруханаға  түсті.  Қатарласы,  журналист  Жарыл-
қап Бейсенбаев бастап бірсыпыра қызметтестер барып, көңілін 
сұрадық. Орнынан тұруға дәрігерлер рұқсат етпейді екен. Боп-
боз күйінде төсекке таңылғандай болып жатқан Сағат ағаның 
кеудесінде  орыс  тарихшысы  Е.В.Тарленнің  «Наполеон»  атты 
кітабы  ашылған  күйі  жатыр...  Кітапқұмар  еді  марқұм.  Кітап 
алмасатынбыз. Менен бір орыс оқымыстысының «Орыс тілін­
дегі түркизмдер» аталатын кітабын алғаны бар. Мен де...
Өмір  болған  соң  бәрі  де  кездеседі  емес  пе?!  Газеттің  бас 
редакторы мен оның орынбасары арасынан қара мысық жүгіріп 
өтті. Сөз тасушы жігіттер жетеді ғой қайда да! Солардың әсері 
болды-ау, шамасы. Әйтпесе екеуі де анау-мынауға елігетін жі-
гіттер емес еді. Редакция екіге жарылғандай болды. Сәкеңнің 
қатарластары бас редактордан қаймықты ма, әлде өмір сабаған 
бізден  гөрі  көбірек  оқыған  ба,  әйтеуір  орынбасар  есігін  аша 
бермейтін әдет тапты. Жастарға не, біз Сәкең көңілін аулаумен 
жүрдік.
Сағат аға көңілсіздеу. Бірақ, бізге білдіргісі келмейді.
Сол кездері «Жазушы портреті» айдарымен материал бере-
тінбіз. Бөлімге Шерхан Мұртазаның шығармашылық портреті 
келіп түсті. Бір қарап, Сағатқа алып бардым. Оқып шығып:
–  Келтерек  жазыпты-ау.  Осында  бас  редектор  болып  тұр-
ғанда  мақаламызды  жариялаған  еді.  Қызметке  қабылдаған  да 
Шерағаң. Бүгінде досын жақтап кетті ғой. Өз еркі. «Келіннің 
бетін кім ашса – сол ыстық», тұсауымызды кескен кісі. Қане, 
кішкене ұштайық...» деп, қара сиямен жазатын қара қаламсабын 
қолына алды...
Ынтымақ жүрмеген жерде ырыс жүрмесін сезді ме, әйтеуір 
Сағат аға ұзамай басқа қызметке ауысып кетті. Кабинетіндегі 
қағаздарды Қамбар Керейқұлов екеуміз көтерісіп апарып, Сағат 
ағаны мәшинесіне дейін шығарып салдық...
Біраздан соң Сағат аға «Жалын» баспасына редактор болып 
барды. Біз – жастар Сағат ағаны іздеп артынан бардық. Директор 
Қабдікерім  Ыдырысов,  бас  редактор  Қалдарбек  Найманбаев 
азаматтығына риза болыстық. Көп сырласып жүрдік.
– Бұл да керек. Мұны да көру керек, – дейтін Сағат аға.
Біз ол кісінің көңілін аулайтын сөз таппай қысылып тұрған-
да, ол біздің ойымызды көзімізден оқып қойып, көңіліміздегі 
сөзді дәл таба қояды. Бәріміз жадырай күлеміз келіп.
Сағат аға ұзамай «Авторлар құқығын қорғау агенттігі» қа- 
зақ бөліміне бастық болып бекіді. Біз – жастар Сағат ағаны онда 
да (М.Әуезов көшесінде болатын. Қ.е.) іздеп бардық. Төркіні 
келгендей қуанып қалар еді.
–  Әнуар  Әлімжановқа  рахмет.  Елеп,  ескеріп  осы  орынға 
әкелген.  Мәскеудегі  басшыларды  жақсы  біледі  екен,  –  деп 
отырды. Ұмытпасам Мәскеудегі басшысы Борис Панкин болды 
ғой деймін. 
– Жалпы түрлі қызмет атқарып көру керек екен, – дейді ол, 
тағы  да,  –  газетте  жүргенде  кітап  оқуға  уақыт  бола  бермейді 
ғой. Мына жерде кітап оқуға мүмкіндік мол екен. Мәскеуден 
мынадай-мынадай  кітап  сатып  алдым.  Онда  жазушылық  би-
летпен, журналистік билетпен кіретін кітап дүкендері бар.
–  Жақында  бір  кітап  оқыдым.  Тыңдашы,  мына  сөздерді 
көшіріп  алдым  дейді  ол,  көп  қойын  кітапшаларының  бірін 
алып жатып. Бірінен кейін бірін оқиды. Қай уақытта көшіріп 
үлгерген, құдай-ау?
Кісі  таңқалады.  Сағатта  ондай  кітапшалар  өте  көп  бола-
тын.
Сағат Әшімбаевтың бұл қызмет орны ұлы жолдың бойынан 
бұрыстау. Өзіне жақсы әрине. Оқиды. Жазады. Жазады. Оқиды. 
Құдайдың рақаты! Ел үшін еңбектеніп, ел көзінде тұлғаланып 
үйренген  ыстық  жүректі  азаматқа  бұл  жан  тыныштығы  ұнай 
қойған  жоқ.  Уақыт  тауып  теледидардан  «Жүректен  қозға­
йық...» аталатын авторлық бағдарлама да жасақтап, хабар жүр-
гізуге кірісіп кетті. Ол бағдарлама жалын атқан жастың халық 
деп соққан жүрегі көрінді. Жақсылыққа – жайнаған жанымен, 
жамандыққа – қайнаған қанымен кірісті келіп. Абырой атағы 
үлкен  талай  ірібасты  кісілерді  алып  шықты  көгілдір  экранға. 
Арасында  көкөрім  мен  отырар  едім.  Туған  інісіндей  қасынан 
қалдырмады. Балапан қалпымда жосығы бөлек қосын арасында 
пікір  айтып  жүрдік.  Жетпеген  жерін  өзі  ұштап,  пікір  қосып, 
демеп жіберіп отырады. Бәрі де Сағат ағамның арқасы. Ағалы-
інілідей сыйласқанның нәтижесі. 
Арамызда кішкентай кірбің болса, ол Жазушылар одағын-
дағы бір жағдайдан туындады. «Жұлдыз» журналының әдеби 
сын бөлімінің меңгерушісі ақиық ақын Жарасқан Әбдірәшев-
пен  дос  болды.  Жазушылар  одағы  «Барына»  да  бірге  барған 
сәттеріміз де есте. Бәріміз де жақсы сыйлаушы едік. Жарасқан 
мен  Көпен  бір  күні  бірденеге  жараспай-ақ  қалғаны  “Барда” 
отырып. Неге жараспай қалғанын айтуға болмайды. Олардың 
да жас шағы ғой. Жасы жастау Көпекең Жарасқанның алдын 

348
349
кесіп кеткені... Бірі – «Жұлдызда», бірі – «Қазақ әдебиетінде». 
Екі  редакция  Жазушылар  одағының  бір  қабатында,  бір  қана-
тында. Араларын дәліз ғана бөліп тұр. Салқындық біразға со-
зылды.  Араларындағы  арандаған  қатынасқа  бірі  газетті,  бірі 
журналды да жегіп жіберді. Екеуінікі де пендешілік. Бірін-бірі 
сынап  жазды.  Сөйтіп  жүргенде  Көпен  ағам  Сағат  жайында 
эпиграмма ма, пародия ма, бірдеңе жазып қоя берді. Әдеби жыл 
қорытындысы келді. Әдеби сын жанры бойынша баяндама жа-
саған Сағат ағам Көпенді біраз сынап, мені де іліп кетті. Көпен 
мен Құлбек жұрттан кек алумен жүр дегендей пікір айтты. Мен 
түсініңкіремедім. «Жұлдыз» журналында әдеби сын бөлімінде 
істейтін Баянғали желдің қайдан соққанын түсіндіріп берді. Ол 
Жарасқанмен бір бөлімде қызмет істеді. Бір бөлмеде отырады. 
Ағамыз қызынып кеткен болуы керек.
Сені сынаған жерін алып тастаймын. Жарасқанға да айта-
мын. Сәкеңе де... – дейді Баянғали дос.
– Сағат ағаның алдынан өткенің дұрыс қой, – деймін мен, 
–  Өкпелетіп  алып  жүрмейік.  «Анасы  тепкен  құлынның  еті 
ауырмайды».  Оның  үстіне  Сәкең  саған  сабақ  берген  ұстазың 
ғой...
Бір  күні  қарасақ,  Жарасқан  мен  Көпен  қайта  достасып, 
«ауызжаласып» кетіпті. Онсыз да өзара суыспаған Сағат ағамыз 
екеуміз  қарым-қатынасымызды  бұрынғыдан  да  жиілеттік.  Те-
лерадиокомитет төрағасының орынбасары болып қызмет ауыс -
тырды Сәкең. Біз – жастар тағы да артынан іздеп бардық. Әдет -
тегісіндей  қуанып  қабылдады.  Жасының  қатарлығын  пай да-
ланып қалжыңдай беретін Кеңшілік Мырзабеков.
– Кісі қызығатын жұмыс емес қой, Сағат-ау, сыныңды жа-
зып, кітабыңды шығарып жайыңа жүрмейсің бе? От қой, бұл 
теледидар, от қой – деді құттықтап тұрып.
Жаңа қызметтің буы ма, әйтеуір Сағат ағам досының сөзін 
ұнатыңқырамады.
– Өй, сен де, Кеңшілік ақындығыңа салып, айта бересің... 
деп  жатты.  Жаңа  қызметтегі  ағаның  қас-қабағынан  «Әйтеуір 
біреуіміз осы отты көсеуіміз керек қой. Теледидар мүмкіндігін 
халық  пайдасына  жұмсауымыз  керек  қой.»  –  деген  ойларды 
аңғардым.
– Жаңа бағдарлама ұсыныңдар. Теледидарға қатысыңдар, – 
деп жатты Сәкең.
Біз ағамызға жаңа қызметте табыс тілеп аттанып кеттік.
Қызметін пайдалана қалуды ойлаған жоқпыз. От пен судың 
ортасына кірген ағамызға абырой тіледік.
Дүние өзгеріп бара жатты. Ағамыз «Қарыз бен парыз» атап, 
үкілеп  авторлық  хабар  жасады.  Ол  бір  өтпелі  кезеңде  елдің 
есесін түгендейтін, еңсесін тіктейтін сәтті хабар болды деп бі-
лемін. Осы жолдардың авторын да жиі шақырып бағдарламаға 
қатыстырып отырды. Ризашылықтан өзге ештеңе жоқ. Өтпелі 
кезеңде  халыққа  қаратып  қандай  ой  айтсақ  та  осы  хабардың 
арқасы.  Демек,  Сағат  ағаның  арқасы.  (Абзалы  «Қарыз  бен 
парыздың» қызығы мен шыжығын дербес жазу).
Араласып  жүрген  соң  есітіп,  біліп  отырдық.  А.А.Устинов 
есімді  лауазым  иесі  Сағат  хабарынан  ұлтшылдық  табады  да 
отырады.  Жоғарыға  солай  жеткізеді.  Сөйтіп  жүргенде  атақты 
Желтоқсан  оқиғасы  бола  қалды.  Ол  өз  алдына  бөлек  әңгіме. 
Әзірге айтарымыз – Сәкең сол қиын-қыстау сәтте халық мүд-
десін  қолдады.  Алаңға  шыққан  халықты  қаралаған  мәтін 
(текст)  ұйымдастырылып,  қазақтың  қаймағы  дерлік  тұлғалар 
қол қоя бастағанда сөзі өтетіндеріне «Қарабет боласыңдар. Қол 
қоймаңдар»  –  деп  есебін  тауып  сыбырлаумен  болды.  Төраға 
қызметінде  отырып,  осы  әрекетке  баруының  өзі  азаматтық, 
ерлік  деп  ойлаймын.  «Желтоқсан  оқиғасынң  телетаспаға  жа-
сырын  түсіріп  те  алған  деп  естігенім  бар.  Ол  таспалардың 
қайда екенін білмеймін бірақ. Оқиға сабасына түскен заматтан 
бастап,  «Қарыз  бен  парызды»  Сәкең  өткір  мәселелерге  қарай 
бағыттай түсті. Философиялық тұрғыдан тереңдеп кетті.
Айтулы ол оқиғадан кейін Сағаттың әрбір қадамы аңдулы 
болды деп ойлаймын. Бұл тұста әлгі аты аталған азамат тіпті 
Сәкеңе шүйлігіп алды. Басшыларға күнде жамандап, Сағатты 
күніне бір рет қызметтен шығартып, Өзбекәлі Жәнібектей аза-
маттар ара түсіп, қызметіне қайта тағайындап отырды-ау, ша-
масы. Осының бәрі жүрекке түсетін зіл батпан салмақ емес пе?! 
Халық үшін күресіп жүрген азамат осы зеку, жеку, ар-намысқа 
тию,  қызметтен  шығару  секілді  қорлық,  зорлықтардың  бәрін 
халық атынан шыдап, көтере білді. Ол тұста бұрын-соңдымен 
салыстыруға  келмес  деңгейде  қазақ  халқымен  етенелесіп,  бі-
рігіп  кетті.  Ол  тұста  бұрын-соңды  көтерілмеген  биігіне  кө-
терілді.  Халық  үшін  еткен  еңбек,  төккен  тердің  шынайы  ақ-
талған  тұсы  еді  ол!  Халық  үшін  еткен  еңбек,  көрсеткен  қай-
раттың  қаншалық  қатерлі  бола  тұра  азаматты  биікке  көтере 
жөнелетіне осы жолы ағамыздың тағдыры арқылы куә болдық. 

350
351
Сәт түскен сайын қатерге басын тігіп жүрген ағамыздың есімі 
ел есінде қастерлене түскеніне қуандық.
Бәрі  де  жақсарып  келе  жатты.  Қоғамының  күреңқабағы 
жадырай  түскендей  еді.  Тек  «ПУТЧтың»  бұрқ  ете  түскені 
болмаса.  Ұлы  толқынға  қарсы  тұрмақ  әрекеттен  ештеңе  де 
шыққан жоқ. Есесіне елім деп еңіреген Сағаттай ер азаматтың 
онсыз да жұқарған жүйкесін езіп жаншып, әлсіз жүрек қылын 
үзіп тынды...
Сөйтіп,  біз  аласапыран  күндері  қимас  ағамыздан,  сырлас 
аға-досымыздан көз жазып қалдық. Жастай жалындап шыққан 
жарық жұлдыз сөнді. Аламан шабысқа жаралған шабытты қа-
ламгер мезгілінен бұрын мерт болды, кездейсоқ көз жұмды. Біз 
онымен жылап қоштастық. Біз оны ешқашан ұмытпаймыз.
Р.S.  Сағат  Әшімбаев  қайтыс  болған  сәттен  бастап, 
оны халқы іздей бастады. Демек, халық үшін еткен еңбектің 
жанғаны. Азаматтың соңы өшпес, өлмес із қалдырғаны.   
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет