– депті ағынан жарылып. Қаламдас
Серік жұртты қателіктен сақтандырып отырып өзі қателікке
ұрыныпты.
Әрине, Серік Жанәбілдің айтып отырғаны – Алашорда!
Алаш ұғымы бар да, Алашорда ұғымы бар. «Алашорда»
ұғымының өзі қоғам, партия, үкімет дегендей түрлі жағдайда
табиғатына қарай түрлене қолданылады. Ал, «Алаш», «Алты
алаш» – қа зақ, халық ұғымдары баламасында пайдаланылаты-
ны әмбеге аян. Шерхан Мұртазаны алашқа қатыстыра пікір
сабақтаған азамат оны «Алашорда өкілі» ретінде емес, алаш
азаматы мағынасында айтса керек. Серіктің кінәсі пі кір ді
дәйеккөзсіз сөйлетуінде. Әйтпесе өзара салыстырып көруге
болар еді. Ол пікір қайда айтылды? Қандай мағынада қол-
данылды? Бұл жағы бізге күңгірт қалып тұр. Сондықтан біз
бұл орайда Серікті емес, Шерхан Мұртазаны «алаш азаматы»
атаған адамды қол даймыз. Алаш азаматы (Көрдіңіз бе, біз
Серік Жанәбілді де алаш азаматы атап отырмыз. Қ.е.) Серік
өз сұхбатында «партияның сөзін сөйлегендер» – деп, қай
партияны айтып отыр? ХХ ғасыр басында қазақ қоғамында
бірнеше партия өмір сүріп, әрекет етті емес пе? Көрдіңіз бе,
дәйексіздіктің бізді әбден шатастыруға айналғанын?! Серік-
тің өзін данышпан санағанын ақтағанымызбен дәйексіз сөзін
ақтай алмаймыз. Абайламаса дәйексіздік – пікір тұрлаусызды-
ғына апарып соқтырады. Әттең, тонның келтесі-ай!...
Бір қызық бар. Академик Зейнолла Қабдолға Ш.Айтматов-
тың 50 жылдығына «Лениншіл жас» газеті бетін ұйымдастыру
мақсатымен, мақала алуға барып қалдым. Телефон арқылы
сөй лесіп, алдын-ала келіскенмін. Келісім бойынша ұстаз досы
– Шыңғыс Айтматов туралы шағын мақала (той сөзі десе де
болады) жазып қызметке ала келіпті. Көңілді. Ақынжанды ұс-
таз жазғанын оқып бергісі келетін бейілін байқадым. Тыңдау-
ға бе йілмін әрине. Ол жұғымды үнімен мөлтек мақаласын оқи
жөнелді: «Бейшен бес құрылық асып аядай қырғыз елін әлемге
әйгіледі...»
Бөлмей тыңдауым керек еді. Бөлдім ұстаз сөзін. «Сіздің
айтып отырғаныңыз «Алғашқы мұғалім» болса, шығарма ке-
йіпкері Бейшен емес, Дүйшен ғой, Зеке!» – дедім.
Әдемі әннің әуені бұзылғандай болды.
Зекең ә дегенде аңырай қарап қалды да «Ә, солай еді-ау» –
деді. Сосын қолжазба үстінен қинала түзету жасады. Стилист
жазушыға арғы жағында әдемі жалғасатын «бес құрылық»
үндестігі үшін (Зекең үндестік ұлы болатын) Ш.Айтматов
кейіпкерінің аты – Дүйшен емес, Бейшен болмағы жөн еді.Бірақ,
өмірде олай емес өкінішке қарай. Зекең солай болмағанына
өкініп тұрғандай көрінді. Мен де ұстазға қосыла өкіндім. Амал
қанша, Зекең – Ш.Айтматовтың досы, алайда ақиқат қымбат
еді. Оның үстіне Айтматовтың көзін бақырайтып қойып,
ағымдағы баспасөзге «Дүйшенді» «Бейшенге» айналдырып
жариялап жатсақ қимас ұстаздың өзіне абырой емес қой. Ке-
йісті қабақпен стилист қаламгер әлгі тіркесті жөндеді.
Әдебиет те бір сиқырлы дүние. Туындыгер беделін түсі-
руге білмей қолданылған бір сөйлем, тіпті бір сөз жетіп жа-
тыр. Ал Зекеңнің қолданғалы отырғаны – кісі аты. Дүйшен!
Ш.Айтматовтың айдай әлемге танымал кейіпкерінің аты...
Зекеңдей қасиет-ұстаз жайында айтып қалдық. Сөздің
сірағасы үшін бір мысал келтірейін жол-жөнекей.
«...қазақ әдебиеті теориясының негізін қалаушылардың (?)
бірі де бірегейі (бірі емес, бірегейі келіп қалуы мүмкін), адами
тіршілікті сәулелі сөздермен кестелеген академик-жазушы
Зейнолла Қабдолов (Ол кісі өзі көзінің тірісінде «Қабдол» –
деп жазатынын да ұмытпау керек еді)...» (Алматы ақшамы»
№6(4251) 16 қаңтар 2010 ж)
«Данышпан (?) Қабдоловтың жас кезінен-ақ аңғарымпаз,
болжампаз, сезімтал болғанын, болжамының босқа кетпегенін
күнделік-кітап көрсетіп тұр» (Сонда.)
Осы мақалаға «Күнделік жазу ептілік емес, тектілік» – деп
тақырып қойылыпты. Дәл емес. Күнделікті кім жазбайды?
Сауатты кісінің бәрі де жаза беруі мүмкін. Д.Н.Гранин ауа
564
565
райын болжағыш маманының өмір бойы күнделік жүргізгенін
көріп, көзі атыздай болыпты. Кейін сол материалдан повесть
жазды. Күнделік жазған адамның бәрін текті санаймыз ба?
Кісі өлтіргіш адамның күнделік жазғанын, оны кейін ме-
муар ға айналдырғанын білемін. Сонда қалай, соның бәрін
текті кісі санаймыз ба? Күнделік – табиғатында мемуардың
демок ратияшыл ішкі жанры. Оған «әркімнің-ақ бар таласы...»
Сондықтан күнделік жазу ептілік деп те, тектілік деп те шар-
шаудың керегі жоқ. Күнделік жазу – ұқыптылық! Оны жа-
риялату – ұсынықтылық! Ауызға келгенді емес, ойға алғанды
ойланып барып айтайық та ағайын-ау. Тілдің үшіндегіні емес,
ділдің ішіндегіні айтайық та, ағайын-ау! Не айтсақ та ойға
қонымды, бойға сіңімді сөз айтайық. Не айтсақ та дәлел мен
дәйек болсын да біздің сүйенеріміз! Тақырып таңдағанда сөздің
сырт жалтырына емес, ішкі мазмұнына лайықтап қойған жөн
емес пе?!
«Жас қазақ үні» «Ғылымда дара, өмірде дана Патшайым»
(№1(426) 2010 ж.) топтама материал жариялады. Құба-құп!
Біз де аз-кем білетін, қадірлейтін, қыздардан шыққан алғаш-
қы геолог дегендей қадірменді кісі еді, жарықтық. Дү ние-
ғалам ғалымдарының Патшайым апай жайында кезінде айт-
қан пікірлерін жинап баспасөзге берген – өзі жазғандай:
«Ма териалды дайындап, газетке ұсынған Сәбит Досанов,
жазу шы, М.Шолохов атындағы Халықаралық сыйлықтың лау -
реаты, Қазақстан еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орде-
нінің иегері»... Жә, мейлі ғой, Сәбит Досанов жазушы болса
– әдебиеттің маңдайының ырысы кере қарыс болғаны дағы..
Мәселе онда да емес. Мәселе осы топтамадағы шын жазушы
Сәкен Жүнісовтың сөзі. Ол: «Патшайым Тәжібаева жер ас-
тының жұмбақтарын шешкен ғалым. (?) Сөйтіп қазақтың
қазба байлығын ел игілігіне жаратқан дана(!), дана ғана емес
(данадан артық не керек?) дара.» – дейді. Бақилық болған
апамыздан бағалауды қызғанып отырған ештеңеміз жоқ. Бірақ,
бұл – «бояушы, бояушы дегенге сақалын бояйдының» кері
емес пе?! Жарықтық сұлу стилді жазушымыз Сәкен Жүнісов-
тен гөрі қаламы басбілмеген халтурщиктің қойыртпағына
ұқсаңқырайды ма, қалай? Топтаманы ұйымдастырушы Сәбит
ағамыз Сәкен жарықтықтың мына бағалау-пікірін қайда жа-
риялағанын, өзінің оны қайдан алғанын айтып, нақты көзге
көрсетіп бере алар ма екен?
Бүгінде кітап оқитын оқырмандар аз. Аздың ішінде кітапқа
жіті үңілетіндері тіпті некен-саяқ. Алаңы көп, уақыты жоқ әр
буын азаматтардың айналдырары – ағымдағы баспасөз! Ондай
оқырман да азайып келеді күннен күнге. «Жұлдыз» жорналын
етігінің қонышына тығып алып, малын өргізіп өріске шығатын,
кезегінде қонышынан суырып алып, оқи жөнелерлік жағдай
азаматтарда жоқ қазір. Жас өркен теледидар тұтқыны. Енді сол
аз оқырманды сыйлап, құрметтеп, оларға не жайында айтсақ та,
жазсақ та дәйек сөзді айтар ойымызға мәйек етіп дәлелді дәл
сөзді, адамның жан дүниесін шымырлатып ашар көркем сөзді
әдеппен, асқан ұқыптылықпен ұсынайық тә! Әсіресе, деректі,
мемуарлық әдебиетте, әдеби сын еңбектерде адам аттарына,
уақыт, кезеңге, сезім шынайылығына мейлінше адал қарамақ
ләзім. Ол қолды жүрекке қойып айтатын, жүрекке сүйеніп
жазылатын дүниелер.
Соңғы кезде «сұхбаттасу» – ағымдағы баспасөзде жедел
де, бедел жанр үлгісі болып қалыптасты. Үлкен де, кіші де
сөйлеп жатады тілші алдында көсіліп. Жоғарыда айтылған
сұхбаттан осыны аңғаруға болады. Даңқты ақынымыз, ұлтшыл
жан Мұхтар Шахановтың Ш.Айтматовпен сұхбатынан бір үзік
алғым келеді.
«Қазақ халқының басына төнген бұл қасірет туралы ұлты-
мыздың оқыған зиялы қауымы айтудан, жазудан ат-тонын ала
қашып, аузына су толтырып алғандай үндемеді. Тек үш-ақ
адам жанкештілікке барып, дарала бой көрсетіпті. Оның бірі
осы жойқын әділетсіздікке қарсы күреске өзінен басқа тағы
төрт адамды тартып, (олар кімдер? Атау керек емес пе?. Қ.Е.)
«Бесеудің хаты» деген атпен жоғарғы билікке батыл наразылық
білдірген Ғабит Мүсірепов болса, екіншісі (? «Бе сеудің
хаты», О.Исаевтың хаты». Демек, үшіншісі. Қ.е.) Ста линге өз
тарапынан еркектік (?) мінез көрсеткен Тұрар Рысқұлов (?),
үшіншісі Ораз Жандосов (?. Ораз Жандосов емес, Ораз Исаев.
Қ.е.) еді. Әбден қаһарына мінген Голощекин Мүсі реповке:
«Өзің көрген қателікті өзің түзеуге жәрдем бер» – деп Қоста-
найға (?) алты айға (?) іссапарға жібереді. Осы мерзім ішінде
Сталин Голощекинді орнынан тайдырмағанда, Мүсі реповтің
Алматыға аман-сау қайтуы неғайбыл еді (Біздің білуімізде
Ғабең Торғай өңіріне барып келгеннен кейін жазған сияқты еді
әлгі хатты. Қ.е.)
566
567
– Мұны Мүсіреповтің бірінші ерлігіне жатқызалық, – деп
Шікең бас бармағын бүкті. – Енді екінші ерлігіне көшелік.
– Мүсіреповтің екінші ерлігі сол тұстағы бір де бір
әдебиет, өнер қайраткерінің қолынан келмеген ерлік, – дедім
мен толғаныспен. – Бейімбет Майлин атты қазақ әдебиетінің
классигі болғанын естуіңіз бар шығар. Кезінде Мүсіреповпен
бірлесіп пьеса да жазған, екеуі тонның ішкі бауындай бір-біріне
рухани жағынан ерекше жақын, дос болыпты. 1937 жылдары
(?) Бейімбет Майлинді қауіпсіздік комитеті (?). (НКВД. Қ.е.))
«халық жауы» ретінде ұстап әкеткенде (ұстап әкеткенге дейін,
Қазақстан Жазушылар одағының партиялық жиналысында.
Қ.е.) Мүсірепов бұрқан-талқан боп ызаланған қалпы Алматы
қалалық партия комитетіне (? (Тіпті де олай емес.Қ.Е.) барып:
«Егер Бейімбет Майлин жау болса, мен де жаумын және елге,
мемлекетке жан-тәнімен берілген адамды жау санаған мұндай
Коммунистік партияның қатарында бұдан былай бір сәт те
тұрғым келмейді (?) Өтірік. Тіпті де олай емес. Жаңсақ. Қ.е.)»
деп партиялық билетін лақтырған (?. (Шындық олай емес. Олай
болуы мүмкін де емес. Қ.е.) Досына, рухтас қаламдасына деген
әлгіндей қайсар адалдық, сол кезеңдегі тұлғалар арасында мүл-
де кезікпеген жағдай (?)». ( Мұхтар Шаханов «Мүсіреповтің екі
ерлігі және дара талғам қасіреті»// «Жас алаш». 20 қаңтар. 2011.
№4-5(15566-67)
Бұл не? Ғабеңді мақтаймын, мадақтаймын деп отырып
әсіре дақпырттап ақиқаттан ауытқу. Әрине, Ғабең Мүсірепов
ондай ерлік жасаған болса, біз қуана қоштар едік, оны Шыңғыс
Айтматовқа айтып, әңгімелеп мерейін үстем ететін Мұқаңды
(Шахановты) қос қолдап қолдар едік. Бірақ, шындық олай емес
қой. Мұқаң «ауыз әдебиеті» ырғағына салып әңгімелеп отыр.
Ақиқатында бұл қалай болып еді?
Жазушылар одағында Бейімбет Майлин мен Сәбит Мұқа-
новтың «партиялық ісі» қаралады. Екеуі де қатысып отырады.
Орталық комитеттің «Баспасөз секторы» меңгерушісі Ғабит
Мүсірепов «жоғарыдан» келіп қатысады. Қаламдастары Сәбит
пен Ғабитті қазақша айтқанда «ит терісін басына қаптап» сояды.
Бір сөзбен айтқанда екеуі де «халық жауы». Қаламдастары
Сәбит Мұқановты айтқанда «Балуан Шолақ» романындағы
Кенесарыға шүйлігеді. Бейімбетті де құр тастамайды әсіре
қырағы коммунист жазушылар. Жиынның аяғына таман
«жоғарыдан» келіп қатысып отырған Ғабит Мүсірепов сөй-
лейді. Сөз әуені: Иә, Сәбит Мұқанов жау. Жау болғанда да
«халық жауы» Сәкен Сейфуллиннің тәрбиесін алған. Сәбит тің
жау екеніне оның Алашорда өкілдерін әшкерелеген болып бүр-
кемелене жазған «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті (ұлт шыл -
дық, байшылдық дәуірі)» аталатын зиянды, объективті реак-
цияшыл кітабының әлі жастарға оқытылып келуі де дәлел.
Оған күманданатын ештеңе де жоқ. Ал Бейімбет кедей бала-
сы. Кедей тап жыршысы. Егер Бейімбет жау болса мен де жау
шығармын...» Міне, ұлы жазушымыз Ғабит Мүсіреповтің сөзі.
Түн жарымына дейін өзара сілкілескен осы жиналыстан
соң Биағаң мен Сәбең үйлеріне бірге қайтады. Бір-біріне көңіл
айтып, жұбатысады. Бірақ, көңілдері таяу келіп қалған тықыр-
ды сезіп тыншымайды. Аяқтарын әрең басады. Соңдарынан әл-
ден уақытта жарығын жарқыратып Ғабең мінген қызметтік кө-
лік жетеді. Ғабең машинадан түспеген күйі «Бейімбет. Бейім-
бет мұнда кел. Машинаға отыр!» – деп көлігіне мінгізіп алады.
Есесіне өзін Орынборға оқуға алып келген, Халық комиссар-
лары төрағасы Сәкен Сейфуллинн үйінің кірме бөлмесінде
шәй жәшігінің үстінде бір төсекте жатқан, «халық жауы Сәкен
Сейфуллинмен ауыз жаласқан» «халық жауы» Сәбит орта жол-
да жалғыз қалып қояды...
Ертеңіне «Казахстанская правда» бастап «Ғабит Мүсіре-
пов Майлин үшін жауап берсін!» – деп мақаланы қаптататды.
Енді Ғабеңнің басына қатер үйіріледі. Жиналыста қаралады.
«Коммунистік партия» қатарынан шығарылады... Міне, мәсе-
ленің шындығы. Шындық кейпін бұдан да анығырақ ақиқат
күйінде көргілеріңіз келсе менің докторлық диссертациямды
оқып қараңыздар...
«Өлілерді асыра құрметтеу үшін, тірілерге жалған сөйлеу
ауыр қылмыс» – деген Артур Шопенгауер сөзін ұмытпаған
абзал асылы.
Ардақты Ғабеңнің өзі де сұхбаттасқан профессор Тұрсын-
бек Кәкішұлына «алдын-ала айтып ескертпеді». Менің бүгінгі
әңгімемде бірсыпыра дәлелсіздік (айрықшалаған. Қ.е.) кетті –
деп ескерткенін де ұмытпау абзал.
Әдебиетте дәлдік сақталмаса сөзіміз тәлтіректеп әлсіз
тартады. Дәлелсіз сөз әрсіз, нәрсіз, өтірікшінің сөзіндей сұй-
қылтым тартпақ. Ондай материал оқырманды шатастырады.
Ондай материалдан туындыгер бәсі түседі, беделіне нұқсан
келеді. Сезімі ортаяды, санасы сарғаяды оқырманның. Бізге
568
569
керегі ол емес шығар, қаламдас ағайын?! Жүйесіз бостекі сөзге
айналады. «Жүйелі сөз жүйесін, жүйесіз сөз иесін табады» –
деп қазақ айтпас па еді?! Дәлел-дәйегі кем сөз айналып келіп
сөз иесінің өзіне кір келтіреді. Өз сөзімізге өзіміз абай болайық,
ағайын!
Біздің айтарымыз – сүйіп жаз, біліп жаз!
Соңғы кезде әдебиет әбден лайланып кетті. Жазушы да
жазушы, жазушы емес те жазушы. Әдебиеттің лайлануына
қаламгерлермен бірге ел несібесін езуінен жырып әкеткен
жырынды қалта қопайтқандар да мықтап «септесті».
Соңғы жылдары, кезінде қызметте басшы болған қалталы
азаматтар өзіне абырой жинау үшін, әйтпесе әлдекімде кеткен
есесін қайтару үшін, ең ақыр аяғы соңына ерген қаңқу сөзді
кейінгі ұрпаққа жып-жылмағай етіп боямалап айтып кету
үшін барады мемуарға. Оны өзі жазса мейлі-ау. Жорналист
жалдап жаздырады. Мемуар – әдебиет. Әдебиет – әдеп. Сөзді
өнер тұтпаған адам аузына не келсе соны көкіп сөйлеп, оны
журналистерге өңдетіп әуреге түседі. Ең болмаса мемуар жаз-
ған соң өз кемшілігін айтса – нанымды болар еді. Өйткені, өмір-
дің өрі бар, еңісі бар. Адам баласы үнемі қадамды оң баса бере
ме? Кейде қадамды шалыс басатын да кездер болады емес пе?
Көзді жұмып «ақсақты дыңдай, өтірікті шындай» етіп мемуар-
ға отырған У.Сүлейменов, О.Наржанов секілді азаматтардың
жазбаларын оқуға тура келді. Солардың да сөзін тыңдап көре -
лік. «Тағдыр деген қызық қой. Кеше ғана атақты ауданды басқа
рып, бірқатар жақсы жобаларды жүзе ге асырып, көрсеткіш
терді жақсартқан, жұртшылықтың ыс тық ілтипатына бөлене
бастаған, одан кейін еңбегі еленіп, облыстық партия комитеті
нің идеологиялық мәселелер жө
ніндегі хатшысы болып көтеріліп
келген жас кадр әп сәтте кешегі жүрегін қан жылап атқарған
тірліктеріңді жоққа шы ғарып, өзіңді қабілетсіз, елеулі кемшілік
жіберді деп босатып, өзің көрмеген жерге, айналыспаған кәсіпке
жіберіп отырса амал нешік».
(Сонда. 111 бет) – дейді Омарбек
мемуарист. Де мек, кешегі партия қызметкері кінәлі емес, кінә-
лі болса да мемуарист – автор кінәні теріс айналдырып облыс
басшыларын кінәлап отыр. Біздің білуімізде, Облыстық пар-
тия комитетінің идеология жөніндегі хатшысы кезінде арам
ақшаға байланысты соңына сөз еріп, әупірім-тәңірмен зорға
құтылып, жал тауып совхозға директор болып төмендетілген
еді...
Әрине, Уәлихан Сүлейменов, Омарбек Нұржановта «алты
аласымыз, бес бересіміз» жоқ. Ұзақ жыл аудан-ауданда әкім
болып қызмет атқарған, соңына нешетүрлі қаңқу сөз ерген, адам
мемуар жазса оған неге жазасың деу әбестік шығар. Жазсын.
Орыста Овечкин есімді кісі болды. Өмір бойы шаруашылықта
істеді. Шағын қызметтен недәуір басшылық қызметке дейін.
Көрген, білгенін, ауыл шаруашылығы мәселелерін көтере
көркем очерк, кейін әдемі әңгімелер жазды. Жұртшылық нәрі
өмірден алынған шынайы дүниелерді сүйсініп оқыды. Овеч -
кин жазбалары орыста «деревнялық әдебиеттің» тууына не-
дәуір ықпал етті. Өмір көрген адам қолға қалам алған соң солай
жазсайшы. Жоқ. Олай жазбайды. Олай жаза алмайды. Жазудың
жауапкершілігі деген ұғым жоқ оларда. Жазуды еріккеннің
ермегі санайды.
Өзбекәлі Жәнібекті білмейтін қазақ жоқ шығар. Көрнекті
Мемлекет және қоғам қараткері. Сол кісінің «Тағдыр тағлымы»
аталатын мемуарлық дүниесін оқып көріңізші. Ой қандай
тегеурінді өрілген, тіл қандай көркем төгілген. Өзі жайында
кемдеу сөйлейтін кісі қазақ қоғамы жайында жүрегіне шер
байлап шерленіп, қайтсек, ел боламыз? – деп тебіреніп кемел
сөйлейді. Мемлекеттік қызметкерлер-ау, іс басында жүргенде
еліктеп, бойларыңызды таза ұстай алдыңыздар ма, жоқ па? Кім
білсін? Ең болмаса, еңбек демалысына шығып, өткен өміріңізге
бажайлап қарап мемуарға ден қойған екенсіз, тұр ғой алдыңыз-
да үлгі десең – үлгі, өнеге – десең – өнеге! Әйтпесе, оңтүстікте
Әдһам Шілтерханов есімді қария бар. Жасы ұлғайған. Өмір
бойы шаруашылықта қызмет істеді. Қызмет істей жүріп деректі,
деректі көркем, тіпті көркем шығармалар жазды. Айтары
жоқ, жақсы дүниелер. Немесе өзге бір мысалға жүгінейік.
Ақмола өңірінде Қасым Таукенов есімді қария тұрады. Кезінде
облыстық атқару комитетінің төрағасы деңгейінде қызмет ат-
қарса керек. Сол кісінің «Абайла, Арлан» аталатын көркем дү -
ниелерін оқыдым. Тамаша жазады. «Егемен Қазақстан» га зе-
ті бетінде «Қайтсек ел боламыз?» – деп қабырғасы қайысып
мәселе көтеріп, мақала жазады. Орнықты. Орынды. Орындалуы
қандай әдемі?! Жазсаң осылай жаз! Аталған адамдардай жаза
алмасаң әдебиетті қорлама! Әдебиет – сөз өнері. Өнердің киесі
ұрады. Сөздің киесі ұрады. Қорық. Біздің білуімізде, мемуар
жазушылар қорқудан кетіп қалған. Өйткені, сөз өнерінің киесі
бар деген ұғым оларда жоқ. Олардың көбі кезінде жұрт ғылым
570
571
қуып жатыр, керек болар деген оймен кісі жалдап диссертация
жаздырған, ақшамен диссертация қорғаған, сөйтіп қорғанған
пысықайлар. Енді мемуар жазу «мода»! Модадан қалмау
керек. Басқа мақсат жоқ оларда! Астапыралла! Қыл-қысқасы,
мемуар жазу үшін парасат керек, пайым керек. Өзің жазбасаң,
кісі жалдап жаздырар болсаң – ең болмаса өз өміріңді жетелі
ауызекі әңгімелейтін парасат керек. Өміріңде жұрт әуезе етіп
айтар өнеге болмаса, өзің «жаманыңды жасырып, жақсыңды
асырып» мемуар жаздырғанда не ұшпаққа шығасың? Жұрт
қарғайды. Сен тапжылмай орныңда отырасың. Енді келіп
мақтанып мемуар жазасың. Жұрт «артын» ашып күлмей ме?
Ондай мемуаршыларға айтарымыз: «Жақсы болсаң жарықты
кім көрмейді, өз бағасын өзінен кім сұрайды?» (Абай).
Әрине, біз естелікте, мақалада кеткен дәлсіздікті айтқанда,
тырнақ астынан кір іздеуден аулақпыз. Біз кім жайында айт-
сақ та аты-заты бар, абыройлы авторлар туралы әңгімелеп
отыр мыз. Ал, әлгіндей үлкен-кіші дәлсіздіктің абайсызда кетіп
қа луы олардың атына сөз, затына нұқсан келтіреді. Кісі есте-
лік, сын жазғанда күдік келтірерліктей қапы жібермегені жөн.
Дә йек сіз сөз мейлі авторға абырой әпермейді, тұлғаға айналған
ке йіпкерді көркейтпейді, әдебиеттің көсегесін көгертпейді!
Әде биетте әрбір пікір дәлел тілейді. Дәйексіз сөз нысанаға
тимейді! Мақаланың «Дәлел мен Дәйек» аталуының сыры да
осында!
Түркістан шаһары.
7.02.2009 – 29.04.2013 ж.
МАЗМұНЫ
Сырласу ................................................................................................3
І. Сынғұмыр
Қайырымсыз уақыттың қайсар ұланы (Б.Кенжебайұлы) ...............6
Рухы сынбаған ғалым (Е.Ысмайылов) ..........................................194
Дүние шіркін, дүркін-дүркін, өтеді бір күн (М.Қаратаев) ... .....208
Көшбасшы (З.Ахметов) ..................................................................244
Шымыр жаңғақ (Т.Қожакеев) ... ....................................................258
Бақытты ғұмыр (С.Қирабайұлы) ..................................................271
Кекіреліден басталған жол (М.Базарбайұлы) ...............................280
Аманат арқалаған азамат (Т.Кәкішұлы) ........................................286
Қазақтың білімдар қызы (Ш.Сәтбаева) .......................................308
Туған әпкемдей болған жан (А.Қыраубайқызы)... .......................313
Абырой болар шын ғалым аты (С.Қасқабасов)... ........................321
Министрдің қабылдауында (Ш.Елеукенов) ..................................327
Армысыз, Сағат aға?! (С.Әшімбаев) .............................................337
ІІ. Сынтұғыр
«Қазақ әдебиеті» – қадірлі тақ, қасиетті мінбер! .........................385
Жанр жүріп өткен жол ....................................................................402
Жылдар мен жемістер .....................................................................418
Жазушы мен сыншы ынтымағы қажет .........................................439
Тұлғалау ма, сұлбалау ма? ..............................................................446
Сыншы күнделігінен сабақталған тағдыр ....................................456
Қос өрім ...........................................................................................494
Жауапкершілік мінбесінен .............................................................500
Бір кітап және бірегей серия ..........................................................507
Санадағы жаралар ...........................................................................513
Кешеге іні, бүгінге аға Керекең… .................................................518
Абыз ақынды сағындырған еңбек .................................................522
Дәлел мен дәйек ..............................................................................526
572
Құлбек ЕРГӨБЕК
САРАСӨЗ
Редакторы Н. Оразбек
Суретшісі Б. Серікбаев
Компьютерлік дизайны Р. Жарипова
ИБ № 164.
Басуға қол қойылды 28.05.13. Қалпы 84х108
1
/
32
Қағазы офсеттік. Қаріп түрі “Таймс”.
Есепке алынатын баспа табағы 35,75. Шартты баспа
табағы 30,03. Таралымы: Мемлекеттік тапсырыс
есебінен 2000 дана + баспа есебінен 350.
Тапсырыс № 610.
ЖШС “Қазақстан” баспа үйі”
050046, Алматы қаласы, Прокофьев көшесі, 226/1.
Тел./факс: (8-727) 392-94-18.
E-mail: idkz@mail.ru
ЖШС РПБК “Дәуір”, 050009, Алматы қаласы,
Гагарин даңғылы, 93. Тел.: 394-39-22, 394-39-24.
E-mail: rpik-dauir81@mail.ru, rpik-dauir2@mail.ru
Достарыңызбен бөлісу: |